59
келі болатын бір компьютерді жасауға 240 тонна химиялық заттар мен1,5 тонна
су жұмсалады екен.
Солтүстік Мұзды мұхит пен Гренландия мұздықтарының еруі осы
жылдамдықпен жалғасатын болса, онда 2050 жылға дейін олар 20 пайызға
кеміп, нәтижесінде Тұманды Альбион елінде ауа райы күрт төмендемек. Оның
салдары жер шарына оттегі өндіретін тропикалық ормандардың жойылуына
апарып соғады. Мұздықтардың еруі бір жерлерге су тасқыны қаупін төндірсе,
кейбір жерлерді ауыз су тапшылығына ұрындырмақ. Ресей судан құрғақ
шығамыз деп бейқамдық танытуда, себебі басқа жақтарда ауа райы суыса,
Сібірдің сары шұнақ аязы жұмсармақ екен.
Қара алтын өндіреміз деп жер астын бос кеңістікке айналдырып
жатырмыз. Бүгінде мұнайға деген сұраныс жылына 70-80 млн. баррельді
құраса, 2010 жылы бұл сұраныс 90 млн. баррельге жетеді деп күтілуде. Ал
Әлемдік энергетикалық Консейттің есебінше, 2040-2060 жылдары әлемдегі
мұнай қоры түгелімен таусылады екен. Бұл да болса, бір апат. Себебі, бүгінгі
күн тұрғысынан қарағанда, мұнайсыз күн көру мүмкін емес сияқты. Нендей
өндіріс
орны болса, нендей де бір көлік болсын, барлығына
мұнайдан алынатын
өнімдер аса қажет.
Миланда өткен БҰҰ конференциясында АҚШ неліктен Киото келісіміне
қол қоймады? Себебі, көкейін тесіп бара жатқан мұнай мәселесі. Ғаламдық
апаттың алдын алу үшін жасалған Киото келісімінде парниктік эффектінің 55
пайызын туғызып отырған 55 ел қол қою керек болса, АҚШ пен Ресей ол
шарттан бас тартуда. Себебі, Киото келісіміне қол қойған елдер 2012 жылға
дейін ауаны ластайтын көмір қышқыл газын 92 пайызға қысқартуға мәжбүр
болады екен. «Біз бұл шартты орындасақ, кедейлікке ұрынамыз»-, дейді
ресейліктер.
Дүние жүзіндегі дамыған елдердің біріне саналатын Жапонияның
астанасы Токио көп ұзамай, жер бетінен жойылуы мүмкін. Сол елдің
сейсмологиялық жағдайын зерттеп жүргенғалымдар жер сілкінісі салдарынан
алдағы 50 жыл ішінде Күншығыс елінің астанасы жермен жексен болу қаупі
бар екенін айтады. Соңғы мәрте мұндай қасіретті Токио 1923 жылдың 1
қыркүйегінде бастан кешкен екен. Ол апаттың салдарынан қаза тапқандар мен
із-түзсіз жоғалғандар саны 130 мың болса, 570 мың отбасы баспанасыз қалды.
Ғалымдардың көбі Жерге келетін қауіптің зорын аспан денелерінен күтеді.
Неміс және британ зерттеушілері осыдан 200 жыл бұрын Жерге алып
метеориттің құлағанын айтады. Содан бергі кезеңдерде аспан денелері біздің
60
ғаламшарымызға қаншама мәрте қауіп төндірген. Бүгінде сондай
астеоридтердің саны 900 жуық көрінеді. Сол 900-дің біреуі ғана абайсызда
Жерге соқтығысып құласа, не болады? Кәдімгі өзіміз күнде көріп жүрген
жұлдыздардың ағуы жиілеп кетсе де қорқуымыз керек екен. Себебі, олардың
арасында ұсақ кометалар болады. Олар ауаның озон қабатын тесіп,
мұздықтардың еруіне әсер етеді. Мұхиттарда тіршілік ететін майда денелер
қырылса, оған қатысты балықтар мен құстар да зиян шегеді.
Достарыңызбен бөлісу: