Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері


  «Жаратылыстану»  білім  саласы  пәндерін  оқытудың  әдістемелік



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата02.01.2017
өлшемі0,99 Mb.
#1022
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.2  «Жаратылыстану»  білім  саласы  пәндерін  оқытудың  әдістемелік

ерекшеліктері

Жалпы  білім  беруді  жаңартудың  өзектілігі  оның

жеке  тұлғаның

даралануын  күшейтуден,  12-жылдық мектептің жоғарғы  сатысындағы  білім

берудің тиімділігі  мен  функционалдылығын  арттырудан  тұрады,  бұл үшін

бейінді  оқыту  жағы

қарастырылады  және  жоғары  сыныптарда  білім

алушыларды  жеке  дара  оқытуға  және әлеуметтендіруге,  сондай-ақ еңбек



49

нарығының сұранысын ескеруге бағдарланған мамандануға дайындық жүйесін

құру мәселесі қойылады. Қазақстандық білім  беру  жүйесінің бейінді  оқытуға

көшуі  оқушылардың

танымдық  қызығушылықтары  мен

қажеттіліктерін

қанағаттандыруға

және 


оқушының

жеке 


тұлғасын 

дамытуға,

оның

мотивациялық 



(уәждемелік) 

аясын, 


зияткерлік 

және 


шығармашылық

қабілеттерін қалыптастыруға бағытталуы  тиіс  орта жаратылыстану білім

берудің мақсаттары мен міндеттерін өзгертуді талап етеді.

Білім  берудің жаңа  мақсаттарына  жетуге  жіктеп  және  даралап  оқытудың

құралы болып  табылатын  бейінді  оқыту  толығымен  ықпал  ете  алады  және

жоғары  сынып  оқушыларының

білім  алуды  одан

әрі  жалғастыруына

байланысты  олардың мамандыққа қызығушылығына  және  ынтасына  сәйкес

оқытуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Әдіскерлер, дидакттар, психологтар жіктеу және даралау, даралауға ықпал

ететін  мақсаттарды  анықтау  проблемаларын,  сонымен қатар  12  жылдық

мектепте  бейінді  оқытудың мазмұнын қалыптастыру  мәселесін қарастыруда.

Бүгінгі  күні бір  жағынан, әлеуметтік-экономикалық,  ғылыми-техникалық және

экологиялық өзгеру жағдайында физикалық, химия-биологиялық білім берудің

құрылымы мен мазмұнын жаңарту, екінші жағынан, жоғары сыныптағы бейінді

оқытуды теориялық және әдістемелік тұрғыда жетілдіру жұмыстары жүргізілді.

«Жаратылыстану»  білім  саласының мазмұны  «Биология», «Физика»,

«География», «Химия» пәндері арқылы жүзеге асырылады.

«Биология» оқу пәні

Республикамыздың

мектептерінде 

жұмыс 


істейтін 

биология 

пәні

мұғалімдерінің көпшілігі бейінді оқытудың жалпы белгілерін ғана біледі. Олар



бейінді  оқыту  мен  биологияны  оқытудың дәстүрлі әдістерін  сақтайтын

жекелеген 

пәндерді 

тереңдетіп 

оқытудың

арасындағы 

айтарлықтай

айырмашылықты  байқай  бермейді.  Бейінді  оқыту  процесінде  шығармашылық

мәселелерді  шешу,  биологиялық

есептерді  шығару,  зертханалық

және

практикалық жұмыстарды  орындау  бойынша  оқушыларды өзіндік  жұмысқа



тарту қажеттілігі  анықталды.  Мұғалімдер  проблемалық және  дамыта  оқыту

технологияларын  және  ынтымақтастықта  оқыту  технологиялары  мен  жобалық

оқытуды барынша кең қолдануы тиіс.

Жаратылыстану-математикалық

бағытта 

«Биология» 

пәнін 

оқыту


оқушылардың осыған дейінгі негізгі мектепте биологияны оқу барысында алған

базалық білімдеріне сүйенеді. Мұның өзі жалпы биологиялық білім жүйесін аса

жоғары  теориялық деңгейде  түсініп қабылдауға  мүмкіндік  береді. Пәннің

мазмұны  оқушылардың алдыңғы  сыныптарда  алған  биологиялық білімдерін

жинақтап, қорыта  отырып  бұл  бағдарлама  биологиялық заңдылықтарды,

заманауи  теорияларды,  концепциялар  мен  ілімдерді  терең мағынада  түсінуге

сонымен қатар  биологияның  қолданбалы  маңызын  да  ашып  көрсетуге,

оқушылардың жаратылыстану-ғылыми көзқарасы мен экологиялық мәдениетін

қалыптастыруға бағытталып құрастырылған [40].

Жаратылыстану-математикалық бағытта  «Биология»  пәнінің мазмұны

негізгі  мектепте  оқып  танысқан  базалық жалпы  биологиялық  ұғымдарды  енді


50

мазмұны  жоғары

ғылыми  деңгейде,  бірақ

оқушыларға  түсінікті  түрде

қабылдануын қамтамасыз етеді.

Жаратылыстану-математикалық бағытта  «Биология»  пәнін оқытудың



мақсаты:

тірі  материя,  оның биологиялық  құрылым  деңгейлері  туралы  негізге

алынатын түсініктерді қалыптастыру;

тірі және өлі материяның жалпы белгілерін оқушыларға ұғындыру;

жасушалық теорияның негізгі қағидалары туралы білім қалыптастыру;

өсімдік және  жануар  жасушаларының  құрылысы  туралы  түсінік

қалыптастыру;

органикалық және  бейорганикалық заттардың рөлі  туралы  білім

қалыптастыру;

организмнің жеке даму заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру;

органикалық дүние дамуының негізгі ретінде генетикалық заңдылықтар

туралы түсінік қалыптастыру;

адамның

тұқымқуалаушылығына



қоршаған 

ортаның


қолайсыз

факторларының зиянды әсері туралы түсінік қалыптастыру;



Оқытудың міндеттері:

түр және оның критерийлері туралы түсініктің мәнін ашып көрсету;

эволюциялық ілімнің негіздері туралы білім қалыптастыру;

экология  пәні  және  экологиялық факторлар,  экологияның міндеттері,

экожүйелер, биоценоз, биосфера түсініктерінің мәнін ашып көрсету;

экологиялық жүйелерге адамның іс-әрекетінің әсерін ашып көрсету;

табиғатты қорғау  бойынша қазақ халқының салт-дәстүрлерінің мәнін

ашып көрсету;

Қазақстанның табиғатын қорғау  туралы Қазақстан  Республикасының

заңдарын негіздеу;

цитологияның міндеттерін игеру;

жасушалық теорияның негізгі қағидаларын меңгеріп алу;

энергия алмасудың кезеңдерін және оның жасушадағы рөлін сипаттау;

органикалық дүниедегі  көбею әдістері  мен  жасушалардың бөліну

типтерін игеру;

организмнің дамуын және орта жағдайларын сипаттау;

тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашып көрсету;

өзгергіштіктің негізгі заңдылықтарын ашып көрсету;

селекция және биотехнология негіздерін сипаттау.

Жаратылыстану-математикалық бағытта  биологияны  оқытудағы  күтілетін

нәтижелер  келесі құзыреттіліктердің  қалыптасу  деңгейлеріне  сәйкес  болуы

керек [33, 34, 35, 36]:



Ақпараттық  құзырет:

оқушылар


әртүрлі  ақпараттық  құралдарды

пайдалану  арқылы  тірі  және өлі  материя,  олардың химиялық құрамының

ұқсастығы, құрылым  деңгейлері  туралы қажетті  ақпарат  алу қарастырылады;

заманауи  ақпараттық  құралдарды  (теледидар,  магнитофон,  телефон,  факс,



51

компьютер,  принтер,  көшірме)  және    ақпараттық технологияларды  (аудио-

бейнежазу,  электрондық пошта,  ЖАҚ, интернет)  меңгеру; қажетті ақпарат

іздеу, талдау және таңдап алу , оны өзгерту, сақтау және беру;



Коммуникативтік құзырет: оқушылар айналасындағы адамдармен қарым-

қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін пайдаланады, екі-екіден бірігіп жұп құрып,

топтасып,

ұжыммен  жұмыс  істеп,  түрлі

әлеуметтік  рөлдерді  игереді.

Сұхбаттасушымен

әңгімелесу,  пікірталас  жүргізу  арқылы  мәселелерді

талқылайды және сыпайы түрде өзінің пікірін жақтап шыға алады;



Құндылық-мағыналық 

құзырет:

оқушының 

құндылық

бағдарын


меңгерген, қоршаған әлемді көру, түсіну, сол ортаға үйрену, өзінің рөлін сезіне

білу қабылеті; өзінің іс әрекеттері  мен қылықтарына  арнайы  мақсаттық және

мағыналық бағыт  таңдай  білуі,  шешім қабылдауы.  Мұның бәрі  сабақ оқу

кезінде  немесе  басқа  да  тіршілік  жағдайларында  оқушының өз тағдырын өзі

шешу  механизмін қамтамасыз  етеді.  Осыған  байланысты  оқушының жеке

басының білім  алу  жолы  және  оның тіршілік әрекетінің бағдарламасы

қалыптасады; оқушы  сауықтыру  шараларының кешенін  және қоршаған

ортаның денсаулыққа әсері туралы ақпаратты біледі;



Жалпы  мәдени құзырет: оқушы ұлттық және  жалпыадами  мәдениет

саласындағы әрекеттер  тәжірибесін  түсінеді;  адам  және  адамзат  тіршілігінің

рухани-адамгершілік негіздерін танып біледі; отбасылық әлеуметтік, қоғамдық

құбылыстар мен салт дәстүрлердің мәдениеттанушылық негіздерін, ғылым мен

діннің адам өміріндегі рөлін, бос уақытты тиімді пайдалану әдістерін біледі;

Өзін-өзі кемелдендіру құзыреті: оқушы  физикалық, рухани  және  зияттық

бағытында өздігінен  жетілудің, сезімін  реттеудің және өзін-өзі қолдаудың

әдістерін  меңгереді; оқушы  жеке  басының мүддесі  мен  мүмкіндіктері үшін

әрекет ету тәсілдерін меңгеруі олардың ұдайы өзін-өзі тану, заманауи адамына

қажетті жеке  басының  қасиеттерінің, психологиялық сауаттылық, ойлау  және

мінез-құлық

мәдениетінің 

қалыптасуынан 

көрінеді. 

Ішкі


экологиялық

мәдениетті игереді;



Әлеуметтік-еңбек

құзыреті:

оқушы 


азаматтың,

бақылаушының,

сайлаушының,  өкілдің,  өндірушінің, отбасы  мүшесінің рөлін  атқарады.

Экономика және құқық мәселелерінде өзінің құқығы мен міндеттерін біледі.

Жаратылыстану-математикалық бағытта  «Биология»  пәнін  оқып  білу

барысында  мына  төмендегі  оқу  пәндерімен  пәнаралық байланыстар  жүзеге

асырылады:

«Қазақ тілі және әдебиетпен»: сөздік қордың биологиялық терминдермен

одан әрі  байытылуы;  органикалық дүниенің  құрылысы  мен  эволюциясының

ерекшеліктері  бойынша  оқу  материалын қабылдау  арқылы  ауызша  сөздің

дамуы; қысқаша  шығармалар-сипаттамалар,  ойбөлісу  түрінде  материалды

баяндау,  баяндаманы  дұрыс  көркемдеу,  Эссе,  хабарлама,  биологиялық

диктанттар  жазу,  шығармашылық тапсырмалар  орындау  арқылы  жазбаша

сөздің дамуы.

«Математикамен»:

биологиялық

эксперименттердің

тәжірибелердің,

бақылаудың,

зертханалық

жұмыстардың 

қорытындысын 

шығаруда


52

математикалық білімді  пайдалану;  биологиялық эксперименттерге өлшеулер

жүргізу және математикалық талдау жасау.

«Тарихпен»: тарихтың бірінші  кезеңінің мәдениетін  оқып  білу.  Ашылған

ұлы географиялық жаңалықтарды білу.



«Физикалық географиямен»: географиялық аймақтылықты  ескере  отырып

жер бетінде органикалық дүниенің таралу ерекшеліктерін оқып білу барысында

географиялық білімге сүйену; орта факторларының адам организмінің жағдайы

мен қасиеттеріне және жалпы органикалық табиғатқа әсерін білу; континенттер

тарихының білімін пайдалану.

«Экономиялық географиямен»: бүкіл әлем халықтарын оқып, зерттеп білу;

әлем халықтарының географиялық аймақтарға таралуын білу.



«Бейнелеу өнерімен»: зертханалық, практикалық және  шығармашылық

жұмыстарды кестелермен, суреттермен және сызбанұсқалармен безендіру.



«Химиямен»:

бейорганикалық

химия.  Д.И.Менделеевтің

периодтық

жүйесінің элементтері,  олардың негізгі қасиеттері.  Органикалық химия.  Тірі

жүйенің  құрамына  кіретін  негізгі  химиялық  қосылыстар; - жасушаның

химиялық  құрылымын  оқып  білу;  органикалық ортада  жүретін  биохимиялық

процестерді  (-зат  және  энергия  алмасу-бұл  органикалық заттардың биосинтезі

және ыдырауы) оқып білу.

«Физика»:

биологиялық

жүйелердегі

өзгерістердің

динамикасы;

экологиялық жүйелердің жағдайы  мен қасиеттеріне  атмосфералық  қысым

ауытқуының әсері.

«Музыка»:

«Адам 


генетикасы» 

тақырыбын 

оқытуда 

музыкалық

шығармаларды  пайдалану;  «Адамның шығу  тегі»  сабағын  оқыту  барысында

музыкалық шығармаларды пайдалану.



«Информатикамен»:

жалпы 


биологияның

тақырыптары 

бойынша

электрондық



көрсетілім

құрастыру; 

жұмыс 

барысында 



электрондық

материалдарды пайдалану.

Бейінді  оқыту  жағдайында

жалпы  биология  курсында  кез  келген

тақырыпты  оқып-үйрену негізгі  биологиялық теориялардың  (жасушалық,

хромосомалық, эволюциялық, ген  теориясы,  экологиялық тұжырымдамалар)

айналасында өрістеуі қажет. Оқушыларды биологиялық теория пайда болғанға

дейін  оқып-үйренетін

нысанға

қатысты


ғалымдардың

көзқарастарымен

таныстыру қажет.  Теорияның шығу  себебін,  негізін  және  мәнін  анықтау,

зерттеу  бағдарламасын  іске  асыру  мен  проблемаларды  шешудің жолдарын

көрсету өте  маңызды  болып  табылады.  Теорияның логикалық  құрылымын,

пайда  болу  механизмдерін  анықтау  және  оның  қалыптасу  мен қолдану

процесіндегі қайшылықтарын  шешу  оқушыларға  фактілерді қалай  жүйелеу

керектігін, ұсынылған  болжамды  дәлелдеу үшін  немесе  теріске  шығару үшін

эксперименттерді қалай  жоспарлап, қою  керектігін  түсіндіруге  мүмкіндік

береді [41, 42].

Сабақтарды  тақырыптық және әр  сабаққа  бөліп  жоспарлау  мазмұндық

және  процессуалдық компоненттердің бөлімдеріне  негізделген төрт блоктан:

теориялық, практикалық, шығармашылық және қосымшадан  тұрады.  Мұндай

бөлім  сабақтардың сан  алуан  түрінен  көрінетін  бейінді  оқытудың принциптері



53

мен  оқытуды ұйымдастырудың ерекше  формасына  байланысты.  Сабақтың сан

алуан 

түрлеріне: 



проблемалық

дәрістер, 

эвристикалық 

әңгімелесудің

элементтерінен  тұратын  лекциялар,  семинарлар,  диспуттар,  «дөңгелек

үстелдер», практикумдар, аралас сабақтар, оқу ойындары жатады.

Биологияны  бейінді  оқытудың мақсатына  жетуде  зерттеу  іс-әрекеттерінің

элементтерінен  тұратын үйдегі  шығармашылық жұмыстар  мен  сыныптан  тыс

жұмыстар  (ғылыми әдебиеттерді  оқу, ғылыми тақырыптық кештер, ғылыми

конференциялар,  биология  бойынша  оқушылардың  ғылыми қоғамы,  табиғатта

экскурсиялар өткізу) ерекше маңызға ие.

12  жылдық білім  беру  экспериментінің нәтижелері  бойынша  биологияны

бейінді оқытудың дайындалған әдістемесі тиімді болып табылатындығын және

оны  12  жылдық білім  берудің жоғары  сатысында  жаратылыстану-ғылыми

бейіннің шеңберінде қолдануға болатындығы жөнінде айтуға болады.

Биология  бойынша  оқу  бағдарламаларында  негізгі  жалпы  және  орта

(толық) жалпы білім беру (мақсаттар пәнді оқытудың базалық немесе бейіндік

деңгейіне  байланысты  нақтыланады)  сатысындағы  биологиялық білімнің

мақсаттарының ерекшеліктері  көрсетілген.  Негізгі  және  толық орта  мектепте

(базалық деңгейде)  биологиялық білім  беру  тірі  табиғат  пен  оған  тән

заңдылықтар  жөніндегі  білімдерді  игертуге,  тірі  табиғаттың процестері  мен

құбылыстарын түсіндіруде  биологиялық білімдерін қолдана  білу  біліктілігін

меңгертуге,  алған  білімі  мен  біліктілігін  практикалық іс-әрекетте

және өз


денсаулығын  сақтау үшін,  айнала  ортаны қорғау үшін күнделікті өмірде

пайдалануға,  яғни    экологиялық, генетикалық және  гигиеналық сауаттылыққа

тәрбиелеуге  бағытталған.  Бейіндік  деңгейде  толық орта  мектепте  биологияны

оқыту  оқушыларды  биологиялық білімін  жалғастыру үшін  дайындауға,

олардың ЖОО-ға түсуі үшін қажетті  және  жеткілікті  білім  мен  білікті

меңгеруіне бағдарланған.

Биология  бойынша  оқу  бағдарламалары  биологиялық  ғылымды – тірі

табиғат пен оның атрибуттарын – деңгейлі ұйымдастырылуы мен эволюциясын

оқытудың нысанын жеткілікті түрде толық сипаттайтын бес пән тақырыбынан

тұрады:  Биология ғылым  ретінде.  Биологияның  әдістері.  Тірі  организмдердің

белгілері; тірі табиғаттың жүйесі, көпқырлылығы және эволюциясы; Адам мен

оның денсаулығы;  Организмдердің  өзара  және қоршаған  ортамен  байланысы.

Ғылыми танымның әдістеріне, биологияның әлемнің заманауи жаратылыстану-

ғылыми бейнесін қалыптастырудағы  рөліне  назар  аудару  күшейді.  Талаптар

жалпы  білім  берудің сатылары  мен  оқу  пәндері  бойынша  сабақтастықта

міндетті  минимумдарға  сәйкес  дайындалған.  Талаптар  іс-әрекеттік формада

(оқушылар  биологияны  оқудың нәтижесінде  білімді,  білікті  болып,  оны

практикалық іс-әрекетте және күнделікті өмірде қолдана алуы тиіс) қойылады.

Талаптар  негізгі  жалпы  және  орта  (толық)

жалпы  білім  беру  оқу

бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру  мекемелерінің

түлектерін

мемлекеттік 

аттестациялауға 

арналған 

бақылау-өлшеу

материалдарын

дайындаудың негізі  болады.  Биология  бойынша  түлектерді  дайындаудың

деңгейіне қойылатын  талаптар үш  айдарға  біріктірілген:  «Білу/түсіну»,  «Істей

білу»,  «Алған  білім  мен  біліктерін  практикалық іс-әрекетте және  күнделікті



54

өмірде қолдану».  Талаптар  оқушылардың биологиялық білім  беру  мазмұнын

репродуктивті, жемісті және шығармашылық деңгейде игеруін көздейді.

Биологияны оқытудың әдіснамалық негізінің жаңашылдығы мынада:

негізгі  жалпы  және  орта  (толық) жалпы  білім  беру  сатысында

стандартқа  «Биология ғылым  ретінде.  Биологияның  әдістері»  мазмұндық

блогын  енгізу  арқылы ғылыми  танымның  әдістерін  оқытуға  көңіл  бөлу

күшейді;


әлемнің

заманауи 

жаратылыстану-ғылыми

бейнесі 


мен 

оны


қалыптастырудағы биологиялық теорияның рөлі туралы мәліметтер енгізілген;

тірі 


табиғат 

пен 


оның

атрибуттары

деңгейлі 



(жүйелі)

ұйымдастырылуы,  эволюциясы,  бейімделуі  (тірі  жүйенің ортамен өзара

байланысы)  жөніндегі  биологиялық  ғылымның заманауи  түсініктеріне  сүйене

отырып, мазмұнды іріктеу іске асырылды;

биология  курсы  мазмұнының  қолданбалы,  практикалық бағыттылығы

күшейді;


адамның  әлеуметтік  болмысы,  оның

психологиясы  мен  мінез-құлқы,

салауатты өмір  салты  мен қоршаған  ортада өзін ұстау  ережелері жөніндегі

мәліметтерді енгізудің есебінен «Адам және оның денсаулығы» атты тараудың

мазмұны кеңейтілді.

Жоғары  сыныптағы  «Биология»  оқу  пәні  екі  деңгейде – базалық және

бейіндік  деңгейде ұсынылған.  Стандарттың екі  деңгейі  де  жалпы  білім  беру

сипатына  ие, бірақ, олар әр  түрлі  міндеттердің кешенін  шешуге  бағдарланған:

стандарттың базалық деңгейі  жалпы  мәдениетті қалыптастыруға  бағдарланған

және  көбінесе,  жалпы  білім  берудің

дүниетанымдық,

тәрбиелік  және

дамытушылық міндеттерімен, әлеуметтену  міндеттерімен  байланысты  болады;

бейіндік  деңгей  жеке  икемділікке,  оқушылардың  қажеттіліктеріне қарай

таңдалады  және  оның келесі  кәсіби  білім  алуына  немесе  кәсіби  іс-әрекетіне

дайындығына бағдарланған.

Бейіндік деңгейдің орта (толық) жалпы білім беру сатысындағы  биология

курсы  оқушыларда  тірі  табиғат  пен  оның жүйелі ұйымдастырылуы  және

эволюциясы  жөніндегі  біртұтас  білім  жүйесін қалыптастыруға  бағытталған,

сондықтан  мазмұн

әр  түрлі  биожүйенің

деңгейінде  көрінетін  жалпы

биологиялық заңдылықтар жөніндегі мәліметтерден тұрады. Бейіндік деңгейде

мазмұнды  іріктеудің негізі  ортақ амалды  білуден  тұрады.  Оған  сәйкес

оқушылар ЖОО-да білімін жалғастыруға жеткілікті базаны құрайтын, табиғатта

мінез-құлық

мәдениетін,  болашақ

биолог


үшін  маңызды  биологиялық

зерттеулерді  жүргізу  мен  рәсімдеуді қамтамасыз ететін  білім  мен  біліктілікті

игеруі тиіс.

Биология курсының мазмұны биологиялық білімдер мен біліктерді шексіз

кеңейтуге  және  тереңдетуге  емес,  жалпы  биология  бойынша  кеңейтілген  және

күрделі  материалды  сапалы  меңгертуге,  сондай-ақ оқушылардың негізгі

мектептен 

алған 


білімдерін 

тереңдетуге 

және 

біліктілігін 



дамытуға

бағытталған.  Биологиялық білім  берудің мазмұнын  жеңілдету  анатомия,

морфология  және  систематика  бойынша  талаптарға  енбеген  түсіндірме


55

мәліметтерді қысқарту есебінен; оқушылардың меңгеруі қиын бірқатар күрделі

биологиялық  ұғымдарды,  заңдылықтарды,  теорияны  негізгі  мектептен

жоғарыға  көшірудің есебінен;  міндетті  минимумға  курсивті  (курсивпен

мектептің оқушыларға беруі тиіс, бірақ талаптардың қатарына енбеген мазмұн

бөліп көрсетілген) енгізу есебінен іске асырылды [40].

Білім берудің әртүрлі сатысындағы сабақтастық пәнішілік және пәнаралық

байланыстарды  күшейтудің арқасында  жүзеге  асырылды.  Жоғарғы  бейіндік

мектепте  биология  курсының басқа  курстармен – физикамен,  химиямен,

географиямен 

вертикалды 

да 


(білім 

беру 


сатыларының

арасында),

горизонтальды  да  (оқытудың бір  сатысында)  пәнаралық байланысы  орын

алады.  Бұрынғысынша,  жоғарғы  мектепте  химия  мен  биология  курстарының

арасында  пәнаралық

байланыстарды  жүзеге  асыру  проблемасы  бар:

органикалық

заттардың

молекулаларының  құрылысының

ерекшелігімен

байланысты  бірқатар ұғымдарды  оқыту  олардың  қалыптасуын  органикалық

химия  курсында  іске  асыра  отырып,  биология  курсында  басталады.  Жоғарғы

мектепте  базалық

деңгейде  бұл  сәйкессіздік  стандарттан

органикалық

заттардың молекулаларының  құрылысы  туралы  мәліметтерді  алып  тастау

есебінен  жойылады.  Бейіндік  сыныптарда  бұл  проблема өзекті  болып қала

береді  және  биология  курсында  тиісті  материалды  озық оқыту  арқылы

шешіледі.

12  жылдық мектептердің оқу  бағдарламалары  жалпы  оқу  біліктілігін,

дағдыларын  және  іс-әрекеттердің

жиынтық


тәсілдерін

қалыптастыруға

бағдарланған. Сонымен қатар, биология бойынша талаптарға биология курсын

оқып-үйрену кезінде  оқушыларда

қалыптасатын:  танып  білу,  сипаттау,

салыстыру, талдау және бағалау сияқты жалпы оқу біліктілігі кіреді.

Биология  бойынша  бағдарламалардың мазмұны  бірқатар  жалпы  оқу

біліктілігін, 

дағдыларын 

және 


іс-әрекеттердің

жиынтық


тәсілдерін

қалыптастыруға барынша ықпал етеді [42]:

қоршаған ортаны  тану үшін әр  түрлі әдістерді  пайдалану    (бақылау,

өлшеу,  тәжірибе,  эксперимент,  моделдеу  және  басқа).  Таным  объектісінің

құрылымын анықтау,  тұтастың бөліктері  арасында  маңызды  функционалдық

байланыстар мен қатынастарды іздеу және бөліп көрсету. Процесті кезеңдерге,

топтарға  бөле  білу;  себепті-салдарлық сипатты  байланыстарды    бөліп  көрсету

біліктілігі;

берілген алгоритмдердің негізінде оқу міндеттерін шешудің адекваттық

тәсілдерін анықтау;

бір  немесе  бірнеше

ұсыныстар,  негіздер,  критерийлер  бойынша

нысандарды  салыстыру, салғастыру,  жіктеу,  саралау.  Фактілерді,  пікірлерді,

дәлелдерді, болжамдарды, аксиомаларды ажырата білу біліктілігі;

күрделі  емес  практикалық жағдаяттарды  зерттеу,  болжамдарды ұсыну,

олардың практикада  тексерілуі қажеттігін  түсіну. Ұсынған  болжамдарды

дәлелдеу үшін  практикалық және  зертханалық жұмыстарды,  күрделі  емес

эксперименттерді пайдалану; бұл жұмыстардың нәтижелерін сипаттау;



56

оқу  және  практикалық міндеттерді  шығармашылық тұрғыда  шешу; әр

түрлі  шығармашылық

жұмыстарды

өз  бетінше  орындау;  жобалық

іс-


әрекеттерге қатысу;

танымдық міндеттерді  шешу үшін  ақпараттың  әр  түрлі  көздерін,  яғни,

энциклопедияларды,  сөздіктерді,  Интернет-қорларын

және  тағы  басқа

мәліметтер базасын пайдалану;

оқу  іс-әрекеттерін өз бетінше ұйымдастыру. Қоршаған  ортада  мінез-

құлық нормаларын, салауатты өмір салтының ережелерін сақтау;

өз

іс-әрекетін



адамгершілік,

құқықтық


нормалар, 

эстетикалық

құндылықтар тұрғысынан бағалау.

Биологиялық

білім  берудің

мақсаттарына  жету  дамыта  оқытудың

идеологиясына,  іс-әрекеттік амалдардың  әдіснамасына сәйкес,  білім  беруді

оқушының тұлғасын қалыптастыруға,  олардың ойлау  тәсілдерін  және  іс-

әрекеттің

әртүрін


меңгеру  аясына  айналдыратын  тұлғалық

бағдарлы


педагогикаға  сәйкес  адекваттық  әдістермен  және ұйымдастыру  формаларымен

іске асырылады. Мектептің білім беру бағдарламаларын іске асыру жағдайында

оқушылар

ғылыми 


танымдық 

әдістердің

негізін 

игеруі


үшін 

оқу


эксперименттік,  бақылау,  зерттеу,  проблемалық  әдістерді, оқытудың сан  алуан

белсенді әдістерін кеңінен қолдану қажеттігін көрсетеді. Биология ғылымының

негізін оқыту тірі нысандар жөніндегі бейнелік түсінікті қалыптастыратын және

және деңгейде жобалауды және талдауды көздейді.

Биологияны  оқытуда білім  беру  процесінің сипатын  анықтайтын  жетекші

идеялар,  іс-әрекеттер мен  талаптардың ережелері – оқыту  принциптері  жүзеге

асырылуы  тиіс. Олар  мазмұнды құрастыру  мен  оқытуды ұйымдастырудың

бағдары  болады.  Олардың

ішінде  жалпыпедагогикалық  (дидактикалық)

принциптер: ғылымилық және қол  жетімділік;  оқудың, тәрбие  мен  дамудың

бірлігі;  көрнекіліктер,  оқудың  өмірмен  байланысы;  жүйелілік  және  бірізділік,

жүйелік, 

негізділік, 

теория 


мен 

практиканың

бірлігі; 

вариативтілік,

адамгершілік, интеграция және саралау.

Ерекше әдістемелік-биологиялық принциптерге  мынадай  принциптер

жатады:  тірі  табиғат  процестері  мен құбылыстардың себептілігі,  тарихилығы;

табиғи көрнекіліктердің тиімділігі; табиғатқа ену; тірі заттардың бірлігі; табиғи

құбылыстардың мерзімділігі; өлкетану  (отантану);  экологияландыру  және

табиғатты

қорғаушылық;

табиғи 


сәйкестілік; 

негізділік; 

мазмұнның

сабақтастығы және оны курстан курсқа дамыту [41].

Биологияны  оқытуда сонымен қатар,  жалпы әдіснамалық принциптер

пайдаланылады: өзара  байланыс  пен өзара  себептік;  табиғатты  және  оның

қоғаммен өзара әрекетін тұтастай  тану;  нақты әлемнің материалдылығы  және

танымалдылығы; қоғамдық даму  заңдарына қатысты  табиғат  заңдарының

алғашқы болуы.

Көптеген  педагогикалық

зерттеулерге  сүйене  отырып,  биологияны

оқытудың отандық мектепте  тарихи қалыптасқан  сан  алуан  түрлері  мен

типтерін  сипаттауға  болады:  сократтық,

догматикалық,

дамыта  оқыту,

түсіндірмелі-иллюстративті, проблемалық, бағдарламалық және модульдік.



57

Оқытудың тарихи қалыптасқан  алғашқы  түрі – сократтық – ежелгі  грек

философы Сократтың атымен аталған.

Оқыту  процесі  ақиқатты  іздеуге  арналған  сұрақтардың

көмегімен

жүргізілді. Догматикалық оқыту – мұғалімнің аузынан шыққан сөздерді немесе

кітаптағы  мәтінді  ойланбай  есте  сақтау  және  естігенін  немесе  оқыған  мәтінін

сөзбе-сөз айтып беру.



Дамыта  оқыту – оқушыны  жан-жақты  дамыту,  оқушының іс-әрекеттік

амалды,  білім  мен  біліктілікті өз  бетінше  алуға  бейімдеу.  Мектеп  оқушылары

мұғалімнің  қолдауымен  сөз  сөйлейді,  пікір  таластырады,  біреу  тарапынан

ұсынылған болжамдарды  дәлелдейді  немесе  теріске  шығарады.  Түсіндірмелі-

Ерекше әдістемелік-биологиялық принциптерге  мынадай  принциптер  жатады:

тірі  табиғат  процестері  мен құбылыстардың себептілігі,  тарихилығы;  табиғи

көрнекіліктердің тиімділігі;  табиғатқа  ену;  тірі  заттардың бірлігі;  табиғи

құбылыстардың мерзімділігі; өлкетану  (отантану);  экологияландыру  және

табиғатты

қорғаушылық;

табиғи 

сәйкестілік; 



негізділік; 

мазмұнның

сабақтастығы және оны курстан курсқа дамыту [41].

Жобалап  оқыту – оқу  процесі  «жобалау әдісі»  бойынша құрылатын

оқытудың түрі.

Идеографиялық оқыту – белгілі  бір  мазмұнды  оқытуда  таңбалық сөздерді

пайдалану.

Саралап  оқыту – оқушылардың танымдық  қызығушылықтарын  сақтауды

көздейтін оқытудың түрі.



Мультимедиялық оқыту – оқытудың персоналдандырылған  тәсілі.  Соңғы

жылдары  жалпы  білім  беретін  мектептер  көбінесе  мультимедиа құралдарымен

жарақтандырылған компьютерлерді қолдануда. Мультимедиа (ағылшын тілінен

ауд.  «мульти» – көп,  «медиа» – орта) – бұл  ақпараттық ортаның, ақпараттың

мазмұндық каналдардың көптігі.  Мультимедиялық бағдарламалар  жасайтын

жағдайлар  табиғилыққа ұқсас,  оның беретін  дыбыстық, бейнелік, қатысу

әсерлері оқытудың виртуалдық  (тек өзара әрекет  процесінде  болады)  ортасын

моделдеуге  мүмкіндік  береді.  Заманауи  техникалық мүмкіндіктер  оқытуға

арналған мультимедиялық кешенді, программаларды, білім берудің моделдеуші

ортасын  жасауға,  виртуалдық оқыту үшін қажеттіліктің бәрін  жасауға

мүмкіндік  береді.  Осыған  орай  мұғалім  мақсатты  болжайтын  функцияны

атқарады,  ал  компьютерлік  бағдарлама  оқу  мазмұны  мен  оқу  алгоритмдерінің

негізінде  білім,  білік  және  дағдыларды  меңгеру  процесін ұйымдастыруды өз

бетінше  таңдауға қабілетті [39]. Қазіргі  кезде жоғары сыныптардағы  жалпы

биология курстарында мультимедиа құралдарын пайдалану әдістемесі жасалды.

Биологияны  бейінді  оқыту  мен  биологияны  бейінді  оқыту  жүйесінің мән-

мазмұны – оқушылардың ерекше қабілетін  дамыту  және  олардың кәсіби  іс-

әрекеттің белгілі  бір  саласына,  немесе  білімін  жалғастыру үшін  оқу  орнын

таңдауына қызығушылығын дамытатын оқу жүйесінен тұрады.

Биологияны  бейінді  оқытудың теориялық негізін  бейінді  курс  мазмұнын

қалыптастыратын

принциптер  мен  биологияны  бейінді  оқыту  процесін

ұйымдастыратын  принциптер

құрайды:  ізгілендіру,  мәдениетті  болжау,

ғылыми-тарихи,  бейінді  саралау, ғылыми  биологиялық білімнің негізділігі,


58

кәсіби бағыттылық пен политехнизмнің бірлігі және өзара шрттастығы жатады.

Биологияны  бейінді  оқыту  процесін ұйымдастырудың негізгі  принциптері

индивидуалдық,

оқу 

мен 


ізденушілік 

танымдық


іс-әрекеттің,

интенсивтендірудің, проблемалық оқытудың, диалогтық оқытудың бірлігі,

оқушылардың  ұжымдық және  жеке  іс-әрекеттерінің,  білім  алушылардың

шығармашылық белсенділігінің, дербестігінің бірлігі, оқушылардың танымдық

қажеттілігі мен мотивтерін қанағаттандыру болып табылады.

Биологияны  бейінді  оқытудың

моделі  биологияны  бейінді  оқыту

мақсаттарының интеграциясы  негізінде қалыптасқан  мақсатты  компоненттен

тұрады. Әдістеменің жобалаушы  компоненті  педагогикалық заңдылықтарға

және  зерттеу  барысында  бекітілген  биологияны  бейінді  оқыту  принциптеріне,

білім  беруді  жаңарту  тұжырымдамасына,  бейінді  оқыту  тұжырымдамасына,

мемлекеттік  білім  беру  стандартына  сүйенеді.  Мазмұндық

компонент

инвариантты  және  вариативті  бөлімдерде  көрсетілген.  Инвариантты  бөлім

тұтастық идеясы  мен  табиғаттың бірлігінен,  табиғаттың жүйелі  және  көп

деңгейлі құрылысынан, адам мен табиғаттың бірлігінен, білім компоненттері –

биологиялық теория,  заңдар, ұғымдар, фактілерден, құндылық компоненті  мен

пәндік  биологиялық біліктілікті, әдіснамалық және  зияткерлік  біліктілікті

қамтитын

іс-әрекеттік

компоненттерден 

тұрады. 


Вариативті 

бөлімнің


мазмұнына  жаратылыстану-ғылыми, әдіснамалық және  биологиялық білімдер,

іс-әрекеттердің түрлері,  арнайы  тағайындалған  және  арнайы  тағайындалмаған

элективті  курстардың мазмұны  шеңберіндегі құндылықтар  кіреді. Әдістемелік

жүйенің


процессуалдық

компоненті

оқушының  өзіндік  белсенділігін



арттыруға  ықпал  ететін  оқытудың  ұйымдастырушылық формалары, әдістері,

тәсілдері  және  биологияны  бейінді  оқыту  шеңберіндегі  тәрбие  болып

табылады.  Нәтижелі  компонент  биологияны  бейінді  оқытудың нәтижелерін

көрсетеді.

Бейінді  оқыту  жағдайында  жалпы  биология  курсында  кез  келген

тақырыпты 

оқытуды 

негізгі 


биологиялық

теориялардың 

(жасушалық,

хромосомалық, эволюциялық, ген  теориясы,  экологиялық тұжырымдама)

айналасында өрістету  керек.  Сабақтарды  тақырыптық және әр  сабаққа  бөліп

жоспарлау  мазмұндық және  процессуалдық компоненттердің бөлімдеріне

негізделген  төрт  блоктан  тұрады:  теориялық, практикалық, шығармашылық

және қосымша. Мұндай бөлім сабақтардың сан алуан түрінен көрінетін бейінді

оқытудың принциптері  мен  оқытуды ұйымдастырудың ерекше  формасына

байланысты.  Сабақтың

сан  алуан  түрлеріне:  проблемалық

лекциялар,

эвристикалық әңгімелесудің элементтері бар лекциялар, семинарлар, диспуттар,

«дөңгелек үстелдер»,  практикумдар,  аралас  сабақтар,  оқу  ойындары  жатады.

Биологияны  бейінді  оқытудың мақсатына  жетуде  зерттеу  іс-әрекеттерінің

элементтерінен  тұратын үйдегі  шығармашылық жұмыстар  мен  сыныптан  тыс

жұмыстар  (ғылыми әдебиеттерді  оқу, ғылыми  тақырыптық кештер, ғылыми

конференциялар,  биология  бойынша  оқушылардың  ғылыми қоғамы,  табиғатта

экскурсиялар өткізу) ерекше маңызға ие.

Эксперименттік  оқытудың нәтижелері  биологияны  бейінді  оқытудың

әзірленген әдістемесі тиімді екенін және оны жалпы білім беретін мектептерде


59

биологиялық білім  берудің тиімділігін  арттыру  мақсатында  жаратылыстану-

ғылыми бейіннің шеңберінде қолдануға болатындығын көрсетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет