Жерді қашықтан зондтау саласының даму тарихы



бет29/75
Дата20.12.2023
өлшемі11,81 Mb.
#141386
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   75
Қазақстан ғарыш түсірілімдерін практикалық пайдаланудың басты бағыттары:
- қар мен мұз жамылғысының түсуінің ғарыштық мониторингі;
- су тасқыны мен су тасқындарының өтуіне ғарыштық мониторинг;
- өрттің ғарыштық мониторингі;
- Каспий теңізі акваториясының мұнай ластануының ғарыштық мониторингі.

27. Қашықтықтан зондтау деректерінің классификациясы


ЖҚЗ-ны ұсынудыңасатаралғантүріжекенемесешағылысқан сәулеленудің техникалық құралдарымен қашықтық тіркеуден алынған және өлшемдермен картографиялауды дешифирлеу жолымен объектілерді, құбылыстар мен үдерістерді анықтауға, сапалы және сандық зерттеуге арналған екі өлшемдік бейнелеу болып келеді.
Ғарыштық түсірістерді жіктеу параметрлер кешені бойынша жүргізіледі.
Олардың алғашқысы түсірістің спектрлік диапазоны болып табылады. Осы параметр бойынша жіктеу атмосфера тазалығы және сәулелену қабылдағыштарының сезімталдығынан туындайды. Осы белгі бойынша түсірістер үш негізгі топқа бөлінеді:
а) көрінетін және жақын инфрақызыл (жарық) диапазондағы түсірістер;
б) жылулық инфрақызыл диапазонындағы түсірістер;
в) радиодиапазондағы түсірістер.
Бейнелеуді алу технологиясы бойынша түсірістер былайша
бөлінеді:
а) фотографиялық;
б) телевизиялық;
в) фототелевизиялық;
г) сканерлік;
д) сканерлік (Зарядтық байланыс қондырғысы) ЗБҚ;
е) радиолокациялық.
Одан әрі жіктеу түсірістердің дешифирлеу қасиеттерін
анықтайтын параметрлер негізінде жүргізіледі (кеңістіктік көрсеткіштер).
Түсірістер маштабы бойынша былайша бөлінеді:
а) ұсақ маштабты (1: 10 000 000 - 1: 100 000 000), геостационарлық орбиталар мен метеорологиялық жер серіктерінен алынған;
б) орта масштабты (1:1 000 000 - 1:10 000 000), орбиталық станциялардан алынған;
в) ірі масштабты (ірі 1:1 000 000), ресурстық және

Кеңістіктік қамту ауқымы бойынша ғарыштық түсірістер


былайша бөлінеді:
а) өте төмен қамту ауқымы R  N 10000м;
б) төмен қамту ауқымы R  N 1000м;
в) орташа қамту ауқымы R  N 100м;
г) жоғарғы қамту ауқымы R  N 10 м;
д) өте жоғары қамту ауқымы R  N 1м;
Қамту рұқсатығы бойынша түсірістер мыналарға бөлінеді:
а) ғаламдық, бүкіл ғаламшарды қамтиды, қармау алаңы
шамамен 10 10 мың.км2 құрайды;
б) өңірлік, құрлықтарды, қармау ендігі 500-3000 км бірнеше өңірді қамтиды;
в) жергілікті, қармау ендігі 350 км дейін.
Кеңістіктік көрсеткіштер бойынша кешендік жіктеу кезінде ғарыштық түсірістер алты негізгі топқа бөлінеді:
1) өте төмен рұқсаттағы ұсақ масштабты ғаламдық түсірістер;
2) төмен қамту ауқымындағы ұсақ масштабты ғаламдық түсірістер;
3) төмен қамту ауқымындағы орташа масштабты өңірлік түсірістер;
4) орта қамту ауқымындағы орташа масштабты өңірлік түсірістер;
5) жоғары қамту ауқымындағы орташа масштабты жергілікті түсірістер;
6) өте жоғары қамту ауқымындағы орта масштабты жергілікті түсірістер;
Түсірістердің мерзімділігі бойынша ғарыштық түсірістер үш топқа бөлінеді:
а) мерзімдік қайталанатын, қызметінің бүкіл мерзімінде осы жер серігі үшін есептелген;
б) мерзімдік, шектеулі реттелетін түсірістер, аумақты шағын қармаумен және сирек қайталаумен, алайда ЖЖС бағытынан түсірілім жолағының ауытқу мүмкіндігімен сипатталады, бұл қажет жағдайда түсірістердің өте жиі қайталануын қамтамасыз етеді;
в) реттелетін түсірістер, нақты міндеттерді шешу үшін қызметінің қысқа мерзімінде ғарыштық аппараттардан орындалады.
Бейнелеу элементтерінің көлемімен және алаң бірлігіне олардың санымен анықталатын толықтығы бойынша түсірістер төрт топқа бөлінеді:
а) шағын толықтықтағы түсірілістер, қарапайым көзбен толық қабылданатын 1мм2 бейнелеуде ақпараттың болмашы көлемін береді. Осы жағдайда толықтықтың сандық көрсеткіштерін мыналар құрайды:
– орташа контрастағы объектілері үшін 1 мм бейнелеудегі сызықтар саны R < 5мм1;
– түсіріс көлемінде жергілікті жердегі қамту ауқымындағы мәні R < 0,1 мм;
– 1мм2 бейнелеу элементтерінің саны Е < 100;
– оңтайлы ұлғайту коэффициенті V=1;
б) орташа толықтықтағы түсірістер (R = 5-10 мм1, R =
0,05-0,1 мм, Е = 100-400, V = 2), айтарлықтай, атап айтқанда алаң бірлігіндегі қарапайым көзбен қабылдамайтын ақпаратты алып жүреді (ЛЭНДСАТ ғарыштық жүйесінен, MSS түсіріс камерасынан алынған түсірістер);
в) үлкен толықтықтағы түсірістер (R = 10-25 мм1, R = 0,02-0,05 мм, Е = 400-2500, V= 2-5), айтарлықтай ұлғайтылған ақпаратты толық пайдалануды талап етеді (ұшырылатын ғарыштық кемелер мен орбиталық станциялардан алынған фотографиялық түсірістер);
г) өте үлкен толықтықтағы түсірістер (R = 25-50 мм1, R = 0,01-0,02 мм, Е = 2500-10000, V =5-10), өте көп ақпаратты алып жүреді және үлкен ұлғайтуды талап етеді ("Ресурс-Ф, Комета" топтамасындағы ЖЖС-дан алынған жоғарғы рұқсаттағы фототүсірістер).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет