Жерді қашықтан зондтау саласының даму тарихы


Программаның жерді қашықтықтан зондтау аппаратурасы



бет25/75
Дата20.12.2023
өлшемі11,81 Mb.
#141386
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   75
5.3.2. Программаның жерді қашықтықтан зондтау аппаратурасы
CПОТ-1,2.3 жүйесінің алғашқы буынындағы жер серіктерінде ЖҚЗ негізгі нысаналық аппаратурасы ретінде екі- екіден HRV (High Resolution Visible) оптика-электрондық камерасы орнатылды. СПОТ-4 жер серіктерінде HRVIR (High Resolution Visible Infra-Red) камерасын және келесі буындағы жер серіктерінде HRG камерасын орнату жоспарлануда.
Осы камералардың көмегімен түсірілім бес режимде жүргізіледі:
1. 60х60 км алаңды қармау, 3 км жабу алаңы арқылы түсірістердің кадрлық қалыптастыруын жүзеге асыру мен надирде бақылау, екі камерамен қармау ені 117 км құрайды;
2. Шолу жолағы 475 км дейін жол серігі жолынан, түсірістерді үздіксіз қалыптастырумен оңға немесе солға жылжыған уақыттағы аралас бақылау режимінде;
3. Жолдан 475 километрден аспайтын жерде тұрған тек қызығушы аумақта ғана түсірістерді қалыптастыру режимінде;
4. Бірнеше қалыпсыз айналымдарда сол бір учаскенің түсірісті жүзеге асырылатын қайталама бақылау режимінде;
5. Жамылғысы бар екі қалыпсыз айналымдағы бір учаскеде, осы учаскені стереоскопиялық бейнеленуін қамтамасыз ететін түсірістер жүргізу арқылы стереоскопиялық режимде.
HRV камералары механикалық сканерлеусіз оптика- электрондық сканерлерге жатады. Бейнелеуді құру зарядтық байланысы бар көп элементті (1728 детектор) көмегімен жүргізіледі.
Спектрлік диапазон бойынша жарық сәулесін бөлу призманың көмегімен жүргізіледі. Сәулелену панхроматты арнада осы диапазонның призмасы мен шекарасы арқылы өтеді, ЗБҚ сызғышында орналасқан жұтатын және интерференцио- налдық фильтрлердің сипаттамаларымен анықталады.
Жасыл диапазонды (В1) бөлу дихрондық айнамен, қызыл (В2) және жақын ИҚ (В3)- қайталама айнамен жүзеге асырылады. Панхроматты бейнелерді құру үшін 6000 детекторы бар төрт сызғыш, қалғандары үшін 3000 детекторы бар диапазонда екі сызғыш қолданылады.
HRV камерасының техникалық сипаттамалары:
- объективдиаметрі:Д=300мм,Д:f=1:3,5;
- әрбіркамераныңмассасы:250кг;
- жұмыстың көп спектральды режиміндегі cпектральдық
диапазондар: 0,50-5,59 (В1), 0,61-0,68 (В2), 0,79-0,89 (В3) мкм, қамту ауқымы 20 метр (сызғышты есептеу уақыты 3 мс);
- жұмыстың панхроматты режиміндегі спектральдық диапазон: 0,51-0,73 мкм, қамту ауқымы 10 м (сызғышты есептеу уақыты 1,5 мс);
- радиометрлік қамту ауқымы: көп спектральды деңгейде 256 деңгей және панхроматты деңгейде 64 деңгей;
- камераның ең жоғарғы ауытқуы: надир бағытынан жолдың екі жағына
- қармау ені: надирде 60 км және камераның ең жоғарғы ауытқуы кезінде 80 км;
- орташа ендіктердегі бір учаске түсірістің айналымы: 26 тәулік, учаскеге нысаналық келтіру кезінде 1-4 тәулік;
- ақпараттыберужылдамдығы:әрбіркамерадан25Мбит/сек.
- HRVIR көп спектральді радиометрің техникалық сипаттамалары:
- спектральдық диапазондар: 0,50-0,59 (В1); 0,61-0,68 (В2); 0,79-0,89 (В3); 1,58-1,75 мкм (орташа ИҚ);
- көп спектрлік режимдегі қамту ауқымы: барлық диапазондарда 20 метр;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет