Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет33/157
Дата25.11.2023
өлшемі6 Mb.
#125829
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   157
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ

Пероксисомалар (микроденешіктер) 
– бір мембраналы вакуольдер, 
мӛлшері шамамен 0,3 – 1,5 мкм, гранулалық матриксінің ортасында 
нуклеоид орналасқан, бірақ бактериялардың нуклеоидтарына сәйкес 
келмейді. 
Пероксисомадағы 
нуклеоидтың 
құрамында 
кӛптеген 
ферменттер бар. Пероксисомалар қарапайымдыларда, тӛменгі сатыдағы 
саңырауқұлақтарда (ашытқылар), жоғары сатыдағы ӛсімдіктердің 
эмбриональді ұлпаларында, жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың 
бауыр және бүйрек жасушаларында кездеседі. Мысалы, егеуқұйрықтың 
бауыр жасушасында пероксисоманың саны 70 -100 дейін жетеді. 
Пероксисомаларды алғаш рет бауыр және бүйрек жасушаларынан 
бӛліп алған. Оның құрамынан сутегі асқын тотығының 

2
О
2
)
алмасуына 
қажетті ферменттер (оксидаза, уратоксидаза) және оны ыдырататын 
каталаза ферменті бар екені анықталған. Бауыр жасушасындағы 
пероксисоманың құрамындағы барлық белоктардың 40% каталаза 
ферменті құрайды. Себебі, жасуша үшін сутегі асқын тотығы токсинді 
әсер кӛрсетеді, ал каталаза оны ыдыратып, жасушаны қорғайды. 
Микротүтікшелер 
-
ұзынша келген, цилиндр тәрізді түтікшелер. 
Диаметрі 24 нм, қабырғасының қалыңдығы 5 нм. Құрамында 
а және b 
тубилині 
бар 
протифиламенттер. 
Микротүтікшелер 
жасушада 
қозғалыспен байланысты құрылымдарды түзеді; әрі тірек қызметін 
атқара отырып, судың, иондардың және кейбір молекулалардың 
тасымалдануын қамтамасыз етеді.
Микротүтікшелер фибриллярлық типті 
органеллаларға жатады. 


43 
Микротүтікшелердің қызметтері:
1. Цитоқаңқа қызметін атқарады. 
2. Жасушада заттар мен органеллаларды тасымалдауға қатысады.
3. Бӛліну жіпшесін түзуге және митоз кезінде хромосомалардың 
ажырауын қамтамасыз етеді.
4. Центриольдердің, кірпікшелердің және талшықтардың құрамына 
кіреді.
Микрофиламенттер - цитоқаңқаның екінші компоненті. Олардың екі 
түрін ажыратады: 1) актиндік; 2) аралық.
Актин филаменттері актин белогынан тұрады және оның 
полимеризациясы кезінде пайда болады. Аралық филаменттер – олардың 
қалыңдығы актин филаменттерінен жуан, микротүтікшелерден жіңішке. 
Тіректік қызмет атқарады. Әртүрлі типті жасушаларда аралық 
филаменттер құрамы бойынша ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет