36
Бұл ретте осыдан 550 жылдай бұрын өмір сүрген Өтейбойдақ
Тілеуқабылұлының (13881478) «Шипагерлік баян» атты
медицинаны, астрономияны, философияны, этнографияны,
ұлттық салтдәстүрді бірбірімен тығыз ұштастырған
ғылымнамалық кітабы ұрпақтанұрпаққа мұра ретінде өте
құпия түрде сақталып, бізге жеткенін айта кеткен жөн. Кітаптың
төрттен үш бөлігі Қытайдағы аты шулы «Мәдениет зор
төңкерісі» (19661976 ж.ж.) кезінде өртенген Ал өрттен аман
қалған бөлігі 1992 жылы Қытайда қазақша төте жазу нұсқасымен
баспадан шығып, оқырман қауымға ұсынылды. «Шипагерлік
баян» 1997 жылы Қытайда мемлекеттік ұлтдін істері комитеті
жағынан 3кезекті ұлттық кітаптарды бағалауда бірінші дәрежелі
сыйлықты еншілесе, осы жылы Қытай Халық Республикасы
ақпаратбаспасөз мекемесі жағынан мемлекеттік 3кезекті кітап
бағалауда «Таңдаулы кітап» сыйлығына ие болды.
«Шипагерлік баянда» Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы ұлттық
тәрбиеге кеңінен тоқталып кетеді. Бұл ретте тектік тазалық,
сапалы туыт мәселесіне айрықша көңіл бөледі. Осыған орай,
Өтейбойдақтың талабы бойынша «Күллі Алаш ұранды Қазақ
қараша бұқараларының өздерінің және ұрпағының мінсіз бітістік
(сау денелі) болмағы үшін» Әз Жәнібек хан кезінде төмендегідей
үш жарлық жариялағынын айта кеткеніміз жөн. Олардың біріншісі
бойынша, «жат төселмелік, жат ниет, бәт (бәдік) қылық бүгінен
бастап тиым болмағы шарт. Әгаракім мұндай істер көзге шалынса,
ол адамды қарамаңғазға (қара сиырға) теріс мінгізіп, бетіне қара
күйе жағып, жұрт алдында масқаралайтын болған.
Екінші, жеті атаға толмай қыз алысқандар бүгіннен бастап
тиым болмақ, тіпті көз жетсе, сипаты анық болған жұбайларды
қылыштамақ шарт.
Қазақтың жеті атаға толмай қыз алысуы Әз Жәнібек хан
тұсынан арғы заманда да бар салт болуы мүмкін, бірақ, оны
ғылыми тұрғыдан зерттеп, оның маңыздылығын сақтауды
Әз Жәнібек хан арқылы, барша Қазаққа қатаң ереже ретінде
жариялатқызған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы еді. Өйткені, сонау
түркілік дәуірден бастап қазақпен бір өскен қазіргі өзге түркі
ұлттарында мұндай салт жоқ, тіптен бергі Алтын Орда, Шағатай
хандығы, Ақ орда, Әбілқайыр хандығы, Моңғолия құрамында
бізбен бір халық атанған өзбек, ұйғыр, қырғыз, ноғай, башқұрт,
татар, қарақалпақ, түркімен, құмық, алтай, қарашай, тағы басқада
ұлттардан дәл қазірге дейін жеті атаға толмай қыз алысуды
көрмедік, оларда ұзағанда төрт атадан кейін қыз алысу дәстүрі
бар, бірақ оның өзі қазақтікі сияқты қатаң түрде сақталмаған.
Үшінші, Әз Жәнібек хан Өтейбойдақтың айтуы бойынша
беттен сүйетін жат қылыққа тиым салған. Бұл да адам
денсаулығы үшін өте маңызды еді. Қазіргі медицина ғылымы
анықтағандай аурудың 90% ы, жұқпалы аурулардың 99%ы
ауа арқылы тарайды екен. Адамның демінде 149 түрлі улы зат,
терлегенде 151 түрлі улы зат шығады деген ғылыми жорамал бар.
Ал ауыздан сүю ауру жұқтырудың қайнар көзі болып табылады.
Әсіресе он неше түрлі өкпе аурулары ауыздан, мұрын тынысынан
шыққан леппен ілесіп жұғатыны рас.
Өтейбойдақ «адам үшін жан тәтті, баласы мерей, әйелі лаззат,
үшеуін қорғау барысында миын, ақылпарасатын, ойламталғам,
әдісайласын дамтып, 18
мың ғаламның қожасына
айналады» дейді.
Халқымызда «Ер әйелдің
қорғаны, әйел ердің қормалы,
бала бауыр етің, балалы үй базар, баласыз үй тозар» деген аталы
сөз бар. Демек, балалы үй байлықтың кеніші. Байлық ақшада
емес, балада екені даусыз.
«Шипагерлік баянда» Өтейбойдақ ұрпақ тәрбиесі жөнінде
баланың туылардан бұрынғы кезеңдеріне айырықша көңіл бөлу
туралы айтады. Мұнда адамзаттың топырақтан жаралғанын айта
келіп, бала туыла салып сол жердің, туылған мекенінің ауасымен
тыныс алады. Анасының сүтін емеді, сол баланың тұлғалық
бітістік құрандысы (адамның дене құрамы) сол жердің топырақ
құрандысымен тең болмағы шарт, баланы мекендік топыраққа
үйлестіру керек дейді. Ғұламаның бұл арада айтып отырғаны
жүктілік кезіндегі аналар азықтанғанда және дүниеге жаңадан
сәби әкеліп, оны ауыздандырғанда, жерлік топырақтан өніп
шыққан азықтықпен азықтандыру, анасы да жерлік азықтықпен
азықтануы керек, өйткені баланың дене құрандысы сол жердегі
топырақ құрандысымен ұқсас болуы тиіс, адам денесінде бірер
зат кем болса, оның емі өзі туыпөскен топырақ құрандысынан
(өсімдік т.б. емдік) табылмақ, сол арада, сол пендемен бірге туып
өскен шипа емі табылмақ» дей келіп, адамның дене құрандысы
мен топырақ құрандысы ұқсас деген қортындыға келеді. Қазіргі
ғылыми тілмен айтқанда, отандық өнімді тұтынудың маңызы
айырықша болмақ. Өтейбойдақтың бұл тұжырымдасын қазіргі
ғылымның анықтауында топырақта 92 (кей деректерде 110)
элемент болып, оның 81адам денесінде бар болып шыққан.
Мысалы, біздің қазіргі тұтынып отырған шайымыз сонау
шалғай Африкадағы Кенияныкы, одан қалса Үндістандікі.
Ал балалар тағамдарының көбі шетелдерден келеді. Зерделей
қарасақ, аталған елдермен біздің климаттық ерекшелігіміз мүлде
ұқсамайды, топырақтарымызда өзгеше болып келеді. Олардың
топырағында бар элемент біздің топырақта жоқ, біздің топырақта
бар элемент олардың топырағында жоқ. Бұл туралы «Шипагерлік
баянда» былай деп жазылған: «Әрқандай байтақтық (өңір)
топырақ құрандысы, топырағының түсі ұқсас болмайды,
топырақтағы құрандылық кемістік адамзатына жан шошырлық
түршікпелі кемістікті ала келеді.» Өтейбойдақтың мұнда айтып
отырғанына дәл қазіргі кезде біздің қазақ даласындағы Семей
полигоны мен Арал экологиялық аймағы мысал бола алады,
сонымен қатар Байқоңырдан зымырандардың ұшырылуы және
одан шыққан улы газдың ауаны, онан қалса ашты жаңбыр болып
топырақты зақымдауы, топырақ құрандысын бүлдіріп, адам
денесінде кемістік тудырып отырғаны айқын дәлелі болмақ.
Өтейбойдақ адамгершілік тәрбиесі туралы былай дейді:
«Жақсы жігіттің белгісі әрі мырза, әрі құл болмақ (өзгелерге
көмектескіш), ақсақалдар батасын бермек, баталы пенде
жаман болмағандықты Алла жаратқан». Әрине, мұнда шипагер
болмасақ та кезкелген жағдайда қазыналы қарттарымызды
аялап, көмекке зәру жандарға барынша көмектесіп, өзгелерді
Ұлттық тӘрбИе
«Шипагерлік баяндағы»
Қазақ - ежелден ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген халық. Ұлтымыз жас ұрпақтың
тәрбиесі үшін алдымен бұлақ басынан тұнады деп, құдандалық байланысқа жылдап
ойланып, айлап ақылдасып, екі жастың ата тегіне, тәрбиесіне баса мән берген екен.
«Тексіз жерден адам алсаң, кәдеге жарайтын ұрпақ көрмейсің, көріп алсаң көріктіні ал,
көрмей алсаң тектіні ал, таба алсаң таспа сыртты құбаны ал» дейді. Сондықтан да
болар, халқымыз ұлттық тәрбиеге барынша қырағылықпен қараған. Тәрбиенің негізгі
мақсаты - сау денелі, ақылды, адамгершілік қасиеттерге бай, ұлттық сана сезімі жоғары,
иманды, ибалы, қажырлы да қайсар ұрпақ қалыптастыру екені даусыз.
38
Мәскеу үстінен жер бауырлай қонуға айналған ұшақтың
иллюминаторынан тө мен ге көз тастайсың. Бір Қазақстанның
хал қы мекен ететін орыс астанасының шеті қалың орман.
Күнделікті көріп жүр ген ағаш атаулының қалың жынысы жо
ға рыдан қарағанда соншалықты тартымды, сұлу болатынын
сезбегендейміз. Майдангер ақын Сырбай Мәуленовтің ор ман
тіршілігіне терең қанық болып, өзінің сыршыл өлеңдерінің ең
көркем, шұрайлы бөлігін неге орыс ормандарына арнағанын
түсінгендей болып, соған жетеқабыл күйді кешкіңақ келеді.
Адам жанын баурайтын орман ішін көз алдыңа бір сәт елестетіп
көресің. Көзіңмен көр ме генге қиялмен жеткеніңмен, сезімге
бұйрық айту қиын. Орман ең бір мүккамал дүниеңе айналады.
Мамыр айының 27 күні Астрахан қаласында Мемлекеттік опера
және балет театрында «Қазақ мәдениеті: дәстүр және бүгінгі
заман» атты әдебисазды кеш өтті. Қазақстан Республикасының
Ресей Федерациясындағы Елшілігі мен ҚР Мәдениет және спорт
министрлігі және Астрахан облысының Әкімшілігі тізе қосып
атқарған игілікті іс еді бұл.
* * *
Мәскеу әуежайына қонған бетте бабалар қоныс еткен, «жатып
қалған бір тоқты жайылып мың қой болған жер» дей тін аяулы
мекенге ат басын бұрдық. Түн ортасында Астрахан әуежайынан
күтіп алған жерлестің жүзінен бауырмал дық сезіледі. Елден келді
деген ерекше ілтипат. Жатсыну, кісімсу жоқ, жасы үлкен болса да
қонақ алдындағы елгезектігі кейде адамды ыңғайсыздандырады.
Әуежайдан қонақ үйге жеткенше, сөз ты ғыны да ағытылғандай.
Көше бойында ғы ғимараттардың қандай мекеме екенін,
қала табиғатын, халқын сөз арқауы етеді. Елді сұрайды.
Бұл қала ескі шаһарлардың қатарына жатады. Он тоғызыншы
ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың басында
салынған көне ғимараттар қалаға тарихи көрік пен ерекше
сымбаттылық сыйлайтындай. Астрахан соғыс кезінде гитлердің
бұйрығымен бомбаланбаған екен. Қала маңында шайқас
жүргізіп, басып алған нан кейін бұл қалада қыстауды жоспарла
ған көрінеді. Маңдайшаларында «1919» деп салынған мерзімдері
көрсетілген үйлердің бүгінге дейін аман тұруы сол зұлым
жоспардың жақсылыққа бұйырған еншісі болса керек. Еділден
ескен самал өзен суының иісін сездіреді. Түнде айы рық ша
жарқырап, көкпен таласқан зәу лім үйлер көзге түспесе де есі
архитектура мен қала тазалығы өзіңді сергек се зінуге мүмкіндік
беретіндей. Қонақ үйдің алдына шығып, Қазтуған жырын есіңе
алғанда түн тыныштығы тарихи жадыңды бір қозғап өтеді.
Биылғы жылды Ресей «Әдебиет жылы» деп жариялаған болатын.
Екі елдің шекарасында жатқан шаһарда мұндай кешті өткізудің
геосаяси мәні ескерілген. Қарт Каспийдің алапасы бұл елді
де еңсе лі етіп тұрғандай. Орыс жазушылары әде биет жылына
байланысты жасаған баянда ма ла рының жинағы қолға түскен.
ЕДІЛДІҢ БОЙЫНДАҒЫ
ҚҰРМАНҒАЗЫ РУХЫ
Ресейге күнде жол түсе бермейтіні белгілі. Бір жолы
түскенде Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі ұйымдастырған
Астрахан қаласында өткен әдеби-сазды кештің куәгері
болу бұйырды. Көршіміздің шекарада орналасқан қаласында
қазақ-орыс татулығы туралы ән-жыр айтып, ұлттық
музыка арқылы өткен күндердің парағын бір шолып өту
қонақ болған бізге де, жергілікті қазақтарға да көп ой салды.
Қазақстан Республика сының Ресей Федерациясындағы
төтенше және өкілетті Елшісі Марат Тәжин мырзаның
іскерлігі мен ұйымдастыру қабілетін қызметтес әріптестері
де, қарапайым халық та ауыздарынан тастамай айтып
жүрді. Марат Тәжиннің ұлттық құндылықтарға баса
назар аударып, қазақ басылымдарына көрсеткен ықылас,
ілтипатына ықылас танытамыз.
Еділ бойын ен жайлаған бауырлардың арасына барып, бір
жасап қалғанбыз. Ендігі әңгіме солар туралы.
Онда көр шілес елдердің қаламгерлерімен бірі гіп, шығармашылық
қарымқатынасты бұрынғы кезеңдегідей нығайту көп сөз болады.
«Литературная газета» басылым ның бас редакторы, жазушы
Ю.Поляков ТМД елдерінің ішіндегі түркі тектес мем лекеттердің
қаламгерлері Түркияда жиі бас қосып жүргенін ұнатыңқырамай
айтады. Сөзінің астарына қарап, көкейдегі ойын да болжағандай
боласың...
Достарыңызбен бөлісу: