Негізгі бөлім. Алма туралы жалпы мəлімет. Қызыл алма, көк алма, сары
алма. Алма ағашы – өсімдіктер əлеміндегі жеміс ағаштарының ішіндегі ең көп
таралған түр. Жер шарында табиғи алманың 36 түрі белгілі. Қазақстанда негізінен
Сиверс алмасы, Недзвездский, қырғыз алмасы, апорт алмасы өседі. Алманың өмір
сүру ұзақтығы 20-100 жыл аралығында болса, алма ағашының биіктігі 3-10 м
аралығында, 3-12 жыл ішінде жеміс бере бастайды. Ал, 30-35 жыл өткен соң мұндай
сұрыптардың жеміс беруі нашарлай бастайды. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптарды
іріктеп алу тəртібін орындамау, қандай да болсын бір түрін көбейтіп жіберу –
əсіресе, өнімді жинаған, сақтаған, өңдеген кезде көптеген қиыншылықтар туғызады.
Бақшада мейлінше көп сақталатын қыстық сұрыптарға едəуір орын берілгені дұрыс.
Қазақстанда алманың 40-тан астам сұрыптары жерсіндірілген. Оның 20 түрін
қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Ғалымдардың айтуынша Қазақстандағы
алма ағаштары мың жыл бұрын пайда болған. Ең қызығы, Қазақстанда алма бақтары
емес, «Алма ормандары» бар. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды.
Алма ағашын күзде немесе ерте көктемде отырғызады. Тұқымынан жəне өсімді
жолмен көбейеді. Алманың зиянкестері: алма жегіш құрты, алма қотыры, шие біз
тұмсығы т.б.
Алма құрамындағы дəрумендер. Алма тек дəмді, əрі жұпар жеміс емес,
сонымен қатар денсаулық кепілі. «Күніне бір алма жеген адамға дəрігер қажет емес»
деген мəтел алманың қаншалықты пайдалы екенін білдіреді. Алманың құрамында
ағзаға пайдалы көптеген қасиеттері бар. Алма, басқа да жемістер сияқты, құрамында
майлылығы мүлдем жоқ деуге болатын жеміс. Алма – 87% судан тұрады. Алма
жемісін емдік дəрі ретінде пайдаланады. Алма құрамында су, қант, қышқыл, А, В1,
В2, В6, С, РР дəрумендері жəне көптеген минералды заттар бар. Сондай-ақ, темір,
магний, цинк, калий, фоли қышқылдары бар.
С витаминінің мөлшері алманың сортына, сақталу мерзіміне байланысты
болып келеді. Кейбір алма сорттарында С витаминінің мөлшері басқа сорттармен
салыстырғанда үш есеге көп болып келеді. Жаңадан жұлынған алманың құрамында
С витамині көптеп кездеседі.
Ғалымдар алманың дəнінде биологиялық белсенді заттар мен витаминдер көп
мөлшерде болатынын дəлелдеген. Бірақ, оған қоса, алма дəнінде өте улы қышқылдар
да болады. Егер күніне 3-4 алма дəнін пайдаланатын болсақ, онда қышқылдың
концентрациясы организмге зиянды болмайды. Бірақ, оның мөлшерін одан
арттыруға болмайды.