Эпителиальді ҧлпа немесе эпителий Эпителиальді ұлпаны шекаралық ұлпа деп те атайды. Эпителий деген
термин гректің екі сӛзінен құралған "Эпи"— үсті және "телий"—
емізікше яғни емізікшелерді жауып тұрады деген ұғымды білдіреді.
Дәнекер ұлпалардың емізікшелерінің үстінде орналасқан ұлпаны алғаш
рет - эпителий деп атап, сол терминді қолданған Рюйеш.
Эпителий дененің барлық сыртқы беті мен сероздық қабықшаларды
қаптайды және организмнің кӛптеген бездерін құрайды. Эпителиальді ұлпа
жасушалардан — эпителиоциттерден тұрады. Эпителийге тӛмендегі белгілер
тән:
1.
Эпителий — организмді сыртқы немесе ішкі ортадан бӛліп тұратын
және олармен байланысты қамтамасыз ететін шекаралық ұлпа.
2. Эпителий жасушалары қабат құрап орналасады.
3. Эпителий ұлпасының негізгі массасын жасушалар кұрайды.
4. Эпителийге үнемі сыртқы орта әсер кӛрсетеді, соған байланысты
олардың регенерациялық (қалпына келу) қабілеті жоғары.
5. Эпителий жасушаларының құрылысы полярлы келеді. Базальдық
және апикальдық бӛліктері болады, олардың құрылысы мен қызметі
жағынан айырмашылықтары бар. Мысалы, ішектің эпителиальді
жасушаларының апикальдық бетінде микробүрлер болады, ішкі торлы
аппарат ядроның аймағында орналасқан, ал жасушалардың базальдық
үстіңгі бӛліктерінде микробүрлер мен торлы аппараттың элементтері
болмайды. Эпителий жасушаларының полярлы болуы олардың шекарада
орналасуына байланысты.
6. Эпителий базальдық мембрананың үстінде орналасады. Базальдық
мембрана эпителий жасушалары мен оның астындағы дәнекер
жасушалардың тіршілік әрекеттерінің әсерінен пайда болады және осы
екі ұлпаны, біріншіден - бірін-бірінен бӛліп, екіншіден - оларды
біріктіріп, біртұтас комплекс құрайды. Эпителийдің қоректенуі
базальдық мембрана арқылы диффузиялық жолмен қамтамасыз етіледі.
102
7. Эпителийде жүйке талшықтары кӛп болады, ал қан мен лимфа
тамырлары болмайды. Эпителийдің негізгі қызметі ӛзінің астында
орналасқан дәнекер ұлпасын қорғау. Сонымен бірге, кейбір жағдайларда
белгілі эпителиальді жасушалар секрет бӛлу және сіңіру функцияларын да
атқарады.