474
475
дей), сақтандырып, қаратуға дəрігерге жіберу керек. Бит,
кір, қышма сияқты оңай кеселге шара қолдану керек.
Балаларды бойына үйір қылу үшін, оларға қызықты,
қымбат нəрседен əңгіме қозғау жөн, оларға не қызықты?
Ойын-сауық, қуаныш, күлкі, ермек, еңбек пен асыр салу мен
өткізген жаздан қызық, одан қымбат балаға не бар?
Ендеше, жаз туралы əңгіме сөйле, оқы, өлең жаттап, серу-
ендет, егін қорған, шөп шапқан, еңбек қып жатқан жерлерді
көрсет, шөптерді, астықты, құстарды, құрт-құмырсқаны
бақылат, баланы жүгірт, ойнат; ойната жүріп, есепке, епке
үйрет; сурет салғыз, сызық-шимай сызғыз, əн салғыз, қалайда
мектеп қамап, қапа қып, сарылтып отыратын, абақты тəрізді
көрінбесін, ермек-еңбек, білім-өнер орны боп көрінсін. Бала
мектепке келгенше асығатын болсын.
Ойын, сурет, сызық, əңгіме, бақылау қандай болу керек?
Оларды сөйлеу біздің тақырыпқа жанбайды. Сондада бір-екі
сөз айта кетейік.
Əңгіме – мектепке жаңа кірген бала жайынан, оқудың пай-
дасы, баланың үй іші, еңбегі, ойыны жайынан, болғаны жөн.
Ондай əңгімелерді оқу кітаптарынан, балалар əдебиетінен
табуға болады. Ондай қызықты əңгімелер балаларға арна-
лып бұл жыл бір неше кітапшасы басылып жатыр.
Ойын – «Əйгелек», «Шілдік», санап деп қағу, «бірім-
бірім, екім-екім», «сен тұр, сен шық», «Нəпи молдаға не-
шінші молда қалдырмақшы...» сияқты əрі жүгіртіп денені
қозғалтатын, əрі санауға ыңғайлы, епті болуға үйрететін,
мəнілі ойын болу керек.
Суретте – балалардың өз қалағанын, шамасы келгенін сал-
дыру керек. Сонда да əуелі балға, балта, орақ, шалғы, кебеже,
есік, зере, табақ, жапырақ сияқты жалақ, жансыз нəрселердікі,
жүре жандыныкі болу керек. Балажанды нəрсенің суретін
салғанды сүйеді. Көбелек, инелік тəрізді оңайларын салдыру-
дан қашпау керек. Əйтеуір жаман да болса, айғыздай берсін.
Сызық туралы, бау, басқұр, сырмақ, текемет, сандық қап,
додеге, ши, орамал сияқтылардың өрнегін, ою, шимайла-
рын, жиегін сызуға қолдарын жаттықтыру керек. Əуелі түзу
сызықты оңайларынан бастап, жүре имек, қошқар мүйіздерге
көшу керек. Жазу үйренуге бұлардың үлкен көмегі бар.
Əуелі қысқалау, үзіктеу өрнектен басқа, соңынан қолды
көтермей біріне бірін жалғастыра беретін өрнектер сүгіретін
салғызу керек. Қазақ жаңа əліппесінде сөз үзілмей жазыла-
ды. Сондықтан шұбалма-тізілген сызықтар жаңа əліппе мен
жазуды жеңілтеді.
Серуен туралы басқа жерде айтылар.
Алғашқы күні əр балаға белгілеп орын көрсетіп, жасы-
на, бойына, көру, есту қуатына қарай, алға, артқа іреттеп
отырғызуда жұмыс. Балалар ұйымдасып үйренгенше,
мұғалымсыз орын ауыстырмау керек.
Балалардың аты, жөнін сұрап, жазып алу, мұғалім өз атын
айтып, өзін не деп атату – бұда алғашқы күнгі жұмыс (бір
талай елде балалар мұғалімін «ағай» деп атайды. «мұғалім»
дегеннен, атын атағаннан, «ағай» деген жақындық,
сыпайылықты білдіретін сөз-ау. Мұғалім жас балаларға, тегі
қай бала болсын, «сен» деген жөн. «сіз» деу – тым сыпай,
салқын, перделі сөз).
Тазалық жөнінен қысқаша жөн көрсету керек:
а)
Таң ертең беті-қол, мойын, құлақтарыңды тазалап
жуыңдар!
б) Тістеріңді тазалаңдар!
п) Киімдеріңді, аяқтарыңды былғамай, сүртіп келіңдер!
т) Денелеріңді кірлетпей, шомылып (моншаға барып)
жүріңдер!
ж) Шаш, тырнақтарыңды өсірмей, алып жүріңдер! –деп
тапсырып күнде таң ертең осы міндеттердің орындалғанын
бақылап, қолы, не мойыны кірлерін жуғызу керек (мектеп-
те дəйім қол жуғыш болу керек.) тырнағы өскендерін алды-
ру керек. Күнде осылай қып отырса, бұлар əдет боп кетеді.
Əдет-сүйекке біткеннің інісі.
Оқыған бала құнтақты, ұқыпты болу керек, ол үшін тағы
бір шараны көрсетейік.
Үшінші күннен бастап, балалардың тазалығын байқасы
мен, түгел келгендерін тексеріп, кешіккендердің себебін сұрау
керек, келмегендерін белгілеп, қағазға түртіп қою керек қой.
– Балалар, мектепке келмей қалғандарыңды, кешіккенде-
ріңді ұмыт қалмас үшін, не істесек екен? – деп, кеңеске салу
476
477
керек. Балалардың жобасы қолайлы келмесе, мұғалім өзі
ұсынысын: -бəрің қат білсең, аттарыңды жаза едік те, бір
айға бір кесте жасап, келмегендерге, кешіккендерге белгі
қойып отырар едік… Айтседе сендер үшін əзір мен жазайын,
сендер аттарың жазылған сызықты белгілеп алыңдар. Күнде
келсі мен аттарың тұсындағы торды бір-бірлеп қарындаш
пен қаралап қойыңдар, келмегендердің торы қараланбай
ашық қалсын. Кешіккендерге сырге белгісін қояйық.
Жұма күндеріне, мейрамға ноқат қояйық, – деп төменгі
кестені сызып қабырғаға іліп қою. Əр балаға өз аты қай
сызықта екенін көрсету керек.
Түгендеу кестесі Октабыр
Мұндай кесте бір айға жасалып, барлық балалардың аты
жазылу керек. Алғашқы кезде аттарын тауып алуға мұғалім
көмек көрсетеді.
Бұл кестенің пайдасы: а) Əрі ұйымдасуға, б) Əрі есеп
тануға, п) əрі қат тануға бір саты.
Қат танымай тұрып-ақ, əр бала өз атын, жолдасының
атын көре жүріп, көзі қанып қалады. Өз атын жазып үйреніп
те алады. Өз аттарын жаңылмай табатын болғанда, белгіні
өздеріне салғызу керек. Белгілі салам деп жүріп қағазды
тесіп алмас үшін, кестенің көлеміне лайықтап тегіс тақтай
жасап не қатырғы қағаз қылып, соның бетіне жапсырған
дұрыс: қабырға тегіс бола бермейді ғой.
Ермек пен бірге балаларды еңбеккеде үйрете бару керек.
Қарындаш ұштату, тырнақ алдыру, қалақ, мылтық, зырыл-
дауық арба істету, жіп күрмеу (бұзауды қалай байлау, атты
қалай тұсау), қағаздан қайық, шалбар, шəйнек, тирмен,
қалта қоржын жасату, түймесін қадату, жыртығын жама-
ту… сияқты уақ түйекті істете беру керек. Əрине, мұның
бəрі жүре істеледі. Сондада. Міне осындай жұмыстар істеле
жүріп қат таныту керек.
Достарыңызбен бөлісу: