61
хромосомалардың
метафазалық
пластинкасын
немесе
аналық
жұлдызшаны түзеді. Бірте-бірте хромосомалардағы хроматидтер
арасындағы когезин ақуыздары бұзылады. Метафазаның соңына
хроматидтер бір-бірінен толық ажырап, тек центромера аймағында
байланыс бар сияқты болады.
Тубулин ақуызының полимеризациясы нәтижесінде бӛліну ұршығы
қалыптасады. Оның құрамына 3 түрлі микротүтіктер кіреді:
1. Кинетохорлы – хроматидті диплосоманың бір жіпшесімен
байланыстырады.
2. Полярлі – бір диплосомадан ұршықтың орталығына бағытталады,
онда басқа полюстің микротүтіктерімен бүркенеді.
3. Астарльді – диплосомадан жасушаның үстіңгі
жағына
бағытталған.
Анафаза
- митоздың ең қысқа фазасы, әр хромосомадағы
хроматидтер спиралданған жағдайларын сақтай отырып, бір-бірінен
ажырап, қарама-қарсы полюстерге қарай жылжиды.
Осы кезде олардың
центромералары
полюске,
теломерлері
экваторға
бағытталады.
Сондықтан, пайда болған екі жас жасуша, бір хроматидтен тұратын
хромосоманың толық және теңдей жиынтығын алады.
Хромосомалардың жылжуы бірнеше факторлармен қамтамасыз
етіледі:
1. Бӛліну ұршығының микротүтігі қатысады:
- кинетохорлы микротүтіктер қысқарады,
- полярлы микротүтіктер ұзарады.
2. Ақуыз-транслокаторлар қатысады:
- оның біреуі хромосомаларды кинетохор түтігінің бойына
орналастырады,
- басқасы полярлы микротүтіктерді
бір-бірінен шет жаққа қарай
ығыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: