Жаратылыстану және география институты



Pdf көрінісі
бет34/43
Дата12.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#81941
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43
Ерітінділерді дайындау 
1. Электролит ерітіндісін дайындау. 
Концентрациясы 0,1 г-ион/л ерітіндіні дайындау үшін дистилленген судың 250 мл-де 0,025 г-
ионы бар зат өлшендісін ерітеді. 
2. Ерітінді концентрацияларының шкаласын дайындау. 
V=100 мл 5 өлшеуіш цилиндрге ерітіндінің 1; 5; 10; 50 және 100 мл құйып, көлемін 100 мл-ге 
дейін дистилленген сумен толтырады. Түзілген ерітінділердің концентрациялары 1; 5; 10; 50 
және 100 мг-ион/л сәйкес болады. Бұл мәндер рХ шкаласының келесі мәндеріне сәйкес келеді: 3; 
2,3; 2; 1,3 және 1. 
  
Тәжірибені орындау тәртібі 
1.Берілген ионның концентрациясын анықтайтын калибрленген графикті тұрғызу. 
Дайындалған ерітінділер шкаласы иономердің өлшеуіш стаканына құйылады. Өлшеуіш 
стакандағы зерттелетін ерітіндіні келесіге ауыстырудың алдында оны электродтармен бірге 
дистилленген сумен жуады. 
Концентрациялар шкаласы бойынша ең кіші мәнінен бастап әрбір ерітіндінің потенциалы 
өлшенеді. Өлшеулердің барлығын магнит араластырғышы айналымының бірдей мәнінде 
жүргізеді. Өлшеулердің нәтижелерін кестеге жазады. 
14.2 к е с т е - ЭҚК мәнінің ерітінді концентрациясына тәуелділігі 
С, мг-ион/л 
рХ 
ЭДС(1), мВ 
ЭДС(2), мВ 
Орташа ЭҚК, мВ 
Анықтау дәлірек болу үшін өлшеулерді 2 рет жүргізеді. 


2. Зерттелетін ионның судағы мөлшерін анықтау. Зерттелетін ионның белгісіз мөлшері 
бар ерітіндіні аспаптың өлшеуіш ұяшығына орналастырып, ЭҚК мәнін анықтайды. 
Тапсырма 
1. 14.2 кестенің берілгендері бойынша ЭҚК-нің зерттелетін ион концентрациясына 
ЭҚК=f(pX) түріндегі тәуелділік графигін тұрғызады. 
2. Калибрленген графикті қолданып, зерттелетін ион концентрациясын анықтайды. 
Тұзсыздандырылған судың талдауын кондуктометрия әдісімен 
жүргізу 
Ағын суларының құрамындағы және электр зарядын тасымалдауға қабілеттілігі бар 
минералды және органикалық қоспалар 2-ші ретті өткізгішке жататын жүйені құрайды. Кез 
келген өткізгіш сияқты, қоспалары бар судың электрлік кедергісі (R) болады. Ағын суларының 
электрлік өткізгіштігін электр өткізгіштік (W) сипаттайды. Бұл шамалар келесі теңдеулермен 
сипатталады: 
R = pL/S (1) 
W=1/R =(1/ρ)(S/L) = χ S/L (2) 
мұнда р — меншікті кедергі; χ — меншікті электр өткізгіштік; S — су аралығы 
қимасының ауданы; L — электродтар арасындағы арақашықтық. 
Меншікті электр өткізгіштік деп ұзындығы 1 см және қимасының ауданы
см

зерттелетін су бағанасының кедергісін айтады. Су фазасының меншікті кедергісі еріген 
заттар табиғатына, концентрациясы мен температурасына тәуелді. 
Меншікті электр өткізгіштік – меншікті электрлік кедергіге кері шама болып табылады: 
χ =1/ρ (3) 
мұнда ρ — судың меншікті электрлік кедергісі. 
Ағын суларының электр өткізгіштігі олардың құрамына ғана емес, сонымен қатар 
температурасына да тәуелді болады. Бұл тәуелділік дәлірек түрде 2 дәрежедегі полином түрінде 
өрнектеледі: 
χ =χ
0
 (1 + αt + βt
2
) (4) 
мұнда α мен β — еріген заттар табиғаты мен концентрациясына тәуелді коэффициенттер. 
Электр өткізгіштігін өлшеуге негізделген суды талдау әдісі кондуктометрия деп аталады. 
Кондуктометрлік әдіс зерттелетін су сынамаларында заттар концентрациясын анықтауда, 
суды тазарту және тұнбаларды өңдеу процестерінде қолданылатын реагент ерітінділерінің 
концентрацияларын анықтауда, сонымен қатар электрохимиялық қондырғыларда электродтық 
пакеттер жұмысының параметрлерін анықтауда қолданылады. 
Жұмыстың мақсаты —тұзсыздандырылған судың анализін 
кондуктометрия әдісімен жүргізу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет