5 – сурет. Жҧмыртқа жасушасының ҧрықтану схемасы Жұмыртқа жасушасындағы цитоплазмасының әр аймағы әртүрлі
химиялық құрамға ие. Ӛйткені, эмбрионалдық дамудың ерте сатысында
ақуыздың синтезі үшін қажет энергияға мен м-РНҚ бай және олар
жұмыртқа жасушасының цитоплазмасында біркелкі таралмаған.
Цитоплазманың әртүрлі аймақтарының химиялық құрамы және
потенциясы да әртүрлі. Цитоплазманың анимальді полюсінің аймағы
эктодермалық, ал вегетативті полюс аймағы – энтодермалық, экваторлық
аймақ – мезодермалық потенцияларға ие (57-сурет). Жұмыртқа
жасушасының цитоплазмасында пайда болған жергілікті айырмашылық,
оның
ішкі
сапасының
әртүрлі болуына
алып келеді, оны
ооплазматикалық сегрегация деп атайды. Ооплазматикалық сегрегация
ұрықтанудан кейін күшейеді де, ұрықтың бастапқы жіктелуіне негіз
болады. Жұмыртқа жасушасына сперматозоид енген соң цитоплазмадағы
компоненттердің қайта бӛлінуі жүреді, сондықтан зиготаның бӛлшектенуі
кезінде бластомерлерге түскен цитоплазманың құрамы әртүрлі. Осыған
сәйкес цитоплазманың әртүрлі құрамы әртүрлі ұлпалардың бастама
жасушаларына бӛлінеді.
Жеке даму кезіндегі зигота құрамындағы бастапқы бағдарламада
кеңістіктік ақпараттар бар, ол эмбрион құрылымдарының дамуы
барысында арқа-құрсақ және алдыңғы-артқы координаттарды анықтайды.
Жасушаның
позициялық ақпаратына сәйкес мүшенің бастамасы
ӛзінің орналасуын координаттық жүйе бойынша бағалап, содан кейін сол
жағдайға байланысты жіктеледі. Жасушаның орналасуы ұрықтың ұзына
бойы осіндегі белгілі градиентпен орналасқан кейбір заттардың
концентрациясымен анықталады.
80
Студенттердің ӛзіндік жҧмыстары бойынша тапсырмалар: 1 тапсырма: Берілген кестені кӛбею түрлеріне байланысты
толтырыңдар: