Келер шақты 4-ке бөліп көрсетеді:
Кесімді келер шақ: баратын, жазбайтын.
Болжалды келер шақ: барармын, оқымаспын.
Мақсатты келер шақ: жазбақпын.
Тілекті келер шақ: жазар едім, жазайын (тек І жақ қана).
Қазірде рай категориясында қаралатын -са игі еді формасын өткен шақ пен келер шаққа бірдей жүретінсенімсіз төл шақ деп атайды.
Осы шақты 2-ге бөледі: Дәл осы шақ (қазіргі нақ осы шақ);
Дағдылы осы шақ(қазіргі ауыспалы осы шақ).
Ғалым дағдылы осы шақтың келер шақ не осы шақ екені төңірегіндегі басқа сөздерден көрінеді дейді. Мысалы: Сиыр мөңірейді – осы шақ, Ертең сиыр мөңірейді – келер шақ.
Дәл осы шақты 4-ке жіктейді:
Жалпы осы шақ. Істің нақ осы кезде істеліп жатқан болуы да немесе көптен бері созылып келе жатқан іс болып, үздік-создық жүріп жатқан іс болуы да мүмкін. Осыны жалпы түрде айтсақ, етістік жалпы осы шақта болады. Жатыр қалып етістігі арқылы жасалады: жазып жатырмын.