1 Атыңнан айырылсаң да, ер-тоқымыңнан айырылма



Дата08.12.2023
өлшемі14,71 Kb.
#135344

55-жаттығу

1) Атыңнан айырылсаң да, ер-тоқымыңнан айырылма.


2) Әдептілік, ар-ұят –адамдықтың белгісі. Тұрпайы мінез, тағы жат – надандықтың белгісі.
3) Қырықта қылау түсер, сақал-мұртқа қырау түсер.
4) Жақсылықтың ерте-кеші жоқ.
5) Үйдің жылы-суығы қыс түскенде білінер, адамның алыс-жуығы басыңа іс түскенде білінер.
6) Ата-ананың қадірін – балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін – қаралы болғанда білерсің, жанашырдың қадірін – жалалы болғанда білерсің.
7) Жақсы болса жан серігің – әйел болар, аға-іні бәрінен жақын болар.
8) Жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады, қатты-қатты сөйлесең, ақыл естен шығады.
9) Көре-көре көсем болар, сөйлей-сөйлей шешен болар.
10) Ақымақтың ала-құласы болмайды.
11) Ақымақ ішкен-жегенін айтады, ақылды көрген-білгенін айтады.
12) Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар, кісінікі дегенде анау-мынау ісім бар.
13) Бас-басыңа би болсаң, Балқан тауға сыймассың, бір данаға жол берсең, жанған отқа күймессің.
14) Асу-асу белдер бар, аса алмай жаудың аты өлсін, ағайынмен тату бол, айыра алмай жат өлсін.
15) Жылай-жылай арық қазсаң, күле-күле су ішерсің.

59-жаттығу
Биік-биік, жоғары-төмен, секең-секең, бырт-бырт, сарт-сұрт, қора-қора, қыз-қырқын, ілгерінді-кейінді, жеті-сегіз, мая-мая, үлкен-кіші, әрі-бері, ап-аласа, қарама-қарсы, аяқ-табақ, ағайын-туыс, айтыс-тартыс, арман-қиял, арпа-бидай, атақ-даңқ, ат-шапан, аумалы-төкпелі, әзіл-қалжың, бағыт-бағдар, бау-бақша, дау-дамай, дүние-мүлік, ем-шипа, жал-жая, жол-жөнекей, кедей-кепшік, көрші-қолаң, күнімен-түнімен, қадір-қасиет, сауыт-сайман, қиянат-қорлық, құда-жекжат, құрал-сайман.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет