аграрлық инновация қазіргі уақытта күрт дамып, ғаламдану кезеңімен бірге
әр елге кеңінен таралуда. Бұл жердегі ең басты қағидат – уақыттан ұтылып
қалмау, бүгінгі жұмысты ертеңге қалдырмау. Иә, бүгінгі атқарылар жұмысты
ертеңге қалдырсақ, өркениет әлемінен кеш қалуымыз мүмкін. Бұған дәлел
жеткілікті. Ресей Ғылым академиясы биология институтының ғылыми
қызметкері Игорь Гольдман Оңтүстік Корея үкіметінің тапсырысы бойынша
кәдімгі ешкілерге қажетті генді енгізеді. Ондағы мақсат – ешкінің сүтінен
белгілі бір сырқатты емдеп, жазатын дәріні алу. Оңтүстік Корея үкіметі осы
мақсатқа арнап 200 млн. АҚШ долларын жұмсапты! Зерттеу-талдау
жұмыстарының ғылыми нәтижесі де кісі қызығарлықтай. Қазір Оңтүстік
Креяның ғылыми-зерттеу орындары адам гені енгізілген ешкілерден сауылған
сүтпен аса қатерлі – қан ісігі сырқатын емдей бастады. Бұлардан Канаданың
ғалым-дәрігерлері де қалысатын емес. Олар да кәдімгі ешкілерге өрмекшінің
генін енгізіп, сол арқылы әлемдегі ең мықты материалдарды шығара бастады.
Қазір бұл елде биотехнологиялық жетістіктердің тәжірибелеріне сүйене
отырып, адамның қанын қолдан жасау жұмысының әдістемелері жүзеге
асырылуда. Мұның өзі адам қанының жетіспеушілігі дейтін аса күрделі
проблеманы түбегейлі шешудегі елеулі қадам болып табылады.
Ғылым мен технологияда елеулі басымдыққа ие мемлекет – АҚШ-та
әріптестерінен қалысатын емес. ХХІ ғасырдың дәрі-дәрмек индустриясында
ешкі сүтінің ерекше орын алатынын бұл елдің ғалымдары да жақсы түсінді.
Сондықтан да олар қазірдің өзінде адам ағзасындағы белоктарды бере алатын
ешкілерді өсіруді қолға алды. Биотехнологиялық тәсілмен адам гені енгізілген
ешкілердің сүтін көптеген сырқаттарды емдеуге пайдаланады. Атап айтқанда,
зарин газынан пайда болатын жүйке аурулары, қан тамырының ісігін гендік
жүйемен өсірілген ешкілердің сүтінен дайындалатын дәрі-дәрмектермен
емдейді. АҚШ-та осындай жүйемен төрт бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстары
жүргізілген. Әрбір бағыттағы жобаны жүзеге асыру үшін 210-220 млн. доллар
жұмсалыпты. Осы айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады:
биотехнологияның кереметі – жан-жануарлардың гендік жүйесін біртіндеп
55
жетілдіру арқылы адамның өсіп-дамуына, белгілі бір науқастан емделуіне аса
қажетті дәрі-дәрмектер алуға әбден болады.