Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет61/157
Дата25.11.2023
өлшемі6 Mb.
#125829
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   157
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ

2 – сурет. Аналық жыныс безіндегі овогенез 
(
http://mirbiologii.ru/
). 
Бірінші мейоздың нәтижесінде 
бірінші реттік овоциттерден
екінші реттік овоцит және бағыттаушы 
(полоцит) 
денешік
қалыптасады. 
Ал, екінші мейоздан кейін
 
екінші реттік овоциттен
 
бір жұмыртқа 
жасушасы және бағыттаушы денешік, ал бірінші реттік полоциттен екі
бағыттаушы денешік түзіледі.
 
Доминантты 
фоликуланың 
пісіп жетілуі 
Жҧмыртқа
Сары денешік 
Овуляция 


73 
Мейоз 
Мейоз
немесе 
редукциялық
бӛліну – жыныс бездерінде 
жасушалардың бӛлінуі. Бӛліну нәтижесінде түзілген гаметаларда 
хромосома жиынтығы екі есеге кеміп, гаплоидты жиынтыққа ие болады.
Мейоздың бӛліну процесінің сипаттамасы 3 кестеде берілген.
Мейозға митоз кезіндегідей 
интерфаза
тән. Мейоз бірінші және 
екінші мейоздық бӛлінуден тұрады. Әр бӛліну тӛрт фазадан ӛтеді: 
профаза, метафаза, анафаза, телофаза. 
Мейоздың генетикалық маңызы
: Мейоздың нәтижесінде 
галпоидты жиынтығы бар жыныс жасушалары түзіледі. Ұрықтану кезінде 
екі гаметаның ядросы қосылып, зигота түзеді, хромосомалардың 
диплоидты жиынтығы қалыптасып, сол түрге тән хромосомалар санының 
тұрақтылығы сақталады. Мейоз кезінде 
кроссинговер және гомологтық 
хромосомалардың кездейсоқ ажырауы 
нәтижесінде генетикалық 
материалдың рекомбинациясы жүріп, комбинативті ӛзгергіштікті 
қамтамасыз етіп, жаңа белгілер жарыққа шығады.
Сперматогенез бен овогенездің айырмашылығы:
1. Сперматогенезде кӛбею кезеңі ұзақ (сперматозоидтердің саны 
жұмыртқа жасушалардан біршама кӛп). Овогенездегі ӛсу кезеңі 
сперматогенезге қарағанда ұзақ. Жұмыртқада қажетті қорек заттардың 
қоры жиналады.
2. Овогенездің пісіп жетілу аймағында мейоздың әр бӛлінуі сайын 
түзілген жас жасушаларда цитоплазма біркелкі бӛлінбейді. Сондықтан бір 
ірі (екінші реттік овоцит) және үш цитоплазмасы жоқ бағыттаушы 
денелер түзіледі. Бұл денелер біраз уақыттан кейін тіршілігін жояды. 
Олай болса, овогенезде бір ғана жұмыртқа жасушасы пайда болады. Ал, 
сперматогенезде 4 сперматид түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет