Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет60/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   168

КƏТЕПТЕ  е  т.  Түйеге  кəтеп  салу

Бұндай  тасты  сонау  үш  күндік  жердегі 

құлама  ернектен  тасып  əкелудің  өзі  күш. 

Ол үшін белді-белді нарды к ə т е п т е п, 

ауыттап  қомдайды  да,  екі  жағына  бір-бір 

шеген тас сыйып кететін екі үлкен кебеже 

теңдейді (Ə. Кекілбаев, Бір уыс топырақ, 

213).


КƏТЕПТЕЙ ү с т. Кəтеп түйе сияқты, 

кəтеп  тəрізді.  Сұлудан  да  сұлу  бір  жігіт 

Шалдың  шамын  көріпті  Шөгере  тастап



к ə т е п т е й Шөлге мінер көлікті Шалға 

жаяу  келіпті  (Х.  Ерғалиев:  Лен.  жас, 26. 

01. 1983, 3).

КƏТЕПТЕУ  Кəтепте  етістігінің 

қимыл атауы. 

КƏТЕПТІ  с  ы  н.  Кəтеп  салынған, 

кəтептелген. Есік алдында қаз-қатар шөгіп 

жатқан к ə т е п т і қара нарларға жүк арты-

ла бастады (Ə. Кекілбаев, Үркер, 364). Екі 

бірдей қазаны к ə т е п т і қара нардай-ақ 

қайыспай  көтеріп  еді  (Б.  Аманшин,  Гүл 

көтерген, 38).



КƏТИПА  з  а  т.  Матаның  бір  түрі. 

Жалаң шапанды, к ə т и п а тақиялы уыздай 

ақсары жігіт, сөйтіп ауылына оралды (Қаз. 

əдеб., 31. 08. 1984, 10).



КƏТӨЛЕК  з  а  т.  Солдаттардың 

өздерімен  бірге  алып  жүретін,  тамақ 

ішетін  əмбебап  ыдысы.  Бірсыпыра  сол-

даттар  шашылған  келдекті  жинап  алып, 

шинелінің шалғайына үгітіп, к ə т ө л е к 

к е қуырып жеп жатыр (Қаз. əдеб., 10. 01. 

1975, 4).



КƏТТА с ы н. ж е р г. Айнымаған, дəл. 

– Түріне қарасаң к ə т т а молда сияқты. 

Сонда қысы-жазы осылай далада жүре ме? 

(Т. Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 107).



КƏУАПХАНА з а т. Кəуап əзірлейтін, 

кəуап пісіріп сататын жер. Көше бойына 

қаз-қатар орнатылған дүңгіршектерді жаға-

лай келіп, оңашалау тұрған бір к ə у а п х а-

н а н ы ң тұсынан шыққанбыз (Ж.Қорғасбек, 

Жынды  қайың, 36). Əйтеуір  көшесі  түзу,

қоқырайған  клубы,  секеңдеп  би  билей-

тін алаңы, сыраханасы мен к ə у а п х а н 



а с ы бар (Ж. Қорғасбек, Үлпілдек, 143).

КƏУГӨРІК с ы н. Сымбатты, көрікті, 

келісті,  сұлу. - Əлгі,  қайын  атам  болмай 

кеткір, Бекберген к ə у г ө р і к Күреңтөбелді 



251

Байынқол Қалиев

сұратып  кісі  жіберіпті  (Ғ.  Мүсірепов, 

Ұлпан, 245).

К Ə У К Е Л Е К Т Е Т   К ə у к е л е к т е 

етістігінен жасалған өзгелік етіс. Бұрынғы 

мінезінен айырып, к ə у к е л е к т е т і п 

тұрған  да  осы  қиыншылық  (А.Жүнісов, 

Өмір ізі, 39).



КƏУКЕЛЕКТЕТУ  Кəукел ектет 

етістігінің қимыл атауы

КƏУКЕЛЕКТЕУ  Кəукелекте  етіс-

тігінің  қимыл  атауы  (А.  Жүнісов,  Өмір 

ізі, 51).



КƏУКЕР з а т. ж а ң а. ж е р г. Кросовка. 

Аяғында  к  ə  у  к  е  р  (кросовка),  бұтында 

шетелдік  кенеп  шалбар,  кеудесінде  ақ 

мəйкі.  Жан-жағына  қарағыштап  қояды 

(Астана хабары, 13. 07. 2012).

КƏУКІЛДЕК с ы н. Кəукілдеп қалған, 

аңқылдақ.  Бірақ  қанша  дегенмен  мынау

к ə у к і л д е к қазақтың қасында отырған 

бала ханзададан айбынып, сөзін бастайды 

(Ə. Кекілбаев, Елең-алаң, 66).

КƏУКІЛДЕС е т. Емін-еркін, ақ жарқын 

сөйлесу, шүйіркелесу. – Болсаңызшы. К ə у 

к і л д е с і п əңгіме соғып тұрғанда үзіліп 

кетсе не істейсіздер, – деді жігіт қадалып 

(Ə. Байбол, Теміржол., 248).

КƏУКІЛДЕСУ  Кəукілдес  етістігінің 

қимыл атауы

КƏУСАРЛЫҚ з а т. Қасиеттілік, та-

залық, құдіреттілік. Тек қана өз к ə у с а р л 

ы ғ ы н бұзғысы келмей, таң сұлулығы сым-

батты  кейпінен  бойын  тартып,  көкірегін 

кере  кең  тыныстады  (Лен.  жас, 31. 08. 

1973, 2).



КƏУІР з а т. с ө й л. Кəпір. Бұлыт болған 

айды  ашқан,  Мұнар  болған  күнді  ашқан, 

Мұсылман мен к ə у і р д і ң Арасын бұзып 

өтіп дінді ашқан – Сүйінішұлы Қазтуған! 

(Жеті  ғасыр., 1, 18). Мыңнан-мыңнан 

жылқы  айдап,  Дəулеті  қалың  біткен  жер. 

Аузы  түкті  к  ə  у  і  р  д  і  ң,  Басы  шошақ 

қалмақтың Қанын судай төккен жер (Мұрат 

Мөңкеұлы: Жеті ғасыр., 1, 354).

КƏУІС-КƏУІС о д. Түйені шақырғанда 

айтылатын сөз. Сол сияқты халқымыздың 

түйені  «к  ə  у  і  с», «к  ə  у  і  с»,  жылқыны 

«моһи, моһи», қойды «пұшау, пұшау»... деп 

шақыратын  сөздерін  жүрек  жылылығына 

орай,  кішкентайлармен  сырласады  (Лен. 

жас, 06. 03. 1974, 4). 



КƏШІКТƏНЕ з а т. к ө н е. Ханның өз 

басын, тағын қорғайтын əскері. Қысқасы, 

Шыңғыс хан Ордасының тірегі əскері бол-

са, əскерінің əскері – к ə ш і к т ə н е с і 

болған (І. Есенберлин, Алтын орда, 1, 62). 

Осындай ерекше əскер – к ə ш і к т ə н е 

Алтын  Ордада  да  бар  еді.  Бұларды  Бату



к ə ш і к т ə н е демей, төлеңгіт деп атаған 

(Бұл да, 63). 



КƏШАУА з а т. Шананың адам мінуге 

арналған əдемі əрі шағын түрі. К ə ш а у 

а н ы ң ұзындығы жайдақ шанадан қысқа, 

сүйегі нəзік, басының иіні анағұрлым қайқы 

болады  (Шаңырақ, 105). «Жамбылдың» 

директоры тапсырған к ə ш а у а ғ а да бар 

зейінін, бар өнерін салған еді (Ə. Асқаров, 

Өр  Алтай., 73). Сосын  Мелс  мұғалім 

келді. Келді де, к ə ш а у а н ы үш айналды 

(Бұл да).



КƏШЕКТЕ  е  т.  Кəшек  жеу,  кəшекті 

алданыш  ету.  Алдында  ғана  атшылар 

жылқыларды өзеннен суарып келіп, суын 

басып шамалы к ə ш е к т е с і н деп қойған 

екен  (К.  Ахметбеков,  Ақдала, 2, 338). 

Қойлар шөпті к ə ш е к т е п болды-ау де-

ген кезде жайлап айдап көлтабанға түсіре 

бастадым (Ə. Дүйсенбек, Көкжиек, 201).

КƏШЕКТЕТ  Кəшекте  етістігінен 

жасалған өзгелік етіс

КƏШЕКТЕТУ Кəшектет етістігінің 

қимыл атауы. 

КƏШЕКТЕУ  Кəшекте  етістігінің 

қимыл атауы

КƏШМІР  з  а  т.  с  ө  й  л.  Кашемир 

(Ə.Əлімжанов, Махамбет. жебесі, 45).



КЕБАҒАШ... К е б а ғ а ш т ы ң көлемі 

адам  аяғының  көлемдеріне  байланысты 

үлкенді-кішілі  болып  даярланады  (Қаз. 

этнография., 3, 27).



КЕБЕЖЕЛЕН е т. Үлкею, қампию, том-

паю. Буаз саулықтың іші к е б е ж е л е н і п,

кейінгі  кезде  тым  мамырлай  қозғалатын 

болған (К. Ахметбеков, Ақдала, 2, 391).

КЕБЕЖЕЛЕНУ Кебежелен етістігінің 

қимыл атауы. 

КЕБЕК з а т. к ө н е. Ертедегі түрік 

халықтарының  күміс  теңгесі.  Ораз-

Мұхамедтің  үстіне  алтын,  күміс  ақшалар 

жаңбырдай  жауды.  Бұқар  мен  Қазанның, 

Қырым мен түріктің ескілі, жаңа к е б е к 



т е р і. Бірақ ең көбі – орыстың жұқалтаң, 

сопақша күміс теңгелері (М. Мағауин. Ала-

сапыран, 2, 127). Кебек хан реформасының 

нəтижесінде жалпы мемлекеттік жаңа күміс 

теңге – 6 дирхемге  бөлінетін,  салмағы 


252

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

8  грамдық  «к  е  б  е  к»  динары  енгізілді 

(ҚазССР тарихы, 2, 223).

КЕБЕРСУЛІ с ы н. Кеберсіп, құрғап кет-

кен. Күнсіген қозықұйрықтың қабағындай 

атлас жылтыр, бірақ к е б е р с у л і, таудың 

күні күйдіріп барады (Ш. Мұртазаев, Қара 

маржан, 62).



КЕБІРТІК с ы н. с ө й л. КебіртекК е б 

і р т і к тартпаған қар құйындай ұйтқып, ақ 

құйрықтанып, алай-түлей болды (Жалын, 

1974, №5, 87).

КЕБІС:  Кебіс  киер  сəт.  Бір  нəрсенің 

ең  соңы,  аяғы.  Абзал  ат  басын  тіреп 

арнайы  келген  шаруасын  қазақшылық 

жоралғысымен к е б і с  к и е р  с ə т к е 

қалдырған (Ə. Сараев, Тосқауыл, 21).



КЕБІСКИЕР  з  а  т.  э  т  н.  Қыз  алуға 

келген  құдалардан  алынатын  кəделердің 

бірі. Меймандар өздеріне тігілген екі отау-

мен қоштасып, «кетераяқ», «к е б і с к и е р» 

секілді ырым-жырымды шұбартып жатыр 

(Э. Төреханов, Таудан түс., 50).



КЕБІССІЗ...  Аяғында  құлынның 

терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен к е б 



і с с і з іш етік (Ə. Əлімжанов, Жаушы, 57).

КЕБІСТҰМСЫҚ з а т. з о о л. Үйректің 

тұмсығы  жалпақ  бір  түрі. «Мертіккен 

үйректі  ұстап  алу  мендей  төбетке  қиын 

болып па»? – дегендей Бөрібасар к е б і с 

т ұ м с ы қ т ы ң соңына түсіп қуып берді. 

Қоңыр үйрек біресе олай, біресе бұлай жалт 

берді (Балдырған, 1970, №9, 22).

КЕГЕН з а т. к ө н е. Келеңнен жоғар-

ғы діни атақ. Əр жердегі күресінде тұра-

тын келеңі кəдімгі өзіміздің ежелгі атаме-

кен Қарқараны мекендеп отырған к е г е н 

і н е бағынады екен (Ж. Тұрлыбаев, Тамыз 

таңы, 279).



КЕГЕР з а т. з о о л. Үйректің тұщы 

көлдерде  мекендейтін  бір  түрі.  Қоңыр 

күйін қаз күйлейді, Сұқсыр мен қасқалдақ. 

Əнге  салып,  би  билейді  К  е  г  е  р,  үйрек, 

баспалдақ  (С.  Сейфуллин,  Шығ., 1, 251). 

Бұл өңір аққу, аққұтан, бірқазан, қаз, үйрек, 

дуадақ, к е г е р, қасқалдақ тағы да басқа 

көптеген құстардың жазғы мекені (Жетісу, 

05. 04. 1968, 3). 



КЕГІР з а т. з о о л. с ө й л. Кегер. Құсқа 

жетуге  екі  метрдей  қалғанда  к  е  г  і  р  ба-

лапанын арқасынан түсіріп жіберді де, су 

астына сүңгіп кетті (Ертіс өңірі, 17).



КЕДЕЙҚОЛДЫ с ы н. Кедей-кепшік, 

жоқ-жітік  (адам).  Оны  (ақшаны) 

ауыздықтап  мініп  жүргендердің  к  е  д  е  й 



қ о л д ы л а р д а шаруасы жоқ (Ə.Байбол, 

Теміржол., 215).



КЕДЕН:  Кеден  комитеті.  Кеден 

шаруашылығын басқаратын мемлекеттік 

мекеме.  Н.  Тілемісов  жолдас  Қазақстан 

Республикасы К е д е н  к о м и т е т і н і ң

төрағасы  болып  тағайындалсын  (Егем. 

Қазақст., 21. 12. 1991, 1).



КЕДЕНШІ... К е д е н ш і н і ң жұмысы 

қазынаға  салық  түсірумен  өлшенбейді 

(Дала мен қала, 24. 07. 2008). К е д е н ш і л е р

мен кəсіпкерлер келісті (Айқын, 21. 06. 2008).



КЕДІР  з  а  т.  с  ө  й  л.  1.  Самырсын 

қарағайы; кедр. 2. Самырсын қарағайының 

сүрегі. Елеман трубканы қарап тұр. Мұндай 

шылым  трубкасы  шынында  сонау  алыс 

Сібір мен Күншығыстағы к е д і р ағашынан 

жасалады (І. Есенберлин, Айқас, 46).



Кедір  жаңғағы.  Кедір  ағашының 

(самырсынның) жеуге жарамды жаңғағы. 

Ауыл  ортасындағы  шағын  базардың 

қызатын  сəті  де  болып  еді,  бірақ  тақтай

шатырлы жаппаның астында дорба-дорба



к е д і р  ж а ң ғ а ғ ы н а емінген он шақ-

ты  орыс  қатындарынан  басқа  көп  адам 

көрінбеді (Қ. Ысқақов, Бұқтырма., 42). ... 

Əлде к е д і р  ж а ң ғ а ғ ы н терген бала-

шаға ма екен. К е д і р  ж а ң ғ а ғ ы піссе 

күздің де келгені (Лен. жас, 12. 10. 1971, 4).



КЕЖЕГЕ з а т. з е р г. Зергерлік өнерде 

қолданылатын  əшекей  зат.  Орайы  кел-

генде  айта  кетелік,  зергерлік  өнерінде 

қолданылатын мес көрік, мəймөңке, ақық, 

сақинек, к е ж е г е, жетімшеге, ширатпа, 

сірке,  бүршік,  лажы  т.б.  атаулар  бар  (Д. 

Шоқпарұлы: Қаз. əдеб., 22. 06. 1984, 13).



КЕЖЕК з а т. з о о л. Үйректің кішірек 

келген, басында айдары бар түрі; кежек-

дар. Сейтімнің қырдан атып алған екі к е ж 

е к үйрегі бар еді (Ж. Молдағалиев, Жүрек 

қазынасы, 109).



КЕЖІ з а т. к ө н е. Күзетші, қарауыл; 

кежеуіл.  Бақасы  мен  шаяны  К  е  ж  і  д 

е  г  і  адамға  Түн  ұйқысын  таптырмас... 

(Қазтуған: Нар заман., 14).



КЕЖІГУ  Кежік  етістігінің  қимыл 

атауы.  Жапырағы  жасыл  жаутерек 

Жайқалмағы  желден-дүр.  Шалулығы 

белден-дүр, Төренің к е ж і г у і елден-дүр 

(Шалкиіз жырау: Нар заман., 24).



КЕЖІК е т. ж е р г. Қыңыраю, қисаю

қырсығу

253

Байынқол Қалиев

КЕЖІКЕЛЕС  е  т.  с  ө  й  л.  Кежілдес. 

Босқа к е ж і к е л е с к е н ш е ана шаңның 

алдынан шықпаспысыңдар! (К. Сəрсекеев, 

Қызыл жалау, 2, 155).



КЕЖІМДЕН  Кежімде  етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс. Астында үкіленіп, 

к е ж і м д е н г е н пілдей боз азбан (М. 

Мағауин, Аласапыран, 100).



КЕЖІМДЕНУ  Кежімден  етістігінің 

қимыл атауы

КЕЖІМДЕУЛІ  с  ы  н.  Кежімделген, 

кежім жабылған. Ошыңның қара жорғасы 

алтын  тұрманмен  ерттеліп,  к  е  ж  і  м  д 



е  у  л  і  тұрғанын  көрген  Дариға  жүгіріп 

əкесіне келді (М. Разданұлы, Алтай., 118). 

Күреңбай атбегі к е ж і м д е у л і тұрған 

Құлагердің тұсына келіп тұрып қалады (Ер 

қанаты, 57).

КЕЖІРЛІ с ы н. Кежірі бар; қырсықты, 

кесірлі. Кештің өзі де мен үшін к е ж і р

л і болатын. Жалғыз басыма екі міндет іліп 

қойған (Қ. Тұрсынқұлов, Есіңде ме., 177).



КЕЗ  з  а  т.  э  т  н.  Малдың  құлағына 

салынатын  ұзынша  келген  ен.  Малға  са-

латын  ен-таңбаның  қазақ  арасында  сота, 

тілік, к е з, жүрекше, қиық, қиықша, ойық, 

құмырсқа, кесік, тесік, сырға деп аталатын 

түрлері бар (Шаңырақ, 523).

КЕЗЕКПЕЛЕ  е  т.  ж  е  р  г.  Кезектес.

К е з е к п е л е п тиісіп жүдетіп бара жатқан 

құдайдың  қуаңшылығы  мен  қазақтың 

шапқыншылығынан  солай  құтылмақ  еді 

(Ə. Кекілбаев, Елең-алаң, 321).



К Е З Е К Ш І :   Ке з е к ш і   д ə р і г е р . 

Жұмыстан кейін қалып, кезекшілік ететін 

дəрігер. – Бəрін  де  дұрыс  істегенсің.  Тек 

қана келешекте к е з е к ш і  д ə р і г е р д і

шақырғаның  жөн  болады  (С.  Ғаббасов, 

Қандауыр, 79).



КЕЗЕҢДЕН  е  т.  Кезең  болу,  биіктеу. 

Жоталар əрмен биіктей к е з е ң д е н і п 

барып,  состиған  жалғыз  шоқыға  шығып 

кетеді (Лен. жас, 05. 04. 1974, 4).



КЕЗЕҢДЕНУ  Кезеңден  етістігінің 

қимыл атауы. 

КЕЗЕУЛІ  с  ы  н.  Кезеліп  тұрған, 

атылуға даяр тұрған. Адам өлмеген соң 

бəріне шыдайды екен. К е з е у л і мылтық 

пен таяқ астында өтіп жатқан азалы күндер 

(Жұлдыз, 1972, №4, 72).



КЕЗМАЯ  з  а  т.  Өркешінің  аздаған 

кезеті бар мая. Жалпы бір өркешті аруа-

надан будан арқылы к е з м а я, кірдек, нар, 

жарбай, инермая, кезнар, күрт секілді алу-

ан-алуан түйелер тарайтынын екі қазақтың 

бірі білуге тиіс (Қаз. əдеб., 25. 11. 1988, 1).

КЕЗОҚ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Садақ  оғының 

бір  түрі. – Ал  шаншып  ататын  ала-

ман  оқ – к  е  з  о  қ  деп  аталады, – деді 

Көшек  көп  білетінін  танытуға  тырысқан 

мақтанышпен  (М.  Мағауин,  Аласапыран, 

43). Автордың бұрын аз қолданылып неме-

се тіпті қолданылмай келген бұлғақ, түзем, 

күрен,  таскесе,  тізоқ,  к  е  з  о  қ,  əңдіген, 

томароқ,  доғалоқ  деген  сөздері  тарихи 

романның көркемдік əрін ашып тұр (Қаз. 

əдеб., 02. 04. 1982, 7).



КЕЗІК  з  а  т.  ж  е  р  г.  Сүзек.  Обаның 

құрты  к  е  з  і  к  қылып  ауыртпайды  (Х. 

Досмұхаммедұлы: Ана тілі, 28. 06. 1990, 5).

КЕЙКЕҢ... Ары қарай ұлы Ордос к е й 

к е ң і н і ң құмдақты, керішті түзеңі жатқан 

(Т. Зəкенұлы, Мəңгітас, 246).



КЕЙҚУАТ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Ноғайлы 

заманындағы бек пен нұрадыннан кейінгі 

жоғары лауазым. Ол Ноғайлы бегі Жүсіптің 

кезінде (1549 ж.) к е й қ у а т дəрежесін 

алған адам (Қаз. əдеб., 26. 08. 1988, 15).

КЕЙУІК с ы н. Кейіи беретін, кейігіш. 

Үй  ішін  бір  қауызға  сыйғызғандай  бұрқ-

сарқ  ашуы  тез  басылатын  к  е  й  у  і  к 

бəйбішедей  мінезі  жəне  бар  (Ғ.  Сланов, 

Замандастар, 3).

КЕЙІПТЕНДІР Кейіптен етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. Қазақ баласы жылқы 

атауына «жарықтық» деген сөз қосып, к е 



й і п т е н д і р і п, киелеп отырған (Білім 

жəне еңбек, 1985, №10, 28).



К Е Й І П Т Е Н Д І РУ   Ке й і п т е н д і р 

етістігінің қимыл атауы

КЕЙІСТЕ  е  т.  с  ө  й  л.  Кейі. – Пай, 

пай, - деді  Биқажы  қатты  к  е  й  і  с  т  е  п

(М. Разданұлы, Алтай., 259).

КЕЙІСТЕУ Кейісте етістігінің қимыл 

атауы. 

КЕКЕСІНДІЛЕУ с ы н. Аздап кекесін 

араласқан, мысқылшыл. – Бұл отырғаны аз 

ба оның. Осыншама шу көтеріп, тəйірі, – 

деген байсалды да к е к е с і н д і л е у дауысы 

тоқтатып тастады (Жалын, 1974, №5, 54).



КЕКЕСІНДІЛІК з а т. Кекесіні барлық, 

кекеткендік. Жоқ, өңі-түсінен де к е к е с і 

н д і л і к немесе сиқырлылық байқалмайды 

(Ж. Тұрлыбаев, Семсер, 297).



К Е К С А Л . . .   Б е л і н д е   Х а р -

рон  Құсханасының  қолдан  илеген 



254

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

былғарысынан жасалған, к е к с а л ы м е н 

зерлеген шытырмақты, оқшантайлы, кіселі 

қайыс белбеу (Д. Сапаров, Өткен күн., 34).



КЕКТЕНУШІ...  Хабидың  абыройы 

артқан сайын күндеушілер, тіпті к е к т е 



н у ш і л е р де көбейген (Б. Тоғысбаев, От 

пен күл, 268).



КЕКІЛДЕ  е  т.  ж  е  р  г.  Бір  шоқ  етіп 

жинау,  баулау.  Оны  (тарыны)  қолмен  к 

е к і л д е п, бастырып, ұшырып, борала-

рына  құйғанша  көрер  азаптары  аз  емес 

(К.  Сегізбаев:  Қаз.  əдеб., 01. 04. 1985, 

14).  Ауылдағы  кей  ағайындар  тары  егіп, 

оны қашан к е к і л д е п алғанша таңның 

атысы,  күннің  батысына  дейін  торғай 

қондырмаймыз деп əуреге түсіп жүргендері 

(Бұл да).



КЕКІЛДЕУ Кекілде етістігінің қимыл 

атауы

КЕКІЛІКҚАС  з  а  т.  Ақ  жəне  қара 

маталардың  қиындыларынан  кекілік-

тің  қасына  ұқсатып  тігілген  құрақ

(Ə. Ысқаққызы, Теледидардан).



КЕКІРЕ  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Кекір  (адам). 

– Ондай к е к і р е л е р кездессе, алып тас-

тау əркімнің азаматтық борышы, - деді ағай 

(А. Жұмаділдин, Сең бұзыл., 118).



КЕКІРЕК  с  ы  н.  Кекіректеп  қалған, 

кекірейген, кекиген (адам). Күндік қоректік 

бірдеме табуды армандаған қайыршылары 

да, көжетоқ к е к і р е к т е р і де бар – 

шұбар  ала  халық  тасқыны  (Қ.  Салғарин, 

Үбедей, 54).

КЕКІРЕЛІ

1

  с  ы  н.  Кекиген,  қырсық, 

кесірлі (Б. Адамбаев, Ақбөбек, 23).

КЕКІРЕЛІ

2

 с ы н. б о т. Кекіре өскен, 



кекіресі  мол.  Жылқы  жайлау  сұрасаң – 

Бетеге  шалғын  даладан.  Қой  жайлауын 

сұрасаң – К е к і р е л і, жантақ сорадан (Ел 

аузынан, 82).



КЕКІРЕЛІК з а т. Кекір (кекіре) кісіге 

тəн  мінез,  қылық.  Бірақ  бұл  өзгерістен 

екеуіне де дүниеге, пұлға деген к е к і р е л і 



к дарымады (Э. Төреханов, Таудан түс., 59).

КЕКІРТ  с  ы  н.  Тəкəппар,  астам-

шыл.  Кеңес  Одағы  қазаққа  бола  бақта-

лас  көршісіне  к  е  к  і  р  т  басын  ие  ме?

(Қ. Жұмаділов, Таңғ. дүние, 246). Осылай

келсе, нағыз к е к і р т, астамшыл адамның 

өзі де құр қиқая берудің қисыны келмейтінін 

ұқса керек-ті (Қаз. əдеб., 16. 07. 1976, 2).



КЕКІРТТІК  з  а  т.  Астамшылық, 

тəкəппарлық, менмендік. Баяғы марлаттық, 

к  е  к  і  р  т  т  і  к  жоқ.  Бəрі  бұрынғыдан 

жақындаса түскен (М. Мағауин, Аласапы-

ран, 2, 329).

КЕЛ:  Келген  беті.  Жаңа  ғана  келді, 

енді  ғана  келген  кезі.  Тезектің  ұрлыққа 

аттандырған екі ұрысы қолға түсіп, қашып 



к е л г е н б е т і екен (Ел аузы., 156).

КЕЛГІНБАЙ з а т. с ө й л. Бір жақтан 

келген  адам.  Қаға  берсе  шаң  жетед  бір 

киізге,  Илич  атты  ауданыма  сөз  тигіз-

бе. Қорлама мендей жанды к е л г е н б а й 

деп,  Қорғаймын  Ертіс  бойын  келсе  кезге 

(М. Ахмет-төре, Ақ-қара, 208).

КЕЛДЕУІР  з  а  т.  Қақпанның  шын-

жырына байланған келтек ағаш. Текенің 

алдыңғы  оң  аяғынан  ұстаған  қақпанның 

шынжырына  байланған  к  е  л  д  е  у  і  р 

сүйреле-сүйреле  жүріп,  əбден  мылжала-

ныпты (Саятшылық, 195).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет