35
Қазақ халқының
салт-дәстүрлері
қол үздік
Мал сойысқанда, кілем тоқу, текемет басу, іс тігу сияқты
қолмен атқарылатын жұмыстарға ауылдың қолы шебер еркек
– әйелдері тікелей араласып, қол ұшын береді, жәрдемдеседі.
Іс аяқталған соң отанасы осы жұмысқа қатысқандарға «қол
үздік» деп аталатын кәде береді. Яғни атқарылған істен артық
қалған инежіп, жүнжұрқа, түбіт, тарамыс тағы басқа ұсақ
түйектер үлестіріледі немесе басқа да заттар береді. Бұл да
ұлттық жарасымды кәде және ол әркімнің еңбегін бағалаудың
қарапайым белгісі.
қолкесер
Халық салты бойынша біреудің жұмысына қол ұшын бергені,
көмектескені үшін ешкім ақы сұрамайды. Бірақ, шаруаны істеткен
адам «келі түбі», «қол үздік» деп тиісті сыбағасын немесе сол
еңбегіне қарай (аз болса да) бірдеңе береді, бос қалдырмайды.
Соның бірі – соғым сойысқандарға берілетін «қол кесер». Яғни
соғым сойған адамға тиісті мүшелерін салып ет береді. Соғым
сою да қазақ үшін берекелі, елеулі күндердің бірі. Соғым етінен
алғаш рет қуырдақ қуырылады. Бұл – соғымның дәстүрі.
қазық майлау
Көктемде мал төлдеп, ол аяқталған соң желі тартылып, бұзау, құлын
байланып, қозылақ көгенделіп, мал сауу басталады. Осы кезде мал
иелері желі басына келіп, «ел тоқ болсын», «ақ мол болсын», «мал басы
көбейе берсін» деген тілекпен ырымдап төл ноқтасы мен бұршағына,
қазығына май жағып, ақ құяды. Мұндай ырымдар жылқыда «бие бау»,
басқа малда «қазық майлау» деп аталады. Ақсақалдар бата береді.
қой басты
Қазақ мәдениеті мен шаруашылығында киіз басу өнері
кең дамыған. Бұл да ауыл адамдары үшін елеулі, маңызды
жұмыстарының бірі және киіз бір үйдікі болғанымен бұған салт
бойынша барлық ауыл адамдары араласып, қол ұшын беріп
отыруы шарт. Мұндай күндері киіз басушылар киіз тебу, киіз
пісіру кезінде оны үй арасында домалата жүріп, бір үй тұсына
келгенде «қой басты, қой басты!» деп айғайлай шулап күліседі.
Бұл – үйіңді қой басып бара жатыр деген сөз. Мұны естіген үй
иесі әйел жүгіріп шығып, киіз басушыларға қымыз, құрт, май,
нан сияқты тағамдар ұсынады немесе қой сойып дастарханға
шақырады. «Қой басты» әзілкүлкіге, ойынсауыққа арналған
көңілді дәстүр болғанымен киіз басудың азаюына орай бұл да
ұмытылып бара жатыр.
тулақ шашу
Халқымыздың әрбір іс, шаруаның басталу, аяқталу сәтін
жай өткізбей, оны атап өтіп және соған сәйкес әдетғұрыптар,
ырымдар жасап отырған. Осының бірі – жұрттың бәрі біле
бермейтін тулақ шашу салты. Мұны көбінесе әйелдер жасайды.
Киіз, текемет басатын үй оған қатысатын әйелдерге жүн сабар
алдында «тулақ шашуын» шашып, тамақ береді. Бұл салт жүнді
сабап болғаннан кейін де қайталанады.
теңсерік
Бұрын шөп дайындағанда байлар жұртты үмеге шақырады.
Кейде әр адам өз иелігіндегі жердің шабындығын (шөбін)
«теңсерікке» береді. Яғни жігіт жалдап шабылған береді. Яғни
жігіт жалдап шабылған шөптің жартысын сол адам алады.
Жалданған адам шөпті мезгілінде шауып, шөмелелеп береді.
Жер иесі келісім бойынша тиісті шөп үлесін бөледі немесе соған
лайықтап мал да беретін болған. «Теңсерік» дәстүріне екі жақ та
адал істеп, әділ бөлуге тырысқан.
нәзір
Күрделі жұмыс бастағанда (мысалы егін салғанда, су келтіру
үшін арық қазғанда, үй салғанда) бұрын әр адам «тәңірім ісімді
оңдай көр», «қайырлы ете көр», деп «нәзір» жасаған.
«Нәзір» дегеніміз ауылдас адамдарын шақырып, бір малын
сойып өзінің басталғалы отырған ісінің мәнжайын айтып
әруақтарға дұға оқытып, көпшіліктен бата тілейді. «Көп тілегі
– көл» дегендей жиналғандар оған «алла риза болсын, тілегің
қабыл болсын, ісің оңға бассын» деген сияқты ізгі, баталы, аталы
сөздерін айтып, ризалық көңілдерін білдіреді. Өзінің әр ісіне
ыждағатпен, сеніммен, шын берілгендікпен қарайтын халықтың
осы ізгі жолы ұлтымыздың жақсы дәстүрі мен әдепсалтының
қасиетін айқындай түсетін тағы бір елдік нұсқа.
36
Бұл ретте осыдан 550 жылдай бұрын өмір сүрген Өтейбойдақ
Тілеуқабылұлының (13881478) «Шипагерлік баян» атты
медицинаны, астрономияны, философияны, этнографияны,
ұлттық салтдәстүрді бірбірімен тығыз ұштастырған
ғылымнамалық кітабы ұрпақтанұрпаққа мұра ретінде өте
құпия түрде сақталып, бізге жеткенін айта кеткен жөн. Кітаптың
төрттен үш бөлігі Қытайдағы аты шулы «Мәдениет зор
төңкерісі» (19661976 ж.ж.) кезінде өртенген Ал өрттен аман
қалған бөлігі 1992 жылы Қытайда қазақша төте жазу нұсқасымен
баспадан шығып, оқырман қауымға ұсынылды. «Шипагерлік
баян» 1997 жылы Қытайда мемлекеттік ұлтдін істері комитеті
жағынан 3кезекті ұлттық кітаптарды бағалауда бірінші дәрежелі
сыйлықты еншілесе, осы жылы Қытай Халық Республикасы
ақпаратбаспасөз мекемесі жағынан мемлекеттік 3кезекті кітап
бағалауда «Таңдаулы кітап» сыйлығына ие болды.
«Шипагерлік баянда» Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы ұлттық
тәрбиеге кеңінен тоқталып кетеді. Бұл ретте тектік тазалық,
сапалы туыт мәселесіне айрықша көңіл бөледі. Осыған орай,
Өтейбойдақтың талабы бойынша «Күллі Алаш ұранды Қазақ
қараша бұқараларының өздерінің және ұрпағының мінсіз бітістік
(сау денелі) болмағы үшін» Әз Жәнібек хан кезінде төмендегідей
үш жарлық жариялағынын айта кеткеніміз жөн. Олардың біріншісі
бойынша, «жат төселмелік, жат ниет, бәт (бәдік) қылық бүгінен
бастап тиым болмағы шарт. Әгаракім мұндай істер көзге шалынса,
ол адамды қарамаңғазға (қара сиырға) теріс мінгізіп, бетіне қара
күйе жағып, жұрт алдында масқаралайтын болған.
Екінші, жеті атаға толмай қыз алысқандар бүгіннен бастап
тиым болмақ, тіпті көз жетсе, сипаты анық болған жұбайларды
қылыштамақ шарт.
Қазақтың жеті атаға толмай қыз алысуы Әз Жәнібек хан
тұсынан арғы заманда да бар салт болуы мүмкін, бірақ, оны
ғылыми тұрғыдан зерттеп, оның маңыздылығын сақтауды
Әз Жәнібек хан арқылы, барша Қазаққа қатаң ереже ретінде
жариялатқызған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы еді. Өйткені, сонау
түркілік дәуірден бастап қазақпен бір өскен қазіргі өзге түркі
ұлттарында мұндай салт жоқ, тіптен бергі Алтын Орда, Шағатай
хандығы, Ақ орда, Әбілқайыр хандығы, Моңғолия құрамында
бізбен бір халық атанған өзбек, ұйғыр, қырғыз, ноғай, башқұрт,
татар, қарақалпақ, түркімен, құмық, алтай, қарашай, тағы басқада
ұлттардан дәл қазірге дейін жеті атаға толмай қыз алысуды
көрмедік, оларда ұзағанда төрт атадан кейін қыз алысу дәстүрі
бар, бірақ оның өзі қазақтікі сияқты қатаң түрде сақталмаған.
Үшінші, Әз Жәнібек хан Өтейбойдақтың айтуы бойынша
беттен сүйетін жат қылыққа тиым салған. Бұл да адам
денсаулығы үшін өте маңызды еді. Қазіргі медицина ғылымы
анықтағандай аурудың 90% ы, жұқпалы аурулардың 99%ы
ауа арқылы тарайды екен. Адамның демінде 149 түрлі улы зат,
терлегенде 151 түрлі улы зат шығады деген ғылыми жорамал бар.
Ал ауыздан сүю ауру жұқтырудың қайнар көзі болып табылады.
Әсіресе он неше түрлі өкпе аурулары ауыздан, мұрын тынысынан
шыққан леппен ілесіп жұғатыны рас.
Өтейбойдақ «адам үшін жан тәтті, баласы мерей, әйелі лаззат,
үшеуін қорғау барысында миын, ақылпарасатын, ойламталғам,
әдісайласын дамтып, 18
мың ғаламның қожасына
айналады» дейді.
Халқымызда «Ер әйелдің
қорғаны, әйел ердің қормалы,
бала бауыр етің, балалы үй базар, баласыз үй тозар» деген аталы
сөз бар. Демек, балалы үй байлықтың кеніші. Байлық ақшада
емес, балада екені даусыз.
«Шипагерлік баянда» Өтейбойдақ ұрпақ тәрбиесі жөнінде
баланың туылардан бұрынғы кезеңдеріне айырықша көңіл бөлу
туралы айтады. Мұнда адамзаттың топырақтан жаралғанын айта
келіп, бала туыла салып сол жердің, туылған мекенінің ауасымен
тыныс алады. Анасының сүтін емеді, сол баланың тұлғалық
бітістік құрандысы (адамның дене құрамы) сол жердің топырақ
құрандысымен тең болмағы шарт, баланы мекендік топыраққа
үйлестіру керек дейді. Ғұламаның бұл арада айтып отырғаны
жүктілік кезіндегі аналар азықтанғанда және дүниеге жаңадан
сәби әкеліп, оны ауыздандырғанда, жерлік топырақтан өніп
шыққан азықтықпен азықтандыру, анасы да жерлік азықтықпен
азықтануы керек, өйткені баланың дене құрандысы сол жердегі
топырақ құрандысымен ұқсас болуы тиіс, адам денесінде бірер
зат кем болса, оның емі өзі туыпөскен топырақ құрандысынан
(өсімдік т.б. емдік) табылмақ, сол арада, сол пендемен бірге туып
өскен шипа емі табылмақ» дей келіп, адамның дене құрандысы
мен топырақ құрандысы ұқсас деген қортындыға келеді. Қазіргі
ғылыми тілмен айтқанда, отандық өнімді тұтынудың маңызы
айырықша болмақ. Өтейбойдақтың бұл тұжырымдасын қазіргі
ғылымның анықтауында топырақта 92 (кей деректерде 110)
элемент болып, оның 81адам денесінде бар болып шыққан.
Мысалы, біздің қазіргі тұтынып отырған шайымыз сонау
шалғай Африкадағы Кенияныкы, одан қалса Үндістандікі.
Ал балалар тағамдарының көбі шетелдерден келеді. Зерделей
қарасақ, аталған елдермен біздің климаттық ерекшелігіміз мүлде
ұқсамайды, топырақтарымызда өзгеше болып келеді. Олардың
топырағында бар элемент біздің топырақта жоқ, біздің топырақта
бар элемент олардың топырағында жоқ. Бұл туралы «Шипагерлік
баянда» былай деп жазылған: «Әрқандай байтақтық (өңір)
топырақ құрандысы, топырағының түсі ұқсас болмайды,
топырақтағы құрандылық кемістік адамзатына жан шошырлық
түршікпелі кемістікті ала келеді.» Өтейбойдақтың мұнда айтып
отырғанына дәл қазіргі кезде біздің қазақ даласындағы Семей
полигоны мен Арал экологиялық аймағы мысал бола алады,
сонымен қатар Байқоңырдан зымырандардың ұшырылуы және
одан шыққан улы газдың ауаны, онан қалса ашты жаңбыр болып
топырақты зақымдауы, топырақ құрандысын бүлдіріп, адам
денесінде кемістік тудырып отырғаны айқын дәлелі болмақ.
Өтейбойдақ адамгершілік тәрбиесі туралы былай дейді:
«Жақсы жігіттің белгісі әрі мырза, әрі құл болмақ (өзгелерге
көмектескіш), ақсақалдар батасын бермек, баталы пенде
жаман болмағандықты Алла жаратқан». Әрине, мұнда шипагер
болмасақ та кезкелген жағдайда қазыналы қарттарымызды
аялап, көмекке зәру жандарға барынша көмектесіп, өзгелерді
Ұлттық тӘрбИе
«Шипагерлік баяндағы»
Қазақ - ежелден ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген халық. Ұлтымыз жас ұрпақтың
тәрбиесі үшін алдымен бұлақ басынан тұнады деп, құдандалық байланысқа жылдап
ойланып, айлап ақылдасып, екі жастың ата тегіне, тәрбиесіне баса мән берген екен.
«Тексіз жерден адам алсаң, кәдеге жарайтын ұрпақ көрмейсің, көріп алсаң көріктіні ал,
көрмей алсаң тектіні ал, таба алсаң таспа сыртты құбаны ал» дейді. Сондықтан да
болар, халқымыз ұлттық тәрбиеге барынша қырағылықпен қараған. Тәрбиенің негізгі
мақсаты - сау денелі, ақылды, адамгершілік қасиеттерге бай, ұлттық сана сезімі жоғары,
иманды, ибалы, қажырлы да қайсар ұрпақ қалыптастыру екені даусыз.
37
құрметтеп сыйлауға шақырып отыр.
Өтейбойдақ тағы бір сөзінде: «Жауыңа
кек сақтасаң да, досыңа кек сақтама» дегенді
айтады. Мұнда Өтейбойдақ адамдарды
кешірімділікке, мейірімділікке шақырады.
“Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы
елге кетеді, соңғылыққа сан құбылып, аңыз
болып жетеді.” Өтейбойдақ мұнда өтірік
айтпауға, біреудің сыртынан өсек тасымауға
үндеп отыр. Егер, өсек елге таралса, ол соңғы
ұрпаққа дейін сан құбылып, идеологиялық
жақтан бұрмаланып кететінін білеміз. Ел
арасын сөз бұзады, бала естігенін айтады,
көргенін істейді.
Өтейбойдақ: «Сау денелі болып
туылғаның сенің тумалығың, қалған
өмір жолыңдағы істерің ізденгіштілігің,
талаптылығыңнан» дейді. Ал қазіргі
ғалымдар тума қабілет 1%, қан мен
тер жұмсалған (өз күшіңмен жеткен
) таланттылығың 99% дейді. Мұнда
Өтейбойдақтың айтып отырғаны, әкесі ғалым
болса, баласы да ғалым болып туылмайды,
баласы ғалым болу үшін әкесінің тәлім
тәрбиесін алып, ғылыми білімін игеруі,
өнегесін көруі керектігін айтып отыр.
Сонымен қатар «Шипагерлік баянда»
ізгілік, адамгершілік тәрбиесі, экологиялық
мәдениетті сақтау, жанжануарларды аялау
жөнінде Өтейбойдақтың жетіге тиспеу,
қырық бірге жұғыспау, он екіден айырылмау
деген тиым сөздері бар. Мұндағы жетіге
тиіспеу деген мыналар: 1. Көктемде
көктеп келе жатқан өскінге тиіспеу. 2.
Көктемде көбеймелі жорғамалыға (жан
жануар) тиіспеу. 3. Көктемде көрінген
қорғалағыштарға (құстар) тиіспеу. 4.
Көктемде көзін ашпаған шикілікке (балапан,
хайуанат балалары) тиіспеу. 5. Ешқашан
қонжатқа тиіспеу. 6. Ешқашан көршіге
тиіспеу. 7. Ешқашан елшіге тиіспеу.
Бұдан әрі Өтейбойдақ қырық бірге
жұғыспауды былай түйіндейді: 1. Ордалы
сумаңға (жылан) жұғыспау. 2. Қордалы
қынамаға жұғыспау. 3. Жалғыз ағашқа
жұғыспау. 4. Иендегі жалғызға жұғыспау.
5. Суық торғайға жұғыспау. 6. Алдан
өткен абаданға (арлан қасқыр) жұғыспау.
7. Eлден кеткен забажанға (өкпелі ел)
жұғыспау. 8. Пәлелі өртке жұғыспау. 9.
Шығулы бетке жұғыспау. 10. Жаралы
жыртқышқа жұғыспау. 11. Қаралы елге
жұғыспау. 12. Aшынған долыға жұғыспау.
13. Aшыққан ұрыға жұғыспау. 14.
Даралы жерге жұғыспау. 15. Дастарқанға
жұғыспау. 16. Жетімге жұғыспау. 17.
Жесірге жұғыспау. 18. Кесірге жұғыспау.
19. Еңіреген ерге жұғыспау. 20. Өзің
шығар төрге жұғыспау. 21. Aрқаны сылыр
ерге жұғыспау. 22. Жатқа кетер қызға
жұғыспау. 23. Kөктемдегі мұзға жұғыспау.
24. Өте шығар сызға жұғыспау. 25. Асып
қалған асқа жұғыспау. 26. Жарасы бар
басқа жұғыспау. 27. Парақұмар ласқа
жұғыспау. 28. Басқа елдік қарашаға
жұғыспау. 29. Балатқалы иге жұғыспау. 30.
Төбелесте арашаға жұғыспау. 31. Тікені
бар аласаға жұғыспау. 32. Құламалы құзға
жұғыспау. 33. Дәм атасы тұзға жұғыспау.
34. Иесіз жатқан малға жұғыспау. 35.
Киесі бар далға (зат) жұғыспау. 36. Обалы
бар торшыға (өрмекші) жұғыспау. 37.
Залалсыз қоршыға (қойшы) жұғыспау.
38. Түтін ұшар шаңыраққа жұғыспау.
39. Ырыс келер босағаға жұғыспау. 40.
Даладағы өлгенге жұғыспау. 41. Шыдап
ризық тапқызып, несібелік өзекті қамдамақ.
Несібелік өзекпен несіптік ризық көңіл
толымдылығымен қамдатуға қаузамақ..
Абай атамыз “Қайран сөзім қор болды
ау, Тобықтының езіне” десе, Өтейбойдақ
атамыз “ұстамалар (тыңдаушы) болмаса,
айтқан ақылың, сөйлеген сөзің бәрі бекерге
шығарылады, өйткені көзі жәудіреп
отырғанымен бітірер ісі болмағандықтан
қасірет жеп, қайғы мұжып, уайым қорлап,
намыс аздырып, ашу тоздырмағы мен
бітпек” деген екен. Ол дәуірдегі халықтың
ғылымға еш сенбейтіндігін аңғаруға
болады. Діни нанымсенімнің күштілігі
соншалық
Өтейбойдақтың
ғылыми
тәжірибелері олар үшін жындының
сандырағы, сайтанның ойыны сияқты
көрінген. Ғылыммен айналысқаны үшін
оны ұстап алып ағашқа байлап дүреге
жыққан. Осылайша халыққа ғылым
туралы ештеңе айтудан қалған, сонымен
“сыр сақтау енді алтын сандығым, ол мәңгі
ашылмақ емес” деп «Шипагерлік баянды»
халықтан тасада жүріп жазып, өзінен
ұрпақ қалмағандықтан оны бірге туған
Топай деген інісіне “соңғы ұрпақтарыңа
жалғастыр” деп аманат ретінде тапсырып
кетеді.
Қазақтың ұлттық тәрбиесіндегі
әрбір ырымтиымдарының астарына
үңілсек, оның үлкен ғылыми негізі
жатыр. Сол үшінде түрлі ғылымнамалық
еңбек саналатын «Шипагерлік баяннан»
қарастырып
өткеніміз
Өтейбойдақ
Тілеуқабылұлының
ұрпақ
тәрбиесі
туралы тұжырымдары еді. Ал бұл
кітапта ұлттық тәрбие, ұлттық салт
дәстүр, философиялық дүниетаным,
астрономиялық ілім, қуаттар ғылымы,
райлар ғылымы, нұр ғылымы, сөлдер
ғылымы, жұлдыздар ғылымы, әлемдік
сайыс ғылымы т.б. сияқты әлі толық
зерттелмеген толып жатқан ғылымның
көзі тұр.
Жомарт ЕРТАЙ
Гуманитарлық ғылымдар магистрі
жерге көмгенге жұғыспау.
Он
екіден
айырылмауға
Өтейбойдақ мыналарды жатқызады:
1. Жағаласпай жан қалмақ қайда?
Жарғыласта жаныңнан айырылма.
2. Hе шындық? Не сұмдық? Жау
тимек ақылыңнан айырылма. 3.
Еркесіз ел, серкесіз шел болмас, ел
бастаушы көсеміңнен айырылма.
4. Тіл кесілмес атқан оқ, дау
туылар, шешеніңнен айырылма. 5.
Өзіңді зор, басқаны жөр (бейшара)
деме, көппен көресің. Еліңнен
айырылма. 6. Kебенек іші мың әріп,
мың семірмек, жаныңды алса да,
сырыңнан айырылма. 7. Жаман деп
қатыныңнан, көшемін деп алып
қойған отыныңнан айырылма. 8.
Ризықсыз пенде болмас, даяр асың
малыңнан айырылма. 9. Ағайын
туыс, досжарансыз кім бар?
Болмашыға өкпелеп досыңнан
айырылма. 10. Қырық найза қарғы
(адам көргісіз) деп, қарақудай
баспана қосыңнан айырылма. 11.
Пенде қадір санаты бес қаруды
тастама, шыбын жаның шыққанша
намысыңнан айырылма. 12. Өте
шығар сұм жалған боқшылыққа
қайырылма, адам күні адаммен
ысылмақ (жетілу), өнер қай қырда, өнерпаз
деген ат алсаң өлсеңдағы қайғырма.
Өтейбойдақ
«адам
пендесінде
несібелік
және
несіптік
ризық
толымдылық шарттары жеті әулие мен
қырық бір ырысқа бөлінбек шарт» дейді.
Олар төмендегідей жеті әулиеге бөлінеді:
1.Татым (дәм), 2.Атым (ақыл), 3. Тұз, 4.
Қыз, 5. Күн, 6.Байтақ, 7. Айтақ .
Өтейбойдақ қырық бір ырысты да атап
көрсетеді. Олар: 1. Жаратылымжан ырысы,
2. Тіршілікхан ырысы, 3. Хантақ ырысы,
4. Тақбақ ырысы, 5. Хадылдық (әділ)нақ
(шындық) ырысы, 6. Байлықсән ырысы, 7.
Сәнсәулет ырысы, 8. Сәулетдәулет ырысы,
9. Сыйласымсанат ырысы, 10. Алмауыт
албауыр (батыр) ырысы, 11. Ынтымақ
бірлік ырысы, 12. Ермауыт (қайытпас
ер)найза ырысы, 13. ерлі білігі (ғалым)
елдің ырысы, 14. Көптігікөлдің ырысы,
15. Харекетдән ырысы, 16. Жарасыммән
(силасым) ырысы, 17. Өнербілім ырысы,
18. Білімөнер ырысы, 19. Қос босағатүтін
(жанұя) ырысы, 20. Дауасыз би (ұрпақ)
бүтін ырысы, 21. Шілдеханатөр (думан,
қуаныш) ырысы, 22. Кебінкөр ырысы, 23.
Жаңбырбайтақ (жер) ырысы, 24. Іргеайтақ
ырысы, 25. Жақсы сөзжан (көңіл) ырысы,
26. ғақыл бәйіт (аталы сөз) сөз ырысы,
27. Ақылкөздің (ой) ырысы, 28. Көзкөрім
ездің ырысы, 29. мір (садақ)жасақ ырысы,
30. Қалқанадақ (арашашы) ырысы, 31.
от (шөп)мал ырысы, 32. Жағым (отын)
ел ырысы, 33. Ағым (су, ақ, сүт)малжан
ырысы, 34. Сағым (ажал)алжан ырысы,
35. Жасбақыт ырысы, 36. Қанақыт (құт)
ырысы, 37. Сыйлылықсенімінің ырысы,
38. Шыдамдылықкөнімінің ырысы, 39.
Тайсалмауталаптың ырысы, 40. Науқас
сырқаттың ырысы, 41. Шипагерлік дарым
айығым ырысы.
Адам пендесі Алладан кейін жеті
әулиенің қолдауында болмағы шарт, жеті
әулиенің қорғауында болмағы парыз. Бұл
жеті әулие қырық бір ырыспен төтелей, не
болмаса жанасалай адам баласына несіптік
38
Мәскеу үстінен жер бауырлай қонуға айналған ұшақтың
иллюминаторынан тө мен ге көз тастайсың. Бір Қазақстанның
хал қы мекен ететін орыс астанасының шеті қалың орман.
Күнделікті көріп жүр ген ағаш атаулының қалың жынысы жо
ға рыдан қарағанда соншалықты тартымды, сұлу болатынын
сезбегендейміз. Майдангер ақын Сырбай Мәуленовтің ор ман
тіршілігіне терең қанық болып, өзінің сыршыл өлеңдерінің ең
көркем, шұрайлы бөлігін неге орыс ормандарына арнағанын
түсінгендей болып, соған жетеқабыл күйді кешкіңақ келеді.
Адам жанын баурайтын орман ішін көз алдыңа бір сәт елестетіп
көресің. Көзіңмен көр ме генге қиялмен жеткеніңмен, сезімге
бұйрық айту қиын. Орман ең бір мүккамал дүниеңе айналады.
Мамыр айының 27 күні Астрахан қаласында Мемлекеттік опера
және балет театрында «Қазақ мәдениеті: дәстүр және бүгінгі
заман» атты әдебисазды кеш өтті. Қазақстан Республикасының
Ресей Федерациясындағы Елшілігі мен ҚР Мәдениет және спорт
министрлігі және Астрахан облысының Әкімшілігі тізе қосып
атқарған игілікті іс еді бұл.
* * *
Мәскеу әуежайына қонған бетте бабалар қоныс еткен, «жатып
қалған бір тоқты жайылып мың қой болған жер» дей тін аяулы
мекенге ат басын бұрдық. Түн ортасында Астрахан әуежайынан
күтіп алған жерлестің жүзінен бауырмал дық сезіледі. Елден келді
деген ерекше ілтипат. Жатсыну, кісімсу жоқ, жасы үлкен болса да
қонақ алдындағы елгезектігі кейде адамды ыңғайсыздандырады.
Әуежайдан қонақ үйге жеткенше, сөз ты ғыны да ағытылғандай.
Көше бойында ғы ғимараттардың қандай мекеме екенін,
қала табиғатын, халқын сөз арқауы етеді. Елді сұрайды.
Бұл қала ескі шаһарлардың қатарына жатады. Он тоғызыншы
ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың басында
салынған көне ғимараттар қалаға тарихи көрік пен ерекше
сымбаттылық сыйлайтындай. Астрахан соғыс кезінде гитлердің
бұйрығымен бомбаланбаған екен. Қала маңында шайқас
жүргізіп, басып алған нан кейін бұл қалада қыстауды жоспарла
ған көрінеді. Маңдайшаларында «1919» деп салынған мерзімдері
көрсетілген үйлердің бүгінге дейін аман тұруы сол зұлым
жоспардың жақсылыққа бұйырған еншісі болса керек. Еділден
ескен самал өзен суының иісін сездіреді. Түнде айы рық ша
жарқырап, көкпен таласқан зәу лім үйлер көзге түспесе де есі
архитектура мен қала тазалығы өзіңді сергек се зінуге мүмкіндік
беретіндей. Қонақ үйдің алдына шығып, Қазтуған жырын есіңе
алғанда түн тыныштығы тарихи жадыңды бір қозғап өтеді.
Биылғы жылды Ресей «Әдебиет жылы» деп жариялаған болатын.
Екі елдің шекарасында жатқан шаһарда мұндай кешті өткізудің
геосаяси мәні ескерілген. Қарт Каспийдің алапасы бұл елді
де еңсе лі етіп тұрғандай. Орыс жазушылары әде биет жылына
байланысты жасаған баянда ма ла рының жинағы қолға түскен.
ЕДІЛДІҢ БОЙЫНДАҒЫ
ҚҰРМАНҒАЗЫ РУХЫ
Ресейге күнде жол түсе бермейтіні белгілі. Бір жолы
түскенде Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі ұйымдастырған
Астрахан қаласында өткен әдеби-сазды кештің куәгері
болу бұйырды. Көршіміздің шекарада орналасқан қаласында
қазақ-орыс татулығы туралы ән-жыр айтып, ұлттық
музыка арқылы өткен күндердің парағын бір шолып өту
қонақ болған бізге де, жергілікті қазақтарға да көп ой салды.
Қазақстан Республика сының Ресей Федерациясындағы
төтенше және өкілетті Елшісі Марат Тәжин мырзаның
іскерлігі мен ұйымдастыру қабілетін қызметтес әріптестері
де, қарапайым халық та ауыздарынан тастамай айтып
жүрді. Марат Тәжиннің ұлттық құндылықтарға баса
назар аударып, қазақ басылымдарына көрсеткен ықылас,
ілтипатына ықылас танытамыз.
Еділ бойын ен жайлаған бауырлардың арасына барып, бір
жасап қалғанбыз. Ендігі әңгіме солар туралы.
Онда көр шілес елдердің қаламгерлерімен бірі гіп, шығармашылық
қарымқатынасты бұрынғы кезеңдегідей нығайту көп сөз болады.
«Литературная газета» басылым ның бас редакторы, жазушы
Ю.Поляков ТМД елдерінің ішіндегі түркі тектес мем лекеттердің
қаламгерлері Түркияда жиі бас қосып жүргенін ұнатыңқырамай
айтады. Сөзінің астарына қарап, көкейдегі ойын да болжағандай
боласың...
Достарыңызбен бөлісу: |