Жер бетіндегі ауа қысымы 750мм, 5000 м биіктіктегі ұшақ сыртындағы ауа қысымын анықтау арқылы келесі қорытындылардың қайсысын дұрыс деуге болады?


Қырау,қылау,шықтың пайда болуына келесі пайымдаулар дұрыс па?



бет3/9
Дата08.09.2022
өлшемі33,62 Kb.
#38684
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қырау,қылау,шықтың пайда болуына келесі пайымдаулар дұрыс па?

Иә/Жоқ

Ылғал жерге тек бұлттан ғана жаумайды,сонымен бірге тікелей ауадан да бөлініп тарайды.

Иә/Жоқ

Ылғалдың барлық түрі тек бұлттан бөлініп тарайды.

Иә/Жоқ

Жаз күндері күндіз булану күшті жүргендіктен пайда болады.

Иә/Жоқ

Жауабы: Ылғал жерге тек бұлттан ғана жаумайды,сонымен бірге тікелей ауадан да бөлініп тарайды.
ІІІ-нұсқа
Қауіптер
Мазмұндық білім: Жер жүйесінің құрылымы
Атмосфера
6 сынып
Тақырыбы: &30 Жел
Жер бетіндегі ауа үздіксіз қозғалыста болады. Жер бетіндегі ауаның горизанталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды. Адам желдің күшін өте ерте заманнан пайдаланып келеді.
Сұрақ1
Адамзаттың желді пайдалануына үш мысал келтіріңіз.
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Жауабы: 1.Қуат көзі ретінде (Энергетикалық мақсатта)

  1. Жер астынан су тарту үшін

  2. Спорттық мақсатта (желкенді қайықпен, парашютті спорт)

  3. Ұн,астық (бидай) тарту үшін

  4. Желкенді кемелермен саяхаттау үшін

  5. Егінді суғару үшін, егістікке су жіберу үшін

Ескерту: Осы мағыналас жауаптардың кез-келген үшеуі қабылданады.
Сұрақ 2
Желдің пайда болуының себебі – ауа қысымының жер бетінде әркелкі таралуы.
«Бриз» және «Муссон» сөздерін пайдаланып, олардың пайда болу үдерістерін түсіндіріңіз. Екеуінің ұқсастығын табыңыз. Бриз желі адамға пайдалы ма?
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет