Ҧрықтану
жынысты кӛбеюдің негізгі түрі
.
Барлық жоғары
сатыдағы жануарлардың кӛбеюі ұрықтану жолымен жүреді.
Ұрықтану
-
аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы.
Ұрықтанудың нәтижесінде зигота түзіледі және хромосомалар жиынтығы
диплоидты қалыпқа келеді. Ұрықтану кезінде гаметалардың бір-біріне
жақындауы, жұмыртқа жасушасының активтелінуі және гаметалардың
қосылуы рет-ретімен жүреді.
Гаметалардың жақындауы гамондардың (гаметалар гормоны)
әсерінен жүреді, оны жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтар бӛледі.
Гамондар сперматозоидтардың қозғалуын және оның жұмыртқа
жасушасы қабығына жанасуын активтендіреді. Сперматозоид жұмыртқа
жасушасының қабығына жанасқанда
акросомдық реакция
жүріп,
жұмыртқа жасушасының қабығы ериді. Сперматозоидтың
центриолі мен
ядросы жұмыртқа жасушасының цитоплазмасына ӛтеді, ал мембранасы
жұмыртқа жасушасының мембранасына қосылады. Жанасу нәтижесінде
жұмыртқа жасушасы активтеліп, құрылымдық және физико-химиялық
күрделі ӛзгерістер жүреді
.
Жұмыртқа жасушасына бірінші сперматозоид
енген соң, бірден оның үстіңгі жұқа қабығы бӛлектеніп, ұрықтану қабығы
пайда болып,
кортикальды реакция
жүреді (5-сурет).
Осы реакцияның нәтижесінде басқа сперматозоидтар жұмыртқа
жасушасына ене алмайды. Қосымша енген сперматозоидтар ӛзгеріске
немесе ұрықты ӛлімге алып келеді.
Қалыпты жағдайда аналық гамета бір ғана сперматозоидпен
ұрықтанады. Соның нәтижесінде ата-анасының белгілері бірдей дәрежеде
тұқым қуалайды және хромосомалардың саны тұрақты сақталады.
Ұрықтану нәтижесінде жұмыртқа жасушасы активтеледі, дамиды,
синкарион түзіледі - бұл пронуклеустердің қосылуы нәтижесінде
диплоидты ядросы бар зиготаның түзілу процесі.
|