Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет1/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   248



3
УДК 811.512.122
ББК 81.2 Қаз-03
Ж 80
Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Тіл комитетінің тапсырысы бойынша 
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 
2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» 
аясында шығарылды
Жауапты редакторлар:
ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, 
профессор Р.Сыздық, 
филология ғылымдарының докторы, профессор 
Ш.Құрманбайұлы 
Араб, латын графикасынан кириллицаға көшіріп, жинақты 
баспаға дайындаған, түсініктемесін жазған: филология 
ғылымдарының докторы О.Жұбаева, Ə.Əбсаттар
Жауапты шығарушылар: 
техника ғылымдарының кандидаты Р.Ниязова, 
Ə.Əбсаттар, А.Шормақова
 
 
Ж 80    ХХ ғасыр басындағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. 
Құрастырған  О.Жұбаева. – Алматы, «Қазығұрт»  баспасы», 
2013. – 664 бет. 
 
  ІSBN 978-9965-22-454-6
 
  Кітапқа 1920-30 жылдары баспасөз бетінде жарияланған, мұра-
ғат қорында сақталған əдеби тіл, емле, қазақ орфографиясы, терми-
нология, қазақ тілінің түрлі салалары бойынша, қазақ тілі мəселе-
леріне  қатысты  мақалалар  енді.  Қазақ  тіл  білімінің  қалыптасу, 
даму  тарихы  туралы  мол  ақпарат  беретін  жинақ  қазақ  тіл  білімі 
мəселелерімен  айналысып  жүрген  тіл  мамандарына,  филология 
факультеттерінің  докторанттарына,  магистранттары  мен  студент-
теріне, сондай-ақ көпшілік қауымға арналған.
 
 
 
 
 
 
 
УДК 811.512.122
 
 
 
 
 
ББК 81.2 Қаз-03
ІSBN 978-9965-22-454-6
© Жұбаева О., 2013
© «Қазығұрт» баспасы», 2013
АЛҒЫ СӨЗ 
Қазақстанның бүгінгі жай-күйін жəне келешектегі даму бағы-
тын сөз еткенде, өткен тарихын да əрдайым есте ұстап, тарихтан 
тағылым алған абзал. Бұл орайда əсіресе ХХ ғасырдың басындағы 
Қазақстанда орын алған саяси-əлеуметтік фактор ел зиялыларының 
ұлт  мүддесі  жолында  бірігіп,  қазақ  тілін  бағдарға  ала  отырып, 
бірлесе еңбек етуінің жарқын үлгісі болды. Бұл кезең – қазақ қо-
ғамының  рухани  жағынан  серпілген,  ұлттық  сананың  оянған 
кезеңі  болды.  Ұлттың  қамын  ойлаған  қазақтың  зиялы  азаматта-
ры  адамзат  тарихының  көшінен  қағаберіс  қалып,  бейқам  жатқан 
елдің тығырықтан шығар жолын іздеп, шарқ ұрды. Одан шығудың 
бірден-бір негізгі жолы өнер-білімге тартылып, алдыңғы қатарлы 
елдердің қатарына қосылу деп білген зиялылар қалың бұқараның 
арасында ағартушылық идеясын, ұлттық сананы көтеру идеясын 
ұстанды.  Бұл жолда ұлттық мəдениеттің, əсіресе тілдің алар орны 
ерекше болатынын терең түсінді. 
Соңғы жылдары ғылыми танымда ХХ ғасырдың басында өмір 
сүрген  ұлттық  тіл  білімінің  қалыптасуына  елеулі  үлес  қосқан 
ғалымдардың еңбектеріне ерекше көңіл бөліне бастады. Қазақ тіл 
білімінде  жаңадан  қалыптаса  бастаған  когнитивті  лингвистика, 
антропоөзектілік бағыт сияқты жаңа үдерістер ХХ ғасырдың ба-
сында ұлттық тіл білімінің көш бастауында тұрған ғалымдардың 
еңбектерінен  басталады.  Қазақ  тіл  біліміндегі  жаңа  бағыттар 
мен  А.Байтұрсынұлы,  Қ.Кемеңгерұлы,  Т.Шонанов,  Қ.Жұбанов, 
Қ.Басымұлы сынды ғалым-зерттеушілердің еңбектерінің арасын-
дағы сабақтастық осы кезеңді зерттеуді қажет етіп отыр.   


4
5
ХХ  ғасырдың 20-30-жылдарындағы  Қазақстандағы  ғылыми 
білімдер жүйесін арнайы қарастырудың өзіндік себептері бар:  
Біріншіден,  осы  кезеңде  қоғамдағы  өзгерістерге  байланыс-
ты  білім-ғылым  саласы  қарқынды  дамыды,  оқулықтар  мен  оқу 
құралдары көптеп жарық көрді, жекелеген ғалымдар қазақ тілінің 
толық  грамматикасын  құрастырып,  тіл  білімінде  теориялардың 
қалыптасуына  түрткі  болды.  Сол  арқылы  ұлттық  тіл  білімінің 
қалыптасуына жол ашты. 
Екіншіден,  осы  кезеңде  қазақ  тілін  оқыту,  грамматикалық 
тұрғыдан  сипаттау  мəселесі  қоғам  тарапынан  да  қызу  талқыға 
түсті. 
Үшіншіден, ХХ ғасырдың 20 – 30-жылдарында ғылыми грамма-
тика мен мектеп грамматикасының ара-жігі айқын көрініп, қазақ 
тілінің ерекшеліктерін грамматикалық тұрғыдан сипаттаудың ғы-
лыми негіздері нақтыланды, ғылыми сипаттама мен ана тілін оқы-
ту тəжірибелерінің өзіндік əдіс-тəсілдері айқындалды.  
Төртіншіден, осы кезеңде қазақ əдеби тілі стильдік тармақтарға 
жіктелді, соған байланысты қазақ тілі грамматикалары əдеби тіл 
нормаларына сəйкес түзілді. Сол себепті осы кездегі грамматика-
лық сипаттамаларға талдау жасай отырып, ғалымдардың қазақ əде-
би тілін қабылдау, түйсіну ерекшеліктерін де байқауға болады. 
Бесіншіден,  ХХ  ғасырдың  басында  тілді  грамматикалық  тұр-
ғыдан  сипаттаудың  бірнеше  үлгісі  жасалды.  Қазақ  тіл  білімінің 
тарихында  ғылыми  парадигманың  Қазақстандағы  ХХ  ғасырдың 
20 – 30-жылдарындағы лингвистикалық теориялар жүйесіне қан-
шалықты ықпал еткенін айқындауға болады.  
Жинақта  ХХ  ғасыр  басында  жарық  көрген  «Еңбекші  қазақ», 
«Жаңа мектеп», «Қазақ тілі», «Ауыл тілі» т.с.с. қазақ басылымда-
рынан, мұрағат қорынан жинақталған қазақ тіліне қатысты мате-
риалдар қамтылған. А.Байтұрсынұлы, Ə.Бөкейханұлы, Е.Омаров, 
Қ.Кемеңгерұлы,  А.Байтасұлы,  Т.Шонанов,  Ж.Аймауытұлы, 
А.Мамытұлы,  М.Мырзаұлы  т.с.с.  қазақ  білімпаздарының  бұрын-
соңды жариялана қоймаған қазақ тіліне қатысты мақалалары, сын 
пікірлері алғаш рет оқырман назарына ұсынылып отыр. Мақалалар 
тақырыптары бойынша (фонетика, емле, жазу, əліпби; лексиколо-
гия, терминология; морфология; сын; əдістеме; əлеуметтік лингвис-
тика)  топтастырылып  берілген.  Бұл,  бір  жағы,  белгілі  бір  салаға 
қатысты материалдың бір жерге шоғырландыру мақсатынан туын-
даса, екінші жағынан, ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының 
қандай  мəселеге  ерекше  көңіл  бөлгенін,  қазақ  тіл  білімінің  даму 
бағыттарын  да  көрсетеді.  Алайда  бір  мақалада  бірнеше  мəселе 
төңірегінде  сөз  болып,  қазақ  тіл  білімінің  түрлі  аспектілері  қам-
тыла  беретіндіктен  əрі  авторлар  тіл  білімінің  бір  аспектісін  ғана 
сөз етуді мақсат етпегендіктен, ХХ ғасыр басында тіл білімі осы 
бағытта  ғана  дамыған  екен  деген  ой  тумаса  керек.  Сол  себепті 
қазақ тілі əдістемесіне қатысты материалдарда тілді оқыту, үйрету 
мəселелері ғана емес, категорияларға жіктеу, белгілі бір сөз тап-
тарын  тануға  байланысты  зерттеуші-ғалымдардың  ұстанымдары 
көрініс  тапқан.  Түсініктемеде  мақала  авторы,  мақаланың  қай 
жылы,  қай  баспада  жарық  көргені  немесе  мұрағат  қорының  қай 
тізімінен, қай қорынан алынғаны туралы ақпарат берілді.  
Жинақ ХХ ғасыр басында қазақ қоғамында орын алған ағым-
дар,  қазақ  тіл  білімі  саласында  (сондай-ақ  туыстас  түркі  тілде-
рі  бойынша  да)  еңбек  еткен  ғалымдар  туралы,  қазақ  тіл  білі-
міндегі  түрлі  бағыттар,  тіл  білімінің  даму,  қалыптасу  тарихы, 
терминдердің  қалыптасу,  тұрақтану  жолдары  туралы  жан-жақты 
мəлімет береді. Жинақта сол кезеңдегі қазақ тіліне қатысты жарық 
көрген  материалдар  түгел  қамтылды  деген  ойдан  аулақпыз.  Бұл 
бағыттағы ізденістерді əлі де тереңдетіп, Мəскеу, Ташкент, Орын-
бор,  Омбы,  Қазан  т.б.  қалалардағы  сирек  қолжазбалар  қоры  мен 
мұрағат  деректерінен  əлі  де  материал  жинап,  қазақ  тіл  білімінің 
қалыптасып,  дамуы  жолында  аянбай  еңбек  еткен  зерттеуші-
ғалымдардың  еңбектерін  жинақтап,  түгендеп,  əр  зерттеушінің 
ғылымдағы  орнын,  тіл  білімінің  дамуына  қосқан  үлесін  арнайы 
зерттеу қажеттігі даусыз. 
Өзектілігі  дау  тудырмайтын,  қазақ  тіл  білімінде  əлі  де  қа-
лыптаса  қоймаған  арнаулы  сала – қазақ  тіл  білімінің  тарихын 
зерттеушілер  үшін  жинақ  бірден-бір  дереккөз  бола  алады.  Бұл 
бағыттағы  ізденістерді  жандандыра  отырып,  ХХ  ғасыр  басын-
дағы  ғалымдардың  ұлттық  рухты  ояту,  сана-сезімді  серпілту 
мақсатымен  жазған  мұраларына  талдау  жасай  отырып,  өзіне  де-
йінгі, өз тұсындағы жəне өзінен кейінгі ғылыми еңбектермен са-
лыстыру,  қоғамдағы  саяси,  əлеуметтік,  мəдени  өзгерістерге  бай-
ланысты тіл білімі, аударма саласының даму ерекшеліктерін көр-
сету;  терминжасамдағы  ұстанымдар,  қазақ  тіл  білімінің 1912 – 
1930-жылдардағы  жай-күйін  зерделеу,  ұлттық  лингвистиканың 
көшбасшысы  ретіндегі  даму  бағытын  айқындау,  тіл  білімі  тари-
хындағы  ғалымдардың  орнын,  өзіндік  үлесін  жəне  кейінгі  зерт-
теулерге  тигізген  əсерін  анықтау  қажет.  ХХ  ғасыр  басында  қол-
данылған  терминдердің,  сəтті  баламалардың,  атаулардың  бүгінгі 


7
тілімізде орнығып, терминжасамда өзіндік мəнге ие болуы ғылым 
тілінің  тұрақтанып,  дамуы  үшін  қажетті  шаралардың  бірі  бо-
лып табылады.  Осыған байланысты ХХ ғасыр басындағы əдеби 
тілдің даму барысы, терминологиядағы бағыт-ұстанымдар бүгінгі 
таңдағы терминологиядағы өзекті мəселелермен сабақтастықта қа-
растырылып,  терминжасам  талаптарына  қаншалықты  деңгейде 
жауап бере алатындығы ретроспективті тұрғыдан, кешенді түрдегі 
зерттелуі қажет. Сонымен қатар бұл бағыттағы зерттеулерде түркі 
тектес халықтардағы терминологияның дамуы, ондағы ұстанымдар 
əрдайым ескеріліп, синхронды жəне диахронды аспектіде зерттелуі 
тиіс.  
Еліміздің ертеңі туралы ой қозғап, ұлттық қоғам құруды мақсат 
еткен қазіргі кезде ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының 
еңбектерінен тағылым алар тұстары, үлгі, тəжірибе боларлық дүние 
мол.  Алаш  зиялыларының  ұлт  мүддесі,  тəуелсіздік  жолындағы 
күресі егеменді Қазақстан үшін тағылымы мен ғибраты мол жол 
болмақ. Алаш зиялыларының азаттық жолындағы істерінің байы-
бына  барған  сайын  бүгінгі  тəуелсіздігіміздің  мəнін  сезінеріміз 
анық. 
Жинақты баспаға дайындау барысында көрсеткен көмегі үшін 
Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  кітапханасының  сирек  кезде-
сетін  кітаптар  мен  қолжазбалар  бөлімінің  меңгерушісі  Асқар-
бекова Набат Мұсаханқызына, ҚР Білім жəне ғылым министрлігі 
Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасы си-
рек кітаптар, қолжазбалар жəне ұлттық əдебиеттер бөлімінің мең-
герушісі Абикова Гүлшат Мəсəлімқызына, «Арыс» қорының ди-
ректоры Ғарифолла Əнеске шексіз ризашылығымызды білдіреміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет