Жерді қашықтан зондтау саласының даму тарихы



бет23/75
Дата20.12.2023
өлшемі11,81 Mb.
#141386
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   75
М(пр)=2R*R.
Айрықша масштабтың келтірілгенге байланысты ара-қатынасы ұлғайтудың тиімді коэффициенті бойынша былай анықталады:
V = M / M ПР ,
бұл жағдайда, көріністің толықтығы бейнені көз мөлшерімен байқау мүмкіндігіне сай келеді.
Бейнелеудің қанықтығын сипаттайтын тағы бір көрсеткіш түсіріс алаңы бірлігіндегі бейнелеу элементтерінің (Е) саны болып табылады. Ол түсіріс алаңының бірлігіндегі бейнелеу элементтерінің саны бойынша (пиксельдер) сканерлік түсіріске арналған фотожүйенің түсіру мүмкіндігінің қабілетін ескере отыра, фототүсірістер үшін есептеледі.
Радиометрлік (жарықтық, температуралық) түсіру
мүмкіндігі (дельта J)сәулеленуді қабылдаудың динамикалық
диапазонының енімен, яғни абсолютті қара жарығынан абсолютті ақ денеге ауысуына сәйкес келетін дискретизация деңгейінің санымен анықталады.
Ақпарат алудың жеделдігі ЖҚЗ-ны пайдалану тиімділігінің маңызды шарты болып табылады. Тұтынушыға ақпарат тапсыру мерзімі оларды одан әрі пайдалану мақсаттарына байланысты. Мысалы, жер қойнауын зерттеу мақсаты үшін түсіріс сәті мен оның материалдарын тұтынушыға беру уақыты арасындағы аралықтың айтарлықтай мәні жоқ. Зілзалалар кезінде метеорологиялық ахуалды болжау мақсаттары үшін ЖҚЗ пайдалану кезінде материалдар тұтынушыға қысқа мерзімде түсуі тиіс. Мәліметтерді алу жеделдігіне талаптар зондтау әдісін, ҒҰА типін, өңдеудің жердегі құралдарының құрамыn таңдауды анықтайды.
ЖҚЗ-ны пайдаланудың кең спектрі радиоарналар бойынша тіркеудің жердегі жүйелеріне ақпарат беретін ЖҚЗ жедел ғарыштық жүйесін, сондай-ақ аппараттардағы түсірілген фотоматериалдарды жерге жеткізуге есептелген фотобақылау жүйесін пайдалану қажеттігін туғызады. Өте жоғары дәлдік түсірудегі бейнелеуді беретін оптика-электрондық камералармен жабдықталған ғарыштық жүйенің пайда болуымен фотобақылау жүйесінің ғарыштық қажеттігі төмендейді. Бұған ЖҚЗ қабылдау мен өңдеу станцияларының дамыған кең торабы да ықпал етеді, олар ақпаратты әртүрлі мемлекеттердің ғарыштық түсіріс жүйелерінен қабылдай алады, бұл жедел ЖҚЗ құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Әртүрлі спектрлік диапазондарда, масштабта, түрлі түсіру мүмкіндігінде алынған ЖҚЗ-ны кешенді пайдалану дешифирлеу тиімділігі мен сенімділігін жоғарылатады.
ЖҚЗ-ның басым көпшілігін көп зоналық режимде жұмыс істейтін камералар арқылы электромагнитті сәулеленудің көрінетін және инфрақызыл диапазондарында алады.
ЖҚЗ материалдарының қамту мүмкіндігіне талаптар (бір түсіріс аумағын қармау алаңы бойынша) көптеген жағдайларда 100–200 ш.км құрайды. Ғарыштағы ЖҚЗ-ның қамту мүмкіншілігінің артықшылығы өңірлік және зоналық заңдылықтарды зерттеу қажеттігі кезінде, ғаламшарлық ауқымда ғаламдық құбылыстарды зерттеу кезінде жақсы байқалады. Бұл параметр ұшу биіктігімен тікелей байланыста болып, яғни кеңістіктік мүмкіндігіне қарай, әсіресе картография мақсатындағы ЖҚЗ кезінде екінші планға көшеді.
Зондтау мерзімділігі бойынша тұтынушылар мүдделері бірнеше жылдарға ауытқиды, мысалы, картографиялау кезінде маусымдағы бір реттен үздіксіз бақылауға дейін, мысалы, зілзалалар кезінде ауытқиды. Міндеттердің ең үлкен саны жазғы маусымда жылына бір рет түсірісті орындау кезінде шешіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет