Жылдың қазан айынан шығады



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата06.03.2017
өлшемі10,14 Mb.
#8133
1   2   3   4   5   6

ҚР Гуманитарлық 

       ғылымдар академиясының 

академигі  

КАФЕДРА РУССКОГО ЯЗЫКА

Кафедра русского языка входит в структуру института 

Базового образования  им. Акжана Машани. Преподавате-

ли кафедры проводят практические занятия по русскому 

языку  на казахском отделении бакалавриата всех Инсти-

тутов нашего университета. В отдельные группы выделе-

ны студенты диаспоры. На старших курсах  введена элек-

тивная дисциплина «Русский технический язык». 

Общая численность профессорско-преподавательско-

го состава кафедры на 2012-2013 учебный год составля-

ет  26  чел.,  из  них  докторов  наук,  профессоров  –  2  чел. 

Кандидатов наук, профессоров -2 чел. доцентов – 12 чел. 

Старших преподавателей -9, преподаватель -1 общее ко-

личество специалистов, имеющих ученые степени и зва-

ния – 16 чел. (62 %).

Несмотря на то, что кафедра не является профильным 

филологическим  подразделением,  сотрудники  кафедры 

ведут научные разработки в области лингвистики. За по-

следние три года защищены  3  кандидатские диссерта-

ции. (Джунусов Т.С., Базарбаева А.С., Демеубекова К.К.).  

Основной  сферой  научных  интересов  преподавателей 

кафедры остаётся методика (вопросы совершенствования 

обучения  языку  специальности,  методика  обучения  сту-

дентов-оралманов,  методика  использования    мультиме-

дийных средств в процессе обучения и др.).

На  кафедре  работает  научно-методический  семинар 

«Аспекты  преподавания  русского  языка  в  техническом 

вузе»,  преподаватели  кафедры  постоянно  принимают 

участие  в  научных  конференциях,  семинарах  как  в  Ре-

спублике  Казахстан,  так  и  за  рубежом.  Научные  публи-

кации – одно из важнейших направлений научной работы 

кафедры.    Так,  за  последние  три  года  преподавателями 

кафедры  опубликовано  более  105  статей.  Ведущие  пре-

подаватели кафедры  рецензируют магистерские  работы 

филологического  профиля.  Практическим  результатом 

научно-методической работы кафедры стал выпуск боль-

шого  количества  учебников,  учебных  пособий,  методи-

ческих разработок. За последние годы изданы 7 учебных 

пособий. 

Профессор  Баяндина  С.Ж.  является    руководителем  

научного  проекта    «Развитие  государственного  языка  в 

суверенном Казахстане».

Доцент Баркибаева Р.Р. является победителем конкур-

са на грантовое финансирование научных  исследований 

МОН  РК  на  2012-2014  гг..  Тема  ее  проекта:  «Контент 

учебного телевидения как средство осуществления поли-

язычного образования в высшей школе РК». 

Доцент  Бухарбаева  К.Н.  является  координатором 

Международной программы Erasmus Mundus Arcasde по 

академической мобильности. 

Воспитательная  работа  на  кафедре  проводится  на 

высоком  профессиональном  уровне  в  соответствии  с 

Рәт БЕРДІБАЕВ,

институт директоры, 

саяси ғылымдарының 

кандидаты, Халықаралық 

Ақпараттандыру акаде-

миясының академигі,          

ҚР білім беру ісінің 

құрметті қызметкері


Ќол жеткен ортаќ табысќа ќосќан їлестеріміз аз емес

9

основными направлениями: общественно-политические и 



правовые  мероприятия;  нравственно-культурные  и  эсте-

тические, творческие мероприятия; мероприятия в обще-

житиях. 

Приоритетным направлением воспитательной работы 

кафедры  является  формирование  гражданственности  и 

казахстанского патриотизма. В целях реализации данного 

направления в планах деятельности ППС кафедры пред-

усмотрено  проведение  различных  мероприятий:  интел-

лектуальная игра «Я – патриот своей страны»; конкурс на 

лучший видеоролик на тему «Мой Казахстан – моя стра-

на». Традиционно организуются такие акции, как «Неде-

ля языков», «Казахстан - Республика моя», «Одна страна 

– одна книга» и т.д. Совместно с советом по воспитатель-

ной работе проводится большая воспитательная работа в 

общежитиях, где также проводятся различные конкурсы 

(на лучшую комнату, этаж). 

  На кафедре функционирует клуб любителей русского 

языка, способствующий развитию творческого потенциа-

ла студентов,  разносторонних интересов и способностей 

будущего специалиста. 



Алия АЛТАЕВА,

заведующая кафедрой, доктор 

филологических наук, профессор

ШЕТ ТІЛДЕРІ КАФЕДРАСЫ

Бүгін    кафедраның  оқытушылық  профессорлық 

құрамында  46 оқытушы бар, оның  ішінде 9-ы – ғылым  

кандидаттары.  Кафедра  ағылшын,  неміс  және  француз 

тілдері бойынша үш секцияға бөлінген. 

Бірінші курс студенттері жалпы шет ел тілінің негіз-

гі  ерекшеліктері,  маңызы  туралы  мәлімет  алса,  екінші 

курс студенттері өз мамандықтарына сәйкес техникалық 

терминдерді  оқып  үйреніп,  ғылыми  жоба  жасау, 

академиялық жазу үлгілеріне машықтану сияқты күрделі 

жұмыстардың кілтін табуға әрекеттенеді. Теориялық бі-

лім шынайы тәжірибемен сабақтастырылып, ұстаздардың 

белсенділігі  арқылы  студенттің  қызығушылығын  арт-

тыру  жолға  қойылған.  Кафедраның  ұйымдастыруымен 

студенттер арасында жыл сайын шет тілдерінде  ғылыми 

практикалық  конференция  ұйымдастырылады.  Соңғы 

жылдары  ҚазҰТУ    мен  Томск  политехникалық  Ұлттық 

зерттеу  институты  арасында  стратегиялық  әріптестік 

жолға қойылған.  Бұл іс-шара аясында 2012 жылдың 11 

сәуір мен  16 мамыр аралығында II-ші  Халықаралық  Ин-

тернет-Олимпиада өткізілді. ТМД елдеріндегі тілдік емес, 

техникалық  мамандықтарға  оқитын  студенттер  олим-

пиадада өздерінің ағылшын тілін кәсіби деңгейде қалай 

меңгергендіктерін көрсетуге мүмкіндік алды. 

Осы орайда аға  оқытушылар  Сұлтанова  Л.Н., Ушна-

ева О.Ф., Иманбаева С.Ә. студенттерімізге  Олимпиадаға   

дайындық    курстарын    шын  ықыласпен    жүргізгендігін 

атап өту  керек. Ұжым еңбегінің нәтижесі – А.Бүркітбаев 

атындағы  Өнеркәсіптік инженерия институтының 2 курс  

студенті Қабдолов Азаматтың ІІІ-ші  жүлделі  орынды ие-

ленуі. 


Біздің университеттің түлектері жан-жақты білімді ма-

ман,  ертеңгі ел экономикасына үлес қосар азамат болуы 

тиіс. Техника тілін жетік меңгерген  әрі жаңашыл, адам-

гершілік  ұстанымы  жоғары,  парасатты  патриот  жастар 

болып шығуы керек. Бұл бағытта ғылыми оқу-әдістемелік 

жұмыстарымен қоса тәрбие жұмысының маңызы ерекше.  

Шет    тілін  оқытудың  тиімділігін  арттыру, 

педагогикалық  шеберліктерін  шыңдау,  мәдени  қарым-

қатынасты  дамыту  мақсатында  шет  тілдері  кафедра-

сы  халықаралық  білім  беру  ұйымдарымен,  АҚШ, 

Ұлыбритания,  Франция,  Германия  елшіліктерімен 

тығыз байланыста.   Осы байланыстардың  айғағы ретін-

де    кафедрамыздың  аға    оқытушысы  Х.Х.Савазованың 

Француз  Альянсы  мен  Франция    мемлекетінің  елшілігі 

ұйымдастырған  «Француз  тілінің    үздік  оқытушысы    - 

2012» конкурсына қатысып Францияға стажировка жеңіп  

алғандығын    айтуға  болады.  Жеңімпаз    ұстаз  тамыз  ай-

ында  Францияның  Перпеньян  қаласында    өзінің  кәсіби   

біліктілігін    жоғарылатып  қайтты.    Оқытушы    Г.М.  Аб-

драхманова    «British  Council»    ұйымын  ұйымдастырған  

конкурсына қатысып, Ұлыбританияның Абертвич (Уэлс) 

қаласында үш апталық   әдістемелік курсын  тәмамдап, 

халықаралық үлгідегі  сертификат алды. 

Ал,  аға буынның  ғылыми ізденістерінің   жемісі  ре-

тінде   жуырда  жарық  көрген  доцент  Г.Ж.Әжібекованың   

авторлық  ұжыммен  біріге шығарған  қазақша -орысша-

ағылшынша  тау-кен  техникалық  сөздігін  тілге   тиек 

етуге  болады.

Сондай-ақ,   жаңа ағымға сай  білікті  мамандар  даяр-

лап,  оқытудың сапасын  халықаралық  дәрежеге  көтеріп,  

иннновациялық  технологияны   қолданып,   дәрісханаларды   

техникалық    құралдармен      жабдықтап,  интерактивті  

тақталар орнатып,  олармен  жұмыс  жүргізілуде.   Арнайы 

жабдықталған үш мультимедиялық компьютерлік  класта 

EDUSOFT компаниясының “English Discoveries” On Line 

мультемедиалық ағылшын  тілін  үйрету  бағдарламасы 

қондырылған.    Бұл    бағдарлама    студенттерге  ағылшын  

тілін  үйренуде  жаңа  мүмкіндіктер  береді.   

                                                                             

 Гүлнара АЙТЖАНОВА,     

               кафедра меңгерушісі, филология                                                           

ғылымдарының кандидаты, доцент 

ЌОЄАМДЫЌ ПƏНДЕР КАФЕДРАСЫ

Қазақстан дамуының тарихи кезеңінде Қазақ Ұлттық 

техникалық университетінің ұжымы өзінің еселі еңбегімен 

еліміздің өркендеуіне атсалысып, Қазақстанның әлемдік 

қауымдастықта өз орнын алуына қызмет етіп келеді.

  Осынау  жауапты  да  ұлағатты  еңбек  жолын-

да  университетіміздің  қоғамдық  пәндер  кафедрасы 

оқытушыларының да өзіндік үлесі бар.

Қоғамтанушылар осынау уақыт бойында студенттер-

ді  дұрыс  бағдар  алуға  үйретіп  келді.  Олар  студенттерді 

тарих  тұңғиығына  жетелеп,  даналық  әлемінің  данала-

ры  мен  данышпандарының  бай  мұрасымен  таныстыра-

ды.  Сондай-ақ,  саясат  сардарлары  мен  сарбаздарының 

іс-әрекеттеріне  талдау  жасай  отырып,  қоғамдық–сая-

си  үрдістерді  сараптауды  үйретеді.  Тарих  тұңғиығына 

сүңгу,  даналар  мұрасымен  танысу,  саясат  сырларын 

сараптау  студенттердің  дүниетанымы  мен  көзқарасын 

қалыптастырады.  Сонымен  қатар  оларға  жоғары  кәсіби 

білім  алып,  білгір  басшы,  білімді  ұйымдастырушы, 

талғамы терең ұлағатты да мәдениетті азамат болудың аб-

зал екендігін ұқтырады. Басшылық жасау үшін инженер-

ге тек қана өндірістік циклді білу жеткіліксіз, ол ізгілік, 

адамгершілік қасиеттерін меңгеруі керек. Оның бойында 

парыз  бен  жауапкершілік  сезімі  орныққан  болуы  қажет 

және өз елінің патриоты болып, жұмысшыларды адал да 

мінсіз еңбек етуге жұмылдыра алуы тиіс. Міне, осындай 

абыройлы  міндетті  қоғамдық  пәндер  кафедрасының  да 

оқытушыларының барлық буыны 1934 жылдан бері өзге 

кафедралардың оқытушыларымен иық тірестіре атқарып 

келеді. 

Алғашқы  жылдарда  кафедрада  шағын  ұжым  қызмет 

етті, кафедраның негізгі жүгін Исаев М.Д., Оринич М.В., 

Зильбершмидт  М.Е.,  Островская  М.И.,  Селеменова  Л.Я. 

және т.б. көтерді. 

1952  жылы  «Марксизм-ленинизм  негіздері»  кафе-

драсынан  «Саяси  экономия»  кафедрасы  бөлініп  шықты. 

Алғашқы меңгерушісі э.ғ.к., доцент С.Н.Петрова болды. 

Ал  1960  жылдан  бастап  кафедра  «КОКП  тарихы» 

(меңгерушісі – т.ғ.д., проф. Малыбаев О.), «Маркстік-ле-

ниндік философия» (меңгерушісі – ф.ғ.д., профессор Бей-

сембиев.К.Б.)  және  1967  жылдан  «Ғылыми  коммунизм» 

(меңгерушісі – профессор Исмағұлов З.И.) кафедралары 

болып бөлінді.

Әр  жылдарда  кафедраны  доцент  И.Д.  Исаев,  және 

О.М.  Малыбаев,  А.Е.  Ержанов,    К.Ж.  Беляевтер  сынды 

профессорлар жемісті басқарды.

                                            



Қалимаш БЕГАЛИНОВА,

                                 кафедра меңгерушісі, 

            философия ғылымдарының 

докторы, профессор

ЌАЗАЌСТАН ТАРИХЫ БҐЛІМІ

1995 жылдан бастап Қазақстан тарихы бөлімі қоғамдық 

пәндер кафедрасының бір секциясына айналды.

Қазақстан тарихы бөлімі меңгерушілерінің бірі ғылым 

докторы  профессор  Кәмилә  Қасымқызы    Чатыбекова  

ҚазҰТУ– да 1982 жылдан бері қызмет етеді.

Ол  Қазақстан  тарихы  бойынша  техникалық  жоғары 

оқу орындарының студенттеріне арналған  электрондық 

оқулық,  70-тен  астам  ғылыми    мақала  мен    әдістемелік  

құралдар  жариялады. Тарих пәні бойынша магистрлер-

ге  арналған  типтік  бағдарламаның  авторы.  2009  жылы 

оқу  құралын  шығарды.  «Қазақстан  кәсіподақтарының 

құрылуы мен дамуы» дамуы атты монографияның авто-

ры.

Келесі  бөлімге  жетекшілік  жасаған  –  доцент  Бода-



нова  Зада  Қазыбекқызы.    Ғылыми  зерттеулерінің  не-

гізгі  бағыты  –  Қазақстан  жастарын  ұлтаралық  татулық 

рухында  тәрбиелеу.    Москвада      КСРО  Ғылым  ака-

демиясында      монографиясы    басылып  шықты.    «Та-

рих»  курсының  бағдарламасын  жасауға,  мемлекеттік 

стандартты  құрастыруға  қатысты.    Осы  сала  бойынша 

әдістемелік  құралдары  мен  көрсеткіштері  жарық көрді. 

«Қазақстанның жаңа тарихы» атты оқу құралының авто-

ры.  Алғашқы  күндерінен  бастап  институттың  қоғамдық 

өміріне  белсене  араласты:  3  жыл    қоғамдық  пәндер 

кафедрасының  Ғылыми  Кеңесінің    хатшысы  болды. 

Республикалық  «Білім»  қоғамының  дәріскері. 

Қазіргі  таңда  тарих  ғылымдарының  кандидаты,  до-

цент Салқынбек Досалы Исаханұлы «Қазақстан  тарихы» 

бөлімінің  меңгерушісі  болып  еңбек  етуде.  Салқынбек 

Д.И.  1989  жылы  әл–Фараби  атындағы  Қазақ  мемлекет-

тік  университетін  «Тарих»  мамандығы  бойынша  бітір-

ді,  сол  кезден  бастап  өзінің  еңбек  жолын  ҚазҰТУ–дың 

қоғамдық  пәндер  кафедрасымен  тығыз  байланыстырып 

келеді. Студенттердің білім алу сапасын арттыруды алды-

на мақсат етіп қойған ұстаз ЖОО студенттеріне арналған 

Қазақстан  тарихы  пәні  бойынша  «Қазақстан  –  тәуелсіз 

мемлекет»(1991-2002),  «Қазақстандағы  қазіргі  кезеңдегі 

мәдени  процестер»(1991-2002),  «Тәуелсіз  Қазақстанның 

тарихы»(1990-2004)  атты  оқу  құралдарын  жарыққа 

шығарды.


Салқынбек  Д.И.  «Отарсыздану  ұлт  тарихынан  ба-

сталады»(2010ж),  «Тұғыры  биік  тұлғалар»(2011ж)  атты 

зерттеулердің авторы. 

Ғылыми-педагогикалық 

«Қазақстан 

тарихы» 


журналының  редакциялық  алқа  мүшесі.  Ұстаздық, 

ғылыми  педагогикалық  еңбегі  лайықты  бағаланып, 

ҚазҰТУ–дың  мақтау  грамоталарымен  және  «Айрықша 

еңбегі үшін» медальімен марапатталған.

2011 жылы Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамота-

сымен білім-ғылым саласындағы жемісті еңбегі үшін ма-

рапатталды.

Қазіргі күнде Қазақстан тарихы секциясында 4 ғылым 

докторы  мен  профессорлар,  8  ғылым  кандидаты  мен 

доценттер,  4  аға  оқытушылар  мен  лаборант    қажырлы 

қызмет етіп етуде. 

САЯСАТТАНУ ЖƏНЕ ЌЎЌЫЌ СЕКЦИЯСЫ

Қоғамдық  пәндер  біріктіріліп,  «Қоғамдық  пәндер» 

кафедрасы құрылған 1995 жылдан бастап құрамына «Са-

ясаттану  және  құқық»  бөлімі  енді.  Қазіргі  уақытта  сек-

циямызда  көптеген  білікті  де  білімді  ұстаздар  қызмет 

атқаруда. 

Саясаттану  және  құқық  секциясын  2004  жылдан  до-

цент  Сырлыбаева  Раушан  Нұрқасымқызы  басқарып  ке-

леді. Р.Н.Сырлыбаева университетте 1978 жылдан, яғни, 

Қазақ Мемлекеттік университетінің философия факульте-

тін үздік бітіргеннен  бері қызмет етіп келеді. Алғашқы 

күндерден  бастап  университеттің  қоғамдық  өміріне 

белсене  араласты.  ҚазПТИ  –  дің  дайындық  бөлімінің 

Коммунистік  жастар  одағының  хатшысы  болып  сайлан-

ды.  Көп  жылдар  бойы  университеттің  кәсіподақ  ұйымы 

комитетінің  мүшесі.  2003  жылы  әл–Машани  атындағы 

ЖГИ–дің кәсіподақ ұйымы бюросының төрайымы болып 

сайланды. 

Доцент 


Сырлыбаева 

Раушан 


Нұрқасымқызы 

2002  жылы  жарық  көрген  «Саясаттану»  электрондық 

оқулығының қосалқы авторы. Сонымен қатар «Саясатта-

ну» және «Инженерлік қызметтің социологиясы» пәндері 

бойынша  қазақ  және  орыс  тілінде  шыққан  бірқатар 

әдістемелік  құралдардың  авторы.  Ұзақ  жылдардағы 

еселі  еңбегі  үшін  2004  жылы  «ҚазҰТУ–дың  ардагері» 

төсбелгісімен, Құрмет грамоталарымен, «Айрықша еңбегі 

үшін» медалімен марапатталған.

Лилия  Зайниева  –университетте  2004  жылдан  еңбек 

етеді.  2004  жылдың  тамызынан  2008  жылдың  қазанына 

дейін кафедра меңгерушісі болды. 2008 жылдан кафедра 

профессоры. 

Cаяси 


ғылымдардың 

докторы, 

профессор, 

Халықаралық  ақпараттандыру  академиясының  академи-

гі, ҚР білім берудің Құрметті қызметкері (2007 ж.), 2009 

жылы ақпанда «2008 жылдың Жоғарғы оқу орындарының 

үздік  оқытушысы»  атағына  ие  болды.  2011  жылы  «ҚР 

ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісін иеленді.

Бөліміміздің  білікті  ұстазы,  профессор  Кенебаев  Ге-

лий Жұмамұратұлы 1974 жылы аспирантураны бітірген-

нен соң Жоғары оқу орны министрлігінің жолдамасымен 

ҚазПТИ, қазіргі ҚазҰТУ-дың Ғылыми коммунизм кафе-

драсына  оқытушы  болып  орналасты.  1986  жылы  фило-

софия  ғылымынан  кандидаттық  диссертация  қорғады. 

1988  жылдан  доцент.  2000  жылдың  маусымынан  2002 

жылдың тамызына дейін қоғамдық пәндер кафедрасының  

меңгерушісі болды. 2005 жылы академиялық профессор 

атағы берілді. 

Аға оқытушы Лихачев Сергей Викторович мұнда 1988 

жылдан қызмет етеді. «Қоғамдық пәндер» кафедрасының 

оқу-әдістемелік жұмысына белсене қатысады. Универси-

тет пен кәсіподақтың ғылыми, қоғамдық және спроттық 

өміріне белсене араласқаны үшін ҚазҰТУ–дың және Ал-

маты  қалалық  «Парасат»  кәсіподақ  ұйымының  Құрмет 

грамоталарымен  бірнеше  рет  марапатталды.  2007  жылы 

ҚазҰТУ–дың  «Айрықша  еңбегі  үшін»  медалімен  мара-

патталды.

Абуханов Шаяхмет Абалақұлы – С.М.Киров атындағы 

ҚазМУ-дың  тарих  факультетінің  түлегі.  1994  жылдан 

қоғамдық пәндер кафедрасының «саясаттану және құқық» 

секциясының аға оқытушысы. Ол 20-дан астам ғылыми–

зерттеу  мақалаларының,  5  әдістемелік  нұсқаудың  авто-

ры.  Жыл  сайын  «Құқық  негіздері»  пәні  бойынша  тесті-

лік  сұрақтар  кешендері    мен    ОӘК-  ін  жасауға  белсене 

қатысады.

Бөпебаева  Раушан  Төлегенқызы  –  педагогика 

ғылымдарының кандидаты. Еңбек еткен жылдары бары-


Денсаулыќ мыќты болуы їшін уаќтылы əрі дўрыс тамаќтанєан жґн

10

Иммунитеті, яғни, қорғаныш қабілеті төмен 



адамдарға  әр  түрлі  ауру  үйір  келеді.  Әсіресе, 

қазіргідей тұмаудың «қыдырып» жүрген кезінде 

иммунитетті күшейтудің маңызы зор. Кім де бол-

са мұндайда түрлі витаминдерді қабылдау керек 

деп түсінері анық. Олай ойласаңыз қателесесіз.

Адамның иммундық жүйесінің 70 пайыздан 

аса  жасушалары  ішекте  болады.  Ішекте  сон-

дай-ақ ауру тудырғыш микробтарды өлті¬ретін 

бактериялар тұрады. Оларды ішектің «солдатта-

ры» десе де жарасады. Өйткені, бұл бактериялар 

ағзадағы  иммундық  жасушыларды  қолдап  от-

ырады және аминқышқылдар мен витаминдерді 

өндіреді. Егер ішекте бұл микроорганизмдер аз 

болса, онда бактериялар адамды ауырта бастай-

ды.

Нәтижесінде  дисбактериоз  пайда  болып, 



ол  ішектің  иммундық  жүйесінің  жасушаларын 

қысады.  Соның  салдарынан  адам  тұмауға  тез 

шалдыққыш,  аллергиялық  ауруларға  бейім  бо-

лып  шыға  келеді.  Тіпті,  бүйректе  құм  пайда 

болуы, тері мен шаш әлсізденуі, адамның көңіл 

күйі бұзылып, күйзеліске ұрынуы да мүмкін. Ал 

мұндай  жағдайда  өз  бетінше  емделу  ешқандай 

нәтиже бермейді.

Адамды  әлсіретіп,  иммундық  жүйесіне  ша-

буыл  жасайтын  дисбактериоз  күніне  1-2  рет 

қана тамақтанатындарда туындауы мүмкін. Он-

дай  жағдайда  керекті  деңгейде  қоректенбеген 

«өзіміздің» бактериялар әлсірейді де, «бөтен» ми-

кробтар бас көтере бастайды. Ал адам мұндайда 

суықтап қалдым екен деп дереу антибиотиктер 

қабылдауы мүмкін. Бұл дәрілер ауру тудырушы 

микробтарды ғана емес, пайдасы бар «өзіміздің» 

бактерияларды да өлтіреді. Сондықтан ампицил-

лин, амоксициллин, бисептол және гентамицин-

ді  өз  бетіңізше  қабылдамаған  дұрыс.  Өйткені, 

олар  қатерлі  антибиотиктер  қатарына  жатады. 

Ал пенициллин, левомицетин, цефазолин, фтор-

хинолон, эритромицин, азитромицин, рокситро-

мицин және мидекамициннен қорықпауға бола-

ды. Дегенмен, дисбактериоздан абай болу үшін 

және  кейінірек  ішек  проблемалары  болмасын 

десеңіз, дәрігермен кеңескен жөн.

Қорқыныш, невроз, жиі күйзелу, іш қату да 

иммундық жүйені әлсіретіп, дисбактериозға апа-

ратын төте жол. Сондай-ақ, күн сайын ішіңізден 

естілетін  қорылдаулар,    іштің  кебуі,  ауыздан 

шығатын жаман иіс те осы аурудың белгісі бо-

луы мүмкін. Ал оны болдырмау үшін не істеуге 

болады?


Ең  алдымен  көп  қимылдаңыз.  Дененің 

қозғалуы ішектің бұлшық еттерін қалпына кел-

тіреді.  Ал,  белокқа  бай  тағамдар,  әсіресе,  ет 

ішектің жоғарғы бөлімдерінен бастап сіңеді де, 

«бөтен» бактериялар тамақсыз қалып, әлсіздене 

бастайды.  Түрлі  тұздықтар  бұл  процесті 

күшейтеді, сондықтан етке бұрыш салыңыз не-

месе дәмдеуіштер қосып жеңіз. Тамақтанғаннан 

кейін бір сағаттан соң 2 ас қасық өсімдік майын 

ішкеніңіз тіпті жақсы. Ұйықтаудан жарты сағат 

бұрын  бір  стакан  айран  ішкен  дұрыс.  Ондағы 

қышқылсүтті  бактериялар  асты  қорытуға 

көмектеседі.

Иммунитетті, 

яғни, 

ішек 


«солдатта-

рын»  күшейту  үшін  кебектен  жасалған  нан, 

қырыққабат,  сәбіз,  аскөк  және  қызылшаны 

көбірек  пайдаланған  жақсы.  Терапевт  неме-

се  гастроэнтерологқа  көрініп,  олар  ұсынған 

дәрілерді  қабылдауға  да  болады.  Ал  ең  ба-

стысы,  күніне  3-4  рет,  уақытылы  және  дұрыс 

тамақтаныңыз.  Сонда  иммунитетіңіз  күшті, 

деніңіз сау болады.

Денсаулық сақтау материалдары

 

 

 

бойынша әзірлеген

 

Бану ШАЛОВА

ИММУНИТЕТТІ 

КҐТЕРУ

Пайдалы кеңес

сында ол психологиялық–педагогикалық пәндерден бірқатар 

оқу-әдістемелік  құралдар  даярлады.  Оқу  құралдарын, 

әдістемелік  нұсқаулықтар  шығарды,  магистратураға 

арналған  «Педагогика»  және  «Психология»,  «Өзіңді  тану» 

курстарының бағдарламаларын жасады. 1996 жылы дарынды 

жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияның иегері. 

Кішібеков  Тимур  Досмұхаммедұлы  –  философия 

ғылымдарының  кандидаты.  Саясаттану  және  құқық 

секциясының  доценті.  Жоғары    заң  білімін  алған.  1986 

жылы  кандидаттық  диссертациясын  қорғады.  60-тан  астам 

ғылыми-зерттеу  еңбегінің,  соның  ішінде  3  монографияның 

авторы. Ғылыми- зерттеу мақалалары АҚШ, Ресей , Туркия 

мемлекеттерінде  жарияланған.  Ол  ҚазҰТУ  студенттеріне 

арналған бірқатар пәндер бағдарламасын жасап, сол бойын-

ша дәрістер оқуда. 

Ермаханова Мадина Анатольевна – тарих ғылымдарының 

кандидаты,  доцент.  «Саясаттану»,  «Инженерлік  қызметтің 

социологиясы»  пәндерінен  ОӘК–ін  және  силлабустарды 

даярлауға белсене қатысады. 8 ғылыми мақаланың авторы. 

Қасымбаева  Гүлстан  Нүсіпбекқызы  «Психология», 

«Өзіңді  тану»,  «Инженерлік  қызметтің  педагогикасы  және 

психологиясы»  пәндерінен  сабақ  береді.  Кафедраның 

оқу-әдістемелік  жұмысына  белсене  араласады.  «Психо-

логия»,  «Өзіңді  тану»,  «Инженерлік  қызметтің  педагоги-

касы  және  психологиясы»    пәндеріне    жазылған  ОӘК  мен 

силлабустардың қосалқы авторы. 

Қалмырзаев Ермахан Серікбайұлы – аға оқытушы. «Сая-

саттану», «Инженерлік еңбектің социологиясы», «Қоғамның 

саяси  жүйесі»  пәндерінен  оқу  әдістемелік  кешендер  мен 

силлабустарды даярлаған білікті маман. 20–дан астам оқу - 

әдістемелік және ғылыми  еңбектің авторы. Ұстаздық еңбегі 

үшін ҚазҰТУ–дың Мақтау грамоталарымен марапатталған.

Оқу  үрдісін  қамтамасыз  етуде  оқу  бөлмелерінің 

рөлі  айрықша.    Олар  студенттерге  қажетті  әдебиеттерді  

пайдалануға  септігін  тигізеді.  Оқу  бөлмелерінің  жетекшісі, 

аға оқытушы К.К.Көпеева – еңбек ардагері.

Көпеева Күләш Көпейқызы қоғамдық пәндер кафедрасы 

зертханасының жетекшісі болып қызмет етеді. 1966 жылдан 

бері оқу бөлмесінің жұмысын атқарып келеді. Осы жылдар 

ішінде  оқу  кабинеттерінің  ғылыми,  ғылыми-әдістемелік 

әдебиеттер  қорын  жаңалап,  толықтырды  және  жүйелеп 

қызмет көрсетуін жеңілдетті. Оқу-әдістемелік бөлмелер ка-

федрада оқытылатын пәндердің өзекті мәселелерін қамтитын 

көрнекті құралдармен безендірілген.

Республикалық  байқауларда  ҚазПТИ–дің  қоғамдық 

пәндерді  оқытатын  бөлмелері  бірнеше  рет  бірінші  орынды 

жеңіп  алды.  Сондай-ақ,  Жоғары  оқу  орны  министрлігінің 

Құрмет грамотасымен марапатталды. Озық  даярланған оқу 

бөлмесін    сол  кездегі  Министрлер  кабинетінің  төрағасы 

Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  келіп  тамашалаған  еді. 

Жұмысын жемісті ұйымдастырғаны үшін Күләш Көпейқызы 

бірнеше дүркін  Қазақстан комсомолы ОК–нің және Жоғары 

оқу орны министрлігінің Құрмет гармоталарымен, ҚазҰТУ–

дың «Айрықша еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

ФИЛОСОФИЯ БҐЛІМІ

1995 жылы Қоғамдық пәндер кафедрасы құрылғанда фи-

лософия бөлімі оның құрамына кіретін үш бөлімнің бірі бол-

ды.  Бөлімді әр жылдары доцент Жанатаев Д.Ж., Мәжиденова 

Р.М., Оразалиев Б.Ә. басқарды. Қазіргі уақытта бөлімді ф.ғ.к. 

Ж.О.Қаңтарбаева басқаруда. 

Бөліміміздің  ардагер  ұстазы  Нигай  Анастасия  Григо-

рьевна – философия ғылымдарының кандидаты, доцент. Ка-

федрада 1970  жылдан бері еңбек етіп  келеді. Ұзақ жылдар 

«Білім» қоғамының мүшесі, ҚазПТИ–дің жанынан құрылған 

халықтық мәдениет университетін басқарды. Студент жастар-

ды тәрбиелеудегі еңбегі үшін сан рет алғыс алды. Пәндерді 

оқытуда  ғылыми-әдістемелік  және  тәрбие  жұмыстарымен 

үйлестіруге көп көңіл бөледі. Еңбек ардагері, КСРО Жоғары 

оқу  орындары  министрлігінің    «Еңбектегі  үлгілі  табысы 

үшін» төсбелгісімен марапатталған. Эстетикалық-танымдық 

«Ғибрат» клубының жетекшісі ретінде студенттерді рухани 

тәрбиеге баулып келеді. 

Профессор,  философия  ғылымдарының  докторы  Кото-

шева Ғайни Кенжетайқызы – қоғамдық пәндер кафедрасын-

да 1987 жылдан жемісті еңбек етуде. 50–ден астам ғылыми 

еңбегі  жарияланды.  Соның  ішінде  2005  жарыққа  шыққан 

«Этнос біртұтас жүйе ретінде» монографиясы, қосалқы ав-

торлармен  бірлесіп  жазған  «Мәдениеттану»  оқулығы  мен 

философиядан  қазақша–орысша  және  орысша  –қазақша 

сөздіктері ғылыми көпшіліктің ықыласына бөленді. 

Меңдібаев Серік Көкеұлы – философия  ғылымдарының 

кандидаты,  доцент,  М.В.  Ломоносов  атындағы  Мәскеу 

университетінің түлегі. ҚазҰТУ–да 1984 жылдан бері еңбек 

етіп  келеді.  10–нан  астам  ғылыми-әдістемелік  еңбектің  ав-

торы. 


Бөлімімізде  «ЖОО  үздік  оқытушысы»  мемлекеттік 

грантының иегерлері Котошева К.К., Мәжиденова Р.М. және 

«Болашақ» Халықаралық президенттік шәкіртақының иегері 

Мейірбаев Б.Б.. қызмет етуде. 

Соңғы жылдары бөлім оқытушылары көптеген еңбектерін 

жариялады. Д.К.Кішібеков пен Ұ.Е.Сыдықов жазған «Фило-

софия»  оқулығы  төрт  рет  басылды.  Р.М.Мәжиденова  мен 

С.К.  Меңдібаев  жазған  техникалық  жоғары  оқу  орында-

ры  студенттеріне  арналған  «Мәдениеттану»  электронды 

оқулығы  республикалық  конкурста  1-ші  орынды  иеленді. 

Сонымен қатар «Ежелгі Шығыс философиясы» оқу құралы, 

(авторы  Р.М.Мәжиденова),  «Фәлсафа»  оқу  құралы,  (автор-

лары  С.Т.Әденов  пен  К.К.Котошева),  «Ислам  әлеуметтік-

экономикалық  жүйесінің  негіздері»  оқу  құралы  (авторы 

Б.Б.Мейрбаев) жарық көрді.

КАФЕДРА ФИЗИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ

Кафедра  была  основана  в  1934  году.    Ее  первым  заве-

дующим в течении почти 30 лет был опытный организатор 

П.А.Калифутов. Далее кафе-

дрой  руководили:  К.К.Кал-

дыбеков  (1963-1972  годы), 

Заслуженный  мастер  спорта 

Ж.Н.Саурамбаев  (1972-1977 

годы),  Н.С.Каримов  (1977-

1983  годы),  Д.У.Мурзаев 

(1983-1988  годы),  первый 

профессор кафедры Ж.Н.Са-

урамбаев  (с  1988  по  настоя-

щее время).

Наибольший вклад в фор-

мирование  кафедры  внес-

ли  Б.И.Лим,  В.С.Коробов,  

И.Р.Бондарев,    И.И.Карцев, 

первый  кандидат  педагогических  наук  кафедры,  мастер 

спорта  Г.С.Иманкулов,  кандидат  педагогических  наук  пер-

вый доцент кафедры Крылов С.Е,  почетный мастер спорта 

В.Г.Ильин, почетный мастер спорта А.Ф.Никишин,  канди-

дат в  мастера спорта,  почетный работник высшего образо-

вания РК,  почетный деятель физической культуры РК до-

цент кафедры Канагатов Н.Т.,  такие  педагоги и спортсмены 

как Г.С.Сыромолотова, А.Д.Тен.,  Т.Я.Малиновская и многие 

другие.


Вот  уже  много  лет  на  кафедре  работают:    профессор, 

к.п.н. Бозтаев Ж.Б.,  старший преподаватель к.б.н. Маженов 

С.Т.,  к.п.н.  доцент  Амренова  Г.Р.,  к.п.н.  Туякбаева  М.Ш., 

к.п.н. Кокебаева Р.С., старший преподаватель почетный ма-

стер спорта СССР по хоккею с мячом Ильин В.Г., доцент по-

четный мастер спорта по баскетболу Никишин А.Ф.,  доцент  

заслуженный  тренер  РК  по  боксу  Габдулов  Э.Х.,  доценты 

Фильчукова  Т.А.,  Махперова  Х.И.,  старший  преподаватель 

мастер спорта по тяжелой атлетике Тен А.Д., старшие пре-

подаватели  Чивжель  В.А.,  Курмангазы  Е.Ж.,  Ахмеджанова 

Н.М., Машков И.Ю., Бородина Э.В. и  другие опытные пе-

дагоги. 


Университет располагает спортивной  базой: игровой зал 

с душевыми и раздевалками, залы борьбы и восточных еди-

ноборств, тренажерный зал, зал для настольного тенниса.

В КазНТУ культивируются следующие виды спорта: ба-

скетбол, волейбол, футбол, настольный теннис, борьба воль-

ная, самбо, казахша-курес, греко-римская борьба, бокс, шах-

маты, президенское многоборьбе, спортивные танцы, регби, 

туризм, спортивное ориентирование.

Университет всегда готовил элитных спортсменов. Среди 

них  Олимпийский чемпион по волейболу Валерий Кравчен-

ко, чемпион мира по классической борьбе Владимир Баку-

лин,  покорители  Эвереста  Казбек  Валиев  и  Ерванд  Ильин-

ский, В.Хрищатый, МСМК по баскетболу Галина Мадисон 

и Александр Никишин, неоднократный чемпион по теннису 

Егор Шалдунов, МСМК по легкой атлетике Геннадий Черно-

вол, МСМК по шотокан-каратэ, обладательница черного по-

яса Орымхан Гаухар и многие другие студенты-спортсмены 

победители и призеры Мировых и Международных арен по 

различным видам спорта.

  С  2001  года  сборные  команды  КазНТУ  по  различным 

видам спорта принимают активное участие во Всеказахстан-

ской студенческой Спартакиаде. На 1-й Спартакиаде коман-

да КазНТУ заняла 20 место в общем зачете, на 2-й Спарта-

киаде в 2003 г. команда КазНТУ, улучшив результат, заняла 

11-е место. А с 3-ей Универсиады сборная команда КазНТУ  

вошла в число лучших пяти ВУЗов РК, в 2009 г. заняла  по-

четное 4 место.              

В 2003 году МСМК Бауыржан Талип – преподаватель ка-

федры физической культуры, действующий спортсмен, вы-

играл Кубок Казахстана по борьбе казакша курес. Также он 

является трехкратным  чемпионом Азии и чемпионом мира 

2006 г. 


Сборная команда КазНТУ по фехтованию  под руковод-

ством ЗТР РК МС СССР, тренера высшей категории, судьи 

нац.категории  А.К.  Абильханова,  награжденного  медалью 

«Ветеран спорта  в 2007г.», заняла призовое место, В 2007-

2009 годах стали призерами Азии  по фехтованию: А. Болаба-

ев – МС РК,    Д.Юнусбаева МС РК чемпионка РК 2006-2008 

гг. призер Кубка мира, Э. Алимжанов МСМК, чемпион мира 

среди молодежи 2007  г.,  Д.Шахиева МС  РК,  член  сборной 

команды РК, чемпионка РК 2007-2009гг, О. Ляшенко МС РК, 

чемпионка РК 2007-2009 гг, а в 2009 сборная стала чемпио-

нами Всеказахстанской Универсиады.

Сборная мужская команда по пляжному волейболу КазН-

ТУ под руководством тренера высшей категории, судьи на-

циональной категории РК М.С. Смагулова в 2009 году стала 

чемпионом Всеказахстанской Универсиады.

Студент  горного  института  КазНТУ  Л.Н.Спиридонов 

– МСМК РК на Олимпиаде 2004 г. под руководством стар-

шего преподавателя тренера нац. категории МС СССР  Е.К. 

Келгенбаева занял 4 место, а на Олимпиаде в Пекине 2008 г. 

занял 5 место.

Современный  состав  кафедры  представляет  собой  кол-

лектив  единомышленников,  в  котором  успешно  сочетается 

опыт и мудрость старшего поколения и активность и жела-

ние  передать  свои  знания  на  практике  молодым  специали-

стам. Сегодня на кафедре работают 69 преподавателей.  

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет