Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет60/157
Дата25.11.2023
өлшемі6 Mb.
#125829
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   157
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ


Сперматогенез
– 
аталық 
жыныс 
жаушаларының 
(сперматозоидтардың) пісіп жетілуі,
 
аталық бездерінің түтікшелерінде 
жүреді, бірнеше сатылардан тұрады (1-сурет). Ағза жыныстық жетілген 
кезінен бастап түтікшелердің сыртқы қабатындағы диплоидты 
сперматогониялар
қарқынды түрде митоздық бӛлінуін бастайды.
Бұл – 
көбею аймағы.
Сперматагониялардың бір бӛлігі келесі 
ӛсу
аймағына ӛтеді. Бұл кезеңде цитоплазма кӛбейіп, олардан 
бірінші реттегі 
сперматоциттер
түзіледі. Келесі аймақ – 
пісіп жетілу аймағы.
Мұнда 
мейоз процесі жүреді. Мейоздың бірінші бӛлінуінің нәтижесінде әр 
бірінші реттегі сперматоциттерден 
екі
екінше реттік сперматоциттер

ал мейоздың екінші бӛлінуінің соңында – 
төрт сперматид 
түзіледі. 
Мейоздың нәтижесінде пайда болатын гаметаларда хромосомалар 
жиынтығы – 
гаплоидты.
Сперматогенездің ерекшелігі сол, мұнда 
қалыптасу аймағы
бар. Бұл аймақта сперматидтердің ядросы 
тығыздалып акросома аппараты қалыптасады. Бұл кезеңде цитоплазма 
мӛлшері азаяды. Сперматидтер кішірейеді, құйрығы пайда болып, нағыз 
сперматозоидтарға
 
айналады. 
1 - сурет. Аталық жыныс безі тҥтікшесіндегі сперматогенез 
 
http://mirbiologii.ru/
2. 
Овогенез 
– аналық жыныс жасушасының (жұмыртқаның) пісіп 
жетілуі (2-сурет). Овогенез үш кезеңнен тұрады: 
көбею, өсу, пісіп 
 
Сперматогонийлер 
2-ші мейоздық бӛліну 
1-ші 
мейоздық 
бӛліну 
Сперматозоидтар 
Сперматидтер Сперматоциттер 1- ші қатардағы 


72 
жетілу
. Бірақ, қалыптасу кезеңі болмайды. Сонымен қатар, овогенездің 
ӛзіндік ерекшеліктері бар. Овогенез аналық жыныс безінде ӛтеді. 
Алғашқы жасушалар – 
овогониялар көбею
және 
өсу кезеңдерінен 
ӛтеді 
(туылғанға дейін). Мұнда овоциттер қалыптасады. 
Бірінші реттік 
овоциттердің
мейоздық бӛлінуі эмбриогенездің 2, 4 айында басталады. 
Мейоз профазасының диакенез кезеңіне жетіп, ұзақ уақытқа (туылғанға 
дейін) тоқтайды. Қыз бала жыныстық жетілген кезден бастап, 
лютеиндеуші гормон әсерінен мейоздың екінші бӛлінуі метафаза кезеңіне 
дейін жүреді де, қайтадан тоқтайды. Мейоздың екінші бӛлінуі ұрықтанған 
соң аяқталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет