Берілген мәтінге сәйкес сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастырыңдар.
1-топ Берілген тірек сөздер арқылы әңгіме құрастырыңдар.
2-топ Ш Уалиханов мәтініндегі деректерді пайдаланып, «Хронологиялық жылдар» тезисін толтырыңдар.
3-топ Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастырыңдар.
7 сынып Қазақ тілі 1. Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика 1-тоқсан
Оқу мақсаты: 7.3.3.1 мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу.
Тапсырма: Берілген мәтінге сәйкес сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастырыңдар.
Жаңа сөздермен жұмыс: Қарлы жаңбыр – ерте көктемдегі және күздегі қар аралас жауын.
Нөсер – төгіп-төгіп жауып, тез аяқталатын будақ жаңбыр.
Соқыр жауын – күн көзі шығып тұрғанда жауатын ұсақ тамшылы өткінші.
Сіркіреме – өте ұсақ тамшы түрінде түсетін майда жауын.
Сел – қар мен мұздың еруінен нөмесе қатты нөсер салдарынан болатын су тасқыны.
Бұлт – судың жылу әсерінен аспанға көтеріліп, буға айналған түрі. Атмосферадағы өте ұсақ су тамшылары мен мұз түйіршіктерінің жиынтығы.
Ақша бұлт – ашық күнде аспанда қалқып жүретін түйдек-түйдек ақ бұлт.
Қара бұлт – түнерген қараңғы бұлт.
Көшпелі бұлт – көкжиектен саумалай көтеріліп, тез көшетін бұлт.
Сұр бұлт – аспанды жаппай торлап, төрт-бес шақырым биіктікте жүретін тұнжыр бұлт.
Мәтін түрлеріне ереже шығару:
1.Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер іс-қимылды білдіреді. Сұрағы: Не істеді?
2.Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер заттың сынын білдіреді. Сұрағы: Қандай?
3.Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. Сөйлемдер себебін ашып көрсетеді. Сұрағы: Неліктен?