1. Аатмосфералық жауын шашын,олардың сипатамалары



бет1/3
Дата24.05.2023
өлшемі32,84 Kb.
#96542
  1   2   3
Байланысты:
6 билет


1.Аатмосфералық жауын шашын,олардың сипатамалары- Атмосфералық жауын-шашын — ауа райы мен климат элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетіне бұлттан жауатын не оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан бөлініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су. Бұлттардан жауатын атмосфералық жауын-шашынның ішінде мыналарды айырады: қарлы жаңбыр, соқта қар, жаңбыр, түйіршік қар, қиыршық қар, қиыршық мұз, бұршақ тағы басқалар. Жер беті мен нәрселерге ауадан бөлініп түсетін атмосфералық жауын-шашынның мынадай түрлері болады: шық, қырау, қылау, көкмұз (ожеледь). Бұлттардан бөлініп шыгатын атмосфералық жауын-шашын негізгі үш топқа бөлінеді: аң жауын, нөсер, сірікпе. Нөсер күйінде жауатын атмосфералық жауын-шашынның алдында нажағай ойнайды. Атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жауған су қабатының қалыңдығын көрсететін миллиметрмен өлшенеді. Атмосфералық жауын-шашын жер бетіне біркелкі жаумайды. Ол атмосфераның жалпы циркуляциясының жүйесінде белгілі бір жердің алатын географиялық орнына, теңіздің жақындығына немесе қашықтығына, рельефке (таулар өздерінің жел жақ беткейлерінде ылғалды көбірек ұстап қалады) байланысты. Жер шарында жауын-шашын ең көп жауатын жер Үндістандағы Черрапунджи деген жер; мұнда 12 600 л ге дейін жаңбыр жауады, Сахара тағы басқалар. шөлдерде бірнеше жыл ішінде жаңбыр тіпті жаумайтын да кездер болады.Қазақстанда ж.-ш-ның ең көп жауатын өңірі – Алтай тауының батыс беткейлерінде (1500 мм), ал ең аз жауын-шашын Арал Қарақұмы мен Балқаш көлінің батыс жағалауында байқалады. Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды атмосфералық жауын-шашын немесе тек қана жауын — шашын дейді.
Жауын-шашынның түрлері: жаңбыр, қар, бұршақ, шық, қырау және қылау. Бұлтты құрайтын су тамшылары өте майда келеді. Олардың диаметрі әдетте 0,01 мм-ден аспайды. Бұлттан жауын-шашын жауу үшін су тамшылары іріленіп, салмағы ауырлауы керек. Тамшылар бір-біріне қосылу немесе төңірегіндегі су буының суға айналып қонуының (жамалуының) нәтижесінде іріленеді. Сөйтіп олар ауада қалықтап жүре алмайтын халге келеді де, салмағымен құлдилап құлайды, яғни жаңбыр жауады.Жазда жер беті өте қатты қызатын жерлерде ауаның жоғары өрлеген күшті ағындары пайда болады. Жаңбыр бұлты осындай жерге тап келсе, ондағы су тамшылары өте үлкен биікке көтеріліп кетеді де, қатып, мұз түйіршіктеріне айналады. Мұндайда салмағымен құлап келе жатқан мұз түйіршіктері салқындаған су тамшыларына қосылып жұмырланады әрі үлкейе түседі. Соның нәтижесінде жерге бұршақ жауады. Бұршақ түйіршіктерінің ірі немесе ұсақ болуы жоғары өрлеген ауа ағындарының күшіне байланысты. Кейде бұлттың ішіндегі мұз түйіршіктері жоғары — төмен әлденеше рет ауысатын жағдайға тап келеді. Онда бұршақ іріленіп, диаметрі бірнеше сантиметрге жетеді. Үлкендігі асбұршақтай, тауықтың жұмыртқасындай, тіпті одан да ірі бұршақ жауған кездері болған.Қыста үлкен биіктікте бұлттағы су тамшылары қатып, әуелі ине сияқты мұз түйіршіктерін түзеді. Кейін олар бір-бірімен жабысып қарға айналады.Мұз түйіршіктері мен қар ұлпасы биіктегі бұлтта жазда да түзіледі. Бірақ олар төмен құлап келе жатқан жолында жылы ауа қабатынан өтіп, жаңбыр тамшыларына айналып кетеді.Ылғал жерге тек бұлттан ғана жаумайды, сонымен бірге тікелей ауадан да бөлініп таралады. Олар шық, қырау және қылау.Жаз күндері күндіз булану күшті жүретіндіктен, ауаға су булары көп жинақталады. Бұлтсыз, ашық түнде жер беті күндіз жылынған жылуынан тез айрылып, салқындайды. Бұл кезде әлі де жылы қалпын сақтаған ауа жер бетіндегі салқындаған заттармен (шөп, бұта, т.б.) жанасқанда бойындағы су тамшыларын бөліп шығарады, яғни шық түседі. Шық әсіресе жаздың соңына қарай жиі түседі. Күзде, қыста және көктемде осындай жолмен қырау пайда болады.Кейде қалың тұманда немесе қатты аязда ауаның жер бетіне жақын қабатындағы су буы мұз түйіршіктеріне айналады. Мұндай ұсақ қиыршық мұз тартылған сымға, ағаштың қылқанына, үйлердің желдің өтіндегі қабырғасына ақ борпылдақ зат түрінде ілігіп тұрып қалады. Оны қырау деп атайды.
Шық, қырау және қылау да атмосфералық жауын-шашынның түріне жатады.Жер бетіне түскен жауын-шашын мөлшері миллиметр есебімен есептеледі. Ауа райын бақылайтын станцияларда жауын-шашын өлшеуіш қолданылады. Ол кәдімгі тік шелекке ұқсайды. Шелек қаданың басына ернеуі 2 м биіктікте тұратындай етіп орнатылады. Жауын-шашынды жел ұйтқытып алып кетпеуі үшін шелектің айналасы қалқанмен қоршалады. Шелекке жиналған судың мөлшерін өлшеуіш стақанға құйып анықтайды. Стаканның қабырғасы өлшем сызық-шаларымен бөліктерге бөлінген. Ондағы әрбір 10 бөлік 1 мм-ге сәйкес келеді. Шелектен құйған су стақанның 30 бөлігін алды дейік. Бұл жерге 3 мм жаңбыр жауғанын көрсетеді.Жауын-шашын тәулігіне 2 рет, таңертеңгі сағат 7-де және кешкі 19-да өлшенеді.Қыста шелекті ішіндегі қарымен бөлмеге әкеліп қояды. Қар ерігеннен кейін ондағы суды өлшеуіш стақанға құйып өлшейді.Осымен қатар қыста әр он күндіктің соңында қар жамылғысының қалыңдығы өлшеніледі. Қар жамылғысының қалыңдығы мен тығыздығын анықтау топырақ, күздік егіс, жидек және т.б. аяздан қалай сақталатынын және қанша су қоры жинақталғанын білу үшін қажет. Қазақстан жағдайында көптеген өзендердің су тасу мөлшері де қар жамылғысының қалыңдығымен және ондағы су қорымен тікелей байланысты. Қар жамылғысының қалыңдығы қар өлшеуіш сырықпен анықталады . Сырық сантиметрлік бөліктерге бөлінген. Оның төменгі жағы сүйірленіп, қаңылтырмен қапталады. Есеп қара жерден қардың бетіне дейін алынады.Жыл ішінде бүкіл жер бетінде түсетін жауын-шашынның жартысына жуығы 20° с.е. пен 20° о.е. аралығына тура келеді. Экватор маңында жылдық жауын-шашын 2000 мм-ге дейін барады.
Жауын-шашынның ең көп жауатын жері — Тынық мұхиттағы Гавай аралдары және Гималай тауының етегі (12000 мм-ден астам).Экватордан тропиктерге қарай жауын-шашын мөлшері азаяды да, қоңыржай белдеуде қайтадан көбейеді. Жауын-шашынның таралуына аумақтың мұхитқа алыс-жақындығы, жер бедері, басым желдер күшті ықпалын тигізеді. Қазақстан мұхиттардан алыс, Еуразия материгінің түкпірінде жатыр (Жарты шарлар картасына қарап анықтаңдар). Сондықтан біздің жерімізде жауын-шашын аз түседі (көпшілік бөлігінде 200-300 мм).Жер бетінің ылғалдану дәрежесін анықтау үшін тек қана түсетін жауын-шашынды білу жеткіліксіз. Екі нүктенің жауын-шашын мөлшері бірдей болғанымен, температурасы әр түрлі жағдайда ылғалдану дәрежесі бір-бірінен елеулі айырма жасайды. Өйткені неғұрлым жылу мөлшері көп болған сайын түскен жауын-шашынның көбі буланып кетеді.
Булану дегеніміз судың сұйық күйден газ тәріздес күйге өтуі.
Буланушылық — су қоры жеткілікті болған жағдайда булану мүмкіндігі.Буланушылық пен нақты булану бір-біріне ашық су бетінде және жауын-шашын жеткілікті, ауаның температурасы төмен болған жағдайда ғана сәйкес келуі мүмкін. Басқа көп жағдайда олар бір-бірінен үлкен айырма жасайды. Мысалы, Қазақстанның оңтүстік шөлді аймағында жылдық жауын-шашын 100 мм-дей, ал буланушылық (булану мүмкіндігі) 1000 мм-ден асады. Мұншама ылғал тек Арал теңізі мен Балқаш көлі сияқты ашық су айдынынан ғана көтеріле алады. Құрлық бетінде нақты булану 100 мм-ге жетпейді. Оған керісінше полярлық аймақта жаз қыска әрі салқын болғандықтан түсетін жа-уын-шашынның жартысы ғана буланады, яғни булану мен буланушылық (булану мүмкіндігі) бір-біріне толық сай келеді.
2. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері- Жер шарының көп бөлігін Дүниежүзілік мұхит деп аталатын су айдыны алып жатыр. Дүниежүзілік мұхит біртұтас, бөлінбей, бір-бірімен жалғасуда. Оның кез-келген нүктесінен құрлықты кесіп өтпей-ақ, келесі нүктесіне жеткізуге болады. Дүниежүзілік мұхит суы жер бетінің ¾ бөлігін нмесе 361 млн км² жерді алып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет