144
Гиалинді
(гректің гиалос — әйнек) шеміршек ұлпасы - гиалин
шеміршегін құрайды, мӛлдір. Ол шеміршек ұлпасының ең кӛп тараған түрі.
Адам мен сүтқоректілер ұрығының қанқасы шеміршектің осы түрінен тұрады,
ал ересек организмдерде гиалинді шеміршек сүйектердің буын беттерін
қаптайды, кеңірдек пен ірі бронхтардың қабырғасында, қабырға
ұштарында, мұрын пернесінде кездеседі. Шеміршектердің ішіндегі
қаттысы гиалинді шеміршек, жалпы шеміршек ұлпасы хондробластар мен
хондрициттер деп аталатын жасушалардан, жасуша аралық аморфты және
талшықты заттан тұрады (10-сурет). Гиалинді шеміршектің талшықты
жасуша аралық заты қышқыл мукополисахаридтерден тұратын аморфтық
жасуша аралық заттың ішінде орналасқан коллаген талшықтарының ӛте
жіңішке шоғырларынан тұрады. Гиалинді шеміршекті,
шеміршек
қабықшасы
немесе
перихондр
деп аталатын тығыз дәнекер ұлпасы қаптап
тұрады.
Перихондрдың екі қабатын ажыратады:
1. Тығыз талшықты дәнекер ұлпадан тұратын сыртқы –
фиброзды қабат
;
2. Құрамында хондробластар бар ішкі
– хондрогендік қабат
.
Бұл қабаттар шеміршектің ӛсуі мен қоректенуін қамтамасыз етіп, оның
тіршілік барысында маңызды рӛл атқарады. Перихондрдың жасушалары
митоздық бӛліну қабілетін сақтайды, шеміршектің ӛсуін және зақымданған
кезде қалпына келуін қамтамасыз етеді.
Перихондрдың құрамында жас шеміршек жасушалары — хондробластар,
сонымен
бірге
фибробластар
мен
фиброциттер
және
коллаген
талшықтарының жуан шоғырлары болады.
Олардың арасында борпылдақ қалыптаспаған дәнекер ұлпасының ӛте
жұқа қабатымен қапталған қан тамырлары және жүйкелер орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: