Жаратылыстану және география институты


Суды тұзсыздандырудың кері осмостық мембраналары



Pdf көрінісі
бет32/43
Дата12.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#81941
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43
Суды тұзсыздандырудың кері осмостық мембраналары 


Жартылай өткізгіш мембраналар кері осмостық қондырғының негізгі элементі, оған 
процестің тиімділігі мен қолданудың мүмкін аймағы тәуелді болып табылады. Кері осмостық 
мембраналар 
әртүрлі 
полимерлы 
материалдардан 
жасалады: 
полиамидтерден, 
полиуретандардан, 
поликарбонаттардан, 
полиакрилнитрилден, 
жай 
және 
күрделі 
эфирлерден, целлюлозадан ж.т.б. Қазіргі кезде ацетилцеллюлозадан (ацетаттық) және хош иісті 
полиамидтен жасалған мембраналар кеңінен таралған. 
Материалдың ішінде электр статикалық зарядтың таралуы бойынша мембраналар 
ионогенсіз, ионактивті (катион- және анионактивті) және өрнектіге (мозаикалық) бөлінеді. 
Ионогенсіз 
мембраналарға 
көптеген 
полимерлы 
мембраналар 
(оның 
ішінде 
ацетилцеллюлозалық) жатады. Ионактивті қасиеттер жуылатын (динамикалық) мембраналарда 
пайда болады. Мозаикалық мембраналар кезектесетін анионактивті және катионактивті 
зоналардан тұрады. Мозаикалық мембраналар арқылы сүзу процесі пьезодиализ деп аталады. 
Судағы көптеген қоспалардың әсері толығымен зерттелмегендіктен, кері осмостық 
қондырғыларға 
келіп 
түсетін 
суға 
құрамындағы 
қоспаларының 
шекті 
мүмкін 
концентрацияларына талаптар әлі жетілдірілмеген. 
Әртүрлі дәрежеде минерализденген сулардың кері осмостық тұзсыздандыруын жүргізу осы 
суларды өңдегенде су дайындауда кеңінен қолданылатын су сапасының көрсеткіштері бойынша 
(лайлылығы, мөлдірлігі, қалқыған бөлшектер мөлшері) мембрана өндірулігі мен тұз мөлшері 
өзгеруінің интенсивтілігі туралы қорытынды жасауға болмайтындығын анықтады. 
Суды кері осмостық тұзсыздандыру стансаларының технологиялық сүлбелеріне келесі 
элементтер кіреді: 
1) кері осмостық тұзсыздандырудың алдындағы бастапқы суды алдын ала дайындау 
қондырғысы; 
2) кері осмостық тұзсыздандыру қондырғысы; 
3) кері осмостық қондырғысынан шығатын қонцентратты өңдеу қондырғысы; 
4) фильтратты өңдейтін қондырғы; 
5) станса жұмысын бақылап, автоматтық және қолмен басқару жүйелері. 
Суды дайындауда кері осмосты пайдалану суаттардың ластануын азайтуға және 
иониттердің жаңғыртуында қолданылатын реагенттердің мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді. 
Тәжірибелік қондырғының сүлбесі 14.2 суретте келтірілген. 
№1 күбіде оқытушының тапсырмасы бойынша зерттелетін судың ерітіндісі дайындалады. 
Сүзгілер мен кері осмостық мембрана жұмысының параметрлерін анықтау үшін әрбір сатыдан 
кейін манометрлер мен сынама алу крандары орнатылған. 
Жұмыс тәртібі: 
а) тұз мөлшері белгілі бастапқы ерітіндіні дайындайды; 
б) № 5 кранды ашып, бастапқы ерітіндіні жіберетін №2 сорғыны қосады. Бұл кезде № 3 кран 
жабық болу керек. Сүзгілерді сумен толтырады. Ол үшін № 12, 16, 21, 18 крандарды ашады, 
№ 11, 15, 20 крандарды жабады немесе бастапқы су құбырының №3 кранын ашады (онда №2 
сорғыны өшіреді); 
в) уақыттың белгілі аралықтарында немесе өткізілген судың белгілі көлемдерінде талдауға 
сынама алынады; 
г) суды жүзгін дисперсті механикалық қоспалардан тазартатын 1 сатыдағы сұзгіден өткен суды 
зерттеу үшін: 1) 1 сатыдан кейін № 11 сынама алынатын кранын ашады; 2) 2 сатының 
алдындағы № 12 кранды жабады; 
д) суды органикалық қоспалардан тазартатын 2 сатыдағы карбон сүзгісінен өткен суды зерттеу 
үшін: 1) № 12 кран және сынама алынатын 
№ 15 кранды ашады; 2) № 11 сынама алынатын және 3 сатының алдындағы № 16 крандарды 
жабады; 
е) тұздардан тазартатын 3 сатыдағы кері осмостық мембранадан өткен суды зерттеу үшін: 1) № 
12, № 16 және сынама алынатын № 20 крандарды ашады; 2) № 11, № 15 сынама алынатын 
крандарды және 4 сатының алдындағы № 21 кранды жабады; 


ж) дәмдік сапасын жақсартатын 4 сатыдағы карбон сүзгісінен өтетін суды зерттеу үшін : 1) № 
11, 15, 20 сынама алынатын крандарды жабады; судың сынамасын 4 сатыдан шығу жерінен 
алады; 
и) судың сапасын зерттегенде талданатын сынамаларда кермектілікті, сілтілікті және жалпы 
тұздылығын анықтайды. Бастапқы берілгендер мен алынған нәтижелерді 14.1 кестеде 
келтіреді. 
Ескерту: Тәжірибелік қондырғы жұмыс істеген кезде №18 сынама алу краны ашық 
болу қажет. 
Тәжірибелік қондырғыны өшіру: 
1. №18 краннан басқа крандардың барлығын жабады; 
2. № 2 және 9 сорғыларды электр тораптан айырады; 
3. №3 (бастапқы ерітіндіні жіберетін) және №5 (бастапқы су құбырын ашатын) вентильдерді 
жабады; 
4. крандардың барлығын жабады. 
Жұмыс 2 этапта жасалады. 
Бірінші этапта: 
а) оқытушыдан тапсырма алынады: модельді су ерітіндісін дайындау үшін тұздардың бастапқы 
концентрациялары беріледі; 
б) модельді ерітіндіні дайындайды (тұздар массаларын есептейді, 
өлшендіні таразыда өлшеп алады, дистилленген суда ерітеді); 
в) ионометриялық немесе кондуктометриялық талдау әдістемелеріне сәйкес берілген 
ион концентрациясын анықтайтын градуирленген қисықты тұрғызады.
Екінші этапта жұмыс кері осмостық қондырғыда орындалады: 
а) уақыттың берілген аралықтарында (немесе судың берілген көлемдерінде) карбон 
сүзгісі мен кері осмостық мембранадан кейін талдауға судың сынамалары (және концентрат 
сынамалары) алынады; 
б) кері осмостық қондырғы жұмысының аяғында бастапқы су мен талданатын 
сынамалардың жалпы кермектілігі мен сілтілігі, тұздылығы анықталады. 
Бастапқы берілгендері мен алынған нәтижелерді кестеге жазады. 
14.1 к е с т е - Тәжірибе нәтижелері 
№ 
V, л 
С, 
мг-экв/л 
К, 
мг-экв/л 
NaCl, 
мг/л 
ρ, 
Ом 
.
см 
φ,% 
Бастапқы 
ерітінді 
Карбон сүзгі-
сінен кейін 
алынған су 
Мембранадан 
кейін алынған су 
Концентр
ат 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет