Байланысты: Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых Messenger of young scientist
№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013 ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________ 166
Əкеңнен қалған құл емес, - деген аталы сөзді айтқан. Сөйтіп жүріп, күндіз
күлкіден, түнде ұйқыдан қалыпты. Еліне сөз айтып, мына бір ойын өлең
жолдарымен халқына жеткізген:
Омырауы уыз ананың,
Алсам ба деп еміп алғысын.
Бөрілі байрақ бабаның,
Қолымды созсам бірлікпен,
Қолдайтын халқым бармысың?
Елбасының бұл тілегін тек қазақ халқы қолдап қана қоймай, басқа ұлт өкілдері
де көмек көрсетіпті. Осы бір аумалы-төкпелі заманда елдің елдігін танытқан
Елтаңба, аспан түстес көк Байрақ, рухты оятар Əнұранымыз қабылданды. Ата Заң
өмірге келді. Қара қылды қақ жарған қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды.
Бұл жасалған жұмыстар еліміздің бағыт-бағдарын анықтап берді.
Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуымыз, оның биік мінбесінде
Елбасымыздың сөз сөйлеуін, яғни Қазақстанды бүкіл əлем тануын қалай ғана бақыт
демеске! Халқының сеніміне ие болған Нұр-атаны жұрты қолдап қана қоймай,
басшысы етіп те сайлады. Бұл жағдай Нұр-атаның ел сенімін ақтағанын көрсетіп тұр.
Елбасымыздың елдікті орнатуымен қатар, есімі тарихта қалған ұлылардың
абыройын көрсетуін қалай мадақтасаң да жарасып тұр. Елбасының беделді болар,
ЮНЕСКО көлемінде Абай, Мұхтар Əуезов тойлары əлемдік дəрежеде тойланды.
Елбасымыздың ел астанасын Сарыарқа төсіне көшірудегі көрегендігін қалай
айтпасқа? Қазіргі Астана танымастай құлпырып келеді. Жаңа астанамыз бүгінгі күні
өзінің зəулім құрылысымен ғана емес, рухани орталықтарымен де көркейіп келеді.
Бұған бір дəлел – елдік пен ерліктің үлгісіндей болып Күлтегін бабамыздың
ескерткішінің елордадан орын алуы еді. Бұл көгілдір тас байлық пен
бабаларымыздың асқақ рухы қайтып оралғандай болды. Біз осыдан жиырма ғасыр
бұрын батырлығымен, ақындығымен ел тұтқасы болған ғұламалармен қауышқандай
болдық. Мұның бəрі – Елбасының елеулі еңбегі.
Нұр-ата əрқашанда жасөспірімдерге: «Еліміздің ертеңі сендерсіңдер,
сондықтан қазақтың тарихын біліңдер, математика, физика, химия пəндерін жақсы
оқыңдар, өз тілдеріңде, яғни қазақша таза əрі сауатты сөйлеңдер», - деген өсиет
айтып жүр.
Осы жерде менің есіме атақты батыр Бауыржан Момышұлы атамыздың бір
ұлағатты сөзі еріксіз түседі: «Анамыздың сүтімен бойымызға дарыған тілімізді
ұмыту – бүкіл ата-бабаларымызды, тарихты ұмыту». Біз болашақта ана тілінің
ұрпақтан-ұрпаққа қастерлеп жеткізер қасиетті қуанышы мен қызығына қызмет
етеміз. Мемелекетіміздің тарихи тағдыры, мақсаты тіл арқылы баянды болмақ. Тіл –
байлығымыз, тіл – тарихымыз, тіл – мəдениетіміз, тіл – əдебиетіміз. Тіл – біздің
ұлттық намысымыз, арымыз.
Нұрсұлтан атаның ойында «Ел тыныштығы – бейбітшілік» деген тағы бар.
Қазақ халқы – əлемдегі ұлы халықтардың бірі. Қазақтың ұлылығы –
бауырмашылдығында, бейбіт өмір сүйгіштігінде, сабырлылығында жəне
даналығында.
Қазақ – сөзге тоқтаған халық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен, ел
бастаған көсемдері мен шешендерін айтса, ақылына ұйыған халық. Оның бір белесін
Нұр-атаны əркез халқы қолдағанда, халқына түйінді сөз айтса, елі тыңдап, ақылына
ұйығандығынан байқаймын.
Айналаңдағы алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, ең алдымен,
аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын. Сол бейбітшіліктің
№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013 ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________