143
орналасқан хондроциттерді «изогенді топтағы» шеміршек жасушаларына
жатқызады, олар бір ғана хондроциттің бӛлінуінен пайда болған топ.
Изогенді топтағы хондроциттердің үш түрі бар:
-
Бірінші түрдегі хондроциттердің ядросы мен цитоплазмасының ара
қатысы ӛте жоғары, пластикалық комплексі, митохондриялар, бос
полисомалары цитоплазмасында жақсы дамыған. Хондроциттер митоз
жолымен қарқынды бӛлінеді, сондықтан изогенді топты түзетін жасушалар
қатарына жатады. Мұндай хондроциттер жас шеміршек ұлпасында кӛптеп
кездеседі.
-
Екінші түрдегі хондроциттердің ядросы мен цитоплазмасының ара
қатысы тӛмендеген, ДНҚ синтезі нашар, бірақ жақсы дамыған түйіршікті
эндоплазмалық тор мен гликозаминогликандар синтезіне қатысатын
органеллалары бар. Сондықтан мұндай хондроциттер шеміршек ұлпасының
жасуша аралық затындағы протеогликандар мен гликозаминогликандардың
синтезіне қатысады.
-
Үшінші түрдегі хондроциттердің ядросы мен цитоплазмасының ара
қатысы ӛте тӛмен, бірақ цитоплазмасында күшті дамыған және ретімен
орналасқан түйіршікті эндоплазмалық торлары бар – жасушалар. Бұл
жасушалар белок синтезі мен оның секрециясына қатысады.
Жіктелуі
, оның құрылыс-қызметінің ерекшелігіне және құрамындағы
талшықтарының ара қатысына байланысты жүргізіліп, үш түрге
ажыратылған:
Достарыңызбен бөлісу: