Құжат атауы



Pdf көрінісі
бет41/56
Дата19.09.2022
өлшемі8,75 Mb.
#39482
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56
Тапсырма. Мәтінге гиперсілтемелер орнату, кесте құру, сурет кірістіру 
керек. Ол үшін: 
1) 
Адыңғы сабақта сақтаған өз бумаңыздағы Сабақ1 файлын ашыңыз. 
Сурет-4.2.8.
2) 
Төменгі жағына 3 бағаннан 2 қатардан тұратын кесте құрайық. Ол 
үшін объектілер тақтасынан Table батырмасын басып, пайда болған 
терезеде қажетті баған мен қатар санын енгізіңіз. 
Сурет-4.2.9.


197 
3) 
Бірінші жолды толығымен ерекшелеп алып, оң батырманы басып
жанама мәзірден Table-Insert Row командасын таңдаңыз. Сонда кестенің 
жоғарғы жағына тағы бір қатар қосылады. 
4) 
Жоғарғы қатардағы ұяшықтарды біріктіруіміз керек. Ол үшін 
қасиеттер тақтасындағы Merges selected cells using spans батырмасын 
басу керек. 
Сурет-4.2.10.
Сурет-4.2.11.
5) Web-
сайт туралы мәліметтерді ұяшықтарға енгізіңіз. Қасиеттер 
тақтасындағы қажетті параметрлерді қолданып, мәтін түсін, өлшемін, 
туралауын, ұяшықтың шекара түсін, ішкі түсін өзгертіңіз.
Сурет-4.2.12.


198 
6) 
Содан соң, төменгі бірінші ұяшыққа сурет фонын беру керек. Ол 
үшін қасиеттер тақтасындағы Bg жолының жанындағы сары бума 
батырмасын басып, пайда болған терезеден суреттің атауын таңдау 
керек.
Сурет-4.2.13.
7) 
Нәтижесінде: 
Сурет-4.2.14.
8) 
Енді кестеден кейін, беттің төменгі жағына сурет кірістірейік. Ол 
үшін объектілер тақтасындағы Images батырмасын басып, ашылған 
тізімнен Image таңдау керек.
9) 
Пайда болған терезеден қажетті суретті таңдаңыз. 
Сурет-4.2.15.
Ескерту. Суреттер осы беттер орналасқан файлдармен бірге бір бумада 
орналасуы керек. 


199 
10) 
Енді беттің фонын ауыстырайық, кез келген бір суретті фон 
ретінде орнатамыз. Ол үшін қасиеттер тақтасындағы Page Properties 
батырмасын шертіп, Background Image өрісіне қажетті суреттің атауын, 
жанындағы батырма арқылы таңдаймыз (Сурет алдын ала біздің 
бумамызда орналасуы керек). 
Сурет-4.2.16.
11) 
Сонда келесідей пайда болады: 
Сурет-4.2.17.
12) 
Енді мәтінге және суретке гиперсілтеме орнатайық. Ол үшін сіз 
сол құжатта тағы да екі веб бет құрып алыңыз. Мысалы, m.html және 
c.html.
13) 
Содан соң, гиперсілтеме кірістіретін мәтінді ерекшелеп алып
қасиеттер тақтасындағы Link жолындағы батырманы басап, пайда 
болған терезеден қажетті файлдың атауын таңдау керек. 


200 
Сурет-4.2.18.
14) 
Дәл осылай суретке де гиперсілтеме кірістіру керек. 
Сурет-4.2.19.
15) 
Содан соң, нәтижесін File – Preview in Browser командасы арқылы 
қарау керек.
Сурет-4.2.20.


201 
Сурет-4.2.21.
16) 
Құжатты сақтауды ұмытпаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет