Жазушы Шәміс Құмарұлы 15. 04. 1952 жылы Қытай халық республикасының Мори қазақ автономиялы



Pdf көрінісі
бет12/28
Дата08.01.2017
өлшемі1,22 Mb.
#1414
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
айтқанын істе, істегенін істеме» деген сөзді естіген шығарсың? 
 
_ Иә, естігемін,_ деп Бекбай еріксіз басын изеді. _  Онда  неге  молланың  айтқанын  істеп  , 
істегенін істемейміз? 
 
_  Мүмкін,_  деді  Бекбай  күмілжіп,  молланың  айтатыны  құран  сөзі  ғой,  оған  шек  келтіруге 
болмас, ал молла қанша дегенмен пенде ғой, оның істерінің кейбірі шариғат жолына түспей қалатын 
шығар. 
 
_Міне дәл осы жерінде,_деп Суайт ернін            жымырып Бекбайға тесіле қарады,_ құран сөзі 
шын ба? 
 
 
_ Құран сөзі шын,_ деп Бекбай басын изеді.  
 
_  Онда  кейбір  құлқынның  құлы  болған  моллалар  құдайдың  сөзін  басқаларға  қанша 
айтқанымен және өзі оған сенбейді. Сенсе оған қайшы іс істемесе керек. Адам деген ақымақ , шынға 
сенбей өтірікке сенетіні осы . 
 
_ Алла,_ деді Бекбай,_ қасыңда бін-екі ай жатсам, мені төрт тұрманы толық өзің сияқты нағыз 
Суайттың бірі етіп жетістіріп шығарады екенсің.  
 
_ Әрине, алдымен адам болу үшін, Суайт болу керек.  
 
_ По,_ деп Бекбай алдарындағы ыдыстарын жиыстыра бастады.   
 
Осылайша Бекбай мен Суайт кеңесе отырып түйенің көзіндей қара нандары мен қара суларын 
ішіп қаужанып алды. Олар тағы да қысыр кеңеске түскен болатын. Күн  сиыр түс  болған шақта бір 
қара иек қартаң әскер келіп, есіктің тесігінен сығалап : 
 
_ Бекқазы осында ма?_ деді. 
 
_ Осында,_ деп Суайт дауыстады. 
 
_ Онда киім-кешегіңді алып шық,_ деді әскер. 
 
_ Мұндағы қайдағы Бекқазы,_ деді Бекбай таң қалып.   
 
_  Бекқазы  деген  менмін  деп  киіміңді  көтеріп  шық  ,  қоя  бергелі  келген  сияқты.  Егер  атың 
Бекбай екен десе нақ атым Бекқазы болатын деп тұрып ал,_ Суайт Бекбайдың алды-еркіне қаратпай, 
киімдерін  кигізіп  есік  алдына  итермелеп  әкелді.  Онымен  қоса  өзінің  көнетоз  саптама  етігін 
қолтығына  қысып  берді.  Суайттың  күшімен  есікке  келгенімен,  Бекбайдың  жүрегі  дүпілдеп  қатты 
қорқып кеткен еді, қайта-қайта Суайтқа қарап жапақтай берді. 
 
Соның арасынша есік сылдыр етіп ашылды. 
      _Бекқазы  киіміңді  көтеріп  шық  ,  сен  үйіңе  қайтатын  болдың,_  деп  қара  иек  сақшы  күлімсіреп 
жылы рай білдірді. 
 
Бекбай  сонда  да  қуана  қойған  жоқ.  Өтірік  Бекқазы  болғаным      ашылып  қала  ма  деп  қатты  
қорыққандықтан  жүрегі  дүп-дүп  соғып,  көңіл  күйі  қуанғаны  қайсы,  қорыққаны  қайсы  әйтеуір  бір 
түрлі қобалжулы күйге түсті. Бекбайда  киім дейтін пәлендей киім-кешек жоқ болатын. Өткен қыста 
қасында  жатқан  бір  азамат  кетерінде  көне  сеңсең  ішігін  тастап  кеткен.  Соны  иығына  жамылып, 
Суайт берген етікті қолтығына қысқан беті далаға шықты. Қара иек сақшы абақтының есігін асықпай 
құлыптаған соң : 
 
_ Жүр,_ деп Бекбайдың бетіне қадала қарады. 
 
Бекбайдың жүрегі зу ете түсті. «Мына сұмырай неге қадала қарады, мені біліп қалды ма» деп 
ойлады. Бірақ қара иек сақшы Бекбайдан ештеңе сұраған жоқ.   
 
Бекбай  алғаш  абақтыға  түскенде  екі  беті  қып-қызыл,  тым  семіз  болмаса  да,  екі  бетінің  еті 
толық, қара торы азамат еді. Бұл шақта қысы-жазы көп күн көрмегендіктен өңі әппақ шөлмек болып, 
ұрт еттері суалып, екі беті етінен арылып пышақ жанығандай болып әбден арықтаған болатын. 
 
Қара  иек  сақшы  Бекбайды  абақтыдан  алып  шыққан  беті  түрменің  сыртқы  босағасындағы 
жалғыз  ауыз  еңселі  там  үйге  ертіп  келді.  Мұнда  боғағы  салақтаған  қап-қара  біреу  семіздіктен 

жарылғалы  отыр  екен.  Ол  Бекбайға  қадала  қарап  үнсіз  сәл  отырды.  Онан  соң  оң  қолымен  сол 
қолының саусақтарын бірден тартып сықырлатып-сықырлатып алып : 
 
_ Жә, сен қайтасың. Бастықтың бұйрығы солай.  
 
_Бекбай қуанып кетті. Баяғыда осылар алған қоржынын, атын сұрағысы келді. Бірақ Бекқазы 
екенімді біліп қоя ма деп қыпылдап әрең тұрғандықтан үндеген жоқ. Семіздің дауысы таныс сияқты 
сезілді. Алғаш келгенде, кішкене бөлмеде үсіп өлгелі қалғанда, «оты бар абақтыға апарыңдар» деген 
сақшы осы екенін біле қойды.  
 
_ Жә, жігітім, бізге беріп қойған бірдеңең жоқ па еді?_ деді семіз сақшы. 
 
_ Атым бар еді,_ деп Бекбай ақырын міңгірледі. 
 
_Әй,_  деп  семіз  сақшы  ырғалып  қара  иек  сақшыға  қарады,_  мынаны  ана  қорадағы  аттарға 
апар. Өз атын таныса алсын, тани алмаса бір ат беріп ауылына түзу қайтарып жібер. 
 
_ Құп,_ деді қара иек сақшы.  
 
_ Онда, кетіңдер,_ деп семіз сақшы қолын сілтеді.  
 
Қара  иек  Бекбайды  ертіп,  қалашықтың  аяқ  жақ  шетіндегі  үлкен  ат  қораға  келді.  Мұнда 
жұпыны  сары  киімді  екі  әскер  аттарға  шөп  салып  жүр  екен.  Қара  иек  сақшы  оларға  қолыдағы 
қағазды көрсетіп еді, Бекбай екеуін ат қораға кіргізіп жіберді. Қораның ішінде жиырмаға жуық ат бар 
екен.  
 
_ Мына аттарды бірден көріп аралап шық , ішінде өз атың бар болса танып ал, өз атың жоқ 
болса  ,  біреуін  таңда,_  деп  қара  иек  сақшы  бұрыштағы  ерлердің  үстінен  ескі  қайыс  ноқтаны 
шылбырымен  алып  Бекбайға  берді.  «Суайттың  өтірікке  де  жүрек  керек  дегені    осы  екен  ғой  , 
қорықпайын  ,  не  де  болса  тезірек  құтылайын»  деп  ойлады.  Сөйтті  де  атын  іздетен  болып  аттарды 
жағалап келіп бір семіздеу торы атты көрсетті. 
 
_Мынау  менің  атым  сияқты.  Сол  күні  нағашымнан  сұрап  мініп  келіп  ем  ,  онша  түс 
тоқтатпаған екем. 
 
_ Ноқтаңды сал,_ деді қара иек сақшы. 
 
Алаңдап асығып әрең тұрған Бекбай сипалап келіп торы атқа лып еткізіп ноқта салып есікке 
жетелеп жетіп келді. 
 
_ Ерің қайда!_ деді қара иек сақшы.  
 
_ Атымды ерімен әкеткен еді,_ деді Бекбай күмілжіп.  
 
_ Қара, мына жиулы ердің ішінде сенің ерің бар ма, жоқ па?   
 
Қара иектің ауызынан шығысымен Бекбай ерлерді қопарып аудара бастады. Міне қызық, бір 
шетінде өз ері жинаулы тұр. Үстінде өзінің ноқта-жүгені де бар екен, қуанып кетті. 
 
_Менің ерім міне тұр екен,_ деп қара иектің рұқсатын тоспай-ақ ері мен ноқта-жүгенін әкеліп 
торы атқа ауыстырып салып, өз ерін лып еткізіп ерттей қойды. 
 
Қара иек сақшы Бекбайды ертіп тысқа шықты. Ол: 
 
_Біздің бастыққа рақымет айтпайсың ба?_ деп ыржия күлді. 
 
_Ауылымыз  Ертіс  бойында  жақын.  Бірнеше  күннен  соң  сіздерге  сәлемдеме  алып  ,  арнаулы 
келіп рахымет айтамын ғой,_ деп Бекбай өтірікті періп кетті. 
 
_Оның да жөн, мына ағаңды ұмытпайтын шығарсың,_ деп күлді қара иек сақшы. 
 
_ Сізге де көп рақымет, бастықтарызды іздегенде өзіңізді арнаулы іздеймін ғой,_деді Бекбай 
қауқалақтап. 
 
Осылайша  қара  иекпен  асығыс-үсігіс  қоштасқан  Бекбай  алды-артына  қарамай  қалашықтың 
шетіндегі  жалғыз  аяқ  жолға  ептеп  шығып  алды  да  «  Ертіс  қайдасың  »  деп  тарта  жөнелді.  Күннің 
ызғары қайтып көктемнің орта шені болып қалғандықтан сай-саланың бәрі сылбыраң еріген қардың 
суы екен. 
  
Бекбай әйтеуір Суайттың арқасында құтылғанын білді. 

 
Мынау жарық дүниеге келген әрбір жан иесі өзінің болашағын өзі белгілеп, өз тағдырын өзі 
шешеді делінсе, бұған адамдар сене қоймайды. Ал, бір жерден бір керемет әулие адам шығыпты, ол 
осы  дүниедегі  барлық  адам  пендесінің  болашағын  болжай  біледі  екен  делінсе,  бұған  барлық  адам 
түгел жапырыла сенеді. Мүны біз адамдардың танымы мен сеніміне қатысты нәрселер дей саламыз. 
Іс жүзінде олай емес. Егер сіз мынау адамзат жасап жатқан шексіз әлемнің бір бүйіріндегі жер шары 
сынды  жетім  аралдан  аулағырақ  кетіп,  қайтып  сол  жетім  арал  бетінде  жүрген  пенделер  ортасынан 
кез  келген  біреуінің  күнделік  қимылы  мен  кешуіне  үңілсеңіз,  сол  адамның  бір  күнде  қанша  түрге 
өзгергенін көріп өз көзіңізге өзіңіз сенбей қалар едіңіз.  Ол бірде әулиенің сөзін сөйлеп, албастыша іс 
істесе, енді бірде ортаға періште болып шығып, көп өтпей дүние қуып шайтанға өзгереді. Тағы бір 
кезде пайғамбар сияқты салауатпен көрініп, пайғамбарша сөйлеп, соңында, жазықсыз біреудің қан-
терін тонап қарақшы болып кетіп бара жатады. Бірақ бұған бола неше мыңнан бір сирек кезігетін, бір 
өзі  неше  миллион  адамның  тағдырының  шешілуіне  тиек  бола  алатын  данышпандардың  ролы  мен 
еңбегін  жоққа  шығара  алмаймыз.  Бірақ  сол  данышпандардың  да  сан  құбылатын  шағы  бар  екенін 
білгеніміз жөн. Ол бүгін неше миллион адамның бақыт жолын ашса, ертең неше миллион адамның 
қанына  ортақ  болуы  ғажап  емес.  Автор  бұл  жерде  пенде  біткенге  пәле  жауып,  суайтты,  яғни 
өтірікшіні ақтағалы отырған жоқ. Оны ақтаса да, қараласа да тек тарих ғана шешімін шеше   алады. 
 
Таң  қаларлығы  сол,  адамдар  аяқ  астынан  біреуді  әулие  деп  танып,  оған  басын  көтермей 
табынып  жатады.  Бірақ  ол  өзінің  сол  әулиеден  кем  соқпайтын  ақыл-парасатқа  ие  әулие  екенін  өзі 
білмейді.  Ал  өзі  табынып  жатқан  әулиенің  әлі  талай  нәрседен  хабары  жоқ,  кәдімгі  бір      жұрт 
арасындағы пенде екенін де білмейді. Біздің қазақтар: «Өз мінін білген данышпан» дейді. Екінің бірі, 
егіздің сыңары данышпан бала бермейді  ғой. Бұл да суайттың теориясын дәлелдейтін сияқты. Жер 
бетіндегі  әрқандай  адам  баласы  басқа  біреуді  түсініп  білгенді    қойы,  әуелі  ол  өзін  толық  түсіне 
алмайды. Тіпті мынау жапасы мен михынаты мол пәнни ғаламнан өзінің кім екенін     біле алмай-ақ 
жер  қойнына  кіріп  кетеді.  Мүмкін  Суайттың  теорияларының  іске  аса  беретіні  де  осы  факітті 
түсіндіретін  шығар,  адамдар  шыншыл  болуға  нәсихаттайды  да,  өтірік  арқылы  тәрбиелейді.  Әлі  ес-
ақылы  толық  жетілмеген  сәбилерді    «аю  келе  жатыр  немесе  үлкен  көк  қасқыр  келеді  ,  сені  жеп 
қояды»  деп  қорқытып  ұйықтатады.  Тамақы  да  өтірік  айтып  алдап  жегізеді.  Өтірік  айтып  алдап 
жұмсайды. Қойшы әйтеуір, сәби бала ер жеткенше бүкілдей өтірікпен тәрбиеленеді. Мүмкін, Суайт 
айтқандай,  адамдардың  шынға  сенбей,  ыңғай  өтірікке  сенетіні  де  осы  тәрбиенің  кереметі  болса 
керек. Қалай болса солай болсын, Бекбай үшін Суайттың өтірігінің айтақалсын пайдасы тиді. Бекбай 
ат үстінде Суайтты алқап келеді. Жоқ, ол Суайтты емес, Суайттың өтірігін алқап келеді ғой. 
 
                                          5 
 
 
 
Бекбай қаладан шығуын шықса да, Суайттың өтірігімен   шыққандықтан, өте қатты жүрді . Ел 
шұбырып  жатқан  үлкен  жолды  тастап,  адырдың  арасындағы  жолсызбен  кетті.  Ондағы  ойы: 
«Оқыстан менің Бекқазы емес екенім білініп соңымнан қуғыншы түссе ұсталып қалармын, қиналсам 
да,  із  жасырып  кетейін»  деген  ой  еді.  Сол  ойының  жетегінде  жолсызбен  бұрқырата  тартқан    ол 
бірдемде  Шеміршектің  бөктер  жазығына  ілінді.  Мынау  семіз  торы  ат  тегі  бір  атақты  бай  немесе 
әйгілі  билердің  бірінің  аты  болса  керек.  Қабақсоқтылардағы  қалың  сылбыраң  қарлардан  іркілмей 
өтіп, қамшы салдырмай лыпып келеді. «Осы жүріспен жүрсем, Алла жол берсін, ел жатарға таяғанда 
ауылға  да  жетермін»  деп  ойлады  Бекбай.  Бекбайдың  қуанғаны  сондай,  қарнының  ашқанын  да 
ұмытты.  Жатаған  адырдың  етегіндегі  өзекті  құлдап,  Қыран  мен  Ертістің  құйғанына  қарай  еңкейе 
тартты. Торы ат жүрген сайын ауыздығын қарш-қарш шайнап, екі  езуіне ақ көбік отаулап  тіпті үдеп 
кетті.Қыранның  ағарымен  Ертіске  жақындаған  сайын  даланың  қары  жұқарып  ,  қыраттар  қарайып, 
ала етектеп қалған екен. Қараңғы түсіп қас қарайып кеткенде Қыранның өткелінен өтті. Бекбайдың 

өзі  межелегендей  ел  орынға  әбден  отырып  жатуға  таяған  шақта  Қанағат  байдың  қыстау  қорасына 
жетіп  келді.  Міне  сұмдық!  Қыстау  қаңырап  бос  тұр.  Бірде-бір  үй  жоқ.  Жолда  аңғармаған  екен, 
бұрынғы лықсып отырған  қалың елдің көбі  жоқ секілді.  Сол маңдағы бірнеше қыстауға барып  еді, 
бәрінде ел жоқ екен. Ел бар қыстауларға барудан сақтанды. Қанағат байдың қорасына қайта келіп, 
атын іргеге арқандап қойып , тошала үйдің есігіне келді. Есігі аңырап ашық жатыр. Ішіне кіріп еді , 
сиырдың  тезегінің  исі  қолқасын  жарды.  Әлгі  қара  иектен  сіріңке  сұрап  алу  есіне  келмеген  екен  , 
іштей:  «Бір  қапшық  сіріңке  сұрап  алсамшы  »  деп  өкінді  .  От  жағатын  сіріңке  жоқ.  Тошала  үйдің 
қазан жағына Қанағат бай төсек етіп жататын топырақ сұпы бар еді. Көзі сәл үйренген соң сипалап 
солай барды.Сұпының үстінде  азырақ шөп бар екен, сол шөптің үстіне шығып киімшең қисая кетті . 
Дардай уақытқа дейін ұйқысы келмеді, миын түрлі-түрлі ойлар шырмап алды. «Ауылдағы байқұстар 
да менің пәлем тиетін болған соң  бір жаққа көшіп кеткен ғой» деп ойлады. Жаман тошаланың ағаш 
есігін  жауып  қойып  еді,  үй  іші  едәуір  жылынған  сияқты  болды.  «Ертең  елдің  жағдайын  сұрайтын  
біреу  кезігер»  деп  үмітін  ертеңге  артып,  құнысып  жатып  еді,  қуғыншы  келіп  осы  тошаланы 
ақтаратын сияқты сезінді. Оның үстіне екі аяғы да тоңа басталы , ол қайта тысқа шықты . Бұрынғы 
Қанағат байдың шөп жиятын шарбағында бір үйінді ескі шөп тұр екен. Бекбай қуанып кетті. Жүгіріп 
келіп арқандағы атын қайта шешіп әкеліп шөп үйіндісінің түбіне байлап қойды да, өзі шөпті  үңгіп 
кіріп  жатып  қалды.  Бекбайдың  қатты  ұйықтағаны  сондай  ,  күн  едәуір  көтерілгенде  барып  бір-ақ 
оянды. Күн шайдай ашық екен. Торы ат та шөпке әбден тойыпты. Шөп арасынан шығып бой жазып 
қора маңында арлы-берлі жүрді. Біраздан соң қарнының қатты ашқанын сезді. Атын ерттеп қойып, 
Жайнаның үйінің жұртына келді. Мұрнына бір кездегі отын алып жүргендегі Жайнаның тамағынан 
көтерілген жағымды иіс кеңсірігіне келіп ұрылғандай болды. Өзін ұстай алмай теңселіп кетті.Көзін 
жұмып аз тұрды, көз алдына Жайнаның жымиып ғана миығынан күлген әдемі сұлу кескіні елестеді. 
«Абақтыдан шықсам ауылға жетіп барамын ғой, сағынышпен сарғайған Жайнаға кезігем ғой» дейтін 
тәтті  қиялы  бір-ақ  көкке  ұшты.  Бекбай  өзінің  қаңғырып  далада  қалғанын  енді  білді.  Құлағына  бір 
кездегі Қанағат байдың : « Қайда барсаң да бала оқытасың, баласын оқыта алмай отырған ел көп, жау 
мал-мүлкіңді тонаса да, бойыңдағы біліміңді тонай алмайды» деген сөзі естілгендей болды . Бекбай 
көзін  ашып,  өзіне  таныс  қыстаулықтың  айналасына  көз  салып  тағы  біраз  тұрды.  Бір  кезде  бала 
оқытам деп өзін сұрап келген Әшім дейтін орташа ғана малы бар кісі есіне түсті.Онда Қанағат бай : 
 
_ Өз балаларым әлі сауатын ашып болған жоқ,_ деп Бекбайды Әшімге бермей қойған. 
 
Бекбай  ойлана-ойлана  атының  қасына  келді.  «Неде  болса  сол  Әшімнің  ауылына  барайын, 
артыма түскен іздеуші болмаса  біраз күн балаларына сабақ беріп, күн әбден жылынған соң  ауылды 
табайын»  деген  ойға  келді.  Әшімнің  ауылына  үш  жылдың  алдындағы  қыста  бір  барған  болатын. 
Атына  міне  салып  солай  тартты.  Бүгін  анық  байқады.  Бұрынғы  бай  ауылдар  отыратын  түңкелі 
қыстауларда бірде бір жан пендесі жоқ екен. «Бұл не сұмдық» деп Бекбай өзінен-өзі қайран қалды . 
Аяңдап Әшімнің қыстауына келді.Тошала үйден түтін шығып жатыр екен. Әшімнің ауылы бар екен 
деп Бекбай  қуанып кетті. Аттан түсіп үйге кіргенше сыртқа шыққан пенде болмады. Бекбай есіктен 
сәлем беріп кіріп келді. 
 
_ Ассалаумағалайкұм! 
 
_ Уағалайкұм уассалам!_ деп төрден қудай арық қара шал басын көтерді де күркілдеп булыға 
қатты жөтеліп жастығына қайта жантайды . Бекбай шалдың қасына таман келіп отырды. Шалдың дәл 
өзіне ұқсайтын ап-арық шүйкедей кемпір қазан жақта балшық  мешке от жағып күйбеңдеп жүр .  
 
Шал жөтелі басылып, тынысы сәл кеңейген соң, басын баяу көтеріп, Бекбайға тігіле қарады: 
 
_ Балам, қайсы баласың? Мен тани алмай отырмын ба? 
 
_  Сіз  танымайсыз  ғой.  Төменгі  Қанағат  байдың  жиені  едім.  Шұңқырдан  іздеп  келіп  едім. 
Ауылы жоқ екен.   

 
_  Е,  балам,  оларды  мынау  гомандаңды  елсіз  қалдырамыз  деп,  Өр  Алтайдың  партизандары 
өткен  жылы  көшіріп  кетті  ғой.  Ұзынқұлақтан  естуге  қарағанда,  сол  ел        қатты  жұтаған  сияқты  . 
Бірнеше  ауыл  ақ  қар,  көк  мұзда  осында  қайта  көшіп  келді,  малдарының  жартысынан  айрылып 
қалыпты деп естідім,_ деді . 
 
Мұнда кемпір-шалдан басқа ешкім көрінбейді. Шал ауру екенін Бекбай білді. Қара кемпір шәй 
қайнатып  әкеліп  құйды.  Бекбайдың  қарны  қатты  ашқан  еді,  құрт-ірімшік  араласқан  бидайды  жей 
отырып бір шыны шәй ішкенде маңдайынан тер бұрқ ете түсті. 
 
 
_Нағашымның  қыстауына  кеше  ақшамда  келгемін.  Онда  ешкім  жоқ  болып  шықты.  Сол 
маңайда жөн сұрайтын ел жоқ екен, далаға түнеп шықтым,_ деді Бекбай . 
 
_ Е, қарағым , далада түнегеніңді айтпасаңда біліп отырмын. Десе де мынау уақытсыз уақытта 
нағашыңды іздегенің қалай?_ деп шал шүңірейген көзін Бекбайға қадады. Бекбай дереу жал тапты .
 
 
 
_Дұрыс  айтасыз  ,  мынадай  уақытта  кісі  жолаушы  жүреме  ,  түрімнен  де  байқап  отырған 
шығарсыз.  Әке-шешем  өлген  жетім  едім  .  Байдың  жүйрік  атының  өліміне  себепші  болып  , 
нағашымды  паналағалы  қашып  келіп  едім  .  Бұл  ауыл  жоқ  болды,_  деді  Бекбай  жалғаннан 
мұңайынқы кескін байқатып. 
 
_  Оларды  Сартоғайға  барыпты  деп  естігем,_  деп  шал  басын  көтеріп  дастарқанға  жақындап 
отырды,_ сол өңірді қыстаған шығар, солай жағалап барсаң тауып аларсың. Ел іші ғой, біреу болмаса 
біреу біледі ғой .  
 
Айтарға  болмаса  Бекбай  аз  болса  да  дерек  ұққанына  қуанып  кетті.  Жолды  шалдан  сұрап 
алғысы келді: 
 
_ Сартоғай осы араға қанша күндік жер?_ деді.  
 
_ Атың мықты болса үш-ақ күндік жер, мынау қара өзек көктем шағы ғой , асықпай аяңдап 
отырсаң , үш қонып төртінші қоналқада Сартоғайдағы елдің шетіне ілініп кетесің. 
 
_ Сонда осы Ертісті жағалап өрлей берсем болатын шығар. 
 
_ Жоқ, балам, қазір мұз еріген жоқ, өткел бар ғой, осы тұстан өтіп ал да, Ертісті сағалап өрлей 
бер.  Адыр  арасында  көне  күре  жол  бар.  Сол  жолмен  жүрсең  ары  барғанда,  Беген  шабылған  қара 
сеңгір  алдыңнан қаздиып көрінеді. Сол қара сеңгірдің оңтүстік бөктерімен аз жүрген соң,  оңтүстік 
жағыңдағы ақдаланың жазығымен ойға қарай тартып отырсаң болғаны Сартоғайға жетіп барасың.  
 
Таңертеңнен  қалай  жүрерін,  Қанағат  байдың  ауылын  қалай  іздерін  білмей  дағдарып  қалған 
Бекбай,  енді  көзі  ашылып,  өзінің  жүрер  жолын  да  межелеп  үлгірді.  Шәй  ішіп,  дән  шайнап  едәуір 
қаужанып қалды. 
 
_ Үлкен кісі, сізге рақымет!_ деп Бекбай кетуге оңтайланып орнынан қозғалды.  
 
_ Әй, кемпір,_ деп шал таяғымен оң жақ бұрыштағы қапты нұсқады,_ мына балаға ана жемнен 
екі ілетін салып бер, талқаның болса    бір      шыны бер. Басына жаман күн туған азамат екен . 
 
Кемпірі  шалының  сөзін  екі  еткен  жоқ.  Қырық  құрау  ескі  жемқалтаға  жем  салып  Бекбайдың 
қолына ұстатты. Онан соң: 
 
Талқан  аз  қалып  еді,_  деп  матаның  бір  шаршы  қиығына  орта  шыны    талқан  түйіп  берді. 
Қоштасып есікке бет алған Бекбайды шал қайта шақырды: 
 
_ Әй, балам, бері бұрылшы.  
 
 Не айтарыңыз бар дегендей Бекбай сұраулы көзін шалға қадап қайта қайрылды. 
 
_ Асықпа , балам, тізеңді бүгіп аз отыр. 
  
_ Рақымет, үлкен кісі,_ деп Бекбай шалдың алдына бір тізерлеп келіп отырды.  
 
_ Жалғыз жолға шығыпсың, балам,  
ел  іші  тыныш  емес,  мына  Сарсүмбедегі  үкімет  Өр 
Алтайдың елі бұзылды деп қайта-қайта әскер аттандырып жатыр. Кім кезіксе де жөніңді айтпа , жоқ 

қарап жүрмін десең болды. Қанағаттың ауылыныкімін, ауылым Сартоғайда десең болды ғой,_ шал 
жөтеліп  алып  қайта  сөйледі,_  өзеннен  арғы  қабақта  біздің  ұл  аз  ғана  ұсақты  қайырып  жүр.  Күре 
жолдың зұрығын сол көрсетіп жіберсін. Жаныңда пышақ бірдеңе бар ма?  
 
_Сізге мың рақымет, жақсылығыңызды ұмытпаспын , жанымда пышақ жоқ еді,_ деп Бекбай 
шалға жалтақтай қарап орнынан түрегелді . 
 
_  Жолың  болсын,  балам!  Пышағың  жоқ  болса  мына  кездікті  ал,_  деп  шал  қонышынан  сары 
сапты  кездікті  алып  Бекбайға  ұстатты.  Бекбай  асығыс  шығып  атына  мінген  соң  ,  өзенге  қарай 
жөнелді.  
 
Өзеннің арасындағы шилі дөңге шығып, Қанағаттың қыстауына көз салды. Мыжырайған екі 
тошала  үйдің  шалғайдан  бұлдырап  төбесі  әрең  көрінді.  Көз  алдына  өзі  Сарсүмбеге  аттанарда 
Жайнаның  есіктерінің  алдына  шығып,  күлімсіреп  қарап  тұрғаны  елестеді.  Ел  жоқ  қаңырап  тұрған 
қыстауды қимай едәуір  уақыт қарап тұрлы. Кенет қыстауға  екі  атты адамның келгенін көрді.  «Иен 
қыстауға келген кім» деп ойлады. Сол екен, жүрегі зу ете түсті.  «Мені іздеп жүргендер болмасын» 
деді өзіне-өзі күбірлеп. Сөйтті де дөңнен желіп түсті. Өзеннің қой, сиыр шұбырып өтіп жүрген мұз 
өткелінен  асығыс  өте  шығып,  Ертістің  оңтүстік  жағындағы  биік  қабаққа  шығатын  тар  жылғаны 
өрлей жөнелді. Қабаққа да шықты. Қабақ үсті мидай жазық екен. Бекбай қорқып кетті. Әлгі жырамен 
қайта шауып түсіп, өзен жағасындағы бадамша талдың арасымен желдіре жөнелді. 
 
Осылайша  Бекбай  күн  батын  қас  қарайғанша  өзенді  жағалап  өрлеп  отырды.  Жол-жөнекей 
кезіккен қыстаудағы елдің біріне де бұрылған жоқ. «Менің атымды жалған айтып шығып кеткенімді 
біліп, соңыма қуғыншы түскен болса, бұл төңіректегі елдің бәріне ұқтырады ғой, бұл елден алыстап 
кеткенше  ешкімге  кезікпейін»  деп  ойлады.Түнімен  шөпке  тойып  тұрған  ат  әзірше  болдырар  емес, 
қамшы салдырмай бұрқыратып тартып келеді. Әйтеуір  елдің мал айдаған шуырынды ізі  біріне-бірі 
жалғасып,  көз  байланып,  ештеңе  көрінбей  қалғанға  дейін  адастырған  жоқ.  Қараңғы  түскен  соң, 
Ертістің оңтүстік қабағын жағалаған, сүрі қарды кесіп түскен болымсыз көне ізге түсіп алды.   «Бұл 
Өр  Алтайдан  келген  ,  немесе  кеткен  біреулердің  ізі  шығар,  осы  ізбен  кете  берейін»  деп  ойлады. 
Дегенмен Бекбайдың мөлшері теріс кетпеген екен. Түн ортасы болған мезетте,  жол қиялап Ертістің 
оңтүстік  жағындағы  биік  қабақтың  үстіне  шыға  жөнелді  .  Қабақ  үсті  тақыр  жазық  сияқты  сезілді. 
Жол анда-санла ғана болымсыз ағарлардан өткенімен, көбінде қары босай бастаған  жазықта келед. 
Бекбай  көзіне  ұйқы  тығылғанша  жүрді.  Ат  үстінде  қалғып  кеткен  екен,  шошып  оянған  Бекбай, 
атының бір топ шиге жайылып тұра қалғанын білді. Қарды есіп жатқан жол да көрінбейді. Атынан 
түсіп,  маңайын  байқап  еді,  екі  беті  жусанды  бір  шилі  қобыға  келген  екен.  Атын  шиге  арқандап, 
астына ат көрпесін салып, бір топ үлкен шидің түбіне жата кетті . 
 
Бекбай таң әбден ағарып атқанда оянды. Екі аяғы қатты тоңып жатыр екен. Аты жайылып тұр. 
Орнынан тұрып айналасына көз салды. Ұсақ сары адырдың ішіне келген екен. « Әлгі шалдың айтқан 
сары адыры осы екен ғой  » деп ойлады. Күндіз беті жібіп, түнгі қатқақта беті қабыршақтап қалған 
қарды  күтірлете  басып  Қобының  оңтүстік  жағындағы  дөңге  шықты.  Солтүстік  жағында  шығыстан 
батысқа  қарай  Алтай  тауы  мұнарлана  көсіліп  жатыр.  Түндегі  өзі  келген  жолдың  қайда  қалғанын 
білгісі келіп, қайта атының қасына келді. Атын ерттеп, шалдың үйі берген талқаннан бір-екі уысын 
қармен  араластырып    азырақ  оразасын  ашты.  Сонсоң  атына  мініп  ,  өзінің  келген  ізін  іздеді.  Аты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет