Қазақ тілі. 7 сынып. Бөлім: Наурыз
Сабақтың тақырыбы. Наурыз
Оқу мақсаты: 7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме, өзіндік стильде(репортаж) жазу
Тапсырма. Жұптық жұмыс.
Облыстық Наурыз мерекесіне арналған іс шараларға тікелей репортаж жасаңдар
Репортаж – шын фактілер мен оқиғаларды дәл, іле-шала көрсете алатын жанрдың бірі.
Репортаж негізінен 3-ші жақта баяндалады.
Репортаж, әдетте, бір оқиға төңірегінде жазылғандықтан нақты фактіге құрылуы керек. Басты міндет — шындықты көрсету. Жалпы алғанда, репортаж ауызекі сөйлеу және кітаби стилмен жазылады. Ал, ауызекі сөйлеу стилі болса, автордың «менімен» тығыз байланысты. Бәрімізге белгілі бұл екі стилдің жазылуы өте жеңіл әрі баршаға түсінікті болып келеді.
«РИКА» арнасы Наурыз мейрамының құрметіне «Армысың, арғымақ жыл» атты телефестиваль өткізіп жатыр. Телефестиваль наурыздың 14-і күні басталды. 9 күн бойы жалғасады. Осы аралықтағы әр күннің өз атауы бар. Сондай-ақ, символы белгіленіп, бекітілген. Мысалы, наурыздың 14-і шуақ күні деп белгіленіп, символы бәйшешек болды. Сол сияқты тағзым күні (символы-алақан) Нұрпейіс Байғаниннің өмірі мен өнері туралы айтылды. Наурыздың 17-сі - үйлесім күні. Бұл күні ұлттық музыка жауһары- күй өнері насихатталады. Мақсат- әр күн сайын ұлттық құндылықтарды насихаттау. Арнайы хабарлар циклі наурыздың 22-сі күні көрсетілетін мерекелік мюзиклге ұласады. Біз НАУРЫЗдың этнографиялық естелік күні ғана болып қалғанын қаламаймыз. Телефестивальдің ең басты мақсаты да -осы: http://www.rikatv.kz/programms/armysy-ar-yma-zhyl.html
Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті
Бөлімі: Жаһандық энергетикалық дағдарыс 3-сабақ
8.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала жазу;
Жазылым.
4. тапсырма «РАФТ» әдісі Топтық жұмыс
«Балама отын көзі тиімді» тақырыбында жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, мақала жазыңдар. Топқа оқып беріңдер.
|