Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Геометрия 8-сынып Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып білім алушыларына «Геометрия»



бет4/4
Дата30.10.2022
өлшемі79,92 Kb.
#46305
1   2   3   4
Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма

  1. АВ кесіндісінің ұзындығы 10-ға тең. Егер А (5; у) және В (-3, 4) болса, у-тің мәнін табыңыз.

[3]



  1. АВ – центрі О нүктесі болатын шеңбердің диаметрі. Егер А және В нүктелерінің координаталары сәйкесінше (5;0), (3;-8) болса, онда шеңбердің теңдеуін құрыңыз.

[3]



  1. АВС үшбұрышының төбелерінің координаталары А (3;4), В(5;8), С(9;6). АВС үшбұрышы үшін:

а) АВС үшбұрышының түрін анықтаңыз;
b) ВК медиана екені белгілі болса, онда К нүктесінің координаталарын табыңыз; с) АВС үшбұрышының ауданын табыңыз.
[6]

Бағалау критерийлері

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын қолданады.

1

екі нүктенің арақашықтығын табу
формуласын қолданады

1

теңдеу құрады

1

теңдеуді шешіп, айнымалылардың мәндерін
табады

1

Шеңбердің теңдеуін құрады.

2


шеңбер центрінің координаталарын табады

1

шеңбердің радиусын табады

1

шеңбердің теңдеуін жазады

1

Координатамен берілген есептерді шығарады.

3

үшбұрыштың қабырғаларының
ұзындықтарын табады (кем дегенде екі қабырғасының ұзындықтарын анықтайды)

1


үшбұрыштың түрін анықтайды

1

кесіндінің қақ ортасының координатасын табу
формуласын қолданады

1

кесіндінің ортасының координатасын
есептейді

1

ВК кесіндісінің ұзындығын табады

1

үшбұрыштың ауданын анықтайды

1

Жалпы балл:

12

«Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі» бөлімі бойынша


жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Оқушының аты-жөні:



Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейлері

Төмен

Орта

Жоғары

Екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын қолданады.

Екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын қолдануда қиналады.

Екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын қолданады, есептеуде қателіктер жібереді.

Екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын дұрыс қолданады.

Шеңбердің теңдеуін құрады.

Шеңбер теңдеуін құруда қиналады.

Шеңбер центрінің координаталарын немесе радиусты табуда / шеңбер теңдеуін құруда, есептеулерде қателіктер жібереді.

Центр мен радиусты дұрыс анықтап, шеңбердің теңдеуін жазады.

Координатамен берілген есептерді шығарады.

Координаталары берілген есептерді шығаруда қиналады.

Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығын табуда/ кесіндінің ортасының координатасын есептеуде/ үшбұрыш ауданын табуда қателіктер жібереді.

Координаталары берілген есептерді дұрыс шығарады.



15

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет