Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет151/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   154
Байланысты:
Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых Messenger of young scientist

 
 
167
арқасында күліп-ойнап, еркін білім алған ерікті елдің еркін қызының бірімін. Мен 
болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын. Сол үмітпен осы жақсылықтар 
мен игілікті істердің басында көрегендік пен басшылық беріп жүрген еліміздің 
Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевқа балалық жүрегіммен рахмет айтамын! 
Тек мен емес, ол талай баланың, жалпы Қазақстан халқының тілегі екеніне күмəнім 
жоқ. «Бітер істің басына, жақсы келер қасына», - деп дана халқымыз айтқандай, сол 
жұмыстарымыздың дəл ортасында ел Президенті жүрді. 
Елбасының белгілеген «Қазақстан – 2030» бағдарламасы жəне жыл сайынғы 
Жолдау біздің адаспайтын жолымыз, айқын да ашық бағдарымыз. «Қазақстанның 
болашағы жастардың қолында», - деп бізге үлкен сенім білдірді. Осыны біле 
отырып: «Біз елімізге қандай жақсылық əкелер екенбіз?» - деген ой толғайды. Ал 
осы сұраққа тек білім арқылы, көп іздену арқылы жетуге болады. Бізге дейінгі 
атқарылған істерді құрметтеп қарауымыз керек. Алпауыт елдердің көшінен қалмай, 
алға қойған мақсаттарына табандылықпен қол жеткізіп келе жатқан жас 
Қазақстанның болашағы жарқын мемлекет екеніне еш күмəнім жоқ. 
Мен қуанамын, осындай болашағы жарқын елде туып-өскеніме. Мен өз 
еліммен, жеріммен, халқыммен мақтанамын. Оған менің құқым бар. Жері дархан, елі 
бай, халқының жүрегі кең елім барда неге мақтанбасқа? 
«Өткен күннен алысы жоқ, келер күннен жақыны жоқ» деген бабалардан 
қалған сөз бар. Тəуелсіздіктің жиырма екі жылдық көкжиегінен көз жіберетін 
болсақ, біз ғасырларға татитын тарихи жолдардан өттік. Осыдан жиырма екі жыл 
бұрын əлем жұртшылығы тəуелсіздігін енді ғана жариялаған Қазақстан 
Республикасын былай қойғанда, «қазақ» деген халықтың бар жоғын əлі танып 
білмейтін еді. Бүгінде əлем таныған, күллі дүние жүзі мойындаған Қазақстанның 
жиырма екі жыл бұрынғы жағдайы дəл осындай болады деп сенудің өзі шынында да 
қиын еді. Бірақ, бұл бəріміз куə болған ақиқатты дүние. Содан бері жиырма екі 
жылда ұлан-ғайыр ұлы табыстарға қол жеткізе алдық», - деп мақтанышпен айтқан 
Нұр-ата. Мақтанышпен айтуға тұрарлық. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдары 
айқындалды. 
«Осылайша, Қазақстан қазір жаңғыру кезеңін артқа тастап, жаңа кезеңге аяқ 
басты. Дəл осы белес жаңа замандағы жаңа Қазақстанның орнын анықтады», - деп 
нық сеніммен айтқан болатын Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев. Елбасының сарабдал 
саясатының арқасында дамыған елу елдің қатарына қосылдық. Жас мемлекет үшін 
бұл үлкен жетістік емес пе?! Ендігі мақсатымыз сол дамыған отыз елдің қатарына 
қосылу. Яғни, басты мақсат – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған 
экономиканың жəне жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Осы 
берекелі қоғам құру мақсатында еліміздің елдігін көрсететін 2017 жылғы 
Халықаралық көрме. 2012 жылдың 22 қарашасында Парижде Халықаралық 
көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 152-ші сессиясы кезінде еліміз таңдалды. 
«Халықтың жан басына шаққандағы шынайы кірістері тағы төрттен бірге 
артты. Ел экономикасы биыл 5 пайыздан артыққа өскелі отыр. Мұндай 
жетістіктермен қазір əлемде көп ел мақтана алмайды», - деген Елбасы қазақтың 
жетістігін айтты. Ертедегі қазақ эпостарындағы батырлардай, елімізің, халқымыздың 
əл-ауқаты сағат сайын, минут сайын өсуде. Міне, жиырма екі жыл ішіндегі жасалған 
жұмыс, төгілген тердің нəтижесі осы Халықаралық көрмеде сыналмақ. Тағы да қазақ 
елі тұлпарын сайлап, бəйгеге қоспақ. Бұл ретте 2017 жылы халықаралық «ЭКСПО» 
көрмесін өткізетін орын ретінде жаһан таңдауының Қазақстанның бас қаласы 
Астанаға 
түсуі 
– 
Мемлекет 
басшысының 
бағалауынша, 
халықаралық 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
168
қоғамдастықтың біздің жеңістерімізді ғана емес, сондай-ақ орасан зор келешегімізді 
мойындауы болып табылады. 
Біз жетістікке қол жетсе, оны қанағат тұтып, келесі жетістікке қол созатын 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен де елеулі еңбегінің арқасы деп білемін. 
Қазақстан мен Нұрсұлтан деген қос ұғым – егіз ұғымдар секілді. Бірін-бірі 
толықтырып тұрғандай. 
Қазір XXI ғасыр – жаңа технологияның, білімнің дамыған заманы. Бұрындары 
бір техникалық зат шықса, қызыға қарайтынбыз, мұндай заттар тек шет елде ғана 
өндіріледі, біздің елге ондай болу қайда деп ойлайтынбыз. Ал қазір шүкір, барлығы 
бар, қажет нəрсеңе еш қиындықсыз қол жеткізе аласың, оның бəрі Қазақстанның 
дамушы ел екенін тағы бір айқындамай ма? 
«Ел боламын десең бесігіңді түзе», «Тəрбие – тал бесіктен», - деген ғой 
аталарымыз. Жастарымыздың тəрбиесін назардан тыс қалдырмау керек. Бүгінгі жас 
ұрпақ – ертеңгі ел болашағы. Жас ұрпақты патриоттық тұрғыда тəрбиелеп, елін, 
жерін, халқын сүюге баулу керек. Ел болашағы үшін, өз өмірін арнайтын ұрпақ 
керек Тəуелсіз Қазақстанға. 
Мен де сондай жастардың бірі болғым келеді. Ел жанашыры болайық, жас 
ұрпақ! Қазақстанның болашағы – біздің қолымызда! Елім маған не береді дегеннен 
гөрі, мен еліме не берем деген ұстанымды ұстанайық! 
Елбасы еліне əрқашан қол ұшын созады. Сүрінгенді сүйемелдеп, жылағанды 
жұбатады. Осы тұста əке-шеше қамқорлығынан айырылған балаларға көмек 
көрсетуде. Мен де сондай көмекті алудамын. Асқар таудай əкем болмағанымен, 
Елбасының, үкіметтің көмегін көрудемін. 
Қазақ – жетімін жылатпаған халық. Тілмен айтып жеткізе алмайтын, осындай 
кемел елді басқарып отырған дана, көреген басшымыз Нұрсұлтан Назарбаев 
болашақтың жарқын бейнесі – білімді жастар қолында екеніне жете мəн беріп, 
оларға жақсы жағдай жасап отыр. Бізге, жастарға қанша үміт, сенім артылып отыр. 
Ал, осы үміт пен сенімді ақтауға мен дайынмын. 
Ел президентін құрметтеп: «Хан біреу болу керек, қалғандары тіреу болу 
керек», - деген есті сөзді ұстануымыз керек. Оның мəнісі, қазіргі қисынға 
жүгінгенде, тарих тегершігін айналдыруда жеке тұлға, ел көсемі дегенге сай келеді. 
Бұл – бір қазақ емес, əлемнің бар халқы мойындаған ақиқат. Сондықтан да 
американдықтар Джордж Вашингтонды, орыстар Бірінші Петрді, түріктер Ататүрікті 
пір тұтады. Оларды өздерінің шын мəніндегі мемлекеттің негізін қалаушы, ел 
тағдырының ең бір қиын кезеңінде тізгін ұстап, ту көтерген тарихи тұлғасы ретінде 
құрметтейді. Сондай текті де дара тұлға – Нұрсұлтан Назарбаев. 
Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Мен 
Елбасы болсам да, қазақ деген атасын ардақтап, анасын сыйлаған, əруағын 
қастерлеген, Алласына сыйынған елдің бір перзентімін», - деуінде де Елбасының 
ұлылығы мен көрегендігін айқын түсінгендейміз. Осы сөз кейінгі ұрпаққа 
қарапайымдылық пен ізеттіліктің не екенін үйретері сөзсіз. 
Мен де осы ізгілікті үйрене отырып, ел тəуелсіздігі мен ел Президентін бөлек 
қарауға болмайтын ұғым екенін түсіндім. Жаңа ғасырда тəуелсіздігіміз мəңгілік 
болып, дəуірлей берсін деген ақ тілегімді білдіремін! 
Сөзімді қорытындылай келе, шығармамды белгілі жазушы Əзілхан 
Нұршайықовтың Президентіміз туралы айтқан мынадай пікірімен аяқтағым келіп 
отыр: «Сіз ел қамын жеген Едігесіз, Нұр-аға! «Едіге деген ер еді, елдің қамын жер 
еді» деген бұрынғы мақал бүгінде тек қана Сізге лайық. «Нұрсұлтан елдің нұры еді, 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
169
халықтың жаны, жыры еді», - деп болашақ ұрпақ аузынан тастамай жүрері хақ. Едіге 
ғана емес, халықтың бүгінгі қара қасқа атты Қамбары да, хан Абылайы да Сізсіз!» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет