Жерге орналастыру факультеті Геодезия және картография механика



бет3/5
Дата13.06.2023
өлшемі49,56 Kb.
#100900
1   2   3   4   5
ЭЛЕКТР және МАГНЕТИЗМ

1Егер зарядталған шексіз пластина бетіндегі зарядтың беттік тығыздығы 354нКл/м^2 – ға тең болса, ол пластина өрісінің кернеулігі қандай болатынын табыңдар?


2Cу ішіндегі шамалары бірдей екі нүктелік зарядтардың бір-бірінен қашықтығы 90мм, олар бірін-бірі 4·10^-5Н күшпен тартады. Зарядтың шамасын есептеп табыңдар?
3Екі зарядты керосинге батырғанда олардың өзара әсер күші ауадағыдай болу үшін, ол зарядтардың ара қашықтығын қанша есе өзгерту керек? Керосин үшін ε = 2,1.

4Бір күш сызығының бойында бірінен-бірі 3 см қашықтықта жатқан нүктелердің арасындағы потенциалдар айырмасы 120 В-қа тең. Егер өрісітің біртекті екені белгілі болса, электростатикалық өріс кернеулігін табыңдар?


5Радиусы 10см шар берілген. Сол шардың бетінен l=5м қашықтықтағы электр өрісінің потенциалы =10В-қа тең. Шардың потенциалын табу керек.


6Егер конденсатордың пластиналарының арасындағы парафинделген қағаз қабаттың орнына қалыңдығы сондай жалпақ слюданы пайдаланса, конденсатордың сыйымдылығы қалай өзгереді? Парафин үшін ε=2,2; Слюда үшін ε=6.


7Сыйымдылығы 20 мкФ және 30 мкФ болатын екі конденсатор берілген. Осыларды параллель жалғағанда конденсаторлар батареясының сыйымдылығы қандай болады? Тізбектей жалғағанда ше?


8Жазық конденсатордың әр пластинасының ауданы 520cм^2. Кондесатордың сыйымдылығы 40 пФ болу үшін оның пластиналарын ауада бір-бірінен қандай қашықтыққа орналастыру керек?


9Конденсатордың пластиналарының жұмыстық ауданы 2 есе азайтса, ал олардың ара қашықтарын 3 есе кемітсе, конденсатордың сыйымдылығы неше есе өзгереді?


10Жазық конденсатор пластиналарының әрқайсысының ауданы 201см^2. Пластиналар заряды 1,5мкКл. Пластиналар арасындағы өріс кернеулігін табыңдар.


11Сыйымдылығы 20 мкФ конденсаторға 8 мкКл заряд берілген. Зарядталған конденсатордың энергиясы қандай?


12Парафинделген қағаздан жасалған диэлектригі бар жазық конденсатордың пластиналарының ара қашықтығы 4 мм, ал пластиналар арасындағы кернеу 100В. Өріс энергиясының тығыздығын табу керек.


13Көлденең қимасының ауданы 0,5 cм^2 өткізгіш бойымен 3 А ток жүріп тұр. Егер осы металлдың 1см^3 көлемінде 4·10^22 еркін электрондар болса, онда электр өрісінің әсерінен қозғалатын электрондарының орташа жылдамдығы нешеге тең болады?


14Желіге қосылған электр двигателі 6сағ жұмыс істеді. Осы кезде 324кДж энергия шығындалды. Двигательдің қуаты қандай?


15Электр шамының қылсымының кедергісі 400 Ом, ол кернеуі 220В желіге қосылған, электр шамындағы токтың қуатын табыңыз.


16Кедергісі 20 Ом жəне тізбектегі ток 6 А электр қыздырғышта 2мин уақыт ішінде қанша жылу бөлінеді?


17Электрлік құралда 5 А ток күші 45 мин уақыт ішінде 162 кДж жұмыс жасады. Осы құралдың кедергісін табыңдар.


18Көтергіш кранның электр двигателі 380 В кернеумен жұмыс істейді. Оның орамындағы ток күші 20А. Егер массасы 1т жүкті кран 50с ішінде 19 м биіктікке көтеретін болса, қондырғының ПƏК-і қандай болады?


19Шамды ЭҚК-і 4,5В-қа тең элементтер батареясына қосқанда вольтметр шамда кернеудің 4В, алперметр ток күшінің 0,25 А екендігін көрсеткен. Батареяның ішкі кедергісі қандай?


20Аккумулятордың ЭҚК-і 4В, тізбектегі ток 2,5А кезінде оның қысқыштарындағы кернеу 1,86В. Аккумулятордың ішкі кедергісін жəне сыртқы тізбектің кедергісін табыңдар.


21Зарядталған конденсатор ток көзінен ажыратылған. Егер астарларының ара қашықтағын 2 есе үлкейтсе, конденсатор энергиясы қалай өзгереді?


22Сыйымдылығы 0,024мкФ тең жазық конденсаторды ток көзімен жалғастырғанда 10^-8 Кл заряд алды. Өріс кернеулігі 200 В/м кездегі конденсатор пластиналарың арақашықтығын анықтаңыз.


23Бірлік оң зарядты өрістің бірінші нүктесінен екінші нүктесіне орын ауыстырғанда электрстатикалық өріс күштерінің орындайтын жұмысы қай формуламен анықталады:

25 Тұрақты кернеулі тізбекте электрлік кедергі 2 есе артса, ток қуаты қалай өзгереді?


261с уақытта ток күші I=1А болғандағы өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін шама:



27Батарея тұйықталғанда ЭҚК 15 В, сыртқы кедергі 6 Ом, ток күші 2 А болды. Қысқаша тұйықталу кезіндегі батареядағы ток:



28Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірлік уақытта өткен заряд шамасы .... деп аталады.

29Вакуумдағы нүктелік екі зарядтың өзара әсер күші зарядтардың шамасына пропорционал және олардың ара қашықтығының квадратына кері пропорционал.


30Конденсаторды 1,4 кВ кернеуге дейін зарядтағанда, ол 28 нКл заряд алатын болса, конденсатордың сыйымдылығы қандай болмақ.
31Заряд бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстырған кезде потенциалдар айырмасы 1 кВ өрісте 40 мкДж жұмыс атқарды. Заряд неге тең.
32Х.Б.Ж жүйесiнде сыйымдылықтың бiрлiгi.
33Кернеулігі 10кВ/м өрістегі электрон қандай үдеумен қозғалады?
34Су ішінде ԑ = 81, нүктелік заряд q = 10^-8 Кл орналасқан. Осы зарядтан 2,1м жердегі электр өрісінің кернеулігін табу керек?

35Бірдей екі зарядты суға батырғанда олардың судағы ара қашықтығы ауадағыдай болу үшін ол зарядтардың әрқайсысының мәндерін неше есе өзгерту керек?


36Бірдей екі оң заряд берілген ( ). Олар бірінен-бірі = 50м қашықтықта орналасқан. Оларды =25м қашықтыққа дейін жақындату үшін, қандай жұмыс атқару керек?


37Егер тізбек бөлігіндегі кернеу 5 В болғанда, тоқтың жұмысы 16кДж-ға тең болса, осы тізбек бөлігі арқылы қандай электр мөлшері өтеді.


38110 В кернеуде 1,2А ток тұтынатын электр шамының қылсымында 4мин уақыт ішінде қанша жылу бөлінеді?


39Кедергісі 50 Ом болатын өткізгіш ұштарындағы кернеу 5 В, Осы өткізгіштегі ток күшінің шамасын анықтаңыз,


40Металл өткізгіштің кедергісі температура артқанда өзгере ме?


41Тыныштықтағы зарядтардан (маңайында) нені байқауға болады?


42Шамасы 1мкКл болатын зарядқа өріс тарапынан 5 мН күш әсер етеді. Өріс кернеулігін анықтаңыз.


43 Өткізгіштің диаметрін ұлғайтпай, ұзындығын 2есе қысқартқанда оның кедергісі қалай өзгереді ?


44Газ арқылы ток өту процессі ... деп аталады.


45Ішкі кедергісі 10 Ом, Э.Қ.К.-і 12 В ток көзіне сыртқы кедергі жалғағанда тізбектегі ток күшінің мәні 0,2 А болды. Сыртқы кедергіні анықтаңыз.


46Өткізгіш бойынан ток өткенде бөлініп шығатын жылу мөлшерін қандай заңның көмегімен анықтауға болады?


47Кедергісі 15 Ом болатын өткізгіш бойындағы ток күшінің мәні 0,2А өткізгіш ұштарындағы кернеуді анықтаңыз.


48Ұзын, түзу өткізгіш арқылы күші 8 А ток жүргенде, өткізгіштен 8мм қашықтықта магнит өрісінің индукциясы қандай болады?


0=4·10^-7 Гн/м.

49Салыстырмалы диэлектр өтімділігі әр түрлі ортаның ...


50Оқшауланған өткізгіштің электр сыйымдылығы 50мкф, потенциалы 2В болса заряды қандай?


51 Кернеуі 12 В болатын ток көзіне қосылған өткізгіш бойынан 2 А ток өтеді. Егер осы өткізгішке дәл сондай кедергідегі екінші өткізгішті тізбектеп жалғасақ, тізбекте ток күші қандай болады?


52Токтың қуатын есептеуге болатын өрнек:


53Кеңістікте зарядталған макроскопиялық денелердің орын ауыстыруынан болатын ток ...


54Магнит өрісіндегі 7 А тогы бар өткізгіш орын ауыстырғанда магнит ағыны 0,2 Вб-ге өзгерсе, қанша жұмыс істеледі?


55 Бойынан 5А ток өтетін, ұзындығы 14см өткізгішке индукциясы 2Тл магнит өрісінде әсер етуші күш мөлшері қандай болады? Өткізгіш магнит индукциясы векторына перпендикуляр.


56Конденсаторлар астарларында жинақталған зарядқа пропорционал және олардың арасындағы потенциалдар айырмасына кері шама ...


57 Электролиттерде электр тогын тасымалдаушылар қандай бөлшектер?


58Анодтық кернеуді арттыру кезінде токтың қандайда бір ең максимал мәніне жетуі … қандай құбылыс


59Тогы бар орамның магниттік моменті қандай формуламен өрнектеледі?


60 Қандай қасиеттер электрмагниттік толқындарға тән?


61Магнит өрісін қандай заттардың маңында болады.


62Ферромагниттік күй жойылатын температура қалай аталады?


63Электрон магнит өрісіне магнит күш сызықтарына перпендикуляр ұшып кірген. Электронның магнит өрісінде қозғалысы қандай болады?

64Магнит өрісінің индукция сызықтарының анықтамасын көрсетіңіз


65Индукциясы 0,2 Тл магнит өрісіндегі өткізгіш арқылы 10 А ток өткенде, өткізгішке 0,3 Н күш әсер етуі үшін өткізгіштің ұзындығы қандай болу керек? Өткізгіш магнит индукциясының векторына перпендикуляр.


66Индуктивтігі 0,4 Гн катушка бойындағы ток шамасы 2 А. Магнит өрісі энергиясын анықтаңыз.


67Электрмагниттік индукция құбылысы деген не ?


68Индукциялық ток деген не?


69Магнит өрісінде тогы бар өткізгіш орын ауыстырғанда Ампер күштері атқаратын жұмыс қандай формуламен өрнектеледі?


70 Егер магнит ағыны 100 мс ішінде 10-нан 30 Вб-ге дейін өзгерсе, индукция э.қ.к.-і қандай болады ?

71Электронға Лоренц күшінің әсері қандай?


72[pmB] векторлық көбейтіндісі нені анықтайды?


73 Электр зарядының сақталу заңы:

74Потенциал сан жағынан өрістің берілген нүктесіндегі ...


75Нүктелік зарядтың өріс кернеулігі 1,25 В/м, оған 1010^-9Н күш әсер етеді. Заряд шамасын анықтаңыз.


76 Өрістің берілген нүктесіндегі зарядтар жүйесінің кернеулігі жекелеген зарядтардың әрқайсысының кернеуліктерінің векторлық қосындысына тең.

77 Бірлік оң зарядты орын ауыстыру кезінде бөгде күштер атқаратын жұмыс шамасымен анықталатын физикалық шама …. деп аталады


78Бірнеше өткізгішті өзара тізбектеп жалғағанда қандай параметрлері бірдей болады ?


79 Реактивті сыйымдылық кедергі (немесе сыйымдылық кедергі) формуласы:


80Контурдағы электромагниттік индукция ЭҚК-і жазықтық бойынан өтетін магнит ағынының өзгеріс жылдамдығына пропорционал. Қандай заң ?


81Контурдағы электрлік шамалардың (зарядтар, токтар) периодты түрде өзгеруі ...деп аталады.


82Еркін зарядтары болмайтын денелер қалай аталады ?


83 Тұрақты кернеулі тізбекте электрлік кедергі 2 есе артса, ток қуаты қалай өзгереді?


84Дененің электр зарядтарын тасымалдайтын басқа денелерге дейінгі қашықтықпен салыстырғанда өлшемін ескермеуге болатын зарядталған денені


85Зарядқа әсер етуші күштің сол зарядтың шамасына қатынасы электростатикалық өрістің ... деп аталады.


86Шамалары жағынан тең, жүйе өрісі анықталатын нүктеге қарағанда ара қашықтығы ℓ едәуір аз әр аттас екі нүктелік зарядтан құралған жүйені қалай айтады

87Оң заряд шамасының зарядтар ара қашықтығына көбейтіндісі және диполь иінінің бағытымен бағыттас векторды қалай атайды.


88Ортаның–диэлектрик орналасқанда өрістің қаншалықты әлсірейтінін және диэлектриктің поляризациялану қасиетін сандық сипаттайтын өлшемі жоқ шама:


89Өткізгіш ортада (затта немесе вакуумда) электр өрісінің әсерінен еркін зарядтардың реттелген қозғалысы қалай аталады?


90Егер өткізгіштегі заряд тасушылар саны және оның әрқайсысының заряды болса, онда бірлік уақыт ішінде көлденең қима арқылы өтетін заряд шамасы:


91Өткізгіштің айналасындағы магнит индукциясының күш сызықтарының бағыты қандай ережемен анықталады.


92Магнит өрісінде белгілі бір жылдамдықпен қозғалған зарядқа әсер ететін, бағыты сол қол ережесімен анықталатын күш қалай аталады.


93Магнит индукция векторының өлшем бірлігі:


94Тұйық контурда магнит ағынынан индукциялық ток пайда болады және оның магнит өрісінің бағыты сыртқы магнит ағынына қарама-қарсы әсер етеді. Бұл ережені шығарған кім?

95Лездік қуаты, кернеу мен токтың лездік мәндерінің көбейтіндісіне тең физикалық шама:


96 Біртекті магнит өрісінің күш сызықтары, ауданы 25см^2 раманың жазықтығымен 30°-қа тең бұрыш жасайды. Магнит өрісінің индукциясы 4мТл болса, раманы қиып өтетін магнит ағынының мөлшері қандай болады?


97 Магнетиктердің қайсысында магнит өтімділігі 1-ден өте үлкен болады ?


98Сыртқы э.қ.к.-і жиілігі мен контурдың меншікті тербеліс жиілігі өзара тең болса, онда мұндай құбылысты қалай атайды ?


99Газдардағы электр тогын тасымалдаушылар ...


100Электр тізбегінің түйінінде тоғысатын ток күштерінің алгебралық қосындысы нольге тең. Кімнің тұжырымы?


101Кедергісі 12 Ом өткізгіштен 1 А токты 1 минут ішінде өткізсе, онда шығатын жылу мөлшері қандай болады?


102Парамагнетиктер үшін магнит өтімділігі қандай болады ?


103Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірлік уақытта өткен заряд шамасы ... деп аталады.


104Кернеуі 12 В электр шамының куаты 36 Вт. Шамның кедергісі мен ток күшін есепте:

105Тербелмелі контур сыйымдылығы 2·10-9 ф конденсатор мен индуктивтігі 2·10-3 Гн катушкадан тұрады. Контурдың тербеліс периоды кандай?


106Магнит өрісіндегі 6 А тогы бар өткізгіш орын ауыстырғанда магнит ағыны 0,3 Вб-ге өзгерсе, қанша жұмыс істеледі?


107Ампер болжамы бойынша заттардың молекулалары ішіндегі дөңгелек токтар қалай аталады ?


108 Радиусы 10 см болатын орам арқылы 2 А ток өтеді. Орам центріндегі магнит өрісінің кернеулігі қандай болады?


109Тербелмелі контур катушканың индуктивтігін 3 есе арттырғанда, контурдың жиілігі өзгермеу үшін, контурдың сыйымдылығын қалай өзгерту керек:
110 Жиілігі 50Гц айнымалы ток көзіне қосылған вольтметр С=20 мкФ болғанда нольді көрсетеді. Катушканың индуктивтігін табыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет