Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология


радиальді, спиральді, билатеральді



Pdf көрінісі
бет78/157
Дата25.11.2023
өлшемі6 Mb.
#125829
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   157
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ

радиальді, спиральді, билатеральді
болып бӛлінеді.
Бӛлшектенудің нәтижесінде ортасы қуыс кӛп клеткалы бір қабатты 
ұрық пайда болады. Бұндай ұрықты 
бластула
дейді. Бластуланың 
қабырғасын 
құраушы 
клеткалардың 
қабатын 
бластодерма, 
ал 
бластомерлердің секрециялық ӛнімі болып саналатын сұйыққа толы 
бластуланың қуысын — 
бластоцель 
дейді. Бластоцельдің сұйығы құрамы 
мен консистенциясы жағынан әртүрлі жануарлардың бластулаларында 
түрліше болады. Кейбір жануарлардың, мысалы гидроидтық полиптерде 
бӛлшектену тұт ағашының немесе бүлдірген жидегіне ұқсас, ішінде қуысы 
жоқ шар тәрізді ұрық-моруланың (латынның 
morum 
түт жидегі деген сӛзі, 
оның қысқартылған түрі 
morula
) түзілуіне әкеліп соғады. Ұрықтың аталған 
түрлерінің түзілуі бластомерлердің цитоплазмасының қасиеттеріне 
байланысты. 
Ұрықтың ерте сатысында
 
бластомерлер 
тотипотентті,
 
олардың 
мүмкіндіктері тең және олардың
 
әрқайсысы бүтін бір ағзаға бастама 
береді. Монозиготалы егіздердің және ақаулықтардың ұқсас болып 
жарыққа шығуы тотипотенттікпен түсіндіріледі. Бірте-бірте жасушалар 


91 
жіктеледі, олардың дамуы бағдарламаға сәйкес белгілі жасушалар түріне 
бастама береді, мысалы, эпителиальды, жүйке және т.б. Бластомерлердің 
бӛлшектенуі сома жасушаларының митоздық бӛлінуінен айырмашылығы 
бар, бӛлшектенуде бластомерлер кӛлемінің ӛсуі жүрмейді. Сондықтан 
ұрықтың кӛлемі бӛлшектену кезінде ӛспейді. Бӛлшектенудің соңында 
пайда болған 
бластуланың
кӛлемі зиготаның кӛлемімен бірдей болады. 
Бұл ұрықтың жатыр түтігімен еркін қозғалуы және одан әрі оның 
имплантациясы үшін маңызды. 
Бластула
– қабырғасы бір қабатты кӛп бластомерлерден тұратын 
ұрық стадиясы. Оның ішіндегі қуысын - бластоцель, ал қабырғасын – 
бластодерма деп атайды. Барлық типке жататын жануарлар ұрықтарында 
бластула стадиясы жүреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет