Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет192/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   248
Жат тілдің əдістері.
Жат тілді негізгі үйрету əдісі екеу:
1. Ұластыру; 
2. Талдау.
Бұл екі əдіс негізі əрбір ана тілі оқытушысына белгілі, ол 
жағын əңгімелемейміз. Солар жат тілге қалай ұсталатынын 
ғана айтып кетеміз. 
1. Ұластыру əдісі ана тіліне бір түрлі талдау əдісі екінші 
түрлі қарайды. Ұластыру əдісі бұл күнде жат тіл үйретудің 
көтерген ескі əдісі саналады; талдау жаңа əдісі есептеледі. 
Ескі əдіс пен жат тіл үйреткен адам үйренушінің ана тілін 
негіз қылып барып жат тілді үйретеді. Оқытушы оқушылар 
мен  оқушылардың  ана  тілінде  сөйлеседі,  ана  тілінде 
түсіндіреді,  жат  сөзді  ана  тіліне  аударады.  Ал,  жаңа  əдіс 
мұның керісінше, жат тіл мен түсіндіріп, жат тілде сөйлеп, 
жат сөзді ана тіліне аудармасқа тырысады; қолдан келгенше 
оқушы  да,  оқытушы  да  жат  тілде  ғана  сөйлеп,  ана  тілінде 
сөйлемеске ұмтылады. Сонда жат тілдің дыбыстарын дұрыс 
айтып, жат тілдің заңына түсінуге жеңіл болады.
2. Бұл екі əдіс тіл құралғада екі түрлі қарайды. Ескі əдіс 
тілдің  негізі  тіл  құрал  деп  біледі.  Жат  елдің  тіл  құралын 
жақсы білген адам тілді ауыздықтап мініп алды деп қарайды. 
Сондықтан ескі əдіс жолындағылар ел тілін үйретпей тұрып, 
тілдің  заңын – тіл  құралын  білдіруге  тырысады:  бұлар 
оқытуы, сөйтіп, дерексіз болып шығады.
Жаңа əдісшілер алды мен елдің тілін үйретеді; керек ғана 
тіл  құрал  мен  пайдаланады.  Сөйтіп,  бұлар  оқытуы  деректі 
болады. Бұрын қазақ балаларын орыс тіліне тіл құрал жөні 
мен  оқытатын.  Осы  күні  де  сол  əдіс  ұсталып  келеді:  орыс 
тіл құралын жақсы білсе, қазақ баласы орыс тіліне жетіліп 
болды деп қарау қалған жоқ.
3.  Екі  əдістің  жат  сөзді  дұрыс  айтқызып  үйретуінде 
айырмашықтары  бар.  Ескі  əдіс  жат  сөзді  дұрыс  айтқызуға 
тілді көп жаттықтырмайды: салғаннан бір жолата жат тілдің 
əліппесін  түгел  көрсетеді;  мына  əріптері  бұлай  айтылады, 
мынау  əріпі  оқушының  ана  тілінде  жоқ,  қалған  əріптердің 
айтылуы  екі  тілде  бірдей  дейді.  Сонан  соң  бөлек  сөздерді 
оқыта бастайды. Ақаң əліппесі мен орыстарды оқытқандада 
осылай етіп жүргені болды. Бірақ онан оқушы жат сөздерді 
дұрыс айтып кете алмайды.
Мұның  бір  үлкен  жаңылысы  сол:  бір  елдің  дыбыста-
ры  екінші  елдің  дыбыстарына  сəйкес  келе  бермейді.  Тіпті 
бірдей деген ш, т, б сияқты дыбыстары да сəйкес келмейді. 
Орыстың дауыссыз дыбыстарының бірі де түрік тілінің ды-
быстарына  дəл  саймасай  келмейтінін  қазанда  пырапессұр 
Богородитыский  кабинетінде  тəжірибе  жасаған  Əлімжан 
Шарап  дəлелдеп  отыр.  Ал,  бір  елдің  дауысты  дыбыста-
ры  екінші  тілдің  дауыстыларына  өмірде  сəйкес  келмейді. 
Сондықтан жат сөзді дұрыс айтқызуға дағдыландыру – жат 
тіл үйретудің түрінен орын алу керек. 
Сондықтан  жаңа  əдіс  əуелі  оқушылардың  құлағын  жат 
сөздердің  дыбыстарына  қандырады,  дыбыстарын  жайлап 
ретіне  қарай  көрсете  барады.  Сөзді  бұзбай  айтуға  үлкен 
зейін салады.
4. Екі əдістің сөз бен сөйлемге үйретуі де екі басқа. Ескі 
əдіс  жалғыз-жалғыз  сөздерді  оқытып,  жаттатып  үйретеді. 
Сол  сөздерді  тіл  құралға  үйлестіріп  алады.  Жаңа  əдіс 
жеке  сөздерді  жаттатпайды;  бірден  сөйлем  мен  сөйлетеді; 
сөйлемнен  сөз  бөлдіреді.  Байланысты  сөйлемнен  алынған 
сөз, байлаусыз жеке сөздерден гөрі тез есте қалады.
5. Екі əдістің тіл ұстарту - əңгімелесу жағы да екі басқа. 
Ескі əдіс тіл құрал, иə кітап оқыта береді; сондағы сөздерді 


530
531
ана  тіліне  аударып  отырады.  Онан  адам  жат  тілде  сөйлеп 
үйрене  алмайды.  Жат  сөзге,  тілге  түсінседе  айта  алмайды. 
Жаңа  əдіс  бірден  сөйлету  жағына,  ел  тілі  мен  ауызданды-
рып, дағдыландыруға тырысады.
6. Екі əдістің кітап оқытуы да екі басқа. Ескі əдіс қалай 
болса, солай кітап оқыта береді; əуелі дауыстатып балаларға 
оқыттырады. Түсінбеген сөзін ана тіліне аударып отырады. 
Дұрыс айтпаған жерін түзеп отырады.
Жаңа  əдіс  мұның  керісінше  оқытады:  оқушы  түсінетін, 
дұрыс айта алатын сөздерді оқытылады. Жаңа сөз бен сөй-
лемдерді  əуелі  оқытушының  өзі  оқып  береді.  Оқушыға 
дұрыс айтылмаған сөз естірмейді; түсінбеген сөзін ана тіліне 
аудармай,  жат  тіл  бен  түсіндіреді;  иə  нерсенің  өзін  болма-
са суретін көрсетеді. Сөйлемнің, мақаланың бүтін идеиесін 
түсіндіруге, сөздердің, сөйлемдердің арасындағы байламда-
рын түсіндіруге тырысады.
Бұл күнде ұластыру əдісі қалып барады. Сондықтан ке-
лер санда тек жаңа əдіс негізін толығырақ түсіндіреміз.
Телжан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет