Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет42/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   154
Байланысты:
Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых Messenger of young scientist

 
Орамжапырақ бітесі 
(Brevicoryne brassicae) – теңқанаттылар отрядына 
жататын жəндік. Партеногенез жолымен дамитын қанатсыз аналығының ұзындығы 
1,9-2,3 мм, пішіні жұмыртқа тəріздес көк жасыл сұр түсті. Қанатты аналығының 
ұзындығы 2,15 мм, басы мен кеудесі қоңыр, құрсағы сарғыш көк. 
Орамжапырақтар тұқымдасы дақылдарын, əсіресе, орамжапырақты көп 
зақымдайды. Орамжапырақ бітесінің көбіне жұмыртқасы ғана қыстап шығады, ал 
Кавказдың субтропиктік аудандарында, Орта Азияның кейбір жерлерінде аналығы 
мен дернəсілі қыстайды. Көктемде жұмыртқадан дернəсіл шығып, одан қанатсыз 
аналық орамжапырақ бітесі жетеді. 
Бұлар орамжапырақты арамшөптерде, тұқымдық орамжапырақта тіршілік 
етеді. Күзде жыныстық ұрпақ – аналық жəне қанатты аталық орамжапырақ бітесі 
жетіледі. Ол екеуі бір-бірімен ұрықтанып, аналық орамжапырақ бітесі орамжапырақ 
өзегіне не арамшөптерге 2-4 жұмыртқа салады. 
Орамжапырақ бітесі орамжапырақтың шырын сөлінен қоректенеді, оның 
жапырақтарын бүрістіріп, өсуін тоқтады. Күрес шаралары: топырақты терең 
жыртып, арамшөптерді құрту, түрлі инсектицидтер шашу.


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
40
 
Орамжапырақ ақ көбелегі 
(
Pіerіs brassіcae
) – орамжапырақтың жəне 
орамжапырақ тұқымдас өсімдіктердің зиянкесі. Ақ көбелектер тұқымдасына жатады. 
Қазақстанда кең таралған. Қанаты жайылғандағы ұзындығы 55-60 мм, қанатының 
үстіңгі жағы ақ, астыңғы жағы жасыл түсті, сарғыш, алдыңғы қанаттарының 
жоғарғы бұрышында орақ тəріздес қара жолақ жəне екі қара нүктесі бар. Жылына 2-
4 ұрпақ беріп көбейеді. Қуыршақтары қыстайды, сəуір-мамырда көбелек шығады. 
Жұмыртқаларын топтап (15-200) орамжапырақ жапырағының астыңғы бетіне 
салады. Орамжапырақ ақ көбелегі 1-ұрпақтың жұмыртқаларын арамшөптердің 
жапырағына салады, ал келесі ұрпақтарын егістіктегі екпе айқыш гүлдер тұқымдасы 
өсімдіктерінің жапырақтарына салады. Жұмыртқадан жаңа шыққан жұлдызқұрттар 
(ұзындығы 40-45 мм) бастапқы кезде шоғырланып капуста жапырағымен, кейінірек 
өсімдік бойымен өрмелеп жан-жаққа таралып, дараланып қоректенеді. Зақымданған 
өсімдіктің өсуі төмендеп, алатын өнім азаяды. Күресу шаралары: егіс даласын 
өсімдік қалдықтарынан тазарту, арамшөптерді құрту, биологиялық жəне химиялық 
күрес шараларын қолдану. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет