КАРДИОХИРУРГ... Иммунологтармен,
фармакологтармен, генетиктермен, к а р д
и о х и р у р г т а р м е н бірге жүрек-қан
тамырлары ауруларын емдеуде көптеген
табыстарға ие болды (Э. Аханова, Адамда
жүрек., 3).
КАРДИОХИРУРГИЯ... Енді к а р д и о
х и р у р г и я деп аталатын жаңа ғылымды
дамытуға тура келді (Соц. Қаз., 01, 05,
1974, 4).
КАРТАШЫЛ с ы н. Карта ойнағыш,
картақұмар. К а р т а ш ы л, шахматшыл,
дойбышыл, кроссвордшыл хирург досы
айтады (Д. Досжанов, Жолбарыс, 231).
КАРТОП: Картоп қоңызы. Картоп
жəне т.б. алқа тұқымдас өсімдіктердің
жапырағын жеп, зиян келтіретін қоңыз.
К а р т о п қ о ң ы з ы (колорадо қоңызы)
жылына 1-2, кейде 3-4 ұрпақ салады.
Қоңыздары мен дернəсілдері топырақта
қыстайды (Қаз. табиғ., 2, 221).
КАРТОШКА: Картошка мұрын.
Мұрны картошка сияқты доп-домалақ.
Мұстапаның жөні бөлектеу сияқты. Екі
ұрты дорбадай, шегір көз, к а р т о ш к а
м ұ р ы н, имиген тапал кісі (О. Сəрсенбаев,
Сағым, 163).
КАРТОЧКА з а т. к ө н е. Соғыс кезін-
де тапшы, қат заттарды (тамақ, са-
бын т.б.) үкіметтің рұқсатымен жəне
белгілі бір мөлшерде ғана сатып алуға
болатындығы көрсетілген жеке тұлғалық
қағаз. Төртеуінің онан кейінгі сауыны
заготзерноның құмығы мен өкімет беретін
к а р т о ч к а (Қ. Ысқақ, Ақсу., 248).
КАСКАЛЫ с ы н. Каскасы бар, каска
киген. Азу тістері қарыстай үш бірдей ізшіл
көкжалдың жетегіне ілесіп, автоматтарын
кезеніп, темір к а с к а л ы еңгезердей үш
фашист келіп қалған екен (Е. Тұрысов,
Ақбақай, 14).
КАСПИ з а т. к ө н е. Маңғыстауды
мекендеген халықтардың бірі. Мұнда
ежелгі сақтардан бүгінгі көп ұлтты совет
халықтарына дейін к а с п и л е р мен алан-
дар, оғыздар мен қыпшақтар, қалмақтар
мен ноғайлар тұрған (Мəдениет жəне
тұрмыс, 1973, №3, 10).
КАФЕЛЕТКІЗ Кафалет етістігі-
нен жасалған өзгелік етіс. – Ресторан, к а ф е
л е т к і з і п, сыралатқызып қоймаймын. Ер-
тең рұқсат əперем – үшеуін де тапсырасың
(Э. Төреханов, Алматыда., 313).
КАФАЛЕТКІЗУ Кафелеткіз етіс-
тігінің қимыл атауы.
КАШАЛОТ... Тісті киттердің ара-
сындағы ең ірілеріне к а ш а л о т т а р
жатады. Оның еркектерінің ұзындығы 15 м.
жетеді, салмағы 45 т. Ұрғашы к а ш а л
о т т а р екі есеге жуық кішкентай (Су
асты. тіршілік, 76). Ең ірі азулы кит – к а
247
Байынқол Қалиев
ш а л о т. Ол 1 км тереңдікте сүңгіп, екі
сағаттан артық тыныс алмай жүре алады
(Тірі табиғат, 71).
КƏ-КƏ од. 1. Итті шақыру. 2. Саят-
шының аушы құсты шақыруы. Əбден бау-
ыр басып, үйірсек болған құсты биялайдың
алақанына бір шөкім ет қойып, «к ə - к ə»
деп шақырып жегізіп, қолға қондырып
үйретеді (Қаз. этнография., 3,13).
КƏБІЛ з а т. Бір не бірнешеуі
қабатталып, сырты қапталған, электр
тогын өткізгіш зым; кабель (Бекітіл. тер-
мин., 41). Электр к ə б і л і н жалғауға келген
Оралды да қуып шығып, өз көмекшісіне
жалғатты (Р. Өтесінов, Айтылмаған., 82).
КƏБІЛДІК с ы н. Кəбілі бар, кəбілмен
жалғастырылған. ≈ К ə б і л д і к жүйе.
КƏДЕ-КƏУМЕТ з а т. Əртүрлі кəде-
жоралар. Жол-жоралғы, к ə д е-к ə у м е т
т і ң де кемдігі болмай қалған ба, соның
бəрін сездірмей сырбаз пейіл аңғартады
(Жалын, 4, 1969, 99).
КƏДЕЛЕ е т. Кəде беру, сый-сыяпат
жасау. ≈ Күйеу жеңгелерін к ə д е л е п,
риза етті.
КƏДЕЛІ: Кəделі ас. э т н. Қонақтардың
жасына, мəртебесіне қарай арнайы тар-
тылатын ас (тағам). К ə д е л і а с –
малдан алынатын өнімдердің, əсіресе ет
мүшелерінің ішіндегі нəрлі, дəмді түрлері
(Қаз. этнография., 3, 14).
Кəделі мүшелер. э т н. Адамдардың жа-
сына, əлеуметтік, туыстық, жақындық
ерекшеліктеріне байланысты ұсынылатын
мал етінің мəнді бөлшектері. Піскен
етті табаққа саларда қонақтардың сый-
құрметіне қарай – жасы үлкен адамға
– бас, сыйлы қонаққа – жамбас, құдаға –
асықты жілік, жауырын болып бөлінетін
мүшелер. К ə д е л і м ү ш е л е р г е бас,
жамбас, асықты жілік, ортан жілік, белде-
ме мен қазы-қарта, жал-жая жатады (Қаз.
этнография., 3, 15).
КƏДЕСІЗДЕУ с ы н. Кəделік құны аз-
дау. Төс ет, қарын-қажақ тəрізді к ə д е с і з
д е у мүшелерден бір табақ жасап, суытып
қойды (Жас алаш, 21. 06. 1996, 3).
КƏДӨШКЕ з а т. ж е р г. Бөшке. –
Пөшкің не? Бөшке ме, су құятын к ə д ө ш
к е ме? – деп Ғазиз қарқылдап тұрып күлді
(С. Жүнісов, Ақан сері, 2, 130).
КƏДІҢ-КҮДІҢ с ы н. Күбір-күбір,
күңкілдескен. Мейманхана бөлмесінде к ə
д і ң - к ү д і ң əңгіме боп жатты (Жұлдыз,
1973, №3,18,).
КƏЗИТ с ө й л. з а т. Газет. – Аға бұл
не? – К ə з и т. Кəзит те бұл ел үшін соны
зат (Б. Соқпақбаев, Балалық., 13).
КƏЗІНЕК з а т. Електің сыртқы ағаш
шеңбері. Қара кемпір к ə з і н е г і тозған
кəрі елгезерге бір қос уыс ұн салып, елей
жөнелді (Д. Исабеков, Тіршілік, 122).
КƏК с ы н. с ө й л. Жаман. – Кемпір
жаман, кемпір жаман, к ə к, к ə к! –
деп оңашада Үйтолғанның үйреткенін
қайталайды (Қ. Тоқмырзин, Үш кие, 50).
КƏК: Кəк етті. Үлкен дəретке отырды,
тышты. Баланың к ə к е т у і үшін, кіш
етуі үшін түбектен қолайлы нəрсе жоқ (Қаз.
əдеб., 15. 11. 1991, 9).
КƏ-КƏЛА е т. Итті кə, кə деп шақыру.
К ə-к ə-л а п қараған жаққа көз тіксем, қара
ала төбет шығып келеді екен (Қ. Омарұлы,
Əке, 88).
КƏ-КƏЛАУ Кə-кəла етістігінің қимыл
атауы.
КƏКТІК з а т. с ө й л. Жамандық. Оны
көргенде Жаңылдың «к ə к т і г і н» де
ұмытып, алдына отырып алып, тойғанша
жент жейді (Қ. Тоқмырзин, Үш кие, 50).
КƏКҮН-ШҮКІН с ы н. с ө й л. Кəкір-
шүкір. От басының, одан қалды ауыл-
аймақтың к ə к ү н-ш ү к і н тірлігінен қолы
босаған сəттерде үйге байыздамай, ауыл
сыртына шығып кетіп, жапа-жалғыз далада
жүріп қайтатын əдет тапқан (К. Ахметбе-
ков, Ақдала, 2, 225). Бумасы жазылмаған
екі қат бес сомдық қорғасынша шаншыла
құлады да, іле сөмкеден сусылдаған к ə к і н-
ш ү к і н м е н көміліп қалды (Э.Төреханов,
Таудан түс., 55).
КƏКІР з а т. ж е р г. 1. Кінарат, кемістік,
зақым. «Дегенмен ішкі құрылысында бір
к ə к і р і бар-ау», - деп ойлаған (А. Əлсеров,
Ар алдында, 12). Екі бетінің қаны тамып
тұрған мұның денсаулығында əскерге
жарамайтындай ешбір к ə к і р жоқ секілді
(О. Сəрсенбай, Шығ., 4, 89). – Аға, сондай
бір к ə к і р д і ң болғаны рас, - деп зоотех-
ник басын көтере алмай, бүгжиіп, бұға
түседі (Бұл да, 5, 330). 2. Пəле, кесапат,
шатақ. – Тоқа, айтады демеңіз. Мұның
аяғы к ə к і р г е соғады (О. Сəрсенбай,
Шеңбер, 199). 3. Кесір, зиян, залал. Бала-
ларыңа бір к ə к і р келтірейін демесеңдер
жоламаңдар! – деп, өздерін қорқытып,
248
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
үркітіп қайтарып жіберетін (Ұ. Доспанбе-
тов, Ел есінде, 131).
КƏЛƏПЕШ з а т. ж е р г. Қыздар киетін
жеңіл, əшекейлі тақия. Ол маңдайына мар-
жан шеккен көк к ə л ə п е ш і н оң шекесіне
қарай сəл қисайта киіпті. К ə л ə п е ш
асытындағы мақпалдай қара шашы құладан
қақ жарыла бөлініпті (М. Тоқжігітов, Əн
атасы., 53).
КƏЛӨС з а т. ж е р г. Кішірек келген
жеңіл қайық. Таңертең сиыр саууға ерте
тұрған Ақкемпір арғы беттен жалғыз
қайықты көріп, түнде ұлы мініп өткен өз к ə
л ө с т е р і екенін шырамытты (Ə. Сараев,
Тосқауыл, 185).
КƏЛІҢГІР... Қабира сол жолы əппақ
тоқыма кеудеше мен қалыңдау ақ к ə л і ң г
і р д е н тігілген шолақтау етек көйлек киіп
жүр екен (М. Сқақбаев, Ұят тур., 156).
КƏМЕЛЕТТЕН е т. Даму, өсу, жетілу,
толығу. Неғұрлым к ə м е л е т т е н і п
дамыған сайын оның (əдебиеттің) жанрлық,
түрлік байлығының молаюы сөзсіз (Соц.
Қаз., 13. 04. 1978, 4).
КƏМЕЛЕТТЕНУ Кəмел етттен
етістігінің қимыл атауы.
КƏМПИТ: Кəмпит алу. Күлкілі
ойындардың бірі. Бастаушы біреуді арқасы
мен өкшесін қабырғаға тақап тұрғызады
да, тізесін бүкпей, аяғының дəл қасына
қойылған кəмпитті алуды ұсынады (Ойын-
сауық., 237).
КƏМПИТЖАНДЫ с ы н. Кəмпит-
ті жақсы көретін, кəмпит жегенді
ұнататын.
К Ə М П И Т Ж А Н Д Ы Л Ы Қ з а т.
Кəмпитті жақсы көретіндік, кəмпит
жегіштік (Ө. Қанахин, Дəмелі, 202).
КƏМПІРЕК з а т. с ө й л. Кампорка.
Д. Исабековтың «Тіршілік» повесіндегі к
ə м п і р е к, сыпыра, қозапая, түніке, шы-
жым, морошақ, нымша, көк набат, шайла,
барқадар секілді сөздерге құлағымыз елең
еткені рас (Қаз. əдеб., 23. 12. 1977, 2).
КƏМШАТТАЛ е т. Кəмшатпен
сəнделу, кəмшатпен көмкерілу. Түйеңде
алтындаған қомың болсын, Жағасы к ə м
ш а т т а л ғ а н тоның болсын. Алдыңнан
ақ отауың құшақ ашып, Шалқысын бағың
жанып, жолың болсын! (Қ. Толыбаев, Баба-
дан., 149).
К Ə М Ш АТ Т А Л У К ə м ш а т т а л
етістігінің қимыл атауы.
КƏМІЛ с ы н. а р. Толысқан, толық,
жетілген. ≈ К ə м і л адам.
КƏНИЗАК з а т. к ө н е. Жаугершілік
заманда қолға түскен қыз бала немесе сұлу
əйелдерді топтап хан сарайында ұстау
дəстүрі. Өзінің эпикалық дастандарында
Навои Фархад пен Шырын сияқты құл мен
к ə н и з а к т ы ң ұмытылмас, замандық
бейнесін жасады (Лен. жас, 22. 02. 1973, 3).
КƏНИЗАКТІК з а т. Кəнизак бол-
ғандық, кəнизак еткендік. Мысалы, жас
өспірімдерді, бой жеткен қыздарды, жас
əйелдерді зорлап құлдыққа, к ə н и з а к
т і к к е, күңдікке алып кету дұшпанның
басты мақсатына айналған (М. Тəтімов,
Демография, 41).
КƏҢГІРЛЕТ е т. Даңғыр-дүңгір еткізу.
Соңғы кезде ұнатып тыңдап жүрген «Көше
əндерін» қазір де к ə ң г і р л е т і п келеді
(Ж. Қорғасбек, Жынды., 112).
КƏҢГІРЛЕТУ Кəңгірлет етістігінің
қимыл атауы.
КƏПІРСУ з а т. с ө й л. Арақ. Əлгі өзіңіз
айтқан, Ереке, к ə п і р с у д ы пиғылына ал-
маса болғаны да (М. Айымбетов, Құмөзек.,
70). - Əй, əңгүдік шірік! К ə п і р с у ы ң
д ы неменеге өңмендетіп тықпалай бере-
сің! Емешең құрып бара жатса, ана кер-
жік қатыныңның қасында отырып іш
(Бұл да, 141).
КƏПЕРСІЗДІК з а т. с ө й л. Қаперсіз-
дік. Төрт түлігін алдына салып айдап, қыр
асып барады. Соншалық бір к ə п е р с і з
д і к (О. Бөкеев, Өз отыңды., 17).
КƏР: Кəр қылды. ж е р г. Қаперіне
алды, еледі, ескерді. Сəждаға мойынсұнып,
сынатын мезгілің жеткен жоқ па деп бетіне
талай шыжғырып басқаны да бар, оны
к ə р қ ы л а т ы н Жарамазан көрінбейді
(О. Сəрсенбаев, Жақсының көзі, 28).
КƏРБІ з а т. ж е р г. Карта ойынының
бір түрі. Ақаш та алтыншы қолға ие боп
біраз к ə р б і ойнады (С. Лəмбеков, Əке
жолы, 58).
КƏРЕЗ з а т. к ə с і б. Балауыз ұяшық-
тары (сотка). Балды омартадағы бала-
уыз ұяшықтардан (к ə р е з) алатыны да
баршамызға белгілі (Ол кім? Бұл не? 1,
174). Сондықтан ол балы бар к ə р е з д е р
д і ашып, араларды азықтандырып отырады
(Қазақст. ауыл шаруаш., №5, 1962, 59). Бал
к ə р е з і н і ң балауызын шайнау да өте
пайдалы (Алматы ақшамы, 03. 05. 1991, 5).
249
Байынқол Қалиев
КƏРНИЗ з а т. Үй қабырғасының ша-
тырмен ұштасқан сырт ернеуі. Үйдің
к ə р н и з і н е қарлығаштардың салған
ұясы бұзылмай əлі тұр (Ғ. Мұстафин, Көз
көрген, 75).
КƏРНИЗДІК с ы н. Кəрнизге жарарлық,
кəрниз боларлық. Бір машина қызыл
кірпіш, екі машина шатырлық, к ə р н и з
д і к ағаштар түсті, цемент, құм жеткізілді
(Ə. Тарази, Тасжарған, 327).
КƏРТАМЫС с ы н. с ө й л. Қартамыс.
– Əй, Дүке! Бұ к ə р т а м ы с шалдарды
қайтесің. Оларды қырық күн қуаласаң да қу
құмалақ түспейді (К. Ахметбеков, Ақдала,
2, 38). Мəселен, биені қасабалы (7-8 жасар),
сары қарын (8-9), сақа бие (10-12), к ə р
т а м ы с (12-14), кəрі бие (15-17), лақса,
жасаған бие (20-22) деп бөліп атай береді
(Ана тілі, 28. 10. 1994, 5).
КƏРІ: Кəрі шөңге... Өгіз арбаның
күпшегін майлап жатқан желбегей көйлекті
к ə р і ш ө ң г е н і де Қажымұрат танып
отыр (Қ. Ысқақ, Тұйық, 16). – Мен көпті
көрген к ə р і ш ө ң г е н і ң бірімін, қарағым.
Өзіңмен тілдесетін сөзім бар (Ə. Асқаров,
Таңд., 380).
КƏРІБАС з а т. м и н. с ө й л. Кəріптас.
Əлекең тас мəдениетінің өркендеуі белгілі
жұқа сарғыш түсті к ə р і б а с т а н (ян-
тарьдан) басталатынын еске салды (Білім
жəне еңбек, 1974, №5, 26).
КƏРІҚЫЗДАЙ ү с т. Кəріқыз секілді,
кəріқыз тəрізді. Етектен сыр еткізіп тікен
тартад, К ə р і қ ы з д а й бұтағын мойынға
артад. Түсіп кетті бытқылға шырматыл-
ған. Кейде алдынан жүргізбей тұрып қалад
(И. Байзақов, Құралай., 126).
КƏРІҚЫЗША ү с т. Кəріқыз секілді,
кəріқыз тəрізді. Рымжанның барғысы
келмейді. Қондыбай оған «к ə р і қ ы з ш
а» жабысып айырылмайды, отауына зорлап
алып кіреді (Х. Мустафин, Қыр жігіті, 99).
КƏРІЛЕНДІР е т. Түрін кəрі етіп
көрсету. Сауалды пішіні, көкшіл көзі –
бəрі бір жерден құйылыс тауып, кескін
нобайын тым к ə р і л е н д і р і п жіберді
(Таң нұры, 22).
КƏРІЛЕНДІРУ Кəрілендір етістігінің
қимыл атауы.
КƏРІПТАС з а т. м и н. Қылқан
жапырақты ағаштардың шайырында
пайда болған ашық қоңыр түсті жылтыр
минерал; янтарь.
КƏРІС з а т. Корея елінің байырғы
тұрғыны; корей. Яғни, к ə р і с те емес,
шүршіт те емес, өзіміздің қазақтар немесе
«қара орыстар» (Ə. Асқаров, Таңд., 126).
Барсам, колхоз кеңсесінде екі-үш к ə р і с
отыр екен, мен де қосыла кеттім (Жас
Алаш, 18. 07. 2000). Алайда қазақ тілі мен
орыс тілі менің өз ана тілім – к ə р і с тілінде
таза сөйлеуіме еш бөгет болған емес (Лен.
жас, 15. 11. 1983, 1).
КƏРІС: Кəріс белбеу. Кəріс матасы-
мен қапталған белбеу. Абайдың кигені
сондай өз елінің тымағы. Белінде кісе
белдік емес, жасыл түсті к ə р і с б е л б е у
(М. Əуезов, Таң. шығ., 1, 105).
Кəріс қалпақ. Кəріс матасынан тігілген
қалпақ. Əрі-беріден соң Мұратбектің
төбесіндегі сегіз сайлы к ə р і с қ а л п а қ
т ы ала қашатын (С. Сматаев, Бұлақ, 17).
Кəріс тілі. Корей халқының тілі.
Кəріс шəлі. Кəріс матасынан істелген
шəлі. Бастарына бөртпе, к ə р і с ш ə
л і н і бос салған жастау келіншектер-
дің киім киісі кент адамдарына ұқсайды
(С. Жүнісов, Ақан сері, 2, 142). Бесікті
үстінен өзінің үлкен к ə р і с ш ə л і с і м е н
жапты (Н. Ғабдуллин, Жігер, 79).
КƏРІСШЕ ү с т. Кəріс тілінде (сөйлеу),
кəріс тіліне (аудару). Кəріс к ə р і с ш е,
сыған сығанша сөйлейді (Ж. Қорғасбеков,
Жансебіл, 93). Əйелім аздап жапонша, аз-
дап к ə р і с ш е сөйлейді. Қызым өзбекше
сөйлеп жүр (Қ. Əбілқайыр, Текес., 124).
КƏРІСШЕЛЕ е т. Кəріс тілінде сөйлеу,
кəрісше айту, кəрісшеге аудару. Ол өзінің
қатты ашуланғандағы əдетімен ар жағын
к ə р і с ш е л е п сөйлеп, күріш арасына сіңіп
кететін (Т. Нұрмағанбетов, Жер иісі, 227).
КƏРІСШЕЛЕУ Кəрісшеле етістігінің
қимыл атауы.
КƏСЕКІ з а т. с ө й л. Кəсек. Сыртқа
шығуға жанталасып есік к ə с е к і с і н
жаңқалап шайнап тастапты (Д. Досжанов,
Жолбарыс, 152).
КƏСЕКІЛЕ е т. с ө й л. Кəсек жасау,
кəсек салу. Апасы к ə с е к і л е п төрт
бұрышты тақтай керме қағып беретін
(Д. Досжанов, Жолбарыс, 214).
КƏСЕКІЛЕУ Кəсекіле етістігінің
қимыл атауы.
КƏСТЕЛШІ з а т. к ə с і б. Жер (көмір)
қазудың əдіс-тəсілдерін, сырын білетін
маман адам (костыльщик). Мен алғашқыда
250
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
жер қазушы болып істедім де, кешікпей-ақ
к ə с т е л ш і болдым (А. Сейдімбеков,
Серпер, 73). Ол кездегі ұғым бойынша к ə
с т е л ш і дегенің біраз жұмыстың орайын
білгенде ғана берілетін мамандық (Бұл да).
КƏСТӨМ з а т. Ер адамдардың пенжек
пен сымнан тұратын жеңілдеу сырт киімі.
Иығынан сыпырылып түскен к ə с т ө м
і н етегінен, жеңінен жармасқандардың
қолында қалдырып, мəшинеден қаба
сақалға ілесе секірді (Ж. Қорғасбек,
Үлпілдек, 138). Оның ар жағында абдырап,
к ə с т ө м і н і ң түймесін сала алмай əлек
болып жатқан əкесі (Т. Əбдікұлы, Парасат.,
74). Сонан соң неше жылғы тер сіңген,
əбден күн қағып, түрі өзгере бастаған ескі
к ə с т ө м і н иығына іледі (Ж. Əлмашұлы,
Тар дүние, 482).
КƏСТӨМ-ШАЛБАР з а т. Кəстөм-
шалбарымен; сым-кəстөм. Сол күні-ақ
«əкеміздің көңілін көтерейік» деп шапан,
к ə с т ө м - ш а л б а р т.б. сыйлықтарын
алып бардық (Н. Исабаев, Өмір., 541).
КƏСТӨМШЕҢ ү с т. Үстіне тек
кəстөм киген. К ə с т ө м ш е ң ақ сары
жігіт алдымнан шықты (Б. Соқпақбаев,
Өлгендер., 160).
КƏСІПШІЛЕР: Кəсіпшілер одағы.
Белгілі бір кəсіп иелерінің бірлестігі.
Мəселен, к ə с і п ш і л е р о д а ғ ы деудің ор-
нына – кəсіби одақ деу, сын деудің орнына
– сыни деу, əлемдік деудің орнына – əлеми
деп айту келіспейді ғой (Ғ. Мүсірепов: Қаз.
əдеб., 26. 03. 1982, 7).
КƏТЕК з а т. к ə с і б. 1. Кемелердің
астына төселетін бөренелер. Ауылдың
бөркі қарайған еркегі түгел жиылып,
кемелерді құрлыққа шығарып, к ə т е к к е
қойды (Ə. Сараев, Тосқауыл, 205). 2. Авто-
машина жылжып кетпес үшін дөңгелегінің
астына тіреп қоятын темір немесе ағаш;
башмак (Ана тілі, 02. 10. 2008, 4).
КƏТЕКІ с ы н. ж е р г. Қалыптасқан,
тəжірибелі. Бұл алғашқы қадам үшін
жаман көрсеткіш емес. Тіпті к ə т е к і
шопандардың өзі қол жеткізе алмай жүрген
меже, – деген-ді (А. Мекебаев, Аңызақ,
67). Кəнігі зергер к ə т е к і Кездік соқса
кемсінбей Өткізіп сыннан шыңдайды
(Т.Ізтілеуов, Назым, 42).
КƏТЕП з а т. Түйенің бір тұқымы.
Жүгін ауырсынған қомпақ қарын, айыр
өркеш түйелер алдындағы ұзын борбай,
адуын мінез к ə т е п т е р г е жетем деп,
зорлана қимылдайды (Қ. Құрманғалиева,
Атырау., 98).
Достарыңызбен бөлісу: |