Жыл Астана XVIII ғасырдың аяғы мен IX ғасырдың басында Фармацияның дамуына К. в. Шееле, К. ф. Мора, Н. Н. Зининнің қосқан үлесі



бет2/2
Дата07.12.2022
өлшемі30,32 Kb.
#55636
1   2
Карл Вильгельм Шееле (1742-1786)Еуропаның ұлы фармацевті, флогистон теориясын жақтаушыардың бірі. Ол Швецияда Штральзунд қаласында, Помераниде дүниеге келген. Алты жасынан бастап жеке мектепке барып, онда 9 жыл оқыған. Балтық теңізінің жағалауында қыдырып жүріп, ол толқындармен жаға шығып қалған балдырларды жинап жүрді. Оларды үйге әкеліп ұсақтап турап, кеселерге салып су немесе спирт құйып қойды. Бірнеше күн өткен соң, оларды құтыларға құйып сөрелерге қойып қойды. Бұл оның «ғажайып дәріханасы» болды. 1757 жылы Карл Гетеборгтегі М.А.Баухтың дәріханасына шәкірт болып қабылданып, 8 жыл бойы фармация мен химияны оқып үйренді.
1765 жылы Шееле Мальмёдегі дәріханаға ауысып, о жерде дәріханашы П.М.Чельстремнің көмекшісі қызметін атқарды. 1768 жылы ол Стокгольмде Шаренбург дәріханасын басқарды. Кейіннен ол Упсалаға ауысып, ол жерде И.Г.Ганмен және Т.У.Бергманмен танысты. Химия туралы көзқарастары жағынан ол атақты академик Бергманнан да асып түсті. Упсалада ол Карл Линнеймен танысты. 1775 жылы 32 жасар Шееле Стокгольмдік ғылым академиясының мүшесі болып қабылданды. Германия мен басқа да елдерде кафедраларды басқаруға шақыртулар алса да, Швецияда қалуды жөн көрді.
Шееле 1777 жылы Чепингте дәріхана сатып алып, ғылыми зерттеуерін жалғастыра берді. Оның өте таңқаларлық ғылыми сезімталдығы болды, бұл оған көптеген ашылымдар жсауына ықпал етті. Шарап сақтайтын бөшкелердің қабырғаларында пайда болатын қалың қызыл қабыршақтар-шарап тастар оның назарын аударды. Ол мұны зерттей бастады, егер оны күкірт қышқылымен қыздырса еритінін, ал суытқанда әдемі мөлдір кристалдар пайда болатынын аңғарған. Олардың дәмі қышқыл, суға салса еритін болған. Бұл органикалық қышқылдардың алғашқысы – шарап қышқылы болды.
Өсімдіктердің жапырақтарынан, тамырларынан, жемістерінен шырын алып, оны зерттей келе, оларда жаңа заттың бар екендігіне, оларды кристалл түрінде алуға болатындығына, олардың қышқыл дәмі бар екендігіне көз жеткізді. Ол оларды әкпен әрекеттестіріп, одан кейін минералды қышқылдармен ерітіп, қымыздық (1776), сүт (1780), сияжаңғақты (немесе галлдық) (1786) және зәр (1786) қышқылдарын алды.
Бірде өзіне қажетті жақпа дайындау үшін зәйтүн майын қорғасын қышқылымен қыздыра отырып, дайын жақпа майдың дәмі тәттірек болып шыққанын байқады. Шееле глет пен майдың (кейіннен басқа да майларды) жаңа мөлшерлерін алса да, қайтадан сарғыш түсті сұйықтық алды. Ол тәтті болатын, бірақ қантқа ұқсамайтын. Бұл сұйықтыққа ол «тәтті май» деген атау берді. Кейінен «глицерин» деп атады. Глицерин суда қант сияқты ерісе де, тіпті өте жоғары температурада қыздырғанда да күймеген, тіпті керсінше, бөлшекті түрде ыдыраған. Шееле глицеринді қантқа айналдыруға болады деп ойлаған, бірақ затқа азот қышқылының әсерінен тек қымыздық қышқылын алды. Шарапты глицериннің көмегімен тәтті ете түсу Шееленнің құрметіне шеелезирлеу деп аталып кеткен. Бірақ Шееле де, оның замандастары да глицериннің ашылу мағынасын, майлардың құрамын анықтаудың аса қажеттілігін түсінбеді. 1811 жылы М.Э.Шевлер ашқан жаңалықтар майдың құрамы мен сабынның пайда болу сұрақтарына анықтаулар енгізді.
Ғалым күкірт эфирін алудың әр түрлі әдістерін сипаттап, оның анық анықтамасын жасады: «Химияда эфир деп өте ұшқыш, өтімді, жағымды иісті, тұзсыз, суда ерімейтін майларды айтады» (1782). 1770 жылы ол азот қышқылды және тұз қышқылды этил эфирлерін сипаттаған. Шееле сіркесуды ұзақ сақтаудың әдісін көрсетті. Ол көк витрион мен қосылғанда, әдемі жасыл тұнба беретін күшән қышқылын алған. Ғалым одан кейіннен «шееле жасылы» атанған бояу дайындады. «Берлин лазурінің бояғыш материясын» зерттеген ол «берлин лазурінің ұшқыш қышқылын» алған. Кейіннен ол «синиль қышқылы» деп атады. Осы қышқылды алу әдісінен оның ұшқыш сілтілі тұздан (аммиак), «ауа қышқылынан» (көмір қышқыл газы), және флогистоннан (сутегінен) құралған деген шешім жасады. Ф.Велерге (1800-1882) дейін 40 жыл бұрын орындалған бірінші органикаық синтез болды
Ол оттегін алған бірінші ғалым боды. Онымен қатар бұл газды Д.Ж.Пристли (1733-1804) және әскери фармацевт Пьер Байен (1725-1797) де ашқан. Бірақ олар бұл жаңалықтарының ұлы мағынасын 1777 жылы А.Лавуазье оттектің жану теориясы негізін анықтағанға дейін түсінбеді.
Шееле таза күйдегі күкіртті оттегін бөліп, оның қасиетін сипаттаған. «Бесфлогистонды тұз қышқылын» зерртеген. Оны 1810 жылы Дэви хлор деп атаған плавико қышқылын алды. Ол жаңа химиялық элемент – марганецті ашты, темірдің, мыстың және сынаптың әр түрлі дәрежеі қышқылдау мүмкіндігін көрсетті. 1778 жылы ол молибденді, ал 1781 жылы – вольфрамды ашты.
Шееленің өсімдік шырындары мен басқа да заттарды зерттеуі (органикалық қышқылдарды алуы) фитохимияның дамуына жол ашса, жабық ыдыстарда дәрілерді жасау (дәрілердің сыртқы ортамен қатынасын болдырмау үшін) әдісін ашу арқылы, асептикалық жағдайда дәрілік қалыптарды дайындауды көрсеткен.
Ұйқысыз, демалыссыз өткізген үлкен еңбек, көптеген улы заттарды (фторлы тұздар, цианисті және күшәнді қоспалар) тану үшін органикалық әдісті кеңінен қодануы оның денсаулығын нашарлатты да , 1786 жылы Шееле 44 жасында қайтыс болды.
Оның ғылыми қызметі көпжақтылығымен таңдандырады. Ұлы фармацевтің қысқа ғұмырында жасап үлгергенін тек аздаған ғалымдар ғана қайталай алады. Стокгольмде Карл Шеелеге ескерткіш қойылған. Оның құрметіне арналған медальда «Ingenio stat sine morte decus» («Ғұаманы мәңгілік атағы сәнді етеді») деп жазылған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет