Арнайы қызмет атқаратын органоидтар
жасушалардың белгілі
бір типтеріне ғана тән: бұлшық ет жасушасының жиырылғыштығын
қамтамасыз ететiн миофибрилдерге, тыныс алу жолдарын астарлап
жатқан эпителий кiрпiкшелерiне, ащы iшек бүрлерiне және т.б.
Жалпы қызмет атқаратын органоидтар:
барлық жасушаларға
тән, оларға эндоплазмалық тор (ЭПТ), пластидтер, митохондриялар,
рибосомалар, лизосомалар, Гольджи аппараты, жасуша орталығы және
микротүтiкшелер жатады.
Эндоплазмалық тор
(ЭПТ)
ядро қабықшасын сыртқы мембранамен
біртұтас етіп байланыстыратын ірі қуыстар мен каналдар, түтікшелер
түзетін мембраналы жүйе. ЭПТ - дың екі түрі бар.
Кедiр-бұдырлы
ЭПТ -
да рибосомалар орналасқан,
тегіс
ЭПТ-да рибосомалар болмайды.
Кедір-бұдырлы эндоплазмалық тор ақуыз синтезіне қатысады, жасуша
ішілік және жасуша аралық заттардың тасымалдануын қамтамасыз
етеді. Кедір-бұдырлы эндоплазмалық тор каналында күрделі ақуыз
молекуласы түзіледі, ал тегiс эндоплазмалық торда кӛмiрсулар мен
липидтер синтезделініп, АТФ тасымалданады.
Түйіршіксіз эндоплазмалық торды кӛлденең жолақ бұлшық етте
саркоплазмалық ретикулум деп атайды, ол кальций иондарын жинап
сақтайды. Жиырылған бұлшық ет талшықтары кальций иондарының
кӛмегімен созылып отырады.
Түйіршіксіз
эндоплазмалық
тор
бір-бірімен
байланысқан
түтікшелерден тұрады, кейде ол түтікшелер түйіршікті тордың
цистерналарымен жалғасып жатады.
Митохондриялар
-
сопақша және таяқша пiшiндi қос мембраналы
органоидтар. Сыртқы мембранасы тегiс, ал iшкiсi кӛптеген қатпарлар -
кристалар түзедi. Жасушаның қызметiнiң қарқындылығына байланысты
митохондриялар саны (150-ден 1500-ге дейiн) ауытқып отырады.
Митохондрияның матриксiнде ферменттер, рибосомалар, ДНҚ, РНҚ
болады. Қызметi АТФ-тi синтездеу, жасушаның тыныс алу және
энергетикалық орталығы болып табылады.
Митохондрияларды ең бірінші 1850 жылы P. А. Келликер
насекомдардың бұлшық еттерінен байқады, оны «саркосома» деп атады.
Бұлшық еттегі митохондриялар осы кезге дейін осылай аталады. Альтман
(1890 жылы) арнаулы бояулар арқылы
Достарыңызбен бөлісу: |