«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір


КАЛАНХОЭ ӨСІМДІГІН ЗЕРТХАНА ЖАҒДАЙЫНДА ЗЕРТТЕУ



Pdf көрінісі
бет14/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   160
КАЛАНХОЭ ӨСІМДІГІН ЗЕРТХАНА ЖАҒДАЙЫНДА ЗЕРТТЕУ 
 Каттабек Аққанат Сейдазымқызы, Мухамединова Нұрсын Әлиқызы,  
Байташева Гауһар Өмірәліқызы  
ҚазМемҚызПУ 
 
Түйіндеме 
 
Бөлме  жағдайына  байланысты  гүлдерді  өсірудің  тиімді  жолдарының  құпия  сырын 
ашу. Пайдалы қасиеттерін дәлелдеу. Гүл отырғызудың қыр-сырын жинақтап, оларды жан-
жақты зерттеу мен көпшілікке насихаттау. 
 
                                                             Резюме 
 
Раскрыть тайны рациональных путей выращивания комнатных растений. Изучить  и 
доказать  их  полезные  свойства.  Всесторонне  рассмотреть  и  объединить  сведения  по 
посадке и выращиванию  комнатных цветов, изучить их и пропагандировать обществу.  
 
Бір сәт айналаға зер салып қараңыздар. Керемет, қарасаңыз көзіңіз тоймайтын гүлге 
көмкерілген  ғажайып  дүние.  Ендеше,  мұндай  ғажайыпты  жасау  сіздің  өз  қолыңызда 
дегіміз келеді. Ол үшін гүлді сүйіп, гүл өсірудің әдіс – тәсілін үйреніңіз. Гүл жайлы, тіпті 
кез  келген  өсіп  тұрған  өсімдік  жайлы  әңгіме  айту  үшін,  ең  әуелі  оның  ішкі  әлемі, 
биологиялық  ерекшеліктері  ұрықтануы,  басқа  да  тірі  организмдер  секілді  өзінен  кейін 
ұрпақ  қалдыратынын  біздер  әсте  ұмытпауымыз  керек.  Ата-бабаларымыз  «Гүл  –  жердің 
көркі» дейді емес пе? Десек те, гүлдің де гүлі бар. Ол үшін «Гүл өсіре білесіз бе?» деген 
сұраққа  жауап  іздейміз.  Жасыл  желек  патшалығының  төресі  гүлдер  жайлы,  олардың 
құпиялары,  сонымен  қатар,  адамзат  өміріне  ауадай  қажет  дәрілік  шипалығы,  басқа  да 
биология  ғылымына  тікелей  қатысты  гүл  ерекшеліктері  жөнінде  жан-жақты  ізденуге 
болады.  Өсімдіктер  бөлмеге  таза  ауа  мен  хош  иіс,  оның  ішкі  жабдықталуына  өзіндік 
жарасымдылық,  әдемілік  және  үйлесімділік  береді.  Бөлме  өсімдіктерінің  өсуі,  гүлдеуі 
үшін табиғи жағдайға өскен ортасына сай болатындай етіп, қолайлы жағдай жасау керек. 
Ол үшін қажетті мөлшердегі жарық, ауа, топырақтың ылғалдылығы және температуралық 


23 
 
режим  керек.  Өсімдіктердің  ең  басты  қасиеті  –  олар  адам  өміріне  зиянды 
микроорганизмдерді  қырып  жіберетін  ерекше  зат  –  фитонцидтерді  өз  бойынан,  бөліп 
шығарады. Бөлме өсімдіктері  үйді  тек шаңнан тазартып қана қоймай, жиhаздардан және 
еден  мен  қабырғадағы  синтетикалық  жабулардан  бөлінетін  улы  заттарды  (бензол, 
формальдегид)  бейтараптандырып  отырады.  Бұл  тұрғыда  шырмауық  фикустың 
Бенджамин  түрі  және  филодендрон  мен  кәдімгі  алоэ  өсімдіктері  өте  пайдалы.  Бөлме 
өсімдіктерінің  тағы  бір  ерекшелігі  –  ауаны  үнемі  ылғалдандырып  тұрады.  Кейде  үй 
ысығаннан  бөлмедегі  ауа  қатты  құрғап  кетеді.  Әсіресе  адамның  көзі  тез  шаршап,  шашы 
мен терісі құрғай бастайды. Мұндай кезде бөлмеде спармании, циперуса  т.б. өсімдіктері 
болғаны дұрыс. Бұлар құйылған судың 90% жапырақтары арқылы сыртқа шығарып, ауаны 
тез ылғалдандырып отырады.  
Бөлме  жағдайына  байланысты  гүлдерді  өсірудің  тиімді  жолдарының  құпия  сырын 
ашу,  емдік  қасиеттерін  дәлелдеу.  Гүл  отырғызудың  қыр-сырын  жинақтап,  оларды  жан-
жақты  зерттеу.  Бөлме  гүлдері  туралы  ақпараттарды  толық  меңгеру  және  олар  туралы 
түсінік  қалыптастыру  мақсатында  Каланхоэ  өсімдігі  жан-жақты  зертхана  жағдайында 
зерттеу жүргіздік. 
Каланхоэ  –  көпжылдық,  жақсы  гүлдейтін  шөптесін  өсімдік.  Халық  арасында  «үй 
дәрігері»,  «өмір ағашы» деп аталады. Оның емдік қасиетімен бірге ауа тазарту қасиеті де 
өте  жоғары.  Ол  ауадағы  зиянды  микробтарды  жоюмен  бірге  антивирустық  пәрмені  бар 
өсімдік.  Каланхоэның  құрамы  шырынды  болғандықтан,  суккуленттерге  жатады.  Оның 
200-ге жуық түрі белгілі. Ал оның 30-ға жуық түрі мен сұрпы бөлме жағдайында  өсіріліп 
келеді.  Өсімдіктің  жапырақтары  түріне  қарай  жалпақ,  етті,  жиектері  ирек  болып  келеді. 
Гүлдері  қоңырау, себет тәріздес, ұзындығы 30 см гүлсабаққа шоғырланған. Дұрыс күтім 
жасалса,  жыл  сайын  гүлдейді.  Каланхоэның  бірнеше  түрі  өсе  ді.  Ең  көп,  әрі  жиі 
кездесетіні  –  қауырсын  тәрізді  каланхоэ  (Kalanchoe  pinnatum).  Көбінесе  әсемдік  үшін 
гүлдейтін каланхоэларды өсіреді. 
Таралған  аймағы:  отаны  –  Оңтүстік  Африканың,  Оңтүстік  Американың  тропиктік 
аудандары,  Оңтүстік  Шығыс    Азия,  Қытай  мен  Ява  аралдары.  Жарық,  күн  көзі  жақсы 
түсетін жерлерде өседі. Қыста 12
⁰С-тан төмен болмауы керек. Жазда топырағының беткі 
қабаты  құрғаңқырағанда,  ал  қыста  салқын  жерде  ұстау  керек,  айына  1  рет  суғарып  тұру 
керек. Құрғақ ауаға төзімді су бүркуді қажет етпейді, дегенмен де жапырақтарын тазарту 
мақсатында  су  бүркіп,  шаңын  жуып  тұрған  абзал.  Көктем-жаз  айларында  кірпігүлге 
арналған  тыңайтқышпен  айына  бір  рет  қоректендіріп  тұру  қажет.  Ауруға  көп 
шалдықпайды.  Суккулентке  жататындықтан,  артық  суғарғаннан  шіріп  кету  қаупі  бар. 
Зиянкестерден ақ ұнтақ құрты, щитовка, өрмекші кенесі зақым келтіруі мүмкін. Каланхоэ 
өте  оңай  көбейтілетін  бөлме  гүліне  жатады.  Жапырақ,  қалемше  және  жанама  өскіндері 
арқылы көбейтіледі. 
05.10.2013  ж    бастап    Калонхое  гүлін  4  түрлі  топырақта  Әмбебап  топырағында, 
Құнарлы  топырақта  (Талғар),    Сор  топырақта  (Шаңырақ),  Аралас  топырақта  (әмбебап, 
талғар, шаңырақ) өсіруді зерттеуге алдық.  
 
 


24 
 
        
 
 
         
 
 
 
        
 


25 
 
        
 
Гүлдеген калонхоэ гүлі. 
 
 
Осы зерттеуімде мынандай қорытындыға келдік: 
1. Гүл өсіруші мамандарымен университет  ішінде кездесулер ұйымдастырылса; 
2. Университет аралық  бөлме өсімдіктеріне арналған кітапшалар жинағы және гүл өсіру 
көрмелері ұйымдастырылса. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет