Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет79/157
Дата25.11.2023
өлшемі6 Mb.
#125829
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   157
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ

Бластуланың бірнеше
типтері бар 
(7-сурет)
:
1. Целобластула - 
бластоцелі үлкен, қабырғасы бір қабатты және 
қалыңдығы біркелкі бластомерлерден тұрады. Бластуланың бұл типі толық 
және біркелкі бӛлшектену нәтижесінде пайда болады. Мысалы, 
ланцетниктердің зиготасы бӛлшектену нәтижесінде целобластула түзеді. 
2. Амфибластула - қ
абырғасы жасушаның бірнеше қатарынан 
тұрады. Бластоцель анимальді полюсіне жақын жатады. Сондықтан бұл 
полюстің қабырғасы жұқа келеді. Бластуланың бұл типі толық, біркелкі 
емес бӛлшектенуден дамиды. Мысалы: амфибия жұмыртқасының 
бӛлшектенуі. 
3. Стерробластула - 
қабырғасы бір қатарлы болып келетін үлкен 
бластомерлерден тұрады. Бластомерлері ішке қарай ойысқандықтан, 
бластоцелі 
шағын, 
кейде 
жойылып 
кеткен. 
Стерробластула 
буынаяқтыларда кездеседі. 
4. Дискобластула - 
іші сары уызға толы, қуысы жоқ бластула. 
Бластамерлері сары уыз үстіне орналасқан бір қабат жасушалардан тұрады. 
Бластуланың бұл типі сүйекті балықтарда, бауырымен жорғалаушыларда 
және құстарда кездеседі. 
7 – сурет. Бластуланың типтері 
1 - целобластула; 2 - амфибластула; 3 - дискобластула; 
4 - бластоциста; 5 - эмбриобласт; 6 - трофобласт. 
 


92 
5. Перибластула
- беткейлік бӛлшектену нәтижесінде пайда болған 
бластула. Перибластулада қуыс болмайды, онда сары уыз орналасады. Бұл 
бластуланың түрі кейбір насекомдарға тән.
Сыртқы орта факторларының бӛлшектенуге әсері. 
Зиготаның 
бӛлшектенуіне сыртқы орта факторлары әсер кӛрсетеді. Ӛйткені, әрбір 
ағзаның дамуы ӛзін қоршаған ортамен тығыз байланысты болады. Бұл 
байланыс филогенез барысында қалыптасқан. Бӛлшектенуге әсерін 
тигізетін факторлар: сұйықтықтың қасиеттері, химиялық құрамы, 
осмостық қысым, сыртқы ортаның температурасы, оттегінің мӛлшері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет