Сабақтың тақырыбы: 5-сынып. Қазына аралына саяхат
Ең алдымен, бірінші тапсырмада оқушылар «Қазына аралы» туралы мәтінмен танысады. «Теріп алу» әдісі бойынша тірек сөздерді тергізіп алады. Бұл бірінші тапсырма.
Екінші тапсырмада осы тірек сөздерге «4 сөйлем» немесе «ПОПС» әдісімен сөйлемдер құрайды.
Бірінші сөйлем «Менің ойымша, … »
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
Үшінші сөйлем «Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын … »
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мынадай қорытындыға келдім …»
Үшінші тапсырмада эссенің құрылымы түсіндірілсе, оқушы эссе жазуға толық дайын деген сөз.
7 сынып Қазақ тілі
Бөлім:Спорт және денсаулық. Фонетика 1-тоқсан
Сабақтың тақырыбы: Жеңіл атлетикаға қатысамын.
Оқу мақсаты: 7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)
Жетістік критерийі:
Тапсырма:
Жеңіл атлетика спортымен айналысудың күшті, әлсіз, мүмкіндіктері мен қауіптерін (SWOT) КӘМҚ әдісі арқылы өмірден мысалдар келтіріп, өз көзқарастарыңмен жазыңдар.
S. Күшті жақтары
(Strengths)
|
W.Әлсіз жақтары
(Weaknesses)
|
O . Мүмкіндіктері (Opportunities)
|
T. Қауіптер (Threats)
|
Күшті жақтары:
Жеңіл атлетиканың жаттығулары адамды сергітіп, адам ағзасының жақсаруына әкеледі, шыдамдылық деңгейін жоғарлатып, әр түрлі ауруларға қарсы тұрады. Жеңіл жаттығулар жоғары деңгейдегі спортшының дене, қимыл-қозғалыс сапасын жақсартады.
Әлсіз жақтары: Адамның қозғалу белсенділігінің төмендеуі, экологияның бұзылуы адам ағзасына зиян келтіруде. Аурулар мен жұқпалы аурулар тізімі артып, адам ағзасы әлсіреуде. Ертеде қарт адамдарауырған аурулар бүгінгі таңда «жасарды», сол себептептен адамдардың өмір сүру ұзақтығы қысқарды. Қимыл белсенділігінің төмендеуі─ол адам өміріне қарсы әсер ететін өте жағымсыз фактор.
Мүмкіндіктері: Сонымен қатар жаңадан өсіп келе жатқан жастар мен әлсіз адамдардың, қарттардың да денсаулығына жақсы әсер етеді. Жеңіл атлетиканың, көбінесе, әскер мен әскери қызметтегі адамдарға пайдасы зор. Жаттығулардың оңай түрі қарапайым адамдарға жеңіл атлетиканың әр түрімен,қала мен ауылға қарамай, барлық жерде айналысуға мүмкіндік береді. Жеңіл атлетикадағы спорттық жаттығулар мен жарыстар спортшының өз-өзін бағалауы мен алға қойған мақсатына жетуіне, мінезін қалыптастыруға, психологиялық бағытын жөндеуге көп көмек береді.
Қауіптер: Қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.
Кростық жарысқа қатысу үшін, әсіресе, жаңадан бастаған спортшылар мен мектеп оқушыларына арнайы дайындық қажет. Жұмсақ грунт, жергілікті жердің ойлы-қырлы жолдары, әр түрлі бөгеттерден өту, осындай жағдайлар кростық жүгірудің техникасын айқындайды.Кростық жүгіру адымының құрылымы жағынан орта қашықтыққа жүгіру әдісіне ұқсайды. Аяқты қою грунтқа байланысты, яғни жердің сапасына байланысты (ол жер шөп, құм немесе асфальт болуы мүмкін). Негізгі мақсат – жүгіру жылдамдығы мен мықтылығын сақтай отырып, жарақат алмау.
Достарыңызбен бөлісу: |