121
Агранулоциттерге сипаттама:
Лимфоциттердің кӛлеміне қарай
үш типін ажыратады: кіші
лимфоцит - 4,5-5 мкм, орташа лимфоцит - 7 мкм, ірі лимфоцит – 10 мкм,
пішіндері домалақ, ядролары ірі дӛңгелек. Лимфоциттер сүйек кемігінде
лимфобластан түзіліп, жалпы дайындықтан ӛтеді, оның пісіп жетілуі
тимуста, кӛк бауырда және лимфа түйіндерінде жүреді.
лизосомаларға бай келеді және митохондрияларында тотықтырғыш
ферменттердің активтілігі жоғары. Нейтрофилдерде гидролиздеуші және
тотықтырғыш ферменттердің кӛп болуы олардың маңызды қызметімен
байланысты. Бұл жасушалардың фагоцитоздық активтігі эозинофилдерден
күшті. Нейтрофилдер микроорганизмдерді ұстап алып қорыта алады.
И.И.Мечников оларды
микрофагтар
деп атаған.
Нейтрофилдер жылжып
қозғалып, тамырлар арнасынан шығып, қабыну ошағына кӛп мӛлшерде
жиналады. Микроорганизмдерді қармап ұстап, оларды гидролиздейді,
сонымен қатар жасуша да ферменттердің әсерінен ыдырайды.
Нейтрофилдер ыдыраған кезде микроорганизмдердің дамуын бӛгейтін
және жасушалардың кӛбеюіне әсер ететін физиологиялық активті заттар
бӛлініп шығады. Сонымен, нейтрофилдердің негізгі қызметі – қорғаушы, бұл
қызметті фагоцитоздық қабілетімен іс жүзіне асырады және адамды
иммунитетпен қамтамасыз етеді (3 - сурет Б).
Достарыңызбен бөлісу: