Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет48/157
Дата25.11.2023
өлшемі6 Mb.
#125829
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   157
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ

Синтездік кезең - S;
 
-
 
Синтезден кейінгі кезең - G2.
 
 
Синтезге дейінгі кезең (G
1
) -
интерфазалық жасушаның
құрылымдық ерекшеліктері қалпына келеді, жасушада қарқынды түрде 
биосинтез процестері жүреді. Митохондриялар, хлоропластар 
(ӛсімдіктерде), эндоплазмалық ретикулум, лизосомалар, Гольжди
аппараты, вакуольдер және кӛпіршіктер түзіледі. Ядрошықта рРНҚ, 
аРНҚ және тРНҚ синтезделіп, рибосомалар пайда болады. Жасушада 
қажетті мӛлшерде құрылымдық, функциональды ақуыздар синтезделеді, 
цитоплазма органоидтары қалыптасады және жасуша ӛсіп, оның кӛлемі 
артады, бірақ ДНҚ синтезі жүрмейді (2n 2c). Бұл ең ұзақ кезең, ұзақтығы 
10 сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады.
Синтездеу кезеңі (S)
- жасушаның тұқым қуалау материалы - ДНҚ 
молекуласының екі еселенуімен сипатталады. ДНҚ редупликациясы 
жартылай консервативті әдіс бойынша жүреді. Бұл кезде ДНҚ тізбектері 
бір бірінен ажырап, әр қайсысының жанында комплементарлы 
принциппен жаңа тізбектер синтезделеді. Мұның нәтижесінде ӛзара ұқсас 
қос биоспираль қалыптасады. Аналық ДНҚ молекулаларына
комплементарлы бұл ДНҚ молекулалары хромосоманың ұзына бойында 
бір уақытта емес (асинхронды) жеке фрагменттер немесе репликон 
түрінде бір хромосоманың әр түрлі аймақтарында, сонымен бірге
әртүрлі хромосомаларда түзіле бастайды. Соңынан, сол фрагменттер 
(репликондар) бір біріне жалғанып, тұтас бір молекуланы құрайды. 
Синтездік кезеңнің соңында жасушадағы тұқым қуалау материалының 
мӛлшері екі есе артады (2n 4c). Бұл кезеңде сонымен қатар, РНҚ мен 
ақуыз синтезі қарқынды жүреді, ал гистонардың мӛлшері екі есе артады. 
Соның нәтижесінде әр хромосома екі хроматидтен тұрады. Бұл кезеңнің 
ұзақтылығы 3-6 сағат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет