Жинақы мәтін формалары: Тезис, Аннотация, Презентация, Конспект
Кесте , Схема , Тезистік жоспар, Ықшамдалған мәтін.
Жинақы мәтін құрастыру жолдары:
Мазмұндық өңдеу:
- Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау.
- Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.
- Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.
- Мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету. Мысалы: Абай айтқандай..., «Ұлан» газетінде ..., Мақалада «.....» берілген, т.б.
Мәтінге тілдік өзгерістер енгізу:
- Алынған ақпаратты барынша қысқа беру үшін лексикалық, грамматикалық бірліктерді дұрыс таңдай білу. Мысалы:
- Қайталауларды жалпылауыш сөздермен алмастыру;
- Сөздерді синонимдермен алмастыру;
- Бірнеше жай сөйлемді бір құрмалас сөйлемге немесе құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдыру.
Жинақы мәтін түпнұсқа мәтіннен 75 % дейін қысқа болады.
Егер кітап болса, түпнұсқа мәтіні 99% ықшамдалады.
Өз ойларыңды жинақы мәтінге қосуға болмайды. Жинақы мәтін тек автор идеясынан ғана тұруы керек.
Мәтінге қойылатын талаптар:
– тақырыптан ауытқымау;
– әдеби тіл нормаларын сақтау;
– мақал-мәтел, фразеологиялық тіркестерді қолдану;
– өзіндік ойы мен көзқарастарын жүйелі жеткізу.
Жинақы мәтін жазудағы мақсат - оқырманды мәтін мазмұнының негізгі идеясымен таныстыру және түпнұсқаны оқуға кететін уақытын үнемдеу.
Қазақ тілі. 5 сынып. 7 бөлім. Көлік және жол белгілері.
Сабақтың тақырыбы. Су көліктері.
Оқу мақсаты: 5.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.
Тапсырма. Топтық жұмыс.
Су көліктері мәтінін мұқият тыңдаңдар. Негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазыңдар.
Жетістік критерийі:
қарапайым жоспар құру кезінде берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдердегі негізгі ойды қамти отырып жазады.
Мұғалім оқушыларға үлгі ретінде мына жұмысты ұсынуына болады.
Достарыңызбен бөлісу: |