Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


ЕТІСТІКТЕРДІҢ ЖІКТЕЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет32/130
Дата10.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#33868
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   130
13. ЕТІСТІКТЕРДІҢ ЖІКТЕЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделілерінің бірі. 

Салттылық және сабақтылық  категориясы

Тілдің грамматикалық жүйесінде сөз таптарының морфологиялық құрамына қарай түбір және әр түрлі грамматикалық түр-тұлғаларға бөлінуі етістікке де тән құбылыс. Етістік- қазіргі кезде түбір күйінде қолданылмайтын, түбір тұлға және неше түрлі грамматикалық мағынаның тұлғалық көрсеткіштері мен формалардың түрлену жүйесінің бірлігінен тұратын сөз табы.



 Етістік - ең күрдел і сөз  табы ретінде субьектінің іс-әрекетін  ғана емес, табиғатта, қоғамда, жалпы  өмірде ұшырасатын жайлардың  және адамның ой-санасы арқылы  туған түрлі амал-әрекет, іс-қимыл, жай-күй сияқты процестерді білдіретін  сөз табы екендігі оның лексика-грамматикалық қасиеттері мен семантикалық ерекшеліктерінен, түбір тұлғасы мен грамматикалық формаларының қат-қабаттылығынан және олардың өзара арақатынасы мен грамматикапық категорияларының әртүрлілігінен, қолдану аясы мен сөйлемде атқаратын қызметінен айқын байқалады. Осы қасиеттеріне байланысты етістік категориялары, бір жағынан, лексика-грамматикалық, екінші жағынан, таза грамматикалық, үшінші жағынан, өзара жеке грамматикалық категория жасауға (шақ категориясын) негіз болатын формалары (есімше, көсемше) немесе бүтіндей басқа сөз табының грамматикалық сипатын ғана көрсететін айрықша түрі (тұйық етістік) тұрғысында қарастырылып, әр категориялары бір-бірінен грамматикалық және семантикалық сипаттары жағынан ажыратылады да, олар тұлғалану және түрлену ерекшеліктеріне орай және білдіретін мағыналарына қарай түр-түрге бөлінеді. Осыдан келіп етістіктің әр категориясы өзіндік сипатқа ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет