Жедел және шұғыл көмек



бет2/2
Дата19.09.2023
өлшемі260 Kb.
#108519
1   2
Пульмонология
1. Бронх демікпесінің ауыр дәрежесінде қандай ем тағайындайды:
1) Ингаляциялық кортикостероидтар
2) теофиллин тобының препараттары
3) Бета -2-агонистері қысқа уақытқа әсер ететін
4) Пероралдық кортикостероидтар
5) Сульфаниламидтер
2. Плевралық асқынулар қандай этиологиялы пневмонияға тән?
1) Стафилококктық пневмония
2) Стрептококктық пневмония
3) Вирустық пневмония
4) Микоплазмалық пневмония
5) Легионеллезды пневмония
3. Мес клеткаларындағы қандай ингаляциялық тұрақтандыратындарды білесіздер?

  1. Альдецин

  2. Тайлед

  3. Фликсотид

  4. Интал

  5. Интал-плюс

4. Қандай ингаляциялық қабынуға қарсы стероидты препараттарды білесіздер?

  1. Интал

  2. Ингакорт

  3. Тайлед

  4. Альдецин

  5. Фликсотид

5. Гипостатикалық пневмонияда не байқалады:
1) әлсіз біртіндеп ағым
2) Субфебрилді температура
3) шырышты-іріңді қақырықтың бөлінуі
4) клиникалық көрінісі айқын емес
5) жедел басталуы
6. Стафилококктық пневмонияны емдеуде эффективті препаратты атаңыз:

  1. Ампициллин

  2. Гентамицин

  3. антистафилококктық плазманы енгізу

  4. Цефамезин

  5. антистафилококктық иммуноглобулинді енгізу

7. Идиопатиялық фиброздаушы альвеолитке тән рентгенологиялық өзгеріс:

  1. өкпе суретінің күшеюі

  2. Сеткалы деформация

  3. өкпедегі склероз, фиброз ошақтары

  4. <сотылы өкпе>

  5. инфильтрация ошақтары

8. Фиброздаушы альвеолит диагнозын мына кезде қоюға болады:

  1. Бронхоскопия

  2. өкпенің трансбронхиалдық биопсиясы

  3. кеуде клеткасының томографиясы

  4. өкпенің ашық биопсиясы

  5. Спирография

9. Фиробронхоскопия жүргізуге абсолютті көрсеткіштер:



  1. өкпеден қан кету

  2. бронх ісігі

  3. бронхта бөгде зат бар екекнігіне күмәнданса

  4. созылмалы обструктивті емес бронхит

  5. Экссудативті плеврит

10. Плевра қуысындағы сұйықтық мөлшерін қай әдіспен анықтайды?

  1. кеуде клеткасының рентгенографиясы

  2. Бронхоскопия

  3. кеуде клеткасының УДЗ-і

  4. кеуде клеткасының томографиясы

  5. Бронхография

11. Бос плевралдық экссудат қай кезде анықталады?
1) 50-100 мл
2) 100-200 мл
3) 200-300 мл
4) 300-500 мл
5) 500-700 мл
12. Экссудативті плеврит мыналардың көрінісі болып табылады:
1) өкпе рагінің гематогенді диссеминациясы
2) плевра карциноматозы
3) лимфа түйіндерінің түбірлік метастазбен бітелуі
4) Мезотелиома
5) өкпенің орталық рагі
13. Идиопатиялық фиброздаушы альвеолитте қандай патогенетикалық ем жүргізіледі?

  1. Бронхолитиктер

  2. Кортикостероидтар

  3. Иммунодепрессанттар

  4. жүрек гликозидтері

  5. қақырық түсіретін препараттар

14. Бронхолитикпен сынама жасанда жылдамдық көрсеткіштері 65% төменбеуі, ал сынамадан кейін жоғарыламауы, сіздің болжамыңыз:
1) I дәрежелі обструкция , бронхоспазммен байланыссыз
2) I дәрежелі обструкция, І дәрежелі бронхоспазммен байланысты
3) IІ дәрежелі обструкция, бронхоспазммен байланыссыз
4) IІ дәрежелі обструкция, IІ дәрежелі бронхоспазммен байланысты
5) Д. IІІ дәрежелі обструкция
15. Бронхоэктаз аурудың негізгі диагнозын қоямыз:

  1. Бронхоскопия

  2. Бронхография

  3. кеуде клеткасының томографиясы

  4. Компьютерлік томография

  5. Спирография

16. Компенсация сатысындағы созылмалы өкпелік жүректің негізгі белгілері:

  1. өкпе артерия қысымының жоғарылауы

  2. бауырдың ұлғаюы

  3. жүректің оң бөлікткрінің ұлғаюы

  4. өкпе артериясында ІІ тон акценті

  5. шеткі ісінулер

17. Бронх демікпесінде симптоматикалық терапияға жататын препараттарды ата:
1) қысқа әсерлі бета-2 агонистері
2) қақырық түсіретін препараттар
3) Метилксантиндер
4) Холинолитиктер
5) Преднизолон
18. Обструктивті синдромда ФВД-ның негізгі көрсеткіштері:

  1. ОЕЛ

  2. ОФВ1

  3. МВЛ

  4. ЖЕЛ

  5. ООЛ

19. Атопичеялық демікпе кезінде тұншығу ұстамаларының алдын алуда ең тиімді препараттар:

  1. сальбутамол

  2. дитек

  3. астмопент

  4. интал

  5. интал-плюс

20.Созылмалы өкпелік жүректе қолданылатын препараттарды атаңдар:

  1. жүрек гликозидтері

  2. Симпатомиметиктер

  3. тас майы

  4. кальций антагонистері

  5. калий препараттары

21. Өкпедегі дисемминация синдромы келесі жағдайда байқалады:

  1. Эозинофилді инфильтрат

  2. Стафилококктық пневмония

  3. Экзогенді альвеолитте

  4. Гудпасчер синдромында

  5. Хамман-Рич синдромында

22. Пльманологияда қолданылатын цефалоспорин тобының антибиотиктері:

  1. Ровамицин

  2. Роцефин

  3. Мандол

  4. Сумамед

  5. Клафоран

23. Қандай ауруларда геморрагиялық сипатты плевралық сұйықтық бөлінеді?

  1. Пневмония

  2. Өкпе рагі

  3. Кеуде клеткасының жарақаты

  4. Бронхит

  5. Өкпе саркоидозы

24. Ұзақ уақыт жүйелі кортикостероидтармен емдегенде мыналар дамуы мүмкін:

  1. Стероидты жара, эрозиялар

  2. жалпы әлсіздік

  3. <ай тәрізді> бет

  4. жүрек қағуы

  5. жөтел

25. Қай препарат муколитикалық препаратқа жатады:

  1. Астмопент

  2. Теопэк

  3. Лазолван

  4. Амбросан

  5. Беротек

26. Стафилококктық пневмонияда ең тиімді препарат:

  1. Макролидтер

  2. Цефалоспориндер

  3. Аминогликозидтер

  4. жартылай синтетикалық пенициллиндер

  5. Метронидазол

27. ӨАТ-ң клиникалық белгілеріне не тән:

  1. қан түкіру

  2. Брадикардия

  3. кеуде клеткасындағы кенеттен ауыру сезімі

  4. ентігу

  5. Тахикардия

28. Бронх демікпесінің ауыр дәрежесімен ауыратын науқасқа қандай ем тағайындайды?

  1. Ингаляциялық кортикостероидтар

  2. теофиллин қатарының препараттары

  3. қысқа әсерлі бета -2-агонистері

  4. Пероралды кортикостероидтар

  5. үлкен дозадағы бета-адреноблокаторлар

29. Созылмалы бронхиттің ремиссия сатысындағы науқасты адекватты емдеу әдістері:

  1. шөп тұндырмаларын қолдану

  2. емдік физкультура

  3. атровентпен ингаляция

  4. кеуде клеткасының массажы

5.үлкен дозада кортикостероидтар қолдану
30. Жөтелгенде шоколад түсті күйген ет иісті қақырық бөлініп, өкпе тінінің деструкциясының тез дамуы қай пневмонияға тән:
1) Пневмококктық
2) Стафилококктық
3) Клебсиелалық
4) Вирусты
5) Микоплазмалық
31. Стафилококктық пневмонияның ауыр және толқын тәрізді ағымы кімде болады:

  1. балаларда

  2. егде адамдарда

  3. инфекциялық аурулары бар науқастарда

  4. созылмалы аурулары бар әлсіз адамдарда

5.созылмалы жүрек-қан тамыр аурулары бар адамдарда
32. Идиопатиялық фиброздаушы альвеолиттің ерте кезеңінде ретгенологиялық зерттеу жүргізу нені көрсетеді:
1) Инфильтраттарды
2) өкпе суретінің күшеюін
3) диаметрі 1 см жарықтануды (киста).
4) қарлы боран симптомы
5) Интенсивті айқын көлеңкелену
33. Вегенер гранулематозының жайылған түріне тән:
1) баяу ағым
2) найзағай тәрізді басталуы
3) Регрестеуші ағым
4) өршімелі ағым
5) қайтамалы ағым
34. Стафилококктық пневмонияда процесс қандай болады:
1) тек өкпе ұшы ғана зақымдалады
2) 2 жақты симметриялы
3) 1 жақты, шектелген, кейде плевраға ашылуы
4) альвеола, бронхиола зақымдалады
5) тек төменгі беліктері зақымдалады
35. Крупоздық пневмонияның асқынуларына жатады:

  1. Абсцестелу

  2. іріңді плеврит

  3. Перикардит, инфекционды-аллергиялық миокардит

  4. жүйке жүйесінің бұзылыстары

  5. бүйрек зақымдалуы

36. Стафилококктық пневмонияның еміндегі ең тиімді препарат:
1) Бронхолитиктер
2) Эритромицин per os
3) гипериммунды антистафилококктық плазманы енгізу
4) шеткі вазодилятатортар
5) Бисептол
37.Өкпенің тіршілік сыйымдылығы қай кезде төмендейді:

  1. жайылмалы пневмонияда

  2. Плевралық жабысуларда

  3. Пневмосклерозда

  4. өкпе эмфиземасында

  5. атопиялық демікпенің бастапқы сатысында

38. Өкпе қызметінің диффузды төмендеуі қай кезде байқалады:
1) кіші қан айналымындағы іркіліс
2) Бронх демікпесі
3) жедел пневмония.
4) өкпе эмфиземасы
5) Фиброздаушы альвеолит
39. Тұншығу ұстамалары мен астматикалық жағдайдың негізгі айырмашылық белгілері қандай?
1) тұншығу ұстамаларының айқындылығы
2) тұншығу ұстамаларының ұзақтылығы
3) жүргізілген ингаляциялық бронх кеңіткіш терапияға ресистенттіліктің жоғарылуы
4) глюкокортикоидтарға ресистенттіліктің жоғарылуы
5) дистанттық сырылдардың күшеюі
40. Бронх демікпесі кезінде шырышты қақырықтың көбеюі (тәлігіне 500 мл-ге дейін) нені көрсетеді:
1) бронхоэктаздың болуын
2) ұзақ уақыт бақылаусыз жаңа муколитикалық препараттарды қолдану (бисольван, муколтин, бронмгексин, ринитол т.б..)
3) созылмалы іріңді бронхиттің өршуі
4) <рикошет> синдромын
5) обструктивті бронхиттің өршуін
41. Бронх демікпесі мен трахеобронхиалдық дискенезияның салыстырмалы диагностикасындағы негізгі белгілер:
1) экспираторлық ентігу
2) науқастың жасы
3) ұстама тәрізді жөтел
4) тұншығу ұстамалары
5) эндоскопиялық және аспаптық зерттеу нәтижелері
42. Бронх демікпесінің бастапқы сатысында глюкокортикоидтар тағайындауға абсолютті қарсы көрсеткіш:
1) артериалдық гипертензияның ауыр ағымы
2) қан айналым жетіспеушілігінің 3 дәрежесі
3) Нефрит
4) асқазан мен 12 елі ішектің ойық жарасы
5) қарсы көрсеткіш жоқ
43. Созылмалы бронхит диагнозын көрсетілген жағдайдың қайсысында қояды?
1) науқас 4 апта бойы жөтелсе
2) науқаста 2 ай бойы продуктивті жөтел байқалса
3) науқаста 3 ай бойы продуктивті жөтел байқалса
4) науқас ұзақ уақыт жөтелсе
5) науқас жөтеліп, дене қызуы жоғарыласа
44. Обструктивті бронхите өкпенің қай бөлімі жиі зақымдалады?
1) Трахея
2) ірі бронхтар
3) орта бронхтар
4) ұсақ бронхтар
5) Респираторлы бөлігі
45. Тыныс алу жетіспеушілігінің 2 дәрежесі қай кезде диагностикаланады?
1) шағым жоқ
2) айқын жөтел, ентігу болмағанда
3) аздаған физикалық күштемеден кейін ентігу болғанда
4) шамалы физикалық күштемеден кейін ентігу болғанда
5) тыныштықта ентігу болғанда
46. Стафилококктық пневмонияда рентгенде қандай көріністер байқалады:

  1. Буллалар мен сұйықтыққа толы некроздық қуыс

  2. дөңгелек түзіліс

  3. жиі 2 жақты симметриялы процесс

  4. Пиопневмоторакс

  5. өкпелік диссеминация

47.Өкпенің шеткі рагі диагнозын қоюға көмектесін әдістер?

  1. Трансбронхиалдық биопсия

  2. өкпенің ашық биопсиясы

  3. Компьютерлі томография бағытталған биопсиямен

  4. Бронхоскопия

  5. кеуде клеткасының рентгенографиясы

48. Бронхография қай кезде жүргізіледі?
1) созылмалы бронхит диагностикасында
2) өкпенің диффуздық қабілетін анықтау үшін
3) бронхоэктазды диагностикалауда
4) өкпенің қалдық көлемін анықтауда
5) пневмонияны диагностикалауда
49. Бронхтардың экспираторлық коллапсын диагностикалаудағы ең негізгі зерттеу әдісі?
1) өкпенің сцинтиграфиясы
2) Компъютерлік спирография
3) Бронхоскопия
4) Бронхография
5) кеуде клеткасының рентгенографиясы
50. Созылмалы бронхитте қай сынама әдетте оң болады?
1) беротекпен сынама
2) атропинмен сынама
3) физикалық күштемемен сынама
4) аспиринмен сынама
5) суық ауамен сынама
51. Созылмалы бронхитте рентгенограммасының өзгерісі кімдерде байқалады:
1) науқастардың көбінде
2) 50% науқастарда
3) 30% науқастарда
4) байқалмайды
5) барлық науқастарда
52. Постуралдық дренаж дегеніміз не?
1) протеолитикалық ферментпен емдік бронхоскопия
2) дем шығаруда тынысты тоқтату
3) интенсивті қозғалыстан бір қырында жатып жөтелу
4) эуфиллинмен ингаляция
5) назотрахеалды катетеризация көмегімен бронхиалды бұтақтарды санациялау
53. Созылмалы обструктивті бронхиті бар науқастарды емдеуде бронхоспазмды болдырмас үшін антибиотиктерді қандай жолмен енгізу керек?
1) Пероралды
2) көк тамырға
3) бұлшықетке
4) Аэрозолды
5) электрофорез көмегімен
54. Компенсация сатысындағы созылмалы өкпелік жүректің негізгі белгілері:

  1. өкпе артериясында қысымның жоғарылауы

  2. бауырдың ұлғаюы

  3. жүректің оң бөлімдерінің ұлғаюы

  4. өкпе артериясының үстіндегі ІІ тон акценті

  5. шеткі ісінулер

55. Созылмалы бронхитте функционалдық сынаманың қайсысы оң болады?
1) беротекпен сынама
2) атропинмен сынама
3) физикалық күштемемен сынама
4) аспиринмен сынама
5) суық ауамен сынама
56. Созылмалы обструктивті бронхиті бар науқастарды емдеуде бронхоспазмды болдырмас үшін антибиотиктерді қандай жолмен енгізу керек?
1) Пероралды
2) көк тамырға
3) бұлшықетке
4) Аэрозолды
5) электрофорез көмегімен
57. Стафилококктық пневмонияда рентгенде қандай көріністер байқалады:
1. Буллалар мен сұйықтыққа толы некроздық қуыс

  1. дөңгелек түзіліс

  2. жиі 2 жақты симметриялы процесс

  3. Пиопневмоторакс

  4. өкпелік диссеминация

58. 42 жасар науқас, ауруханаға қызба -5 күн ішінде 39 градусқа дейін көтерілген, тотықты қақырықпен жөтел, ентігу, айқын әлсіздікке шағымданып түсті. Об-ті: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлық дыбыятың айқын тұйықталуы, сол жерде тыныстың естілмеуі анықталды. ЖСЖ-120 рет мин, АҚҚ-100/60 мм с.б. ЖҚА-эр.-3,8x10^1^2/л, Нв-142 г/л,
лейк.-12, 3x10^9/ л, солға ығысу белгілері, ЭТЖ-37 мм/сағ.
Қандай диагноз жайлы ойлайсыз?
1) Ошақтық пневмония
2) Туберкулез
3) Бөліктік пневмония
4) Бронхоэктатикалық ауру
5) Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
59. 42 жасар науқас, ауруханаға қызба -5 күн ішінде 39 градусқа дейін көтерілген, тотықты қақырықпен жөтел, ентігу, айқын әлсіздікке шағымданып түсті. Об-ті: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлық дыбыятың айқын тұйықталуы, сол жерде тыныстың естілмеуі анықталды. ЖСЖ-120 рет мин, АҚҚ-100/60 мм с.б. ЖҚА-эр.-3,8x10^1^2/л, Нв-142 г/л,
лейк.-12, 3x10^9/ л, солға ығысу белгілері, ЭТЖ-37 мм/сағ. Қандай зерттеулер диагнозды дәлелдейді?
1) ЭКГ
2) ЖҚА
3) Туберкулиндік сынамалар
4) Кеуде клеткасының екі проекциядағы рентгенографиясы
5) Құрсақ ағзаларының УДЗ
60. 24 жасар науқас, учаскелік дәрігерге дене қызуының 2 күн бойы 37,8 градусқа дейін көтерілуіне, құрғақ жөтелге, мұрыннан су ағуға шағымданып келді. Жөтел толассыз, кеудесіндегі сырылдармен қабаттасады.ЖСЖ-100 рет мин, ТАЖ-28 рет мин. Перкуторлық дыбыс өкпее үстінде қысқарсаған.Тыныс екі жақтан да қатаң, ысқырықты және ызыңдаған сырылдар естіледі. Сіздің диагнозыңыз және емдеу тактикаңыз?

  1. пневмония

  2. жедел обструктивтік бронхит

  3. ӨСОА (өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы)

  4. бронхиалдық демікпе

  5. бета2-агонисттер, муколитиктер

61. Учаскелік дәрігіерге жедел ларингит диагнозын қоюға көмектесетін белгілер:

  1. дауыстың қарлығуы

  2. әлсіз везикулярлық тыныс

  3. толассыз құрғақ жөтел

  4. кеуде клеткасындағы ауру сезімі

  5. птоз.

62. Бауыр және көкбауырдың үлкеюін анықтауға болады:
1) Парагриппте
2) Аденовирустық инфекцияда
3) Респираторлық-синцитиалдық инфекцияда
4) Риновирустық инфекцияда
5) Созылмалы В гепатитте
63. Амбулаторлық жағдайда баспаны емдегенде қолдануға болмайды:

  1. Антибиотиктерді

  2. Сульфаниламидтерді

  3. Миндалина маңайына физиоем

  4. Миндалиналарды шайқау

  5. Кеуде клеткасын ультракүлгін сәулелендіру

64. Оқшауланған бронхиалдық обструкция синдромына күдіктенуге болады, егер:

  1. күш түсу бронхиалдық демікпесі кезінде

  2. трахеобронхиалдық дискинезия кезінде

  3. кеңірдек және бронхтардың ісіктері кезінде

  4. түйіндік периартериит кезінде

  5. өкпе артериясының тромбоэмболиясы кезінде

65. Пневмониямен науқастардың реабилитациясының емханалық этапының жетістікпен аяқталғанын көрсететін критерилерді атаңыз:
1) рентгенологиялық инфильтративтік өзгерістердің толық қайтуы
2) қабынудың клиникалық белгілерінің болмауы және жағдайының жақсы болуы
3) шеткі қан анализінің көрсеткіштерінің қалыпты болуы
4) бронхиалдық өткізгіштіктің және қанның газдық құрамының көрсеткіштерінің қалыптасуы
5) дене қызуының жоғары болуы
66. 25 жасар науқас аяқ астынан ауырған. Қалтырау, бүйірінде ауру сезімі, тотық түсті тұтқыр қақырық мазалаған. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлық дыбыс тимпаникалық реңмен. Тыныс бронхиалдық,
крепитация. Рентгенде – оң өкпенің төменгі бөлігінде интенсивті го-
могенді бөліктік инфильтрация. Сіздің диагнозыңыз және әрі қарайғы тактикаңыз:
1) оң жақ өкпелік артерияның ұсақ тармақтарының тромбоэмболиясы , тамырлық хирургия бөліміне жатқызу
2) оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы,пульмоноло-
гиялық бөлімге жатқызу
3) өкпе туберкулезі туберкулездік диспансерге жатқызу
4) Фридлендердің пневмониясы , терапия бөліміне жатқызу
5) өкпенің орталық рагі бронхтың обтурациясымен ,онкологического диспансердің торакалдық бөліміне жатқызу
67. Пневмококтық пневмониясы бар, басқа қосымша аурулары жоқ жас науқасқа учакелік дәрігер қандай антибиотикті тағайындағаны жөн:
1) пенициллиндерді, оларға аллергия болғанда - макролидтерді
2) цефалоспориндердің I ұрпағын
3) аминогликозидтерді
4) цефалоспориндердің II ұрпағын
5) тетрациклиндерді
68. Созылмалы обструктивтік бронхит, созылмалы өкпелік жүрек және бірен-саран суправентрикулярлық экстрасистолалары бар науқастың негізгі еміне қандай дәріні қосқан жөн?
1) мукалтин
2) эуфиллин
3) сальбутамол
4) атровент
5) верапамил

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет